Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп мм «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьі ІІ ауысымының есебі



жүктеу 28.99 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі28.99 Kb.

Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп ММ

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерьі ІІ ауысымының

ЕСЕБІ
  Жаздың шуақты күндерімен бірге балалар лагерьлері де өз жұмыстарын жалғастыруда. Жазғы демалыс маусымы — балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара. 

   Іс - шараларды ұйымдастыруына сәйкес «Балдәурен» лагері ІІ ауысымда жоспар бойынша өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:

-         Жас эколог;

-         Өлкетану және туризм;

-         Tur step – by – step

- Дарынды шеберхана

-         Жас ұлан;

-         Спорттық шаралар.

- Жазғы IT мектеп

«Балдәурен» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама  негізінде жұмыс  жоспарлары іске асырылды.

ІІ ауысым маусымның 18-нен шілденің 2-не дейін өтті. Лагерьдің жұмыс уақыты 09:00-ден 17:00-ге дейін. Ұйқымен 12 оқушы.Тегін- 7, ақылы-5, түске дейін,түстен кейін ұйқысыз , бағыттар бойынша мектеп оқушылары қамтылды.

            ІІ ауысымда атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, «Көңілді - жаз», Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Жаздың қуаныш пен қызыққа толы ұмытылмас естеліктері мектепшілік жазғы демалыс лагерінен бастау алады.


Біздің лагерьде балалардың жалығуы немесе зерігуі мүмкін емес. Өйткені таң атқаннан кеш батқанша алуан түрлі сауықтыру ойындары, спорттық ойындар, зерттеу және іздестіру жұмыстары өтеді. Демалушылардың жайдары жүздерін көріп біз де риза боламыз. Балдырғандарымызды ерекше қуантып, таңқалдырған күн ШҚО Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» саяхат күні. Балдырғандар «Түрлі-түсті, әуенді субұрқақ» аясында ерекше көңіл күймен демалып қайтты. Әр ауысымның басталуын ШҚО Курчатов қаласына «Түрлі-түсті, әуенді субұрқаққа» барумен ашу дәстүрге айналды.

Оқушылардың демалысын қызықты өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс - шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. Патриоттар күні «Рәміздерді құрметтейік!», Қоршаған орта күні «Табиғатқа саяхат», Денсаулық күні «Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі», «Жүйрік болсаң, жеңіп ал» спорттық жарыстар, Әдептілік күні «Әдеп әліппесі» ұлттық – танымдық тәрбие сағаттары демалушыларды өте қызықтырды.

Балалар өз қолдарымен  «Балдәурен» атты бұрышын жасады, өз ұрандарын құрастырды, балаларға арналған әртүрлі  көңілді әндер жаттады.

Жазда балалар таза ауада көп серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары өткізілді.   

            «Балдәурен» лагері балалардың жазғы мезгілінде уақыттарын тиімді пайдалану, Таза ауада түрлі қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын арттыра түсті.

            Ойындар арасында мектеп медбикесі, мектеп психологы, кітапханашы, аға тәлімгер және дене шынықтыру мұғалімдері ат салысты. Мектеп медбикесі жеке бас тазалығына байланысты әңгімелер жүргізді, мектеп психологы оқушыларды тест, әңгімелесу және ойын арқылы балаларды бақылады, мектеп кітапханашысы оқушыларға әртүрлі қызықты ертегілерді оқып, әдеби кітаптарды оқуға баулыды. Мектептің аға тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді.

Осы мерекелерден басқа мектеп алаңында бой шынықтыру жаттығуларын  жасап, түрлі «Айгөлек», «Бес асық», «Қаздар ұшып барады», «Аңшы мен түлкі», «Алақан соқпақ», «Қоңырау», «Орамал тастау», «Сұр мысық» және т.б.  спорттық, ұлттық қызықты ойындар жүргізілді.

Лагердің жабылуына арналған  іс-шараларда  оқушылар 13 күндегі алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп, ризашылықтарын білдірді.





ІІ ауысымның жабылу салтанатынан көрініс!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет