«Қадамың құтты болсын студент» !!!



жүктеу 12.66 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі12.66 Kb.

«Қадамың құтты болсын студент» !!!
21 қазан күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында жаратылыстану-математикалық факультетінің «Қадамың құтты болсын, студент» атты бірінші курс студенттерін студентік қатарға қабылдау кеші өтті. Кеш факультеттің екінші курс студенттерінің «Хорезм» биімен ашылып, алғашқы құттыктау сөз Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М. Даришеваға берілді. Түймеш Малбағарқызы студенттерге оқуда озат болып, саналы ойлармен сапалы білім алуын тіледі. Кеш жүргізушілері студенттерді факультеттің тарихымен таныстырып, презентация көрсетілді. Кеш барысында әр мамандық бойынша жарнамалық (химия және физика мамандықтары бойынша лабораториялық жұмыс, биология мамандығы бойынша сабақ көрінісі, география мамандығы бойынша ҚР облыс орталықтарына саяхат ) көріністер қойылды. Сонымен қатар Оразғалиева Бұлбұл «Туған жер», Құрмекеш Әділет пен Қаракенов Бахтияр «Рок н Рол» әндерін орындап, Имандосов Тұрар күмбірлеген «Ерке сылқым» күйімен залды бір жадыратты. Кеш соңында бірінші курс студенттері ант қабылдап, студенттік билет, білім кілті және БҚМУ эмблемасы табыс етілді. Жаратылыстану бөлімінің студенттік декандары Қ. Еслямов , Р.Хайрулина өз тілектерін білдірді.

Студентік өмірдің есте қалар оқиғалары бірінші курстан бастау алмақ. Сонымен қоса,олар студент қатарына қабылданып, болашақта өз ісінің маманы болатын жандар. Студенттердің ең қуанышты сәттерінің бірі- студенттік билет алып, ант қабылдайтын күн. Осындай қуанышты күндерді биылғы табалдырық аттаған жаратылыстану-математикалық факультетінің студенттері де бастарынан өткерді.




ЖМФ тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары: Е.Е.Айманова
Каталог: images -> stories -> downloads -> news
news -> akp_den_kz.doc [VІІ қысқы Азия ойындары]
news -> 2011 жылдың 24 қарашасында Бөрлі ауданы Ақсай қаласында алғаш рет І азаматтық форум болып өтті
news -> 29 наурызбен 2-сәуір аралығында 68-інші «Студент және ғылым» атты студенттік ғылыми апталық болып өтті
news -> Конференцияның жұмыс бағыттары: Теориялық және қолданбалы математика, физика, информатика саласындағы қазіргі заманғы мәселелері
news -> Жолдау жастар назарында
news -> В настоящее время более 20 желающих студентов зкгу им. М. Утемисова факультета «Туризм», «Международные отношения» и«Иностранные языки» подало необходимые документы для прохождения практики в вузах Турции
news -> Математикадан олимпиада өтті
news -> new_olimpiada_april_3_kaz.doc [Тараз мемлекеттік педагогикалық институты]
news -> Жаңалықтар Атауы: Университеттің ғылыми кітапханасының оқу залдары Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан жаңғырықтары»
news -> Киелі ќара шаѕыраќ М


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет