Ќайырымдылыќ марафоны



жүктеу 17.94 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі17.94 Kb.

Қайырымдылық марафоны
2007 жылдың 12 желтоқсанында екібастұздықтар қалалық «Өнер» мәдеиет орталығында өткен қайырымдылық марафонына қатысты.

«Зерде» дарынды балалар мектебі оқушылары бұл игілікті іске өз үлестерін қосты.


Бұдан 15 жыл бұрын біздің қалада қайырымдылық алауының оты тұтанғаны белгілі.

Міне содан бері жыл сайын қайырымдылық марафонын өткізу игі дәстүрлердің біріне айналды.

Мектеп оқушылары арасында «Қайырымдылық» акциясын «Балдәурен» республикасы мүшелері ұйымдастырды.

«Зерде» мектебінде «Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды да табамыз» атты ұранмен 5-12 желтоқсан аралығында «Қайырымдылық» акциясы жүрді. Оқушылар түгелдей қатысып, өз үлестерін қосты. Оқушыларға қайырымдылық жасауды үйретуде мектепішілік акцияның маңызы зор болды. Оқушылардың бір-біріне көмек беру, қарым-қатынаста болуға ықпал жасайтындай жағдайларды тудырып, әрбір сыныптар акцияға өз үлестерін қосып, барлығы 1900 теңге ақша жиналды.

12 желтоқсан күні «Өнер» мәдениет ор талығында «Қайырымдылық» марафоны болды. «Екібастұздықтар қайырымдылық акциясына қатысуға шақырған ү ндеуді түсініс тікпен қабылдап, игілікті істің жанынан та былғанына қуаныштымын»- деп шынайы тілегін же ткізген қала әкімі Нұрлан Абзалұлы арнайы жәшікке 30 мың теңге ақша салды.

Балабақша бүлдіршіндері 4800 теңге көлемінде өз үлестерін қосты.

«Балдәурен» республикасының аймақ бойынша әкімдері сахнаға шығып, өз мектептерінің үлесін арнайы жәшікке салды.

«Зерде» мектебінен мектеп әкімі Омашева Айгүл мектеп оқушыларының үлесін 1900 теңге көлемінде арнайы жәшікке салды.

Қалалық қайырымдылық қорының төрағасы А.М. Бауэрдің айтуынша кешегі күні ТӘБ-нің Екібастұздағы бөлімшесінде ашылған арнайы есепшотына 4 млн 180 мың 337теңге қаржы түскен. Бұл жолы мемлекеттік қызмет салаларының көшбасында есепшотқа 830 мың теңге қаржы аударған бі лім бөлімі тұр.

Осы күні қайырымдылық шараға атсалысқандар қаладағы көркемөнерпаздар ұйымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалады.

«Қайырымдылық» марафонын көріп, қатысқан оқушыларғп осы іс-шараның тәрбиелік мәні зор.

Зерде мектебінен 8А, 8Б сынып оқушылары марафонның өту салтанатына барып, көріп, тамашалап қайтты.

Қайырымдылық шарасы адамдардың бір сәт өз і сіне есеп беруге мүмкіндікб еретін кезең. Осы күні мұқтаж жандарға қанатымен су тасыған қарлығаштай шапағатын тигізгісі келген жекелеген адамдар да жәшікке аздаған мөлшердегі ақшаларын салып жатты.

Мейірімділік, ізгілік қасиет-адамның ішкі жан дүниесінің айқ ын көрінісі.



Мұндай қадамға рухы биік, ұстанымы берік, жомарт адам ғана барады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет