Агентство по делам государственной службы



жүктеу 54.78 Kb.
Дата15.07.2018
өлшемі54.78 Kb.
түріКонкурс

ХАБАРЛАНДЫРУ

«СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:


  1. «СҚО Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Е-G-3 санаты, 1 бірлік. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аппараттың ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастыру сұрақтары бойынша жұмысын ұйымдастыру, аппарат жұмысын жоспарлау, кадр, іс-қағаздар жұмысын жүргізу, азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерімен жұмыс жүргізу. «Айқын» бағдарламасын жүргізу. Нотариалдық іс әрекеттерді жүргізу. Азаматтардың жиналыстары мен жиындарын өткізуге материалдар дайындау. Ауылдық округ әкімі өткізетін жиналыстардың, жиындардың хаттамаларын жүргізу. Аудан әкімі актілерін, ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын, жоғары тұрған ұйымдардың құжаттарын аппаратта орындалуын бақылау және қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің (шешімдер, өкімдер) жобаларын дайындау. Ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша басқа жұмыстар жүргізу. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне көмек көрсету.Құрылыс және жөндеу жоспарларын жүзеге асырылуын бақылау, құрылыс – монтаж жұмыстарының көлемі, мерзімдері мен сапасын сәйкестігін, құрылыс және жөндеу жоспарларын жүзеге асырылуын бақылау. Сызбаралды, жұмыс эскиздерді,ақаулы актілерді құрылысқа және жөндеуге дайындық.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Гуманитарлық ғылымдар» (аудармашы ісі), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит), немесе «Білім», немесе «Құқық», немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс) бейіндері бойынша, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (аудармашы ісі (түрлері бойынша), немесе экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша)), немесе «Білім беру», немесе «Құқық», немесе «Құрылыс және коммуналдық шаруашылығы» (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

  1. «СҚО Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маман-есепшісі, Е-G-4 санаты, 1 бірлік. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бюджеттік қаржылардың мақсатты пайдалануын бақылау, бухгалтерлік есеп жүргізу. Қаржыландыру жұмыстарын жүргізу, бүкіл төлемдер түрі бойынша қаржы және салық органдарына есеп беру. Дебиторлық және кредиторлық есебін жүргізу. Аппарат қызметкерлерінің жұмысы үшін қажетті кеңсе тауарларымен қамсыздандыру. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Мемлекеттік сатып алу web - порталымен жұмыс істеу. Салық төлеушілердің уақытылы және толық тіркелуін қамтамасыз ету, салықтардың барлық түрлерін және басқа міндетті төлемдерді уақытында төлеуін бақылау. Ағымдағы және жылдық есепті құрып, тапсыру. Статистикалық есептер жүргізу және есеп беру. Ауылдық округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит) бейіні бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша)) бейіні бойынша.

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу E-G-3, E-G-4 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

      3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

      Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оны   «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің интернет-ресурсында қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 151200, СҚО Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85, «СҚО Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» ММ немесе personal_ualih@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон/факс 8(71542) 79017 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет