Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді



жүктеу 212.21 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі212.21 Kb.

38


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2016 жылғы _______

бұйрығына

4-қосымша

Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің


реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен
қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып,
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу әдістемесі


1 Тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi (бұдан әрі - Әдістеме) ««Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-67) тармақшасына, 16-7-бабы 2-тармағының және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған.

  2. Осы Әдістеме кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есепке алу деректерінің және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО)-Document 9161-AT/724 - «Аэронавигациялық қызмет көрсетудің экономикалық аспектілері бойынша басшылық» әдістемелік ұсынымдарының негізінде аэронавигация саласындағы табиғи монополия субъектілерінің (бұдан әрі - ТМС) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) есептеудің қағидаттары мен тетігін айқындайды.

3. Осы Әдістеме осы қызметтерді көрсететін аэронавигация мен ТМС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтынушылар арасындағы мүдделер теңгерімі негізінде аэронавигация саласындағы ТМС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) негізді деңгейін және тариф белгілеу тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.

4. Осы Әдістеменің негізін қалаушы қағидаттар:

1) Кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін ТМС-ді жүргізудің негізінде аэронавигацияның реттелетін қызмет көрсетуге жұмсалған экономикалық негізделген шығындарын өтеу;

2) ТМС-ның аэронавигацияның реттелетін қызмет көрсетуі бойынша оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы алуы;

3) ТМС-ның аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) есебінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

5. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аэронагигация көрсететін қызметтер - әуе қозғалысын ұйымдастыру, байланыс жүйесі, навигация және қадағалау, аэронавигацияны метеорологиялық қамтамасыз ету, іздеу және құтқару, аэронавигациялық ақпарат қызметі;

2) есепті кезең - Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтінім беру күнінің қарсаңында аяқталған қаржылық жыл;

3) капиталдың құны - қарыз және меншікті қаражаттарға сыйақы ставкасын сипаттайтын, табиғи монополия салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыруға байланысты инвестициялық және өзге тәуекелдерді көрсететін шама;

4 қарыз капиталы - айналым қаражаттың орнын толтыруға байланысты қарыздарды қоспағанда есепті кезеңнің аяғында Субъектінің теңгерімінде болған банк операцияларының және өзге қарыздардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың ұзақ мерзімді қарыздарының жиынтықты құны;

5) қолданыстағы активтердің реттелетін базасы (ҚЕАРБ) - аэронавигацияның реттелетін қызмет көрсетуі кезінде пайдаланылатын есептік кезеңнің соңына ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің) және таза айналым капиталының (ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер арасындағы айырмасы ретінде есептелетін) жиынтық құны;

6) ҚАРБ-ға пайда ставкасы - аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекті капиталының құнына сәйкес келетін операциялық пайданың нормасы;

7) ортодромия - үлкен дөңгелек доғасын бейнелейтін және әртүрлі бұрыштарда меридианды қиып өтетін жер шары бетіндегі екі нүкте арасындағы қысқа арақашықтық желісі;

Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

.

6. Осы Әдістеме аэронавигацияның мынадай реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеуге арналған:



1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге асыратын шетел авиакомпанияларының әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе асырып, әуе кеңістігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету (бұдан әрі - әуе кемесіндегі аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері);

2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге асыратын шетел авиакомпанияларының әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырып, әуеайлақ ауданында әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету (бұдан әрі - әуеайлақ ауданындағы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтері).

7. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) әуе кемесінің ең көп ұшу массасына, жүзеге асырылып отырған тасымалдау түріне (халықаралық немесе ел ішіндегі, тұрақты немесе тұрақты емес) және әуе компаниясының мемлектеттік тиесіліне қарай (шетелдік немесе қазақстандық) сараланады.

8. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелерін) есебі аэроновигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің есептеу кезеңіндегі болжамды тарифтік кірістері мен көлеміне негізделген.

Есептік кезең ретінде осы қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) өзгертуге өтінім беру күнінен кейінгі қаржы жылы пайдаланылады.
2 Тарау. Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен
қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып,
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу негіздері
9. Аэронавигацияның көрсетілетін қызметі бес негізгі құрамдауышты қамтиды:

1) әуе қозғалысын ұйымдастыру - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (бұдан әрі - ӘҚҰ), әуе кеңістігін ұйымдастыруды және әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыруды қосқанда, ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемелерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қажетті борттық және жердегі функцияларының кешені;

ӘҚҰ өзіне әуе қозғалысын басқаруды (бұдан әрі - ӘҚБ), ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді және апаттық хабарлауды қамтиды.

ӘҚБ өзіне: әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді, кіреберіске диспетчерлік қызмет көрсетуді, аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді;

2) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді (авиациялық электр байланыс қызметінен, сондай-ақ авиациялық радиолокация және радионавигация қызметінен тұрады);

3) метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуді;

4) іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді;

5) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді қамтиды.

10. Әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелерін) есептеу кезінде:

1) мынадай жұмыс түрлері:

әуе қозғалысын ұйымдастыру;

әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіру;

радиолокация, радионавигация және байланыс құралдарын беру;

апаттық хабарлау және іздестіру мен құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұшуларды үйлестіру;

экипаждарға жедел аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық жағдайдағы өзгерістерді беру;

экипаждарға жедел метеорологиялық ақпаратты беру;

қосалқы әуе айлақтарында әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жұмысын қамтамасыз ету;

2) әуе кемесінің ұшу қашықтығы;

3) әуе кемесінің ең көп ұшу массасы ескеріледі.

11. Ұшу қашықтығы әуе кемесінің ұшу бағдарының ортодромиясы бойынша өлшенеді, ол әуе кемесінің әрбір ұшуы және әрбір қонуы кезінде 20 километрге азаяды және км-дегі ұшу қашықтығының соңғы саны былайша дөңгелектенеді:

5 километр және одан аз болса нөлге дейін дөңгелектенеді;

5 қилометрден жоғары болса 10 километрге дейін дөңгелектенеді.

12. Әуе кемелерінің салмағын есепке алу үшін 9 салмақтық топтан тұратын әуе кемелерінің ең жоғарғы ұшу массасының шәкілі тонна


1

2

3

4

5

6

7

8

9

<7

7<20

20<30

30<50

50<100

100<200

200<300

300<400

400

қолданылады:
13. Әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) осы шәкілге сәйкес әкелу коэффициенттерінің көмегімен әуе кемесінің әрбір салмақтық тобына әуе кемесінің ұшу бағытының ортодромиясы бойынша есептелген 100 километр арақашықтыққа есептеледі.

14. Әуе айлақ аумағында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелерін) есептеу кезінде мынадай жұмыс түрлері:

әуе айлаққа қону кезінде, қону үшін төмендету, қонуға кіру, қону және тұрақ орнына дейін жеткізу кезінде әуе қозғалысын ұйымдастыру;

әуе айлақтан ұшу кезінде, тұрақ орнынан рөлді басқару, ұшу және әуе трассасына шыққанға дейін биіктікке көтерілу кезеңдерінде әуе қозғалысын ұйымдастыру;

әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіру;

радиолокация, радионавигация және байланыс құралдарын беру;

апаттық хабарлау және іздестіру мен құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ұшуларды үйлестіру;

экипаждарға жедел аэронавигациялық ақпаратты және аэронавигациялық жағдайдағы өзгерістерді беру;

экипаждарга жедел метеорологиялық ақпаратты беру ескеріледі.

15. Әуе айлағы маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф (баға, алым мөлшерлемесі) әуе кемесінің ұшу массасының бір тоннасына есептеледі.

Төлем мөлшері әуе айлағы маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) берілген құжат немесе анықтамалық ақпаратқа сәйкес әуе кемесінің ең жоғарғы ұшу массасына көбейтумен анықталады.

Әуе кемесінің кг-ғы массасының соңғы екі саны: 50 килограммнан аз болса, аз жаққа, 50 килограмм және одан көп болса, үлкен жағына дөңгелектенеді.

16. ТМС көрсететін аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің өзіндік кұны қалыптасатын шығындардың құрамдары мен баптары Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

17. Жекелеген құралдың немесе жұмыстың қосарлы мақсаты болған жағдайларда, олармен байланысты шығыстар ТМС шығындарын бөлек есепке алудың негізінде тиісті тарифтерге (бағаларға, алым мөлшерлемелеріне) бөлінеді.


3 Тарау. Әуе кеңістігіндегі Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)есептеу тетігі



18. ТМС әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден болжамды тарифтік кірістер мынадай формула бойынша анықталады:

 

ТКж = Шж + РПДж,



мұндағы:

ТКж - ТМС әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден түсетін болжамды тарифтік кіріс, теңге;

Шж - ТМС қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуге шығарған экономикалық негізделген жиынтықты жоспарлы шығындар, теңге;

РПДж - әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша түскен пайданың қол жетімді деңгейі, теңге.

19. Әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттелін көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша жиынтықты экономикалық негізделген, жоспарлы шығындарды бөлектеп есепке алу деректері негізінде қалыптасады.

20. Әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша түскен пайданың жол берілетін деңгейі мынадай формула бойынша анықталады:

 

РПДЖ = ҚЕАРБЖ* ПС /100,



мұндағы:

ҚЕАРБж - ТМС осы көрсетілетін қызметке тартылған активтерінің реттелетін базасы, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен осы сала үшін есептеледі, теңге;

ПС - ТМС осы көрсетілетін қызметті көрсетуге пайдаланылатын қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3962 тіркелген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 қарашадағы № 306-НҚ бұйрығымен бекітілген Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес есептеледі (бұдан әрі - Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық).

21. Келтірілген бір ұшак-километр тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі) мынадай формула бойынша анықталады:

 

мұндағы:


Tm - келтірілген бір ұшақ-километр тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі);

Ki - әуе кемесінің і-үлгісіндегі ең көп ұшу массасын ескере отырып анықталатын i-үлгісіндегі әуе кемесі үшін келтіру коэффициенті;

Nij - әуе кемесінің і-үлгісімен орындалған ұшақ-километр саны;

j - әye кемелерінің салмақ бойынша топтарының саны.

22. Әуе кемесінің і-үлгісі үшін келтіру коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:

 

мұндағы:

Qmaxi - і-үлгісіндегі әуе кемесінің ең көп ұшу массасы, тонна;

50 - әуе кемесінің ең көп ұшу массасының ең аз мөлшері, 50 тоннаға тең.

23. j-салмақтық тобы үшін 100 ұшақ-километрге әуе кеңістігінде аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі) мынадай формула бойынша белгіленеді:

 

Тjm = Тm * Кj * 100



мұндағы:

Тjm - әуе кемелерінің j-салмақ тобының тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі);

Kj - әуе кеңістігіндегі аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жалпы көлемінде есепке алынған, j-салмак тобында аэронанигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жоспарлы көлемінен сүйене отырып анықталатын j-салмақтық тобына кіретін әуе кемелері үшін орташа өлшемді келтіру коэффициенті.
4 Тарау. Әуеайлақ маңында аумағында Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігі
24. ТМС әуе айлақ маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуді ұсынудан түсетін болжамды тарифтік кірісі мынадай формула бойынша анықталады:

 

ТКаа = Заа + РПДаа



мұндағы:

ТКаа - ТМС әуе айлақ маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету бойынша болжамды тарифтік кірісі, теңге;

Шаа - қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген аэродром аумағында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден ТМС экономикалық негізделген жиынтық болжамды шығындары, теңге;

РПДаа - әуе айлақ маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуді бойынша пайдалардың қол жетімді деңгейі, теңге.

25. Әуе айлағы аумағында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну бойынша экономикалық негізделген, жоспарлы шығындарды бөлек есепке алу деректері негізінде қалыптасады.

26. Әуе айлақ маңында аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсету бойынша алынатын пайданың қол жетімді деңгейі мынадай формула бойынша анықталады:

 

РПДаа = ҚЕАРБаа * ПС/100



мұндағы:

ҚЕАРБж - ТМС осы көрсетілетін қызметке қолданыстағы активтерінің реттелетін базасы, осы сала үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі, теңге;

ПС - ТМС осы көрсетілетін қызметті көрсетуге пайдаланылатын қолданыстағы активтерінің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесі Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданыстағы активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес есептеледі.

27. Бір ұшу немесе бір қону үшін Таа әуе әуе айлақ маңындағы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызмметтерінің тарифі (бағасы, алым мөлшерлемесі) мынадай формула бойынша анықталады:

 

мұндағы:


Qmaxi - әуе кемелерінің ең көп ұшу массасы, тонна;

Vij - әуе кемесінің i-үлгісімен орындалған ұшақ-ұшу саны.

28. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъектінің ҚАРБ-ға пайда ставкасы капиталдың орташа өлшенген құнының әдісімен айқындалады:

 

 , мұндағы:

 

d - пайда ставкасы;



We - меншік капиталы, теңге;

Wd - қарыз капиталы, теңге;

re - меншік капиталдың құны;

rd - қарыз капиталдың құны;

kab - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен мемлекеттік басқару органы белгілейтін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативінің деңгейін ескеретін коэффициент.

29. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекттің меншік капиталының құны қызметтің осы түріне арналған қазіргі бар тәуекел үшін сыйақыларды жиынтықтай отырып, мына формула бойынша айқындалады:

 

re = rf + rs, мұндағы:



 

rf - тәуекелсіз ставка;

rs - аэронавигация саласына тән тәуекелге арналған сыйлықақы.

30. Тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ресми ставкасының деңгейіне тең қабылданады.

31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен мемлекеттік басқару органы белгілейтін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін ескеретін коэффициент мына формула бойынша есептеледі:

 

 



1

Kab= --------, мұндағы:

(1-a)

 

a - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен мемлекеттік басқару органы белгілейтін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі.



32. Аэронавигация саласына тән аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден түскен табыстар ысыраптарының мүмкіндігіне байланысты тәуекелдердің негізгі факторлары:

1) Қазақстан Республикасының авиация саласының инфрақұрылымы дамуының жағдайы;

2) дүниежүзілік авиатасымалдау рыногы дамуының жалпы әлемдік үрдісі мен ағымдағы жағдайы;

3) қолданысқа енгізілген активтердің жай-күйі болып табылады.

33. Аэронавигацияның саласына тән тәуекелдерді бағалауды, тәуекелдердің қорытынды деңгейін және тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықтардың мөлшерін айқындауды Нұсқаулыққа берілген қосымшада келтірілген алгоритмге сай құзыретті орган жүзеге асырады.

34. Қарыз қаражат құнын бағалау алдын ала элемент бойынша және кейіннен орташа өлшенген шама түрінде қорытынды бағалау әдіспен мына формула бойынша жүргізіледі:

 

rd = rdk. Wdk + rdo. (1 - Wdk), мұндағы:



 

rdk - соңғы есепті кезеңнің аяғындағы банктік және өзге кредиттердің құны, %;

rdo - купон облигациясы немесе облигацияның атаулы пайыздық ставкасы бойынша төленетін шама, %;

Wdk - аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекттің қарыз капиталындағы есепті кезең аяғындағы айналым қаражатының орнын толықтыруға арналған кредиттерді қоспағанда, банктік және өзге кредиттердің үлес салмағы.

35. Банк кредиттерінің құны кредиттің пайыздық ставкасына тең немесе бірнеше кредиттер тартқан жағдайда, тартылған және есепті кезең аяғындағы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекттің теңгерімінде бар осы кредиттердің орташа өлшенген құнына тең және мына формула бойынша айқындалады:

 

rdk = ,мұндағы:



 

Pi - і кредиті бойынша кредиторға төленетін пайыз;

n - кредиттердің саны;

Wi - і кредитінің кредиттердің жалпы сомасындағы үлесі;

H - пайдаға салынған салық ставкасы.

36. Купон облигациясы бойынша төленетін шама немесе оның атаулы құнына пайыздармен көрсетілетін облигацияның атаулы пайыздық ставкасы мынадай формула бойынша анықталады:

 

, мұндағы:

 

p2 - дисконт ставкасы;



CH - облигациялардың атаулы құны;

Cp - облигациялардың өткізу бағасы;



t - қарыз мерзімі (жыл саны).

2 Бөлімнің. Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып,
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) тән тәуекелдердің


қорытынды деңгейін айқындау алгоритмі



Тәуекел факторлары 


Тәуекелді бағалау


Тәуекел-

дердің

қорытынды

деңгейі


ең төмен

орташа

жоғары

Қазақстан Республикасының авиация саласының инфрақұрылымы дамуының жағдайы


1

2

3




Дүниежүзілік авиатасымалдау рыногы дамуының жалпы әлемдік үрдісі мен ағымдағы жағдайы


1

2

3




Қолданысқа енгізілген активтердің жай-күйі 


1

2

3




Тәуекелдің есептік деңгейі (орташа)
















3 Бөлімнің. Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып,
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)тән тәуекелдерді бағалау алгоритмі



Тәуекел факторлары 


Тәуекелді бағалау


Көріністер 


Қазақстан Республикасының авиация саласының инфрақұрылымы дамуының жағдайы


ең төмен

Экономиканы дамытудың жақсы перспективалары, халықаралық талаптарға сай және мемлекет пен азаматтардың сапалы авиация қызметтеріне үдемелі сұранысын қамтамасыз ететін мемлекеттің тиімді авиакөлік жүйесін жасау  арқылы әуе кеңістігін пайдаланушылардың тарапынан сұранысының елеулі  өсуі 

орташа

Қалыпты экономикалық өсудің перспективалары, тұрақты авиатасымалдауға оны елеулі түрде арттырмастан сұраныс күтілуде 

жоғары

Құлдыраудың белгілі бір мүмкіндігінің болуы, республикадағы авиатасымалы көлемдерінің өсу перспективасының болмауы, сондай-ақ радиотехникалық және аэронавигациялық жабдықтардың жеткіліксіз модернизациялануы және әуежайлардың төменгі деңгейде техникалық жарақтандыруына байланысты әуе қозғалысының Қазақстан әуе кеңістігінен кетуі

Дүниежүзілік авиатасымалдау рыногы дамуының жалпы әлемдік үрдісі мен  ағымдағы жағдайы


ең төмен

Дүниежүзілік экономиканы дамытудың жақсы перспективалары, Қазақстан мен басқа да елдер арасындағы әуе қатынастары туралы екіжақты келісімдердің сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін халықаралық экономикалық кеңістік интеграциясы, ұшу мен қону рейстерін орындаған кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін толық пайдалану

орташа

Қалыпты дүниежүзілік экономикалық өсудің перспективалары, авиатасымалдауға оны елеулі түрде арттырмастан тұрақты сұраныс күтілуде

жоғары

Азаматтық авиация саласындағы жалпы дүниежүзілік құлдырау, террорлық актілердің көріністері, табиғи катаклизма және мемлекет тарапынан әсер етуге болмайтын және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы өтетін әуе қозғалысы көлемінің төмендеуіне алып келетін басқа да сыртқы факторлар. 

Қолданысқа енгізілген активтердің

   жай-күйі




ең төмен

Негізгі құралдардың 40 %-ға дейін тозуы

орташа

Негізгі құралдардың 40 %-дан 70 %-ға дейін тозуы

жоғары

Негізгі құралдардың 70 %-дан астам тозуы



4 Бөлімнің. Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып,
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықақылардың диапазондары



Қорытынды тәуекелді бағалау диапозондары

Тәуекелдердің қорытынды деңгейі 

Сыйлықақылар %

Ең төмен

1 < 1,5

3 - 5 %

Орташа

>1,5 және <2

6 - 9 %

Орташадан жоғары

>2 және <3

10 - 13 %

Жоғары

=3

15 %






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет