Аитв инфекциясының алдын алу



жүктеу 28.17 Kb.
Дата07.03.2019
өлшемі28.17 Kb.



АИТВ - инфекциясының алдын алу

Бүгінгі таңда жер бетінде 50 миллионнан астам адам АИТВ-мен(адамның иммунитет тапшылығы вирусымен) өмір сүреді немесе ЖИТС-мен ауырады. ЖИТС жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын білдіреді.

Жұқтырылған –себебі бұл генетикалық жолмен емес, жұқтырудың салдарынан пайда болатын жағдай.

Иммундық – себебі ағзаның аурулармен күресетін иммундық жүйесін зақымдайды.

Тапшылық–өйткені иммундық жүйе тиісті түрде жұмыс істеуді тоқтатады: оның «жеткіліксіздігі»пайда болады.

Синдром–себебі науқастарда әртүрлі симптомдар мен оппортунистік аурулар пайда болады.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынанбастап АИТВ-жұқпасы бүгінгі күні әлемдегікөптеген мемлекеттердің аса өзекті мәселесіне айналды.Адамның иммун тапшылығы вирусы ашылғаннан бері 30 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде ЖИТС әлемдегі 20 миллионнан астам адамның өмірін қиды. АИТВ/ЖИТС індеті тек қана медициналық мәселесі емес. Ол адам қызметінің барлық салаларын қозғады.

Әлемде күн сайын 15 мыңға жуық адам АИТВ-инфекциясын жұқтырады. 15 және 49 жас аралығындағы ғаламшардың әрбір жүзінші тұрғыны АИТВ жұқтырған.

ЖИТС-мен ауыратын адам немесе АИТВ тасымалдаушы осы аурушандықтың көзі болып табылады. Вирус үлкен мөлшерде қанда, шәуетте, қынап сұйықтығында, емшек сүтінде болады.

Аз мөлшерде ол сілекейде, терде, жаста, зәрдеде және дененің басқа да сұйықтықтарында кездеседі.

АИТВ-инфекциясының берілу жолдары:

Бірінші және анағұрлым кең тарағаны - жыныстық жол. Вирус адамның ағзасына қорғалмаған (мүшеқапсыз), терең жыныстық қатынас кезінде енуі мүмкін.

Екіншісі – парентералды. Яғни шприцті, инені және басқа инъекциялық құралдарды, татуировка және пирсингінің залалсыздандырылмаған құрал-саймандарын, біреудің қырынуға арналған заттарын, қан қалдықтары бар тіс щеткаларын біреумен ортақтасып не қайта қолданғанда.

Үшінші – анадан балаға берілетін жол. АИТВ нәрестенің ағзасына ауру жұқтырған анадан жүктілік, босану және емізу кезінде енуі мүмкін.



АИТВ берілмейді

Құшақтасқанда, бетінен сүйгенде, инфекция жұқтырған және сау адамның қол алысуы кезінде, тұрмыс заттары арқылы, хауыз, душ, саунаға барған кезде. Қан соратын жәндіктер де адамның иммун тапшылығы вирусын тасымайды.



АИТВ жұқтырудан қалай сақтану керек?

- кездейсоқ жыныстық қатынасқа жол бермеңіз; ретсіз жыныстық өмірге жол бермеңіз.



жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз (презервативтер);

-Маникюр, педикюр, татуаж жасайтын құрал-саймандарды бірнеше адам қолданатын болса, оларды үнемі залалсыздандырып отырыңыз. 56°С температурада АИТВ белсенділігі жарты сағатта, ал 100°С-та 1-2 минут ішінде жойылады. Ал ине не шприцтердегі қатып қалған қанда белсенділігі бір айға дейін (бөлме температурасында) сақталуы мүмкін.

- ішімдік, темекі және есірткіні қолданбаңыз, ол өзін-өзі бақылау және жеке мінез-құлқын бақылауды төмендетеді және денсаулыққа қауіп төндіреді. АИТВ жұқтырғандар санының 75%-ын нашақорлар құрайды;

- өздігіңізбен емделмеңіз: аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда мамандандырылған медициналық мекемеге хабарласыңыз.

Бүгінгі таңда ЖИТС-на қарсы тұрудың жалғыз жолы қауіпсіз мінез-құлық болып табылады. 

Жүкті әйелдердің 100%-ы АИТВ-нажүктілік кезінде екі рет тексеріледі. Инфекция анықталған жағдайда болашақ аналар мен олардың балаларына туу кезінде дені сау баланы тууға мүмкіндік беретін терапияны белгілейді.

Жыл сайын халықты АИТВ-на тестілеу (тексеру) көлемі көбейеді, жылына 2 млн.тесттен асып түседі, бұл белгілі бір шамада АИТВ-инфекциясын ерте сатыда анықтауға ықпал етеді. Әрбір адам АИТВ-инфекциясына аумақтық емханаларда немесе ЖИТС орталықтарында, құпия немесе жасырын негізде тексеруден өте алады.

Сіздің денсаулығыңыз – тек қана Сіздің қолыңызда! Өз өзіңізді күтіңіз және сау болыңыз!


ШҚО ҚДСД Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет