2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда 14 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ru.wallpaper.mob.org

Бұл айда екі мемлекеттік мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы тойланады.

Халықаралық әйелдер күні аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үш күн, 8, 9, 10 наурызда демалады. 

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 9 наурыз – жұмыс күні.

  • 2024 жылдың мерекелер күнтізбесі: Қазақстандықтар қай күндері демалады
  • Қазақстанда 2024 жылға арналған діни мерекелердің күнтізбесі жарияланды

Биыл Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн демалады – 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз. Мереке наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен,  дүйсенбі, яғни 25 наурыз демалыс күні тізіміне қосылады. 

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін дүйсенбі, 25 наурыз – жұмыс күні. 

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылға арналған мемлекеттік және ұлттық, кәсіби және БҰҰ бекіткен мерекелер күнтізбесін жариялаған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.