Adobe After Еffect cs3 бағдарламасын оқу процесінде қолдану



жүктеу 56.55 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі56.55 Kb.
түріБағдарламасы

Adobe After Еffect CS3 бағдарламасын оқу процесінде қолдану
Кобеева Т.Ж.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университеті, Талдықорған қ.-сы tkobeeva@bk.ru

Ғылыми жетекші: Информатика және ИОӘ кафедрасының

аға оқытушысы Уразова М.С.
Безендіру жұмыстары қазір барлық жерлерде қолданылады: жарнамалар жасауда, тойда түсірілген бейнелерге бейнемонтаж жасауда, фильмдердің бейнелерін қиып алып бейнеклиптер жасауда және т.б. безендіру мүмкіндіктерін жасауда компьютердің маңызы өте зор болып табылады.

After Effects бағдарламасы өзінің атқаратын жұмысына байланысты, бәрімізге мәлім Premiere Pro бейне редакторына ұқсас болып табылады. Бірақта After Effects бағдарламасында ұзақ уақытқа созылатын бейнемонтаждарды өңдеу тиімді емес болып табылады. Бұл екі бағдарлама бір-бірін толықтырады: Premiere Pro бейнелерді өңдеу жұмысымен айналысады, ал After Effects бағдарламасының көмегімен осы бейнелерді қызықты ететін арнайы құбылыстар жасауға болады. Сонымен, After Effects бағдарламасын қысқа жарнамалар және презентациялық роликтер жасау үшін қолданған дұрыс.

After Effects бағдарламасы көптеген бейне және дыбыстық эффектілерге ие және сіз оларды өзініздің жобаларыңызда қолдана аласыз. Бұл бағдарламаның ең тиімді жағы, ол эффектілер және олардың анимацияларын басқару болып табылады, эффектілер көптеген орнатылған параметрлерге ие, және олар кілттік кадрлардың көмегімен уақытқа байланысты көп заттарды өзгерте алады. After Effects бағдарламасының құрамында бар дыбыс және бейне эффектілерінің қосарлануларына қарамастан, бағдарламаға қосуға болатын шеттен келген өндірушілердің эффектілерінінде саны көп, оладың көмегімен сіз бейне өнім өндіу кезінде неше түрлі қиылдармен қатар кез келген бейнелерді құруға мүмкіндік береді [1, с. 4]

After Effects бағдарламасын не үшін қолдану керек? Жоғарыда аталып өткендей, After Effects бағдарламысының көмегімен шағын жарнамалар және презентациялық бейнероликтер құруға болады. Сонымен қатар, сіз Premiere Pro бағдарламасында өңделіп жатқан киноның үзіндісін көшіре аласыз, ол бейнеэффектілер, бейнелер коррекцияларын, титрларды орналастыру және т.б. әрекеттерді орындау үшін пайдаланылады. Сіз жарқын анимациялық бейнелер, анимацияланған логотип және басқада көптеген әрекерттерді орындай аласыз. Егер, Сіз кино өндеу жұмыстарымен, бейнежарнамалар немесе жай ғана бейне құратын болсаңыз, After Effects бағдарламасы сіздің қол жетпес серігіңіз болып табылады.

Бейнелерді өңдейтін басқа бағдарламалар сияқты, After Effects бағдарламасы комьютердің бағдарламалық және аппараттық қамсыздандыруларына белгілі бір шарттар қояды. Осы шарттарды қарастырап шығайық: сіздің компьютеріңіз осы шарттарды орындауларына байланысты, орындап отырған жобаңыздың жылдамдығы мен тиімділігі қамтамасыз етіледі.

After Effects бағдарламасының дұрыс жұмыс істеуі үшін, сіздің компьютеріңіз келесі компоненттермен қамсыздандырылуы тиіс:



  • Intel Pentium 4, Intel Centrino, Intel Xeon немесе Intel Core Duo процессорының болуы тиіс.

  • DV форматымен жұмыс істеу үшін 1Гб көлемді ОЕСҚ (оперативті есте сақтау құрылғысы) болуы тиіс және HDV және HD форматтарымен жұмыс істеу үшін 2Гб кем емес жады болуы тиіс.

  • 32 бит түс тереңдігіне байланысты 1024ден 768 дейінгі кеңейтілімді қамтамасыз ететін бейнекартасы болуы керек. Бағдарламаның интерфейсі көптеген терезелерден тұрады, оларды панелдер деп те атайды, сондықтан тиімді жұмыс істеу үшін жоғарғы кеңейтілімдермен жұмыс істеу талап етіледі.

  • DVD бағдарламасын орнатуға арналған құрылғысы болуы керек.

Қатты дискіде бағдарламаның файлдары және жобаның шығыс компоненттеріне (бейне клиптер, дыбыстық және графиктік файлдар, сонымен қатар бағдарламамен жұмыс барысында құрылған уақытша файлдар) жадының бос орындары жеткілікті болуы тиіс. After Effects бағдарламасын орнату үшін дискідегі жадының бос орны 3 Гигабайттан кем болмауы тиіс.

Компьютерде Service Pack 2 пакеті бар Windows XP немесе Windows Vista операциялық жүйелері орнатылған болуы керек.

Бұрында Adobe (Photoshop, Premiere Pro, Flash) бағдарламаларымен жұмыс істеген қолданушыларға бағдарламаның интерфейсі таныс болып көрінеді. Осы компанияның барлық бағдарламалары бір-біріне ұқсас және оңай есте сақталатын болып табылады. After Effects бағдарламасының басты терезелерінде неше түрлі терезелер болады және олар палитралар деп аталады.

Кейбір палитраларда қосымшалар болады. Оң жақтың жоғарғы жағында орналасқан палитраға көңіл аударыңыз. Осы берілген палитра Info (Ақпарат) және Audio (дыбыс) қосымшаларына ие. Сонымен қатар, жаңа палитралардың ашылуларына байланысты қосымшалардың саны көбеюі мүмкін және олар өз алдыларына жеке жеке палитралар да болып кетуі мүмкін. Сондықтан қателіктер болмас үшін біз «қосымша» терминін қолданбайтын боламыз. Егер сіз практикалық түрде жұмыс істеп жатқан кезде, сізге «палитраға өтіңіз....» немесе «палитрадан таңдаңыз...құрал....» деген сөздер шықса, сіз осы атауға ұқсас қосымшаға көшесіз немесе осы атауға сәйкес қосымшадан құралды таңдайтын боласыз.

After Effects бағдарламасының негізгі терезесінің ортасында ең үлкен палитра орналасқан, ол Composition (Композиция) деп аталады. Осы палитраның алдын ала қарау аймағында сіз құралып отырған бейнеңізді көре аласыз, сонымен қатар, кейбір параметрлерді өзгерте аласыз (оларға көлемі және суреттің орналасуы немесе бейнеәсердің элементтері). Composition (Композиция) палитрасының төменгі жағында тепе-теңдікті сақтайтын элементтер орналасқан, ол арқылы сіз қарастырылып отырған бейненің сапасын және масштабын өзгерте аласыз және т.с.с.

After Effects бағдарламасының негізгі терезесінің төменгі жағында Timeline (монтаж терезесі) палитрасы орналасқан. Бұл негізінен ең басты палитра болып табылады, бұл палитрада бейненің монтажы және бейнені жинақтау жүзеге асады. Сонымен қатар, бұл жерде жобаны жасау барысындағы қолданылып отырған элементтердің дыбыстық әсерлері, бейнелердің параметрлерінің өзгерістері және кілттік кадрлар жүзеге асады.



Timeline палитрасының қолданбалары (бейне, графикалық және дыбыстық файлдар) бірінен кейін бірі орналасады. Қолданбалардың бұлай орналасуын сіз кез келген бейнередакторларда кездестіре аласыздар. Бірақта, After Effects бағдарламасында қолданбалар жолдарда емес қабаттарда орналасады. Сонымен, Timeline (монтаж терезесі) палитрасында орналасқан графикалық немесе бейнефайлдар жалпы бейне көріністің жеке-жеке қабаттары дегенді білдіреді.

Timeline палитрасы көлденең орналасқан екі бөлікке бөлінеді. Оң бөлігінде әртүрлі параметрлерге арналған кілттік кадрлар құрылады, олар бейнеәсердің қабаттарында қолданылады, ал сол жақ бөлігінде - әр кілттік кадрларға арналған әсерлердің параметрлері орнатылады.

After Effects бағдарламасының жұмыс терезесінің сол жағында Project (Жоба) тақтасы орналасқан. Бұл тақтада жобада қолданатын ресурстардың сілтемелері орналасқан. Дәлірек айтқанда, бұл тақтада сіздер жобада қолданатын құжаттың бейне, дыбыстық және графикалық файлдары орналасқан және сіздер оларды Timeline (Монтаж жасау терезесі) тақтасының белгілі бір қабаттарына оларды жылжыта аласыздар. Project (Жоба) тақтасының жоғарғы жағында кішірігім қарап шығу терезесі орналасқан. Бұл терезеден сіздер Project (Жоба) тақтасында белгіленіп алған бейнекөріністер немесе графикалық ресурстарды көруге болады.



Time Controls (Уақытты басқару) тақтасы құрылып отырған жобаны ойнатуды басқару үшін арналған. Құрылып отырған жобаның немесе оның үзіндісінің ойнатуларын көру осы терезеде жүзеге асады, сонымен қатар, бұл терезеде кадрлардың келесісіне немесе артқысына өту мүмкіндігі бар және де жобаның басы мен соңына өту мүмкіндіктері де бар.

Effects&Presets (Эффектер және дайындаулар) тақтасында түрлі дайындаулар мен эффектілердің шаблондары бар. Бұл тақтадағы эффектілер кейбір ортақ белгілеріне байланысты топтарға біріктірілген. Мысалы, бұлай Color Correction (Түстік өңдеулер) тобында, суреттің түстік өңдеу эффектілері орналасқан. Distort (Жұқару) тобында бейне көріністердің геометриялық қасиеттері жағынан өзгерулерін қамтамасыз етеді. Ал дайындықтар дегеніміз – олар шаблондардың дайын шешімдері дегенді білдіреді, және олардың құрамына орнатылып қойған параметрлері бар бірнеше эффектілерден тұрады. Дайындаулар алдын ала қозғалыста болады, яғни кілтік кадрлардан тұрады, олар осы кадрлардың эффектілерінің әртүрлі параметрлерінен тұрады.

Қорыта айтқанда, After Effects бағдарламасы шағын жарнамалар және презентациялық бейнероликтер құруға қолайлы. Бұл бағдарламаның ең тиімді жағы, ол эффектілер және олардың анимацияларын басқару болып табылады, эффектілер көптеген орнатылған параметрлерге ие, және олар кілттік кадрлардың көмегімен уақытқа байланысты көп заттарды өзгерте алады. After Effects бағдарламасының құрамындағы бар дыбыс және бейне эффектілерінің көмегімен бейне өнім өңдеу кезінде неше түрлі қиылдармен қатар кез келген бейнелерді құруға мүмкіндік береді




ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Г.С.Медведев, В.С.Пташинский. Adobe After Effects CS3 с нуля. 2008г.

  2. Энтони Боланте. Adobe After Effects уроки. — «Триумф», 2007г.

  3. Линда Вайнман. Практикум по Adobe After Effects 6. Видеомонтаж, спецэффекты, создание видеокомпозиций. — М.: «Вильямс»2004.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет