Қадірлі Құттыбай ағамызды мерейлі 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз



жүктеу 13.44 Kb.
Дата22.04.2018
өлшемі13.44 Kb.

Қадірлі Құттыбай ағамызды мерейлі 60 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!
Отызда орда бұзар болар жігіт,

Үйі емес, ел болып қылар үміт.

Ақылмен болар істің басын ұстап,

Ойлағаны абырой мен ауызбірлік.
Қос отызың құтты болсын, асыл аға,

Талай істің ұстадың басын, аға.

Салиқалы, салмақты мінезіңмен

Жиғаның Фатихалы бата ғана.
60 жасқа жеткен де бар, жетпеген де,

Жүз болса да, пенделік, «көп» деген бе?

Жыл сайын жазғытұрым кездесейік

Құстар сайрап, айнала көктегенде.
«Орны бөлек, жаны ерек, сенгенім» деп,

«Орта жолда жолықсақ та, көргенім» деп.

«Шүкірлік бір аллаға табыстырған,

Құттыбай – арқа сүйер бір інім!»- деп,

Аузынан әкем марқұм тастамайтын.

Оң істі осы ағамсыз бастамайтын.

Сенетін, інісінің ары таза,

Ағаның ақ үмітін ластамайтын!
Пах, шіркін! Айта берсең, естелік көп,

Тірлікте болған қызық есебі жоқ.

Ағатай, ортамызда жүре берші

Ақ баталы қартттардың жалғасы боп.
Гүлге толы шаңырағың нұр жайнасын,

Қарлығаштар қыран құспен сөз байлассын.

Тағдырдың бар салмағын бір көтерген

Ақ жеңгем өзіңменен бір қартайсын!

Игі тілекпен,

іні- қарындастарыңыз, келіндеріңіз бен күйеу балаларыңыз -

Нәжен әкеміз бен Ұлкүміс анамыздың ұрпақтары.
мамыр, 2010 жыл

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет