Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спортшылар спорттың 20 түрінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды. Сайыс бағдарламасына бәйге, көкпар, асық ату, арқан тарту, аударыспақ сияқты спорт түрлерінен басқа, қырғыз, түрік, корей елдерінің күресі де енген.

  • Азия кубогінің финалына шыққан құрамалар анықталды
  • Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогінде" қарсыласын оңай ұтты    

Сондай-ақ Батыс Африка елдерінің зияткерлік ойыны "Овари" спорты да бар. Жалпы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спортшылар тек ұлттық спорт түрлерінен ғана сынға түседі.

Айта кетейк, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары18-24 тамыз күндері, Астанада өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Абай Жалал Octagon 55 турнирінде жеңілмеген әзірбайжандыққа қарсы жекпе-жек өткізетіні туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.