Қостанайда сот бір адамның өліміне әкеп соққан төбелеске қатысты үкім шығарды. 24 жастағы Игорь Фоминых кінәсіз деп танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі tobolinfo сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Tobolinfo

Ақпаратқа қарағанда, оқиға 2023 жылдың мамыр айының 28-нен 29-ына қараған түні Біржан Жүнісов достарымен бірге көңіл көтеру орталықтарының біріне кірмек болған кезде болған. Азаматтардың кейбірі мас күйінде болғандықтан оларды мекемеге кіргізбей қойған. Бұл күзетші Валентин Лысенкомен жанжалға ұласып, соңы төбелеске алып келген, нәтижесінде Жүнісов қайтыс болады.

Күзетшіге қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. Сотталушылардың қатарында төбелеске басқаларға қарағанда кеш араласқан James Bond барының диджейі де болған.

  • Батыс Қазақстан облысында анасына боқтық сөз айтқан екі адам қамауға алынды
  • "Ішкі дауыс бұйрық берген": Таразда 9-сынып оқушысы қатарласының тамағын пышақпен орып жіберген

Прокурор Фоминыхті "Абайсызда өлімге әкеп соқтыру" бабы бойынша 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот оны “өзін қорғау мақсатында әрекет етті” деп таныған.

“Адамның қаза болуы әрқашан қиын, алайда сот заңсыз әрекеттерді таппады, бұл – өзін-өзі қорғау әрекеті”, – деп түсіндірген судья Алтын Байжұманова.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған апелляциялық сатыға шағым жасауға болатыны айтылады. Зардап шеккен тарап бұл мүмкіндікті пайдаланатынын мәлімдеген.

Бұған дейін Алматыда жол ақысын төлегісі келмей такси жүргізушісін аяусыз өлтірген жасөспірімдерге сот үкімі шыққан еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.