Агентство по делам государственной службы



жүктеу 154.45 Kb.
Дата31.03.2019
өлшемі154.45 Kb.
түріКонкурс

19.03.2018

ХАБАРЛАНДЫРУ
«Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» КММ, 151200, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85, №8 кабинет, анықтама телефоны 8(71542)79017, факс 8(71542)21784, электрондық пошта personal_ualih@sko.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

1. «СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» КММ бас маманы, Е-R-4 санаты, 1 бірлік. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау облысындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, тұрғындардың денсаулығын жануарларға және адамдарға ортақ аурулардан қорғауды және өзара ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп - қарауды жүргізу. Эпизоотологиялық зерттеп - қарау актісін беру; мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық қадағалау және бақылау объектілеріне ветеринарлық-санитарлық тұжырымдама беру. ветеринарлық анықтама беру; ветеринарлық төлқұжат берілуімен ауылшаруашылық жануарлардың идентификациясын жасау. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды: ішкі сауда объектілерінде; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі үйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда); ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда; экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың буып түю материалдарының барлық түрлері бойынша; тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру. Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық -санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық -санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау. Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органына табыс ету. Халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Ветеринария».

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (ветеринария) бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

          Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ бас маманы, Е-R-4 санаты, 1 бірлік. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мал шаруашылығы өнімін сатып алу барысын бақылауды жүзеге асырады. Мал шаруашылығы бойынша шағын-фермерлік шаруашылықтар ұйымдастыруда теориялық және тәжірбиелік көмек көрсетеді, бизнес-жоспарлар әзірлеуге, ауыл шаруашылық жануарлары мен қажетті жабдықтауларды сатып алуға жәрдем жасайды. Мал шаруашылығы саласында шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша экономикалық реформаларды тереңдету жөнінде әрі қарай жұмыс жүргізеді. Өнімді сатып алу бойынша айлық есеп жүргізеді және жоғары тұрған ұйымдар алдында уақытылы есеп береді. Тапсырылған материалдарға тексеру жүргізу мен демеуақы алуға өтінімдерді қабылдайды және қарастырады. Жануарлардың тұқымдық сапасы мен өнімділігін арттыруға бағытталған тұқымдық мал жұмыстарын ұйымдастырады. Сұрыптау туралы мәліметтерді жалпылайды және аса құнды тұқымдық малды тиімді қолдануды ынталандыру мақсатында оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаны мәлімдейді. Мал шаруашылығын қаржыландыру бойынша ауыл шаруашылық тауарөндірушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Мал шаруашылығы бойынша ақпарат жинауды жүргізеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына мал шаруашылығы бойынша есеп береді. Мал шаруашылығы саласында субсидиялауға ресімделіп жатқан субъекттердің құжаттарын қабылдайды және тексереді. Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламаларда қатысып жатқан заңды және жеке тұлғаларға теориялық көмек көрсетеді, экологиялы таза мал өнімдерін өндеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын атқарады. Субсидияларды рәсімдеу бойынша құжаттарға құқықтық сараптама жасайды, оны рәсімдеудің құқықтық нормаларын түсіндіреді. Бөлім басшысының берілген тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Ауылшаруашылық ғылымдары» (зоотехния, немесе қожалық ісі), немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (ферма шаруашылығы (бейіні бойынша), немесе зоотехния), немесе «Сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша)) бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. «СҚО Уәлиханов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» КММ бас маман-есепші. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты E-R-4, 1 бірлік. (негізгі қызметшінің 2019 жылғы наурыздың 21-не дейін бала күтуіне байланысты демалыста болатын мерзімге). Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімдегі бухгалтерлік есепті жүргізу. Түскен қаражаттарға, тауарлық-материалдық құныдылықтарға және негізгі қаражаттарға толық есеп беру, бухгалтерлік есеп беруде олардың қозғалыстарына байланысты операциялардың уақытында жазылуы. Бөлімде «Веб—Портал» жүйесін жүргізу. Бөлімнің материалдық техникалық қамтамасыз етілуіне жауапты болу. Бөлім басшысының берілген тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит).

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша)) бейіні бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ жетекші маман. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты E-R-5. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері: Құжаттамалау және іс қағаздарын жүргізу. Бөлімге түскен құжаттардың, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардын түскен ұсыныстар мен өтініштерін қарау мерзімін қадағалайды. «СЭД», «Айқын», «Е-қызмет» бағдарламаларын, веб-сайтты жүргізеді. Бөлім қызметшілерінің еңбек кітапшаларын, жеке істерін жүргізу. Кадрлар мәселесі бойынша есептерді тапсыру. Номенклатураға сәйкес іс қағаздарын жүргізу, мемлекеттік мұрағатқа тапсыру. Бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит, немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Құқық».

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша)), немесе «Құқық» бейіндері бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

       Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ

абаттандыру бойынша жетекші маманы. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты E-G-4, 1 бірлік. Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Шаруашылық бөлімдегі жауаптыға көмек көрсету және жұмысын бақылау. Шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын жүргізуге көмек көрсету. Ауылды абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша үшайлықты өткізу. Көң-қоқыс төгетін полигонын, саябақтар, гүл бақтарын ұстау жөніндегі жұмыстарды бақылау. Ауылды абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша есеп беру. Әскери-есеп үстел жұмыстарын жүргізу. Мал бағу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі жауапты маманға көмек көрсету. Ауылдық округ әкімінің тапсырмасы бойынша басқа өкілетті жұмыстарды атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, немесе қаржы, немесе есеп және аудит), немесе «Құқық», немесе «Ауылшаруашылық ғылымдары» (агрономия, немесе қожалық ісі), немесе «Білім».

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік: «Қызмет көрсету, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), немесе қаржы (салалар бойынша), немесе есеп және аудит (салалар бойынша)), немесе «Құқық», немесе «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, немесе фермерлік шаруашылық (бейіні бойынша)) бейіндері бойынша білім.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі www.ua.sko.kz және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
______________________________________________________

___________________________

(мемлекеттік орган)



Өтініш

Мені_______________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________________________________

____________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан




«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»






_______________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при наличии))

___________________________________


лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения




Ұлты/Национальность (по желанию)




Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности ,ученая степень, ученое звание (при наличии)




Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками




Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)




Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл-

дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік

әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,

если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)








ЕҢБЕК ЖОЛЫ

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қабылданған/ приема



Күні/Дата

босатылған/ увольнения



Күні/Дата қызметі, жұмыс

орны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождение

организации қабыл-

данған/приемабосатылған/

увольнения















































Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________

күні/дата_________











Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет