Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан арқылы Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз адам өткізіп келген Ауғанстан азаматтарын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰҚК

Комитет 16 наурызы күні Ауғанстанның 4 азаматын қазақстандық лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп жатқан кезінде құрықтады. 

Тергеу материалдарына сәйкес, осы қаражатпен шетелдіктерді Испания мен Португалияның жалған төлқұжаттары бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы тасымалдамақ болған.

“Қылмыстық кодекстің 394-бабының 1-бөлігінде және 367-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.