Айқын. 2014. №63. 12 сәуір. Мырзахметова Н. Ғалымдарды марапаттады Бүгін – «Ғылым қызметкерлері күні»



жүктеу 22.95 Kb.
Дата05.08.2018
өлшемі22.95 Kb.

Айқын.- 2014.- №63.- 12 сәуір.

Мырзахметова Н.



Ғалымдарды марапаттады

Бүгін – «Ғылым қызметкерлері күні». Осыған орай кеше Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Алматыдағы Қаныш Сәтбаев ашқан бұрынғы Ғылым академиясы, қазіргі «Ғылым ордасында» салтанатты жиналыс өтті. Мерекелік жиында ғылым саласында ерен еңбек етіп жүргендер «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды

Еліміздегі «Ғылым қызметкерлері күні» қазақтан шыққан тұңғыш академик, Қазақстанда металлогения ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КСР Ғылым академиясын ашқан әлемге танымал геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күніне орайластырылған. Биыл оның туған күніне 115 жыл. Ғалымдар бас қосқан жиналыста «Сәтбаев феномені» деректі фильмі к­рсетіліп, академиктің ізін жалғастыра отырып, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін еліміздегі ғылым саласын дамыту мәселесі талқыланды. Мәселен, Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылу үшін Қазақстандағы ғылымды, ғылым негізінде экономиканы дамытуды қажет екенін жеткізген. Сол үшін ғылым саласына бөлінетін қаражат к­өлемі үш жылда 2 жарым есеге көбейген. Мысалы, 2011 жылы 26,9 млрд теңге б­өлінсе, былтырғы жылы 52,9 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ ғылым қызметкерлерінің саны да жылма-жыл ө­сіп келеді. 2009 жылы олардың қатары 15 800 болса, қазіргі күні 24 мыңға жуық. Олардың арасында жас ғалымдар да аз емес. Мысалы, 35 жасқа дейінгі ғалымдардың қатары 38 пайыз, ал 45 жасқа дейінгілердің саны 56 пайызға дейін жетіпті. 2011 – 2013 жылдары жоғары оқу орындарында 541 ғылыми-зерттеу б­лімдері ашылған.



– Алдағы уақытта жаңа жобаларға байқаулар жариялайтын боламыз. Сондағы сараптама және ұлттық ғылыми кеңестер жүйесін толығымен қайтадан қарап, оны бүгінгі таңның талабына сай етпекпіз және біздегі ғылымның нәтижелерін ­өндіріске, индустрияға қажетті болуын қарасты-рудамыз. Соған байланысты бүгінгі таңдағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының негізінде арнайы қажетті ғылыми зерттеулерді жеке жоба ретінде бекітеміз деп отырмыз. Тағы бір мәселе, бүгінгі таңда ғылымға жас мамандар қажет. Соларды тәрбиелеп, дайындау үшін арнайы бағдарламалар жасалуда, яғни жоғары оқу орындары мен ғылыми институттардың ғалымдары бірігіп, ғалымдар дайындамақ. Биылғы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әлеуметтік ғылымдарға байланысты институттар және Қазақ ұлттық техникалық университеті «Парасат» холдингінің ғылыми институттарымен бірігіп, ғалымдар дайындау жүйелерін енгізбек. Қазақ аграрлық университеті мен Астанадағы С.Сей фуллин атындағы Қазақ агротехникалық универси- тетінде де осындай үрдіс болады. Мұндағы негізгі мақсат – бүгінгі ғылым мен білімді және ­өндірісті ұштастырып, оларды бірге жұмыс істету. Сол арқылы институттардың негізінде мамандар дайындау жүйесін іске асырамыз деп отырмыз, – дейді Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

Сондай-ақ биліктегілер бүгінде еліміздегі ғалымдардың әлемге танымал болуын және әлемдегі үздік жетекші журналдарда жариялануына үлкен мән беріп отыр екен. «Ғылымсыз мемлекет болмайды, егер бізде ғылым болмаса, біз бір елге рухани тәуелді боламыз. Ал тәуелді болмас үшін ­өз ғылымымыз болып, ол әлемдік ғылымның аясында дамуы тиіс. Сондықтан Қазақстан ғылымын, ғылымның негізінде технологияны дамыту ауадай қажет, – дейді ҚР ҰҒА академигі бдімәлік Нысанбаев.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет