Қажетті шара қамтылды



жүктеу 44.26 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі44.26 Kb.

Қажетті шара қамтылды

Қазақстанда қаржы полициясы органдарының құрылуы нарықтық қарым-қатынастардың қалыптаса бастауымен және соған байланысты етек алған экономикалық қылмыспен күрес қажеттілігіне байланысты болды. Соған орай ведомствоға еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Өткен 17 жылдың ішінде ведомство қызметінің тиімділігін арттыру үшін көп нәрсе жасалды. Кәсіби кадрлық құрам құрылып, органның міндеттері мен тер­геуі­не жататын қылмыстардың шең­бе­рі белгіленді. Бүгінде қаржы полициясы сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикамен күрес жүргізуге құзыретті құқық қорғау органына айналды.

Мемлекет қаржы полициясы жұмысының тиімділігін арттыру үшін мүмкіндік жасауды жалғас­ты­руда. Материалдық және тех­никалық қамтамасыз ету жақсар­ты­лып, құқықтық база жаңар­тыл­ған, сондай-ақ, еңбекақы артып, қызметкерлер баспанамен қам­та­масыз етілуде.

Біз – ардагерлер, қаржы по­ли­циясының құрылуының куәгер­ле­рі болып, ол үрдіске өз үлесі­міз­ді қостық. Қаржы полиция­сы­ның қазіргі басым бағыттары жүйелі сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қар­сы күрес, оған қоса отандық кә­сіпкерлікті қолдау, орта және шағын бизнесті заңсыз қолсұ­ғу­шылықтан қорғау болып табылады. Ал аталған міндеттерді тиім­ді орындау мақсатында мемлекет пен азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерін адал және жоғары кәсіби дең­гейде қорғау үшін білімі және қарымы жететін қызметкерлердің болуы – басты алғышарт. Бұл жағдайда тек қызметіне адал және кәсіпқой қаржы поли­цей­лері ғана өз жұмысын нәтижелі атқара алады.

Осы орайда Елбасының Жар­лығына сәйкес Қазақстанда тұң­ғыш рет өткізіліп жатқан құқық қорғау органдарының қызметкер­ле­рін кезектен тыс аттестат­тау­дың маңызы ерекше.

Қаржы полициясы қызмет­керлерін аттестаттаудың мақсаты олардың кәсіби деңгейі мен қа­зіргі талаптарға сәйкестігін анық­тау болып табылады. Біздің ор­ган­ның беделін түсіретін адам­гершілік қасиеттері төмен және сыбайлас жемқорлыққа бейім, оған қоса қызметінде көрсет­кіш­тері төмен  қызметкерлерден ары­лу аса маңызды.

Жалпы, аттестаттау рәсіміне қаржы полициясы органдарының 3000-нан астам қызметкері тартылды, олардың 68-і – Жоғарғы аттестаттау комиссиясында, 508-і – орта­лық аттестаттау комиссиясында, ал 2,5 мың қызметкер – өңірлік ат­тестаттау комиссияларынан яғни, Агенттік төрағасы­ның бі­рін­ші орынбасарынан бастап қатардағы инспекторларға дейін аттестаттаудан өтті.

Бұл жұмыстың шынайылығы, заңдылығы және ашықтығы Агент­тік төрағасы Р.Түсіпбеков­тің жеке бақылауында тұр. Бір­жақтылық, тамыр-таныстық және формализмге жол бермеуге баса назар бөлінді.

Сонымен бірге, аттестаттау ба­рысында заңсыздық пен әділет­сіздікке жол бермеу мақсатында аттестаттау комиссияларының жұ­мы­сы­на азаматтық қоғам мен бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылды. Оның ішінде «Қаржы полициясы органдары ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігі мен оның аймақтық филиалдарының басшылары бел­сенді түрде қатысты. Аттестат­тау­ды өткізу барысында аттес­татталушының қызметіне және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы біліп, дұрыс ұстанғандығына баға берілді.

Ағымдағы жылғы 21 мамырдан 19 маусымға дейін қаржы по­лициясының 68 қызметкері, олар­дың қатарында Агенттік төраға­сының орынбасарлары, Агенттік аппаратының басшысы, орталық аппарат департаменттерінің бас­тық­тары, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша қар­жы полициясы департамент­тері­нің бастықтары мен олардың орынбасарлары, Қаржы полициясы академиясының бастығы, Қа­зақ­стан Республикасы Прези­де­н­ті жанындағы Жоғарғы аттестаттау комиссиясында сынақтан өтті.

Жоғарғы аттестаттау комис­сия­сында аттестаттаудан өткен 68 қаржы полициясы қызметкерінің 20-сы сынақтан өте алмады, олардың 11-і жұмыстан босатылды, 8-і – лауазымдары төмен­детілді және 1-еуі  басқа қызмет­ке ауыстырылды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың басынан кезектен тыс аттестаттау басталмастан бұрын тапсырылған жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастырмағандары үшін 37 басшы, олардың ішінде Агенттік төрағасының 2 орынбасары,  Орталық аппарат департа­менттерінің 6 бастығы, аумақтық департаменттердің 9 бастығы, аумақтық департаменттер бас­тық­тарының 20 орынбасары лауазымдарынан босатылған.

Бұдан басқа, Жоғарғы аттестаттау комиссиясының қатаң талаптарын түсіне отырып, 9 қыз­меткер кезектен тыс аттестаттаудан өтуден бас тартып, өздерін лауазымдардан босатуға және жұ­мыстан шығаруға баянатпен өтініш білдірді.

Орталық аппараттың және тағайындалуы Агенттіктің номенклатурасына кіретін аумақ­тық қаржы полициясы органдары мен Қаржы полициясы акаде­миясының қызметкерлері аттестаттауды Агенттік жанындағы Орталық аттестаттау комиссиясында өтті.

Осы комиссияда аттестаттаудан 533 қызметкер өтуі тиіс болатын, алайда 19 қызметкер лауазымдарынан босату туралы баянат жазып, аттестаттаудан өту­ден бас тартты, 2-уі орталық әскери-медициналық комиссияға қара­луға жіберілді, 4 қызметкер уа­қытша еңбек қабілетсіздігіне байланысты аттестаттаудан өт­педі.

Орталық аттестаттау комис­сия­сында аттестаттаудан өткен 508 қызметкердің 63-і аттестаттаудан өте алмады.

Аттестаттау үдерісінің соңғы сатысы – сұхбаттасудан 17 ай­мақ­тық комиссияларынан аумақ­тық департаменттер мен Қаржы полициясы академиясының 2364 қатардағы қызметкері өтті. Одан, негізінен 2437 қызметкер өтуі тиіс болатын, алайда 16 қызмет­кер лауазымдарынан босату туралы баянат жазып, бас тартты, 3-уі – әскери-медициналық комиссия­лар­ға қаралуға жіберілді, 26 қыз­меткер уақытша еңбек қабі­лет­сіздігіне, 20-сы – қызметтік ісса­парда, 4-уі – кезекті еңбек демалысында болуына және 4-уі – жүктілігіне байланысты аттестаттаудан өткен жоқ.

Қаржы полициясы академиясы мен аумақтық депар­тамент­тердің бастықтарының төрағалық етуімен өңірлік аттестаттау комиссияларымен өткізілген сұх­бат­тасу қорытындысы бойынша 2364 қызметкердің 439-ы яғни әрбір бесіншісі аттестаттаудан өте алмады. Сөйтіп, 136 қатар­дағы қызметкер жұмыстан босатылды.



Аттестаттау барысында бақы­лаушы ретінде қатысқан қаржы полициясы ардагерлері заңды­лық, шынайылық және әділдік қағидалары қатаң түрде сақтал­ған­дығын және комиссиялар ше­шім қабылдау кезінде заң талаптарына негізделгендігін атап өтті. Осылайша, қаржы полициясы органдарында кезектен тыс аттестаттауды өткізген кезде басты деп белгіленген заңдылық, ашық­тық, шынайылық, тамыр-таныс­тыққа және біржақтылыққа жол бермеу қағидаларын қамтамасыз ету үшін аса зор күш жұмсалды. Нәтижесінде, ведомствоның кадр­лық құрамы айқын жа­ңар­тылды және қазір қатарда елі­міздің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша өздерінің мін­дет­терін адал атқаруға дайын қыз­меткерлер қалды деп айтуға болады.

Балжан СЕЙІЛОВА,

«Қаржы полициясы органдары

ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық

бірлестігінің төрайымы.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет