Айдарлы ауылдыќ округініѕ јкімі Е



жүктеу 47.58 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі47.58 Kb.

Айдарлы ауылдық округінің әкімі Е.Оспанбаевтың округ

тұрғындары алдында есеп беру жиналысында жасайтын баяндамасының ТЕЗИСІ
Округте барлығы 2507 адам, 375 аула бар.2016 жылдың қаңтар айында болған кездесуге барлығы 168 адам қатысып, олардың 3-уі сөз сөйледі. 1 ұсыныс айтылып, іс-шаралар жоспары жасалып, толығымен орындалды.

Округ әкімі аппаратына 2016 жылдың 11 айында жеке және заңды тұлғалардың 42 жүгінулері тіркелді. Оның 31-і жазбаша, 10-ы ауызша жек тұлғалардан және 1 жазбаша заңды тұлғадан өтініші тіркелді. Келіп түскен өтініш, шағымдардың барлығы дерлік белгіленген мерзімде қаралып, жауаптары берілді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысу үшін 11 адамға 1 жылға өкілеттік берілді. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін қоғамдастықтың 5 жиыны мен 4 жиналысы өтті.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері арқылы арнайы есеп-шотқа 195,5 теңге қаржы түсірілді. Оның ішінде әкімдердің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беруден – 13,4 мың теңге, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдардан – 1,9 мың теңге.

Бюджеттік шығыстары бойынша Айдарлы ауылындағы саябақты көкалдандыруға 100 мың теңге қарастырылып, 51 түп қарағай көшеттері отырғызылды.

Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер

2016 жылы округ тұрғындарынан жиналатын мүлік салығы (жоспар - 8800 теңге)-24500 теңгеге орындалды, жер салығы (жоспар - 29100 теңге) -30000 теңгеге, көлік салығы (жоспар-589400 теңге) 1 904 900 теңге жиналып, басқа да салық түсімдері бойынша 109,3 мың теңгеге орындалды Барлық салық түрлерінен жоспар бойынша 1021мың теңгенің орнына 2068 мың теңге жиналып, жоспар 147 %-ға орындалды.

Округ әкімі аппаратының бюджет шығындары 16 млн. 252 мың теңгені құрап, қаржы игеру 100% орындалды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

Округте 118 шаруа қожалығы тіркелген. 2015 жылы 1124 гектар суармалы жер толық игеріліп, 126 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді. 4268 тонна астық жиналды, оның ішінде жүгері - 1325 тонна, 2908 тонна көп жылдық шөп дайындалып, болжам 140 пайызға орындалды. 998 гектарға жеміс ағаштары өсірілуде. Өсімдік шаруашылығы бойынша 4 шаруа қожалығына субсидия берілді.

Мал шаруашылығында4 948 бас ірі қара, 15 817 бас қой мен ешкі, 2 000 құс, 839 бас жылқы бар. Округте асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен 4 шаруашылық айналысады. Етті бағыттағы ірі қара мал етінің әлеуетін арттыру мақсатында 18 шаруа қожалығына субсидия берілді. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы қой-ешкі басы азайды. Дегенмен, шаруа қожалықтарының арасында ірі қара өсіругениет білдіргендер саны артуда. Үтіміздегі жылы «ЭКО Даму» бағдарламасы бойынша «Бижанов» ЖШҚ жеңілдетілген4 пайыздық несиемен 6 млн. теңгеге 10 бас түйе сатып алды. Келешекте шұбат өндіріп, түйе шаруашылығын дамытуды жоспарлауда.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» арқылы мал басын өсіруге 1 шаруа қожалығы 6 млн.теңге, «Жаркент несие серіктестігі» арқылы 1 шаруа қожалығы 11 млн. теңге несие алып, осы 2 ЖШҚ-ғы бүгінгі күнге 86 бас етті бағыттағы ірі қара малын сатып алды.

Жайылым жерлерді суландыру мақсатында «Құдық» бағдарламасы арқылы «Жаңбырбаева» ЖШҚ құдық қаздырды.

Округте жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. «KIBAN АГРО» ЖШС жылыжайы биылғы жылы 2-ші айналымда 600 тонна қызанақ, «Со Ке Нам» жылыжайында 5 тонна, «КазГеоТерм» жылыжайы 13 тонна қияр өндіріп, аудан көлеміне шығарып саудалауда. Аталған жылыжайларда округтің 66 тұрғыны жұмыспен қамтылған.

Округімізде 2015 жылдан бері «Жаркент Фрукт» ЖШС жобалық құны 62,5 млн. доллар тұратын интенсивті бақ отырғызуда. Жобаның толық іске асыру мерзімі 5 жылға белгіленген. Жобаның негізгі мақсаты- 1110 га жерді интенсивті баққа айналдырып, жоғары сапалы, экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті және экологиялық жағынан таза өнімді ішкі және сыртқы нарыққа шығару болып табылады.

Бүгінгі күнге «Жаркент-Фрукт» ЖШС 1110 гектар жерге жеміс-жидек көшеттерін отырғызып, толығымен тамшылатып суару әдісін қолдануда.Серіктестікте округтің 147 тұрғыны, аудан көлемінде 350 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.



Инвестиция

Округ экономикасының дамуына 7 млрд. 23 млн. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде «Жаркент-Фрукт» ЖШС бақ егу жұмыстарына 7 млрд. теңге қаражат салып, 90 данаауыл шаруашылық техникасын агрегаттарымен сатып алды. Қалған 23 млн. теңге шаруа қожалықтары есебінен тартылды.



Құрылыс

Есепті мерзім ішінде 89 шаршы метр тұрғын үй жеке тұрғындардың есебінен салынды.



Шағын және орта бизнес

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 3, жұмыс істеушілердің саны –3, 3 сауда объектісі халыққа тұрақты тұрмыстық қызмет көрсетуде.



Ауыз сумен қамтамасыз ету

Округке қарасты 3елді мекен - Сарпылдақ, Дарбазақұм, Айдарлы ауылдары орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне қосылып, ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.



Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру, жол жөндеу

Дарбазақұм ауылының М.Мәметова, Ғ.Мұратбаев,Жастар көшелеріне, «АвтоБАН» құрылысын жүргізуші мердігер компаниялар көмегімен, барлығы 1,3 км шағыл төселді. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша Айдарлы ауылындағы С. Сейфуллин көшесіне барлығы 1,8 км асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Көктемгі-күзгі санитарлық тазалық жұмыстарына 5 техника жұмылдырылып, қоқыстарды жою жұмыстары атқарылды.Жергілікті өзін-өзі басқарудың бақылау шотынан қаржы бөлініп, 51 түп қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.

Әлеуметтік сала

Округ көлемінде жасына және мүгедектігіне байланысты зейнеткерлер саны – 245. Жәрдемақы алатындар саны –112, көп балалы аналар саны -73, оның 46-сы «Алтын алқа», 27-сі «Күміс алқа» иегерлері. 10 отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындалды. Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген 38 жұмыссыздың 33-і жұмысқа орналастырылды.

«Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасы бойынша 1 кәсіпкер несие алып, наубайхана, дүкен шаштараз ғимаратын салу және оған қызмет көрсету үшін жер телімін заңдастыруда.

Білім саласы

Округте 1 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектепте 54 мұғалім 347 оқушыға білім беруде. Биылғы жылда Дарбазақұм мектебі жанында қысқа мерзімді топ ашылып, 17 бала тәрбиеленуде. ҰБТ қорытындысы бойынша білім сапасы 95 пайыз көрсетті.



Құқық бұзушылық

Округ бойынша учаскелік 1 инспектор жұмыс атқарады. 2016 жылдың 12 айында 9 қылмыс тіркеліп, 7-і ашылды.



Денсаулық сақтау

2016 жылы 21 бала дүниеге келіп, 14 адам қайтыс болды. Ана өлімі мен сәбилердің шетінеу тіркелген жоқ. Талдықорған қаласындағы «Күншуақ» шипажайында 21 бала сауықтырылды. Тұрмысы төмен және туберкулез ауруымен сырқаттарға демеушілер арқылы 160000 теңгеге көмек көрсетілді.



Мәдениет, ішкі саясат, жастар

1 мәдениет үйі мен 1 кітапханада 3 мәдениет қызметкері халыққа қызмет көрсетеді. 2016 жылдың 12 айында 37 мәдени іс-шара өткізілді.



Округте қоғамдық-саяси тұрақтылықты және дінаралық келісімді нығайту бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.Жастар саны – 458. Бұқаралық спортпен 103 адам қамтылған, 50 -спортық іс-шаралар өткізілді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет