ҚазҰУ-дағы студент қыздардың “пәктігі” туралы ақпарат ауызша жинақталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бұл туралы ҚазҰУ серіктесі Smart Health University City клиникасының директоры Жанна Жүнісова айтты.

Клиника директорының айтуынша, студенттер туралы интимді деректерді жинау олардағы мезгілсіз жүктіліктің алдын алу үшін контрацепциямен қамтамасыз ету, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін түрлі ауруларды тексеру үшін қажет болды.

Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, тарап кеткен “пәктік тізіміндегі” бос өріс "пәк емес" дегенді білдірмейді, тек студенттің гинекологтың қабылдауына әлі келмегенін білдіреді.

Еске салсақ, бұған дейін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімі тарап кеткені туралы жазған едік. Кейін студенттердің жеке деректерін таратқан адам медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері екені анықталды. Алматы қалалық прокуратурасы жеке деректерді тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.