Агентство по делам государственной службы



жүктеу 47.3 Kb.
Дата23.11.2017
өлшемі47.3 Kb.
түріКонкурс


Хабарландыру 2016 жылдың 20 сәуiрiнде жарияланды


«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетінен қаржыландыратын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына негізге қызметкердің болмау кезіңіне бос орнына ішкі конкурс жариялайды



«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка селолық округі әкімінің аппараты» ММ, іс жүргізу және шұғыл мәселелер жөніндегі бас маман. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты «Е-G-3».

Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Селолық округінің әкімінің уақытша еңбекке жарамсыздығы, еңбек демалысы мерзіміне, іссапар және т.б. себептермен болмаған кезде селолық округі әкімінің міндеттерін атқарады. Селолық округі әкімі болмаған кезде шұғыл мәселелерді шешу. Іс жүргізеді. Азаматтардың арыздары, ТӨБЕ ААЖ базасы бойынша жауапты. Азаматтардың жеке қабылдауын ұйымдастырады. Шаруашылық бойынша тіркеу кітаптарын жүргізеді. Селолық округ әкімінің шешім және өкім жобаларын әзірлейді. Селолық округі қызметшілердің жұмыс уақытты есептеу табелін жүргізеді. Нотариалдық іс әрікеттерді жасайды. Селолық округ әкімдер аппараттарының апта сайынғы, ай сайынғы жұмыс жоспарларын құрайды. Селолық округ аумағында көп балалы аналарды «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапаттау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Құрылыс жөніндегі, техниканың болуы мониторинг жасайды. Селолық округінда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының техникалық дамуын ұйымдастырады. Жұмыс жасау үшін машина-тракторлар тұрағын дайындау мониторингін жұмысқа жарамдылығын орындайды. Егістік алқаптарда жұмыс жүргізуі үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға жанар май көлемін мөлшері мониторингін өткізуін орындау. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі (ауыл шаруашылығы жұмыстарының барысына, ауыл шаруашылық агрегаттардың жұмысына мониторинг жасайды). Селолық округ аумағындағы сайлаушылардың санына, алқа билер базасына мониторинг жасайды. Селолық округ әкімі аппаратының еңбек шарт бойынша істейтін қызметшілердің жеке істерін жүргізеді, еңбек кітапшаларды толтырады. Селолық округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды. Денсаулық сақтау облысында өкілетті мемлекеттік органымен бірлесе жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан халықтың дансаулығын қорғауды ұйымдастыру және өз-ара ақпараталмасуды қамтамасыз ету. Өкілеттік органның келісімі бойынша аудан аймағында ветеринарлық шараларды өңдеу және бекітуді ұйымдастыру. Ветеринария мәселесі бойынша халық арасында ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Білім», «Құқық», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс, көлік, көлік техникасы және технологиялар), «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия, зоотехния), «Ветеринария» бейіндері бойынша.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдерген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекен-жайына не «Е-gov» электронды Үкімет порталды немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде қабылдайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған («Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің интернет-ресурстарында) күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150500, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 10 «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппараты» немесе esil_kadry@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтамаларды 8(71543) 2-28-32. Факс 8(71543) 2-28-32 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет