Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”



жүктеу 42.85 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі42.85 Kb.




Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”

Әл – Фараби


wordart 14

Жалағаш индустриалды-аграрлық

колледжі




АТА-АНАҒА ЖАДНАМА


Құрметті ата-ана _____________ Сізге білім беру саласына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңда өзгеріс бар екенін хабарлаймыз.
Топ № _____Курсы ______
Ата-ана:____________________

(қолы)


Жалағаш индустриалды-аграрлық колледж әкімшілігі



БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

409-2 БАП.Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу

Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы-он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

435-бап.Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының бірінші бөлігінле көзделген, он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептік көрсеткіш (13874 т) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

440-бап.Алкагольдік шімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу.

1.Жергілікті атқарушы орган алкагольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және де басқа да қоғамдық орындарда алкагольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масң күйде келу-бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2.Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкагольдік ішімдіктерді ішу-ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

3.Осы баптың бірінші және екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер-он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

4.Осы баптың бірінші және екінші бөлігінде көзделген, қоғамдық орындарда алкагольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер-бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

5.Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер-он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады


441-бап.Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу.

1.Қазақстан республикасының заңнамыснада темекі шегуге тыйым салу белгіленген жекелеген қоғамдвық орындарда темекі шегу-жеке тұдғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет-жеке тұлғаларға алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

442-бап.Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс жерлерде, ойын-сауық мекемелерінде болуы.

1.Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

2.Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы –заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады

3.Осы баптың бірінші және екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

443- бап.Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын

жайдан тыс жерде болуы

1.Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы-заңды заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет-заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

448-бап.Кәмелетке толмағандардың вандализмі

Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни мемлекет қорғайтын ғимараттарды , өзге де құрылыстарды тарих және мәдениет ескерткіштерін, табиғи объектілерді, адамдар жерленген жерлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен қорлауы, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіруі-ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет