Агроландшафтағы сұРҒылтты-шалғынды топырақтарды экологиялық -мелиоративтік тұРҒыда бағалау



жүктеу 97.78 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі97.78 Kb.

ӘОЖ 631.95
АГРОЛАНДШАФТАҒЫ СҰРҒЫЛТТЫ-ШАЛҒЫНДЫ ТОПЫРАҚТАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ -МЕЛИОРАТИВТІК ТҰРҒЫДА БАҒАЛАУ

Техн.ғыл.докт. Ж.С.Мұстафаев

Техн.ғыл.докт. Ә.С.Сейітқазиев

Қ.Ә.Сейітқазиева




Бұл мақалада сұрғылтты-шалғынды топырақтарда жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі және суғармалы геожүйе агроландшафтындағы экологиялық - мелиоративтік тұрғыда бағалау қарастырылады.

Зерттеу аймағы Қазақстан Республикасының Оңтүстігіндегі Жамбыл облысы, Шу ауданы, Тасөткел алқабының сол жақ сағасы мен Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Талас өзенінің оң жақ сағасына орналасқан.

Тасөткел ауа райының табиғи өзгеруі өте құбылмалы, ыстық жаз, суық қыс, жаз айларындағы жиі соғатын құрғақ жел, топырақтағы ылғалдың қарқынды булануына жағдай жасайды.

Жылдық орташа жауынның мөлшері 290-330 мм. Ең көп ылғал көктем айларында 105-125 мм болады. Олай болса, бұл аймақта да өнім алудың негізгі жолы тек суғармалы егіншілікпен болады. Кең алқапты Шу өңірі шөлейтті аймаққа жатады. Табиғи жағдай ауыл шаруашылық дақылдарының барлық түрін егуге болады.

Шу өзені аңғары мен Тасөткел сілемінің қалыптасу тарихы өзен жылғаларындағы гидроморфты топырақ пен тау етегіндегі автоморфты топырақтың дамуымен байланысты. Топырақтың құралуына әсер етуші негізгі көрсеткіштер ауа райының өзгеруі ол топырақтағы су-тұз алмасудың мөлшерін, тотығу және тотықсыздандыру процесінің сипаты, геохимиялық элементтердің көшуін (миграциясын) анықтайды /1/.

Сұр топырақтың құралуына жауынның жиналуы мен оның ығысуы, антропогендік шаралар ықпал етеді. Әсіресе гидроморфты және жартылай гидроморфты қатардағы топырақтың құралуы күрделі. Тасөткелдің сол жақ жағасындағы жайылымдарда негізінен шалғынды-батпақты, батпақты және аллювиальды-шалғынды топырақтар (тұзданған топырақтар) қалыптасқан. Суғармалы егістіктің қарқынды дамуы ыза суы деңгейінің тез көтеріліп, топырақтың тұзданып, оның жарамсыздануын жеделдетеді.

Тасөткел сілемінің сол жақ сағасындағы суғармалы жер ауданын бұдан ары арттыру үшін топырақтың қайталап тұздануы мен ыза суы деңгейінің көтерілуін бәсеңдететін мелиоративтік-экологиялық шараларды қолдану қажет. Жер жағдайының әр түрлілігі (гидрогеологиялық, топырақ құрайтын жыныс, жер бедері, пайда болу мерзімі т.б.) алқаптағы топырақ жамылғысының әр түрлілігін көрсетеді. Оның ішінде бірінші кезекте: шөлейтті топырақтан (әлсіз дамыған және толық дамыған ашық сұр топырақ, қиыршық тасты және гипс топырақтар), шалғынды-сұр әр түрлі механикалық құрамды сұр-шалғынды, сортартқан және сортаңданған топырақтан бастап шалғынды-батпақ, батпақты топырақтарға дейін игерілді.

Талас сілемінің оң жақ сағасы тау етегіндегі жартылай шөлейтті және далалы аймаққа жатады. Суғармалы алқаптың табиғи жағдайы өте құбылмалы. Қысы қоңыр салқын, жаз айлары өте ыстық. Жиі-жиі соққан жел қыста қарды ұшырып, жазда жердің шаңын шығарады. Бұл әсіресе, тегістік танаптарда орын алады. Таулы аймақтарда қалың жаңбыр жауады, ал көктем айларында аздаған су тасқындары болады.

Бұл аймақтардағы тегістікте егіншілікке қолайлы температура мерзім ұзақтығы 8 айға созылады. Ал тау етегінде бұл мерзім 7 айға дейін қысқарады. Көктем ақпанның соңы мен наурыз айларында шығады.

Тегістік жерлерде жылдық жауын-шашынның көлемі 250-330мм, тау етегінде 350-400 мм, ал тау бөктерінде 600-1300 мм жетеді. Жылдық жауынның 50-80%-ы көктем-жаз айларында болады/1/.

Мұндағы топырақ құрайтын жыныстар әр түрлі механикалық (әлсіз іріктелген) төрттік құрылымдағы (элювиальды, элювиальды-делювиальды және мұздық), ең бастысы саздақты болып келеді. Аймақтық жерлерде топырақ құралудың ерекшелігі қызыл-қоңыр және сұр топырақтылығы, шамалы мөлшерде қара шіріктің жиналуы және салыстырмалы мөлшерде топырақтың жоғары карбонаттылығы /3,5/.

Аймақтық таралу заңдылығы мен жер асты суының қалыптасуы үш гидрогеологиялық қабаттың болуымен сипатталады. Атап айтсақ, төменгі қабат (табаны), полезойлық пен өте ерте дамыған кристалдық, метоморфологиялық, вулканогенді-шөгінді құрайтын жарықшалы суөткізгіш қабат.

Орта қабат әр түрлі дәрежеде нығыздалаған жарықшалы шөгінді жынысты мезокайнозойлық, сирек кеуекті, суөткізгіштік қабілеті бар жер асты суларының жиналуынан құралады. Жоғары қабат, төрттік және неоген - төменгі төрттік үгінділер құрамды суөткізгіштік кеуектен тұратын көпшілік бөлігі, жер асты тұщы сулар қорын құрайды.

Жоғарыда аталған гидрогеологиялық құрылыстың ішінде ең маңыздысы - жоғары гидрогеологиялық құрылыс. Шу-Талас аңғарында жоғарғы гидрогеологиялық қабат, төрттік аллювиальды-пролювиальдық сулы комплексті және неогенді-төмені төрттік шөгінділерді құрайды, алқаптың тегіс бөлігінің аралығында төрттік аллювиальды және эоловты шөгінділердің сулы комплексін құрайды.

Тауға жақын жер асты суының минералдылығы 0,5-1 г/л болады. Ағынсыз аймақтарда минералдану 20г/л-ге дейін жеткенде топырақтың екінші қайтара тұздануы пайда болады. Ағынды сулардың минералдылығы 0,2-0,8 г/л, ал ең үлкен 1,5 г/л дейін өседі.

Аллювиальды шөгінділер Шу-Талас өзендері аралығындағы үшінші және төртінші жер асты эолов сулары 1-10 м терңдіктерде, дөңестерде, дөңестер аралығындағы ойыста 20-40 м тереңдікте, төртінші баурайда 100м-ге дейін тереңдікте. Ыза сулары өтпейтін сітіректі неоген және палеогенді балшықтар құрайды. Бұл жағдайда минералдылық өседі. Сулы қабаттың ең үлкен қалыңдығы 200 м аралығында, төменгісі 1-10 м, судың минералдылығы осыған сәйкес 50 және 0,3-0,8 г/л. Жер асты суларының ең жоғарғы минералдылығы Талас өзенінің төменгі бөлігінде. Шу өзенінің сол жақ сағасында байқалады. Бұл аталған сулы қабаттардың қорегі тау етегіндегі жер асты сулары мен қысқы-көктемгі жауын суы /1-3/.

Суғармалы жерлердің өсімдіктері флоралық құрам және оның азықтық маңызын бағалау тұрғысынан зерттелген. Геоморфологиялық ландшафт элементтері бойынша өсімдік жамылғысының жалпы сипаттамасы.

Суғармалы жерлердің негізгі бөлігі жыртылған, сондықтан табиғи өсімдіктер егіншілік үшін жарамсыз бірінші және екінші жайылмадан жоғары террасалармен тау бөктері жазықтарында ғана сақталған. Тіршілік ортасының өзгерістеріне байланысты өсімдіктердің түрлік құрамы өзгеріске ұшыраған, негізінен арам шөптер өседі.

Тау бөктері жазықтарының мәдени өсімдіктерінің басым бөлігі күздік арпа егістерімен; екінші жайылмадан жоғары террасаның суғармалы жерлерінде қант қызылшасы, күздік бидай, көп жылдық шөптесіндер, сүрлемге жүгері, бау-бақша өсімдіктері, жемісті көшеттер, жүзім егіледі. Тау бөктері жазықтарындағы егістерді қышабас, арам шырмауықтар басып кеткен.

Бірінші жайылмадан жоғары терраса өсімдіктері үшін түрлік құрамның жоғары түрлілік сипаты тән. Ол жер бедері пішіндерімен ылғалдандыру тәртіптерімен анықталады: ойыстарда кәдімгі қамыс қауымдастықтары тегістелген телімдерде қияқ шөпті қамысты және қияқ шөпті формациялар; әлсіз биіктерде - дәнді түрлі шөптесіндер, ал тұздалған жерлерде қияқ шөпті қамыстар таралған /3-4/.

Екінші жайылмадан жоғары террасаның өсімдік қауымдасдықтары тұрғылықты өсімдіктері сақталған жеке көріністері бойынша анағұрлым алуан түрлі. Шу және Құрағаты өзендерінің жағалаулық аймақтарының жабыны тозған, яғни ақ жер жусанынан және шалғын түрінен, сол сияқты бидай, қылтанақсыз бидайдан тұрады. Ойыстар дәнді шөптермен және жоңышқа, қазтамақ, мия сияқты шөптесіндер, сонымен қатар дәнді шөптер-бидайық, кәдімгі қамыстар таралған. Сортаңдар мен тұзды топырақтарда өзгеше өсімдік топтары тән. Сортаңдарда талтақ климотоптера, бұйырған, шөл қызылшасы, қылтанақсыз бидай және т.б. доминантты, ал тұзды топырақтарда әжірек, кермегі, жиде; екеуіде сортаң жусаны кездеседі.

Тау бөктерінің өсімдік жабыны салыстырмалы түрде бір текті және эфемерлі - сұр топырақты - жусанды қауымдастықпен ұсынылған. Құмды телімдер үшін жусан мен жиектелген қылқандар және т.б. тән.

Өсімдіктің топырақ түзуіне әсері өзінше. Бірақта жартылай гидроморфты және гидроморфты тұздалған топырақтарда голофиттердің пайда болуын тұзданудың себебі деп емес, нәтижесі деп қарастыру қажет. Себебі, бұл топырақтарда тұздардың минералдық ағыны биогенді түсіден басым, осыған байланысты соңғысы негіздей алмайды (Ковда, Боровский) /3-6/. Элювиальды ылғалдану тәртіпті топырақтарда минералдық тұз жинақталу анық көрсетілмеген, сондықтан тұздардың биогендік ағыны 200-300 кг/га жылына жетіп, бірінші орынға шығады. Сортаң және сортартқан топырақтардағы қуаңшылыққа орай өсімдіктердің топтарға бөлінуі әр түрлі.

Сортартқан және сортаңданған топырақта шөл және шөлейтті, сонмен қатар дала аймағының кейбір жерлерінде өсетін, өніп өсу кезеңі қысқа, бір жылдық торғай оты қауымдастығының төмендегідей түрлері кездеседі: ащы шөп, сораң, бүрген, қараматау, шалғындық қоңырбас, мортық, жекелеген сор жусаны кездеседі.

Өте күшті тұзданған және сортартқыш жерлерде тұзды қалайтын, тұзға төзімді өсімдіктер: сор ажырығы, бұзаубас шөбі, кермек, бидайық, мия, сор жусан, жыңғыл түбірі кең тараған. Кең алқапты жартылай гидроморфты топырақта ыза суы деңгейі жақын орналасқан жерлерде мына өсімдік топтары кездеседі: қияқ, қоңырбас, майдақамыс, жыңғыл, жусан, сораң, ащы шөп, ши, ажырық, изен, қарамтау, қазоты. Ауыл шаруашылығы егістік алқаптарында ыза суы деңгейінің (ЫСД) көтерілуін төмендегідей жағдайларға байланысты есептейді. Мұнда ауаландыру аймағының үлкен қабаты суды әлсіз сіңіретін қыртыстармен төселінген. Бұл жағдайда төменгі сулы қабат қайта көтерілген судың өтуіне жақсы мүмкіндік жасайды және бұл қабаттағы арынды ЫСД көтерілу кезінде тұрақты деп санауға болады. Әсіресе, мұндай құбылыстардың физикалық құбылыстарына мән беретін болсақ, онда егіс танаптарындағы судың көтерілу жағдайлары жиі кездеседі, өйткені, экологиялық-мелиоративтік шараларды дұрыс жүргізбеудің салдарынан туындайды /5-9/.

Суды әлсіз сіңіретін қабат арқылы қайта құйылатын ендеше ЫСД көтерілуін мына теңдеумен анықтаймыз:


(1)
мұндағы Q-t=0, h=h0 бастапқы жаз айындағы суғарудағы ыза суы деңгейіндегі сіңірілетін ылғалдың қарқындылығы.

h0 шамасы Н шамасының арақатынасымен байланысты:


(2)
мұндағы q0 - сіңірілген ылғалдылықтың қарқындылығы.

Жекеленген жағдайда мұнда табиғи (суғаруға дейін) ыза суы ылғалдылығы болмайды, (1) теңдеу үшін бастапқы жағдай төмендегідей t=0, h=h0 =H теңдеудің шешімі келесі өрнекпен жазылады:


(3)
жеке алғанда, егер q0=0
(4)
(3) және (4) формулалардың шешімін пайдаланып, ыза суы деңгейінің көтерілу динамикасын (қозғалысын) анықтауға болады. Кейбір жағдайда, бізді қызықтыратын тереңдіктер, әсіресе, ыза суы деңгейінің қағидасы бойынша (Суландыру желілеріндегі Не, Керіздер Z0 орналасу тереңдіктеріне дейін) мүмкіндіктерді есептеуге болады.

Егер В-ның есебінің шамасын мына формуламен анықтаймыз:


, (5)
Егер бастапқы жағдай t=0, h=Hp болса, ыза суы деңгейінің көтерілуі Нр нүктеге жеткенде, мына теңдеуді қолдана отырып табатынымыз:
, (6)
мұндағы - су ағындарының меншікті кедергісі, ал, шамасына тең, Т - қабаттың (қыртыстың) су өткізгіштігі.

Бұл теңдеулердің шешімі мынаған тең:


, (7)

мұндағы


, (8)
, (9)

(7) шешімін пайдаланып ыза суы деңгейінің f2 аралығындағы көтерілуін Нр нүктесінен Z0 нүктесіне дейін есептеуге болады. F-ң әр түрлі мәндерін қойып, (6) теңдеу үшін, t=0 кезеңіне t1 ыза суы деңгейінің бастапқы көтерілуі уақытқа сәйкес келеді.

Зерттелетін топырақтың жер асты суларына дейінгі орналасқан орташа қалыңдығы 32 м, сұрғылтты-шалғынды саз балшықтың қалыңдығы 3,2м, бұдан төмен жарықшақты әктастар орналасқан. Әктастар, балшықтар және саздақтар 4-4,5м қалыңдықта су басқан. Қабаттардың көрсеткіштері төмендегідей:, μ =0,14 ; к=0,050м/тәу. Егер, В>В0 есептеп, мәндерін салыстырамыз:

В0 = 20м.

Егер, ; В =0,0014. 3,2/ 0,0027= 2,36м.

Яғни, ыза суы деңгейінің көтерілуі мүмкін емес.

Егер, К 2 = 0,00019 В = 0,0014 . 3,2/ 0,00019 = 23,6м , яғни, ыза суы деңгейі көтерілуі мүмкін. Мына жағдайға келісеміз, мұндағы салыстыру жазықтығы саз балшықтың табаны арқылы өтеді. Онда көтерілу t уақыт тең:
,
(4) формула бойынша таңдау әдісімен гидрожелідегі t-ның орналасу нүктесіне дейінгі ыза суы деңгейінің көтерілу уақытын анықтаймыз.
Нр= 32--4,3 =27,7м; Н=3,2+4,3=7,5м;
h -H0 орнына қойып табатынымыз:
23,6 = 0,0014 . 3,2 / 0,00019 (1- е 0,00019 . t1 / 3,2 . 0,14) + 7,5

t1=1750 тәулік=4,8 жыл.

Біз зерттеп отырған Жамбыл облысындағы агроландшафтық геожүйелеріндегі топырақтың экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін, егіс танаптарындағы әр түрлі топырақтың сулы-физикалық қасиеттерін, сонымен қатар, табиғи геожүйелік қалыптасуын негіздеуіміз қажет. Ол үшін зерттеу нысанындағы сұрғылтты-шалғынды, шалғынды-сұрғылтты топырақтардың агроклиматтық, экологиялық, агротехникалық жағдайларға байланысты қандай өзгерістерге ұшырайтындығын жүйелі талдап анықтау қажеттілігі туындайды.
Әдебиет
1. Аханов Ж.У, Коробкин В.А. Регулироание водно-солевого режима пов Таш-Уткельского массива, Алма-Ата, 1982.-200с.

2. Мустафаев Ж.С., Рябцев А.Д. Адаптивно-Ландшафтные мелиорации земель в Казахстане, Тараз, BIG NEO Service, 2012,-528с.

3. Сейітқазиев Ә.С. Суғармалы геоэкожүйелердегі тұзданған топырақтың су-тұз алмасуы, Тараз, 2010,-294б.

4. Мустафаев Ж.С. Природно-экологическая оценка основных агроклиматических зон Казахстана, Жамбыл, 1947,- 86с.

5. Рекомендации по эксплуатационнм прогнозам минерализации грунтовых вод орошаемых земель. Москва, 1986,-102с.

6. Сейітқазиев Ә.С. Тұзданған жерлердің ластануын болдырмаудың экологиялық тиімді шаралары// Зденіс-Поиск, 2008, №3, 105-110б.

7. Сейтказиева К.А., Сабыралиева Б.Н. Формирования мелиоративных процессов в условиях аридных зонах//Наука и новые технологии, Бишкек, №6, 2012, С.40-43.

8. Сейтказиева К.А. Экологическая оценка засоленных земель в условиях агроландшафтов// Наука и новые технологии, Бишкек, №6, 2012, С.130-133.

9. Ходжанов Н.Н., Сейтказиева К.А., Джетимов М.А. Формирования эколого- мелиоративных процессов в аридных зонах//Международной научн.практ.конф. «Уркумбаевские чтения» «Водные ресурсы и пути их рационального использования в современных условиях» 2-3 ноябрь 2012, Тараз, С.291-294.

Таразский государственный университет им. М.Х.Дулати, Тараз



ЭКОЛОГО-МЕЛИОРАТИВНОЙ ОЦЕНКИ

СЕРОЗЕМНО-ЛУГОВЫХ ПОЧВ В АГРОЛАНДШАФТОВ

Докт.техн.наук Ж.С.Мустафаев

Докт.техн.наук А.С.Сейтказиев

К.А.Сейтказиева


В данной статье рассматриваются результаты научно-исследовательских работ проведенных в условиях сероземно-луговых почв и дано эколого-мелиоративной оценки агроландшафтов на орошаемых геосистемах.

EKOLOGO-MELIORATIVNOY OF THE ASSESSMENT

OF SEROZEMNO-LUGOVYH OF SOILS IN AGROLANDSCAPES
Doct.tеch. sci. Zh.S.Mustafayev

Doct.tеch.sci. A.S.Seytkaziyev



K.A.Seytkaziyeva
In this article results of research works provednny in the conditions of serzemno-meadow soils are considered and is given an ekologo-meliorative assessment of agrolandscapes on irrigated geosystems.
Каталог: rus -> all.doc -> vest 2012-4
all.doc -> Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Д. Искакова. Тараз: ТарМУ. Ғылыми кітапхана, 2013. 63б. «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы»
all.doc -> Кµрмені ќалай безендіруге болады
vest 2012-4 -> Әож 688. 016 костюм Пішінін қалыптастырудың құрастырылған тәсілдерін зерттеу
vest 2012-4 -> Дисперс жїйе бґлшектерініѕ Ґлшемдері мен беттік ќасиетініѕ Ґзгеруіне дифункционалды полиэлектролиттердіѕ Јсері
vest 2012-4 -> Әож 685. 34. 017 Материалдарды біріктірудегі адгезия үрдістері және желімдеу тәсілдерінің беріктігі
vest 2012-4 -> Экология экология
vest 2012-4 -> Экспо- 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ҚР экономикасына әсері
vest 2012-4 -> Ўйымныѕ ішкі баќылау жїйесі
vest 2012-4 -> Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын гидротехникалық ҚҰрылымдардың Ғарыштық мониторингІ үшін қолжетімді параметрлер тізімін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет