Аќын ґлеѕдерініѕ ерекшеліктері



жүктеу 88.8 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі88.8 Kb.

Баяндама

Ақын өлеңдерінің ерекшеліктері

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№125 С.Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы


Нұртас Ибрагимұлы Исабаев 1954 жылы 13 қарашада Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Мәскеуде М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.

1980 жылы автомобиль апатына ұшырап, 1-топтағы мүгедек болып қалғандықтан, шығармашылықпен ғана айналысады.

«Бастау» (1980), «Өмірді сүю» (1987), «Қимаймын сені»(1988), «Ұлылықпен сырласу»(1990) атты өлеңдер жинағы, «Өмірге құштарлық» атты романы бар. Біраз өлеңдері «Разбег» атты орыс тіліндегі топтама жинаққа кірген.

Өлең – сөз құдіреті. Өмір сұлулығы мен сыры өлеңде. Өзбек ақыны Ғафур Ғұлам: «Өлең-сөздің алдында өлім де дәрменсіз!» деген болатын.

Бұл – ақын Нұртастың шығармашылығына арнап айтылғандай:

Білген соң жарық ай-күнім барын,

Етпейтін болдым өлімді елең.

Ұмытып мүлде қайғының бәрін,

Келеді жазғым көңілді өлең.

Тағдырына қасқайып қарап, өлеңді нөсерше төпелеген оптимист ақын:

Адамдар-ай, мен сендерге ризамын,

Мәңгі-бақи өздеріңмен бір жаным.

Жасадыңдар маған қанша жақсылык,

Тұтандырып жүрегімде жыр жалын, - деп, барлық сырын ақтара салады.

Өміріме бұлт төнді де тағы бір,

Күн де сирек шашты маған жарық нұр.

Қиналамын, тоңазиды тұла бой,

Бірақ өмірсүру керек бәрібір! – деп жырлаған ақын төсекке таңылса да, қатал тағдырына бас имеген, үнемі қозғалыста болған, ол тек қалам құдіретіне ғана бас иген. Сол қаламы арқасында ғана өмір сүргісі келді, сезімін білдірді.

Нұртас өмірде жаны нәзік, өжет, көпшіл болды. Айналасындағының бәрін жақын бауыр тұтты. Қайда жүрсе де, ақ жарқын көңілімен, сәбидей пейілімен дос таба білді.

Сондықтан болар, оның өлеңдерінен бүкіл жан сарайы көрініп тұрады.

«...Жаза берем,

Жырымды жаза берем,

Жүрегіме қалайша маза берем?!

Өзім сүйген ақ пейіл адамдардың

Алдарында ұжданым таза дер ем.

Немесе


Жайсаң жаным – адамдарға жайылған кең дастарқан,

Тілейтінім: үйім күнде арылмасын достардан.

Н. Исабаев өмірдің қайнаған ортасында өмір сүріп, көптеген тақырыптарға қалам тербеді.

Ақын лирикасындағы өмір мен өлім, тағдыр тақырыптары: «Ғашықпын, өмір, саған», «Сағындым, өір, сені», «Үміт туралы», «Сабыр айту», «Өмірге наз», «Өмірмен сырласу», «Өмір», «Мейірім», «Өлең – менің сүйенерім», «Сырласым», «Адамдар-ай», «Аяулым - әнім», «Арманым, сағынышым», «Мақсат жайлы», «Үміт туралы», «Шаттық пен қайғы», «Елегізу», «Көңілдің қоңырқай күйлері», «Жырлайды жүрек», «Арпылыссыз бақыт жоқ...», «Шынымен өмір өткінші...», «Мен бақытты боламын», «Қазіргі байлық,бақытым...», «Еседі домбыраның қоңыр үні», «Жұбану», т.б.

Ана тақырыбындағы өлеңдері: «Апама», «Әйелдерге тарту», «Әйелдер», «Анама», т.б.

Ақын лирикасындағы махаббат, сезім жырлары: «Л-ға», «Кесте тікші маған арнап», «Ж-ға», «Сені іздедім», «Сүйемін сені», «Күнім, айым», «Сәулеге», «Әдемі қыз», т.б.


Ақын лирикасындағы табиғат жырлары: «Жаумаған бұлт», «Күз», «Қыс келді де», «Алғашқы қар», «Қүздің соңғы күндері», «Күздің желі»,

«Келді көктем», «Айхай, көктем!», «Соңғы күні көктемнің», «Қансонар»,

«Қош келдің, Май!», т.б.

Туған елінің болашағына нық сеніммен қарайтын өр ақынның «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңінде тәуелсіздіктің шапағат нұры өзек тартады:

Азат болып ғарышқы қазақ ұшқан

Заманыңда бол барыс, бол арыстан.

Желбіретіп жеңіспен көк туыңды,

Жасай берші, Тәуелсіз Қазақстан!

Отан, туған ел жайлы өлеңдері: «Қазақстан», «Тәуелсіз Қазақстан», «Мақтанышым», «Жер жаннаты – Жетісу», «Ару қала – Алматым», «Ауылға келгенде», «Туған елім», «Тауға барғанда», «Туған жер», «Ауылым», «Ауылды аңсау», «Алыстап кеттім тағы да...», «Сүйікті мекенім», т.б.

Поэмалары: «Қазақ аруы», «Менің тағдырым».

Жалпы алғанда, Нұртас поэмаларының тілі майда, жанға жағымды, өлең ұйқастары әдемі қаланған кірпіштей жымдасып жатады. Ақынның айтар ойы өзінің бейнелілік бояуларымен көңілге қонымды.

Ақын өлеңдерінде сан құбылған ауыстырулар мол кездеседі.

«Бәйтерек - өмір», «Өлең – менің әкем де, өлең – менің анам да», «Өлең – менің бабам да, өлең – менің далам да», «Достық – сусын еді ғой біз қанатын», «Кеудемдегі айдыныма мұз қатып, Шабыт кемем жая алмауда желкенді», «Тағы да жетті жендет – мұң», «Қаламым – найза, жамандық деген жауымның, Кеудесін сөгер, талқандап болат сауытын»

тағы


сондай көркем ауыстырулар айтар ойын көркемдікке бөлейді.

Ақын өлеңдерінде теңеу әр түрлі үлгіде келе береді.

Жарқын бүгін жанарым да

Жарқыраған әлемдей.

Ниетім ақ, пәк арым да

Саған жазған өлеңдей, - деп, шалыс ұйқас тармақтарын бірыңғай теңеулермен қиыстырып, сөздің қасиетін әдемі жеткізеді.

Ақын өлеңдерінде қара өлең, кезекті, шалыс ұйқастарды қолданады.

Жоқ менде саған деген, Өмір, өкпе, а

Айырма жақынымнан, еңіретпе. а

Темір етпе жанымды, еміреніп, б

Ғашық болып өтейін төңірекке. а

(11 буынды қара өлең ұйқасы)


Адамдар-ай, мен сендерге ризамын, а

Мәңгі-бақи өздеріңменбір жаным. ә

Жасадыңдар маған қанша жақсылық, б

Тұтандырып жүрегімде жыр жалын. а

(11 буынды кезекті өлең ұйқасы)

Өзіңсіз, жаным,

өмірде мынау бар ма сән?! а

Көңілсіз өмір,

өзіңе ғашық болмасам. б

Жетер ме қолым

бақытқа мәңгі аңсаған, а

Ғұмырды саған,

жырымды саған арнасам?! б

(13 буынды шалыс өлең ұйқасы)

Қазақ поэзиясының тәңірі Абай ақынның табиғатқа жан бітіріп бейнелеу тәсілі Нұртас ақын жырларында да өз өрнегін таба білді.

«Сұп-сұр аспан үн қатпай безереді», «Қыз дүние маған тіл қатқан күліп,

Жібергендей жанымды шаттандырып», «Су алуға иінағашын асынып

Шыққан қыздай күн де шықты асығып», «Бұйығып жатқан ақ бас тау лақтырып тастап көрпесін, Алаулы күннің нұрына сүйгізіп жатыр өр төсін», «Ағаштардың қызылшақа бүршігін Әлдилеуге жазам бесік жырды мен», Ақ түскен талдардың да самайына», «ҚЫСТЫҢ АҚ ТОНЫН ЖАМЫЛЫП - ақша қарын, Жадырап тұр Алматым – бас шаһарым», «Жапырақтар тығылып бұрыштарға, Жынды желден алады тыныс зорға», «Жар көзінде күн шуағын төккенде, Самал жел де еркелетіп, өпкенде», т.б.

Адам жан дүниесінің ішкі иірімдерін нәзік сезіммен түйсініп қабылдайтын ақын өлеңдері сырға да, суретке де кенде емес.

Көк жүзі көбесінен сөгіліп бір,

Тамшылап көзінен жас төгіліп тұр.

Судан шыққан перідей, су-су ағаш

Қолын созып аспанға егіліп тұр, - деген сияқты тың көрініс, соны сурет кім-кімді де қызықтыратыны сөзсіз.

Ақын өлеңдері көбіне ән тілеп тұрады.

...Кел, қиындық, тағы да келші деймін,

Мейлі қанша болсаң да еншілеймін.

Күресемін күшейіп сендерменен,

Күреспесем өмірмен әлсіреймін, - деп, бар өмірін өлеңге арнаған ақын жырлары мәңгілік жасайды.


Өмірге құштар жүрек

Өзіңсің – тілегім де, тірегім де,

Қаншама қимас жандар жүр елімде.

Ғашықпын әрқашанда, Өмір, саған,

Өшпейді махаббатым жүрегімде, - деп, ақын жырлағандай, өмір атты өзенде адам басына түскен қиындықтармен күресіп, жеңілмей, әлсіздікке ерік бермей шыныққанда ғана өрге шығады. Өмірге ғашық адам ғана өз мақсатына жетеді.

Осындай өмрге құштар жүрек иесі – біздің жерлесіміз, ақын әрі жазушы Н. Исабаев. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген ол өміріне енді ғана етене бастаған шақта күтпеген жерден ауыр қасіретке тап болып, ұзақ мерзімге төсекке таңылды. Өз басындағы осы бір аса ауыр халді ақын былайша береді:

...Тұрып кеткім келеді, тұра алмаймын,

Жүріп кеткім келеді, жүре алмаймын.

Қасқайып тұрып-тұрып, қапылыста

Жай түсіп сұлап жатқан шынардаймын.

Бірақ бұл ақын көңілінің көлбеңдеу бір сәтә ғана. Жеме-жемге келгенде екінің бірі сыр беріп алатын осынау сын сәтте жас талант иесі ерлікке пара-пар ғажайып өрлік, өжеттік көрсетті. Өмірге құштар көңілді қасірет қайта оятты. Бұрын балаңдықпен байқамай келген көп жайттарды енді басқаша байыптайтын болды. Қайыспай, қаймықпай қиындыққа қарсы күрес ашып, жан серігі - өмірдің өзіндей рухы мәңгі өшпес өлеңге сенім артып, арқа сүйенді:

...Мансапты да, бақты да тілемегем,

Аңсарым боп тек қана жүреді өлең.

Жарым болса, махаббаттарым болса,

Бақытты боп мен өмір сүре берем!

Сөз жоқ, бұл – жігерлі жыр, өжет өлең! Мезгілсіз түскен қар салмағынан сына жаздап, сәл иіле майысып барып, қаз-қалпын қайта сақтап қалған жас шыбықтай ақын жаны дүр сілкініп, ауыр халден айыққандай, қайғыны қашырғандай. Өзіне деген сенім, өмірге деген құштар құлшыныс, оптимистік күш-қуат әр өлеңде өзгеше леппен сөз алған сайын біз бұған куә бола түсеміз:

...О, көңіл-ай, шарықтаған көңіл-ай!

Кейде өзімді қалам мүлде танымай.

Түнде аттанам қанды майдан жорыққа

Дулығама шағылысып жарық ай!

Табиғаты лирик, болмысы нәзік жігіттің бойында өрлік пен ерлік қасиеттерінің алма-кезек астасып жатқанын көреміз.

Шынында да, өмірге құштар жүрек таңғажайып ерліктер жасай алады екн-ау! Бар қасіретті өзіне ғана нешілеп, өзінің қамкөңіл болмауын қалап тұратын қасиетіне қалай риза болмассың!

...Жаным ашып қиындау тағдырыңа,

Күйзелткен өз мұңына, жар мұңына,

Бақытты еткім келеді жаным сені,

Өзім күйгім келеді барлығына, - деп жырлағандай, тағдырына түскен ауыр салмақты сезыне отырып, ақындық, жазушылық қызметін өмір үшін күреспен сабақтастырған, оқырмандарын жасампаздық пен жақсылыққа шақырған ақынды өмірге құштар жүрек иесі деп тануға болады.

...Кел, қиындық, тағы да келші деймін,

Мейлі қанша болсаң да еншілеймін.

Күресемін күшейіп сендерменен,

Күреспесем өмірмен әлсіреймін, - деп Нұртас ақын жырлағандай,

адам баласына бір-ақ рет берілетін өмірдің мәнін, маңыздылығын терең түсініп, өмір үшін күресе білейік.
Нұртастың нақыл сөздері

( «Өмірмен сырласу» жинағынан)




  1. Жаңа таңды қарсы алыңдар, адамдар,

Көзін ашты сәбидей пәк тіршілік. ( 7-бет)

  1. Өз үйіңдей табиғатқа, адамдар,

Пана болып, аялаңдар, қорғаңдар. ( 7-бет)

  1. Риза болып өтейін, Өмір, саған,

Куә етпе жақынның көз жасына. ( 9-бет)

  1. Жылытайын демімен жүрегімнің,

Жұртым менің жабырқап жаурамасын. (10-бет)

  1. Кетіп жатыр жақсылар,

қинайды екен қимастық ,

Керек екен аз ғана

тіршілікте сыйластық. ( 11-бет)


  1. Сөнбесе екен , сөнбесе екен кеудемде,

Өмірге деген , өлеңге деген құштарлоық. ( 29-бет)

  1. Мен үшін өмір

мылтықсыз майдан секілді ,

Күреспен ғана

келеді күткен жеңісім. ( 35-бет)

8. Бұл өмірде адалдық

кетпесінші азайып ,

Адам болып жүрген соң

пәк болмаудың өзі айып. (38-бет)

9. Иманды адам азапқа үнсіз шыдайды,

Жаратқан ие сүйгенін көбірек сынайды. (43-бет)

10.Өміріңнің өкінбе өткеніне,

Шүкіршілік ет бұл күнге жеткеніңе. (56-бет)

11.Адамның ғұмырында қандай мән бар,

Өмірінде бір ерлік жасамаған? ( 59-бет)

12.Өмірде іс жасама ұялатын,

Адал бол өмірді шын сүйе алатын. ( 71-бет)

13.Өмірде қыран болмай жеңіс күтпе,

Шаршама самғаудан бір, келістік пе?! (82-бет)

14.Адам дәйім үлгереді бірақ та,

Аз ғұмырда жетем десе мұратқа . (83-бет)

15.Қандай абзал жамандыққа бармаған,

Өміріңді жақсылыққа арнаған. (95-бет)

16.Сырласатын жақын досың болмаса,

Айырыласың күндей көңіл хошыңнан. (97-бет)

17.Сыйла қызды! Сүй оны сен! Құрметте!

Қолдап жүрер ол періштең емес пе?!

Пәк сезімін аялай біл,кірлетпе,

Сонда сені сүйенішім демес пе! (107-бет)

18.Достық деген – тағдырдың несібесі,

Өмірде жоқ достықтан байлық асқан. (115-бет)

19.Қатал тағдыр құлатса, сүріндірсе,

Мейіріммен, үмітпен емделемін. (131-бет)

20.Жаса елге қолдан келсе жақсылық,

Еңбек ет сен, бос өткізбе бір күнді. (133-бет)

21.Сезінеді сүюдің құдіретін,

Жұбын жазбай құс болып самғайтындар. (147-бет)

22.Тату-тәтті болайықшы, қызғанбай,

Бірдей көріп барлық адам баласын! (151-бет)

23.Қамқор болшы тіршілікке жердегі,

Сол анаңнан жаралдың ғой, адамзат! (170-бет)

24.Адам қиып кетпейді бұл өмірді,

Жүрегінде құштарлық, иман барда. (187-бет)

25.Жоғалтқан соң жақыныңды

көмектеспес жасың да,

Асылыңды қадірлей біл

жүрген кезде қасыңда! (210-бет)

26.Ғұмыр кешсең аңша емес, адамша,

Адаммын деп мақтануға хақың бар! (211-бет)

27.Жақсы емес пе қуанып ғұмыр кешу,

Татулықпен, достықпен, бірлікпенен?! (234-бет)

28.Махаббатсыз бақыт жоқ бұл өмірде,

Ал бақытсыз байлықтың керегі не? (294-бет)

29.Күресу керек,

Тағдырмен күресу керек

Тартып ап бақыт, қуаныш, күлкі, үміттерін. (300-бет)



30. Рас, рас, әйел жаны тым нәзік,

Гүлдей болып сүю үшін жаралған. (303-бет)


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет