Ағаш тектес өсімдіктердің зиянкестері және олармен күресу шаралары әбдіманап Ф., Қуандықова Г. Т



жүктеу 22.11 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі22.11 Kb.

ӘОЖ 582.23:504.06
АҒАШ ТЕКТЕС ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Әбдіманап Ф., Қуандықова Г.Т.
Ағаштекті өсімдіктердің өсімдіктердің ауруы және олармен күресу жолдарын қарастыратын ғылымды фитопатология депатайды. Жалпы фитопатологияда өсімдік ауруларының себебін, ауру қоздыр-ғыштарының ара-қатынасын, қоршаған орта, өсімдіктердің ауруға қарсы тұруы және тағы басқа жалпылама теориялық сұрақтар қарастырылады.

Орман фитопотологиясы ағаш және бұта өсімдіктерінің ауруларын оқыту және олар-мен күресу жолдарын жүргізу болып саналады.Өсімдік өмір сүру барысында қоршаған ортамен тікелей байланыста болады. Қоршаған ортаның зиянды факторлары өсімдіктің ауруының дамуына әсер етуін биотикалық және абиотикалық деп бөлуге болады. Био-тикалық дегеніміз өсімдікке тірі организмдердің әсері. Бұған фитопотогенді организмдер-мен берілетін ауруларды жатқызыуға болады. Олармен берілетін ауруларға шіру,іск, вилт, қабық некрозы, тат саңырауқұлақтары,ақ ұнтақ, күю, теңбілдену, деформация және т.б. ауруларды жатқызамыз. Ал абиотикалық дегеніміз тірі емес фактордың әсер етуі. Бұған шаруашылықан шығатын қалдықтардың өсімдікке тигізер кері әсерін айтуға болады. Шаруашылық қалдықтары өсімдіктердің вегетация мерзімін қысқартады, фотоассими-ляциялаушы мүшелердің алаңын тежейді. Бұндай бұзу ағаштардың дұрыс өспеуіне, әлсіреуне, уақытынан бұрын құрауға әкеп соғады.

Өсімдіктердің ауруларының диагностикасы – бұл ауру өсімдіктің толықтай жан-жақты патологиялық себебін түсіндіру. Ол үшін төмендегідей әдістер қолданылады.

Макроскопиялық әдіс. Дүрбінің немесе лупаның көмегімен ауруды анықтау әдісі.

Микроскопиялық әдіс. Өсімдіктің зақымданған тканін, қоздырғыштың спорасын микроскоппен қарап, зерттеу.

Микологиялық әдіс. Өсімдіктің зақымданған бөлігінен саңырауқұлақты бөліп алып, Ылғалды камера әдісін қолданып,жасанды және табиғи ортада жеке өсіру.

Химиялық әдіс. Әртүрлі индикаторларды қолдануға, әртүрлі саңырауқұлақтармен зақымдалған жапырақтар мен қылқандардың түсінің өзгеруіне негізделген.

Физикалық әдіс тұқымдардың, сүректердің әртүрлі физикалық құбылыстары мен қасиеттеріне негізделген.



Тірі организмдер дүниесінің ішінде саңырауқұлақтар ерекше орын алады. Қазіргі уақытта саңырауқұлақтар әлемін: кілегейлі саңырауқұлақтар немесе миксомицеттер (Myxomycetes – Myxomycota) және нағыз саңырауқұлақтар (Eumycota – Eumycophyta) деп екі бөлімге бөледі. Миксомицеттер жануарлар мен өсімдіктер әлемінің арасында тұрған ерекше құрылысы бар төменгі сатыдағы организмдердің бір тобы.Миксомицеттер бөлімі 3-4 класқа бөлінеді. Бұлардың ішінде Myxogasteromycetes және Plasmoкластарының өкілдері табиғатта көп таралған. Қазіргі уақытта нағыз саңырауқұлақтар бөлімін мицелийлерінің морфологиясына, жемісті денесінің құрылысына, спора түзуші мүшесінің сипатына қарай негізінен 6 классқа бөледі:хитридиомицеттер, оомицеттер, зигомицеттер, қалталы саңырауқұлақтар (аскомицеттер), базидиомицеттер, дейтеромицеттер.

Саңырауқұлақтармен және басқа да зиянкестермен зақымдалған ағаш тектес өсімдікрердің паразиттерімен күресудің басты шарты ағаш түбірлерін антисептиктермен өндеу. Паразит жұққан ағаштарды кесіп алып, оның орнына ауруға берік ағаштарды отырғызған жөн.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет