Айгүл Жұбаназарова Бертайқызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы



жүктеу 77.46 Kb.
Дата05.05.2018
өлшемі77.46 Kb.
түріСабақ

Айгүл Жұбаназарова Бертайқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Т. Жаманмұрынов атындағы орта мектебінің

музыка пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Жыл басы кім болады?»

«Түйе» мен «Барыстың» әнін үйрету.



Мақсаты: Музыкалық ертегіні жалғастыру,кейіпкерлерге сипаттама жасау, әндерін үйрету.

Білімділік: Музыка өнерін түсіну,музыкалық сауаттарын,таным-білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Музыкалық-бейнелі ойын,музыканы қабылдау есту,есте сақтау,ойлау

қаблеттерін дамыту.



Тәрбиелік: Музыкаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін,сұлулығын қабылдауға және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:Кейіпкерлер суреттері,аспап,кубик

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,топтастыру,кубизм,ән айту,шығармашылық,геометриялық фигуралалар

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақ түрі: аралас

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту.
І. Ұйымдастыру

1)Музыкалық амандасу.

2)Психологиялық дайындық

О:Сыныбымыз тап-таза,

Борда дайын тақтаға.

М:Оймызды жинақтап,

Отырайық партаға.

3) Сабаққа дайындау. «Кубизм» әдісі арқылы

1. «Жыл басы кім болады?» қандай ертегі? (Музыкалық ертегі)

2.Авторы кім? (Шолпан Құлманова)

3.Ертегіде не туралы айтылдаы? (Жыл басына таласқан хайуанттар туралы)

4.Опера дегеніміз не? (Ертегі кейіпкерлерінің ән айтып,би билеуі,бірігіп хор айтуы мұны біз музыка тілінде опера дейміз)

5.Вльс қандай би? (Бірқалыпты,жай орындалатын бидің түрі)

6.Хор дегеніміз не? (Көп адамдардың бірігіп,ән айтуы.)


ІІ.үй тапсырмасы

1.Ертегінің кіріспе бөлімі бойынша түсінік айту.

2.Дауыс жаттығуы: С-dur гаммасы

«Біз ән айтамыз,Жақсы айтамыз»

1. «Жануарлардың бірінші хоры» хормен орындау

2. «Сиырдың әнін» жеке орындау

3. «Жылқының әнін» жеке орындау

9. Фермата дегеніміз не? (Дыбысты ұзақ созып айту музыкада фермата деп аталады.Мысалы: «Мө» деп мөңіредім сөзінде «мө» сөзінде фермата.)

10.Жылқы мен Сиыр әнінің жылдамдығы қандай?

11.Жылқы мен Сиырдың адамға пайдалы қасиеттерін ата.


ІІІ.Жаңа сабақ

Ортаға Түйе шығады.Түйе ішінен «мен бәрінен ақылды да сұлумын,бойымда ұзын,жыл басын тек мен бастауым керек» деп жан-жағына менсінбей ,кербездене қарайды.



Ән айту «Түйенің әні»
Ет береді Жантық жейді


Мінсең көлік сүті Шұбат





Жүні пайдалы Төлі бота

Бір өркешті нар

Түйенің әні аяқталысымен қаһарлана ырылдап,ортаға Барыс шығады.



Ән айту. «Барыстың әні»

Шұбар ала



Ет жеп қоректенеді Мысық тектес





Орманда өмір сүреді Жыртқыш аң

Айбарлы,күшті
ІV.Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдайды.\Автор,қоян,сиыр,жылқы,түйе,барыс\


V.Бағалау.

Белсенді оқушылар мадақталып,геометриялық фигуралармен(бес жұлдыз,төрт бұрыш, үш бұрыш) бағаланады.


VІ.Үйге тапсырма.

  1. «Түйе» мен «Барыстың» әндерін жаттап келу.

  2. Кейіпкерлердің суретін салып келу.


Сабақ барысынан көріністер...










Күні: 19.02.2013жыл

Класы: 1

Пәні: Музыка

Тақырыбы: «Қорқыт - күй атасы»

Мақсаты: Есімі аңыз боп тараған Қорқыт қобызшының өмір жолын,шығармашылығын оқушыларға таныстыру,күйлерін тыңдату.

Біліміділік: Музылық білімдерін жан-жақты қалыптастыру,сауаттарын арттыру.

Дамытушылық: Музыкалық таным,қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып,эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілік: Қорқыт портреті,үнтаспа,баян аспабы,сөзжұмбақ

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру,тыңдату,көрнекілік,топтастыру,ойланту

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың типі: Аралас

І.Ұйымдастыру

А) Амандасу

М: Саламатсыңдар ма,балалар?

О: Саламатсыз ба,апай?

М: Отырамыз орнымызға жайғасып,

Құралымызды түгелдейік сайланып.

Үйге берген тапсырманы орындап,

Жаңа сабақ бастайықшы жайланып.



ІІ.Үй тапсырмасы «Қобызға арналған күйлер»

  1. Бас,құлақ,мойны бар,

Үп-үлкен шанағы бар.

Ысқышпен ысқанда,

Әндетіп шығар тағы үні бар. (Қобыз)


  1. Қандай аспаппен таныстық?

  2. Қобыз аспабы қалай тартылады?

  3. Қобыз аспабының құрылысы қандай?

  4. Қобыз аспабында күй ойнайтын қандай күйшілермен таныстық?

  5. Бұл күйшілер қобыз аспабының орындауында қандай күйлер тартқан?

Ән айту. «Қобыз» Әні: А.Исағұлова сөзі: С.Тойлыбаев

ІІІ.Жаңа сабақ «Ойқозғау»

Музыка тыңдау. «Қоңыр» күйі

1.Күй қандай екпінде орындалды,жылдамба,жайма?

2. Күйдің аты калай?

3.Күй қандай аспапта орындалды?

(Қорқыттың суреті көрсетіледі)

М: Балалар мына күйші атаны танимызба?

О: Қорқыт ата,күйші

М: Қорқыт атаның өзі аттас қандай күйі бар?

О: «Қорқыт»

М: Қандай күйін тыңдадық?

О: «Қоңыр»

М: Қорқыт-ұлы ойшыл,қобызшы,жырау.Қорқытты «қобыз аспабының атасы» деп атайды.Қорқыт туралы бүгінгі күнге дейін жеткен аңыз,әңгімелер өте көп.

«Қобыз атасы» атанған Қорқыт баба VІІ ғасырдың соңы мен VІІІ ғасырдың басында қазіргі Қызылорда обылысы,Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында,Жанкент қаласында өмір сүрген.Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресіне сүйенсек,Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын баят руынан шыққан,ал анасы-қыпшақ қызы.Аңыз бойынша анасы Қорқытты үш жыл көтеріп жүріпті.Ол дүниеге келгенде әлемді үш күн,үш түн бойы қара дауыл соғып,ел-жұртты қорқыныш билейді.

Бұл жөнінде ел есінде сақталған мынадай әңгіме бар:

Қорқыт туған кезінде,

Қара аспанды су алған,

Қара жерді құм алған

Ол туарда ел қорқып

Туғаннан соң қуанған!

Шынында да,Қорқыт туысымен жел тынып,бұлт ыдырап,күн шығып,дүние тіршілік маужыр күйге түседі.Жұртшылық мұны жақсы ырымға балап: «Бұл бізді қорқытып дүниеге келген бала болды,есімі Қорқыт болсын»»-деп құлағына үш рет айқайлап,есімін «Қорқыт» деп қояды.

Қорқыт ата кішкене кезінен ақылды өнерлі бала болып өскен.Ол барлық аспаптарда ойнай білген.Өзі ойлап тапқан қобыз аспабында Қорқыт жануардың,құстардың үнін салған.Қорқыттың күйлері: Желмая


Әуіппай


Сарын



Ұшардың ұлуы

Қоңыр




Башпай

Аққу


Қорқыт

Музыкалық сауат ашу.

Қорқыт ата бейіті Сырдария өзенінің жағасында орналасқан.ХІХғ.аяғында Сырдария арнасынан

асқан кезде,бейітті су шайып кеткен.Бек Ыбраев Қорқыт атаға жаңа ескерткіш тұрғызды.Ескерткіш дүниенің төрт бұрышына қарап тұрған төрт қобызды біріктіру арқылы жасалған.(Ескерткіш интерактивті тақтадан көрсетіледі.)

«Әуіппай»күйінің шығу тарихы.Қорқыт қасиетті кілемін төсеп,су бетінде отырса,Сырдарияның жағасына бала көтеріп ана келеді.Баласы жылай береді.Қорқыт баласын «әуіппай,әуіппай»деп жұбатқан анаға арнап осы күйді шығарған екен.

Ән үйрету. «Ана» әні:К.Дүйсекеев сөзі:Ш.Сариев

Сергіту сәті.

ІV.Жаңа сабақты бекіту. «Қобыз» сөзжұмбағы





Қ

О

Р

Қ

Ы

Т










Қ

О

Ң

Ы

Р

Қ











Б

А

Я

Т

Қ

Ы

П

Ш

А

Қ

О

Б

Ы

З

Ш

Ы



1.Қандай күйшімен таныстық?

2.Қандай күйін тыңдадық?

3.Қорқыттың әкесінің руы?

4.Қорқыттың анасы қай рудан?

5.Қорқыт күйші,....



V.Бағалау

«Үш» дегенің орташа

Оқу керек тағыда

«Төрт» дегенің-жақсы баға,

Алады оны жақсы бала.

«Бес»дегенің-үздік баға,

Оқитын бол үздік қана.

Үшбұрыш,төртбұрыш,бес жұлдызды гоеметриялық фигуралар арқылы бағалаймын.



VІ.Үйге тапсырма

  1. «Ана» әнін жаттап келу

  2. Тақырып бойынша түсінік айту.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет