Айқын. – 2011. №31. – 18 ақпан Сүлеймен Ғ. Жігіттер жұлқынып тұр



Дата05.04.2018
өлшемі22 Kb.

Айқын. – 2011. - № 31. – 18 ақпан

Сүлеймен Ғ.
Жігіттер жұлқынып тұр
Бокстан Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты бел ортадан ауды. Қазірдің өзінде жартылай финалда жұдырықтасатын жігіттер толықтай белгілі. Жарыстың алғашқы күні бір сарынды, ешбір тосын оқиғаларысыз өтсе, екінші және үшінші тәулікте небір жан алысып, жан беріскен айқастардың куәсі болдық. Тіптен өз салмақ дәрежелері бойынша үздіктердің бірі саналатын кейбір былғары қолғап шеберлеріне бұл жолғы жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сондай-ақ атақты боксшылар арасында жеңіліске ұшырағандар да жоқ емес.

49 келі салмақтағы шымкенттік Біржан Жақыповқа павлодарлық Жандос Дүйсековті ұту аса қиынға соққан жоқ. Әлем чемпионаты мен Азия ойындарында жүлде алған жігіт қарсыласын 5:0 есебімен ұтты. 91 келі салмақтағы астаналық Василий Левиттің де үстемдігі еш күмән туғызбады. Өткен жылғы Азия чемпионы Павлодар қаласының өкілі Сергей Гончеровты талассыз жеңді. Есеп - 6:0. 91 келі салмақтағы талдықорғандық Данияр Үстембаев ақтөбелік Марат Молдагереевті әбден төмпештеп, 10:3 есебімен жеңіске жетті. Ал 64 келі салмақта күш сынасқан аса дарынды боксшы Данияр Елеусіновке өзінің мықтылығын мойындату үшін көп тер төгуге тура келді. Былтыр небары 19 жасқа толған шағында ересектер арасында ел чемпионы атанып, жазғы Азия ойындарында бас жүлдені олжалаған астаналық өренге қарағандылық Думан Сүлейменов әжептеуір қарсылық көрсетті. Екі кезең бойы таразы басы теңселіп тұрды. Десек те, өзінің жанкештілігінің арқасында Думанның уысынан Данияр жеңісті жұлып әкетті - 3:2. Ал Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев алғашқы айналымнан кейін-ақ көрермендер қатарын толықтыруға мәжбүр болды. Еркебұланның маңғыстаулық Әділбек Балқожамен болған жекпе-жегі 5:5 есебімен тең аяқталды. Десек те, төрешілер жеңіске Балқожа лайық деп шешті.


Аса ауыр салмақта биыл бәсекелестіктің белең алатын түрі бар. Өйткені биылғы ел чемпионатында кіл мықтылар күш сынасуға ниет білдірген екен. Жарыстың екінші күні Иван Дычко, Рустам Іргебаев, Досжан Оспанов, Жан Косабуцкий сынды саңлақтардың шеберлігіне тәнті болдық. Бұлардың барлығы да бәсеке бел ортаға жетпей, өз қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтты. Араға араша түскен төрешілер айтулы боксшылардың қатысуымен өткен бәсекелерді мерзіміне жетпей тоқтатуға мәжбүр болды. Сондай-ақ жеңіліс тапқандар қатарында атыраулық Әділет Қапезов (49 келі), өскемендік Мирас Жақыпов (56 келі) пен Әділет Егізеков (64 келі) секілді шеберлер бар.
Төртінші күні айтарлықтай тосын оқиғалар болған жоқ. Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген Ғани Жайлауов, Айдар Әмірзақов, Самат Башенов (60 келі), Бақытжан Қожабеков, Рустам Сыбаев, Манат Өмірзақов (69 келі), Азамат Белгібаев, Алмат Серімов (81 келі), Рустам Іргебаев, Жан Косабуцкий және Досжан Оспанов (+91 келі) жеңіс тойын тойлады. Бір өкініштісі, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, ерлер арасындағы Қазақстанның екі дүркін чемпионы Олжас Сәттібаев қызылордалық Бекболат Жүсіповтен ұтылып қалды. Есеп - 9:8. Негізі екеуара бәсеке тең жағдайда өткен еді. Кей тұстарда тіптен Олжас ширақ қимылдағандай көрінді көпшілікке. Әсіресе, үшінші раундта Сәттібаевтың соққылары дәл тиіп жатты. Алайда төрешілер Жүсіповтің қолын көтерді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет