Анталияда алғаш рет Қазақстан суперкубогінің финалы өтті. Ойында шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл" кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Спорттық шарада Түркияда тұратын отандастарымыз бен ойынға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер бас қосты. Екінші таймның ортасында трибунада басталған төбелес жанкүйерлердің бір-біріне орындық лақтыруына ұласқан. 

Жаппай төбелеске жанкүйерлер тұрған сектордың бір-бірінен алшақ болмауы себеп болған деседі. 

  • Түркияда Бешикташ футболшысы танысу сайтында қыз іздегені үшін командадан қуылды
  • Қысқы кубокта Қазақстан футболының ең мықтылары анықталмақ

Ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 болып, матч тең аяқталды. Ал пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша "Тобыл" 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін "Барселонаның" бұрынғы футболшысы Дани Алвес қыз зорлағаны үшін 4 жарым жылға сотталғаны туралы жазған едік.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.