Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»



жүктеу 51.68 Kb.
Дата09.05.2018
өлшемі51.68 Kb.
түріКодекс


Шығыс Қазақстан облысының

елді мекендерінде иттер мен

мысықтарды асырау және серуендету

қағидаларын бекіту туралы                                                                                    

 

 



Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Сессия төрағасы                                                                               Н. Түсіпова

 

Шығыс Қазақстан облыстық



мәслихатының хатшысы                                                                 Г. Пинчук

 

 



 

 

Шығыс Қазақстан



облыстық мәслихатының

2014 жылғы «___» ______ № ___

шешімімен бекітілді

 

 



Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен

мысықтарды асырау және серуендету қағидалары

 

 



1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендетудің осы  қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Заңының 6-бабының 2-2 тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін айқындайды.



2. Осы Қағидалар меншігінде немесе басқа да иелігінде иттері мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 

 

2 тарау. Иттер мен мысықтарды асырау шарттары

 

3. Иттер мен мысықтарды асырауға ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық талаптар және осы Қағидалар сақталған жағдайда:



1) бір отбасы тұратын тұрғын үй-жайларда;

2) бірнеше отбасы тұратын тұрғын үй-жайларда, өзінің тұрғын ауданында (пәтерде тұратын барлық кәмелетке толған азаматтардың жазбаша келісімімен);

3) жеке тұрғын үй қорының үйлерінде және оларға жақын, жануардың қашуына, адамдарға немесе басқа да жануарларға шабуыл жасауына жол бермейтін қоршалған аумақтағы жер учаскелерінде;

4) кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, бақ өсіру және саяжай серіктестіктері, демалу базалары аумақтарында, түн кезінде (23 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейін) мазасыздық тудыру, тыныштықты бұзу және айналадағылар үшін қауіп тудыру мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда иттерді байлап немесе вольерлерде асырауға рұқсат етіледі.

4. Аумақта иттің бар екендігі туралы кіре берісте тиісті жазуы бар ескерту тақтайшасы орнатылады.

5. Иесінің ит немесе мысықпен қонақ үйде тұру тәртібі мен шарттары қонақ үй қызметтерін көрсетуші белгілейтін қонақ үйде тұру ережелерімен анықталады.

6. Жол берілмейді:

1) ортақ пайдаланудағы жерлерде (кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар) және үй жанындағы аумақтарда дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа) иттер мен мысықтарды асырауға;

2) иттер мен мысықтарды олардың терісі мен етін сату, қайта өңдеу және тұтыну үшін пайдалану мақсатында өсіруге және аулауға;

3) жануарларға қатысты қатыгездікке жол беретін иттердің төбелесі мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге.

7. Иелерінің иттер мен мысықтарды тұрғын үй қорының пәтерлерінде асырауы басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауы тиіс.

8. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында иттер мен мысықтардың иелері:

1) вакцина егу мен диагностикалық тексерулер өткізуді;

2) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл туралы;

жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануды;

3) иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктің артқы алаңдарында жолаушыларға мазасыздық тудырмайтын жағдайларда тасымалдауды қамтамасыз етеді. Декоративтік тұқымды иттерді және мысықтарды сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), не болмаса қолға ұстап тасуға жол беріледі.

9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) мойын жіпсіз және тұмылдырықсыз, адамдардың алып жүруінсіз жүрген иттер, иелері байлап қалдырғандарынан басқа,  қараусыз деп есептеліп, аулануға жатады.

10. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

 

3 тарау. Иттерді серуендету тәртібі

 

11. Иттерді:



1) жануардың мінез-құлқын қадағалауға мүмкіндік беретін, адамдар мен басқа жануарларға шабуылын болдырмайтын ұзындықтағы мойын жіппен және тұмылдырықпен;

2) айналадағыларға мазасыздық пен кедергі келтірмей, серуендеу орындарының санитарлық жағдайы сақталған кезде;

3) қоршалған аумақтарда, жануарларды үйрету алаңдарында және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда мойын жіпсіз және тұмылдырықсыз серуендетуге жол беріледі.

12. Жануарлардың иелеріне:

1) иттер мен мысықтарды аулалардағы балалар алаңдарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен оқу орындары, емдеу мекемелері аумақтарында, стадиондар мен тыйым салатын белгілер орнатылған  орындарда серуендетуге;

2)  иттер мен мысықтарды жағажайларда, субұрқақтарда, адамдар шомылатын басқа жерлерде, су алу көздері мен су пайдаланылатын орындарда шомылдыруға және жууға жол берілмейді. 

 

4 тарау. Қорытынды ережелер

 

13. Облыстың елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асыраудың осы  қағидаларының сақталуына бақылау жасауды осыған уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.



 

 




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет