Адамгершілік асыл қасиет



жүктеу 38.13 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі38.13 Kb.

Адамгершілік - асыл қасиет

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Адамның адамгершілігі - оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі - өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. Ақылды мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы, адамгершілігі мол адам - ардақты адам. Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Адамгершілік тәрбие әр уақытта, әр қоғамда болып келген. Әдептілік, инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Халқымызда ерте кезден-ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халықта, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет - ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан, күнделікті адамдармен қарым-қатынасынан бойына сіңіреді.

Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы.

«Адамгершілік болмай, әділдік болмас», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетіңде», «Жақсылыққа жақсылықпен жауап бер, ал жамандыққа әділдікпен жауап бер, жақсылық өзіңе қайтып келеді», «Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған – адалдықтың белгісі» - деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің бірі - адалдық, ол өмірде қымбат асыл қасиет.


Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай? Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу. Рұқсат сұрау, кешікпеу, өтірік-өсек айтпау, үәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлық, қайырымдылық т.б. Адамгершілік қасиетінің қайнары – сәлемдесу, ол бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Сөйлесе білу - сөзді бағалау, сөзге тоқтау. Адам сөзін бөлу, сөйлеп тұрған кісінің сөзін аяғына дейін тыңдамай, жүре тыңдау - тәрбиесіздіктің, менмендіктің белгісі. Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Әділ болу – әркімге өзіне тиістісін беруден тұрады. Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн. Имандылық - иманды адам дөрекілікке бармайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде тазалық бар, сенім бар. Кешікпеу - бұл дағдыны адам өзіне жастайынан дарытқаны жөн. Кешігу – адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару – мәдениетсіздікке жатады.Үәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек. Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Міне осылардың барлығы адамгершілік қасиеттерге жатады екен. Адамда асыл қасиеттерімен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Олар-жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік, ашу, ызақорлық. Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», адамгершілік туралы Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз» деген өлең жолдарынан түсінуге болады. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек. «Біріншісі - надандық, екіншісі - еріншектік, үшіншісі - залымдық. Надандық - білім, ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, ұятсыздық - бәрі осыдан келіп шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны. «Адамгершілігің төмен болса әділетті бола алмайсың»-деген екен ұлы Вовенарг. - Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар туындайды.
Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын игі істердің қайнар көзі.
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Баяндамамды мынандай өсиет әңгімемен қорытындылайын.

- Өзен жағасында өтіп бара жатқан адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», – деген екен.

- Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі» деген осы болар!

Жат қылықтардан бойымызды алшақ ұстап, уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып қалмай, ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің калдығы деп қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып қайырымды, сыйласымды болуға ұмтылайық. Ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, барлық жақсы қасиеттерді бойымызға жинауға тырысайық.



- Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңыздар.
- Күні бойы өзіңізді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүріңіздер.

- Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңызды, жұбатқаныңызды, күлдіргеніңізді еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көріңіздер.

- Басқалардың қажетіне жарай білуге талпыныңыздар.
Жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан тазарып, жаны таза, адамгершілігі мол, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай адам болыңыздар. Әрқашан әсем сезімде жүріп, бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! Бір-бірімізге деген ықылас сезімдеріміз еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейірімді, парасатты болайық!

Қадыржанова Алтынай Бауыржанқызы Қадыржанова Алтынай Бауыржанқызы,

8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі,



Текелі қаласы
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет