"Қазақтелеком" компаниясы бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұза отырып, келісім жасады деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ақпараты бойынша, "Қазақтелеком" "Btcom infocommunications" компаниясымен тікелей келісімге отырып, тек "Қазақтелекомның" телекоммуникация қызметін алуды, яғни өзге байланыс операторлары салған желілер мен телефон желілерін пайдаланбауға келіскен. 

Екі компаниядан да жасалған келісімнен жоғарыда аталған ережелерді алып тастау талап етілді. Қос компания агенттік ескертулерін орындаған.

"Департамент "Қазақтелеком" АҚ бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғанын анықтап, ескерту жіберді. Компания департаменттің талабын орындады, — деп атап өтті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тергеу бөлімінің жетекшісі Жанар Әшім. 

"Қазақтелеком" қазақстандықтарды GPON технологиясы бойынша заманауи цифрлық қызметпен қамтамасыз етуді жалғастырып жатқанын айта кетейік. Жыл басынан бері компания тек Астананың өзінен 25 мыңға жуық отбасыны қуантып, Степногорск қаласында 2 мыңнан астам абонентті "мыс" желісінен "оптикаға" ауыстырған. Одан бөлек, Пригородный кентінде де екі бес қабатты үйді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етті.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.