Оралда газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан екі қабатты Rizyq дәмханасының ғимараты құлап, өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет ТЖД видео кадрларынан
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 4 қаңтар күні түнде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке себеп газдың жарылуы.
Жалын сағат 02:40-та сөндірілген. Қазір үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жедел психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефоны жұмыс істейтінін мәлімдеді.
-
Атырауда тұрғын үйдегі жарылыстан кейін ер адам қаза тауып, екі бала жансақтау бөліміне түсті
-
“Бетін күйік шалып, саусағынан айырылды”: Жаңа жыл түні елімізде 16 адам отшашудан зардап шеккен
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.