Айнұр Жүнісова Бақтиярқызы



жүктеу 301.5 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі301.5 Kb.
түріСабақ

Сабақтың түрі: «Ауызша сабақ» -1

Сыныпта 24 оқушы - 100 % 15 бала-63%


Сабақтың кезеңдері:

I-кезең Жалпы сөздік қор

II-кезең 7-кілттік сөз

III-кезең Қарама-қарсы сұрақтар

IV-кезең Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың тақырыбы: «Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері»

Мақсаты:

Оқушылар география ғылымының дамуына қомақты үлкен үлес қосқан ғалымдар жайлы,географиялық зерттеулердің кезеңдерге бөлінуімен танысады.



Білімділік:

Жаңа сабақты меңгертіп, оқушының зейінін, ойлау жылдамдығын есте сақтау қабілетін дамыту.



Дамытушылық:

Биоинформатика және синергетика технологиясы негізінде оқушылардың сабақты құрастыруға қатысады.



Тәрбиелік:

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ғылыми ізденушілікке жол ашу.



Әдіс-тәсілі:

АКТ материалдары, флипчарт, слайдтар.


Үстеме міндет:63% оқыту сапасының көрсеткішіне жету.
Мұғалім тақтаға (ООМ) орынға отырғызу матрицасын сызады.


А Ә Б В Г Д

1

2
3


4

















































































Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

I-кезең (ЖСҚ)-жалпы сөздік қор. (5 минут)


(Түсіндіру)

1.Уақытты белгілеп, есептеп отырады.

2. Уақыт бітті. Мұғалім

ООМ-толтырады.

63-100 сөз жазуы керек.


(Ойлау әрекеті)

Жалпы география сабағынан білгенін естеріне түсіріп жазу.



II-кезең (КС)

Кілттік сөз.

Есте сақтау.


1.Тақырыптық мәтіннен мұғалім (5 минут) түсіндіреді.

2.Мұғалім тақтаға 7 кілттік сөзді іледі.



  1. Ойкумен

  2. Африка

  3. «Жаңа дүние»

  4. Теңіз

  5. Материк

  6. Пифагор

  7. Зонд

3.ООМ-толтырады.

6-7 сөз-«+»

5 сөз«-»


Есте сақтайды

(30 минут)

Дәптерлеріне жазады


III-кезең (Қ.Қ.С.)

Қарама-қарсы сұрақтар



(Оқыта үйрету)

1.Мәтінмен жұмыс береді.

2. Мұғалім тағы сандық жағынан берілген мәтінге байланысты түсіндіреді.

3. Әр балаға сұрақты мұғалім дайындайды.

4. Уақытты белгілеп отырады.

5. ООМ-толтырады.



(Оқу жылдамдығы)

1.Тірек конспекті немесе кітаптан оқиды.

2.Оқушылар жылдамдықпен жауап береді.

(Әр бет-3 минут)



IV-кезең (С.Т.О.)

Сын тұрғыдан ойлау




1.Мұғалім әр оқушыға сұрақ дайындап, сын тұрғысынан ойлау мәтін бойынша жұмыстың сапасын анықтайды.

2. ООМ-толтырады.



Мұғалімнің қойған сұрағына мағыналы түрде сыни-тұрғысынан ойлап жауап береді.

«Иә» немесе «Жоқ»




Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Географияның алғашқы ғылыми түсініктерінің негізін салушы ғалым? (Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродот 9-томдық «Тарих» атты еңбегінде)

2. Математикалық географияның негізін салған тұңғыш рет географиялық картаны жасаған грек ғалымы? (Эратосфен)

3. Исландия мен Гренландия аралын ашып, оған қоныстанған халық? (нормандар)

4. «Ұлы географиялық ашылулар» кезеңі қай ғасырлар аралығы? (XV-XVIIIғ)

5. Х.Колумбтың үш рет саяхат жасаған жері? (Вест Индия)

6. Жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитын ашқан испан экспедиторлары? (Ф.Магеллан мен С.Элькано)

7. Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашқан ағылышын саяхатшысы? (Джеймс Кук)

8. 1819-1821 жылдар аралығында Ф. Беллинсгаузен мен М. Лазарев басқарған экспедиция қай материкті ашты? (1820 ж 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты)

9. «Үш теңіздің ар жағына саяхат» атты еңбегін жазған тверлік көпес? (А.Никитин)

10.Орталық Азия мен Тибеттің тылсым табиғатын зерттеген орыс экспедиторлары? (П.П.Семенов-Тян-Шанский мен Н.М.Пржевальский )

11.1870-1887ж Тынық мұхит аралдары мен Жаңа Гвинея, Аустралия жағалауларын зерттеу жүргізген орыс саяхатшысы? (Н.Н.Миклухо-Маклай)

12. Орта ғасырда географиялық ашуларды бастаған кімдер? (Арабтар)

13. Арабтар қай жерлерге саяхат жасады? (Үнді мұхиты арқылы Африка жағалауынан Зонд аралдарына дейін жүзіп барды, Қытай мен Үнді жерлеріне саяхат жасады)

14. Қай ғасырда жер туралы мәліметтер толықтырылды? (XIIIғ)

15. Орталық Азияны зерттеушілердің қатарындағы қазақтың ұлы ғалымы? (Ш.Уәлиханов)

16. Азияға жасаған саяхаты нәтижесінде Памир табиғаты, Үндістан мен Қытай жерлері туралы жаңалықтармен толықтырған венециялық көпес? (Марко Поло)

17.1957-1958ж аралығындағы Халықаралық Географиялық жыл бағдарламасы негізінде жүргізілген жұмыс қандай деректермен байланысты? (Антарктика материгінің табиғатымен, оның мұз жамылғысы және мұз астындағы жер бедерінің сипатымен байланысты)

18.Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Х.Колумб қай аралдарды ашты? (Кіші Антил аралдарын ашты)

19.Ежелгі грек ғалымы? Жылды 365 күңге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеген. (Аристотель)

20.Географиялық кезеңдер қандай кезеңге бөлінді. (Ежелге дәуірлердегі, Орта ғас,Ұлы геог ашулар кезеңі, XX ғ геогр кезең)

21. Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған римдік ғалым? (Страбон)

22. Орыс саяхатшыларын ата. (Д.Ливингстон, Р.Стенли Африка т.б.)

23. П.П. Семенов-Тянь-Шанский мен Н.М.Пржевальский экспедиторлары тылсым табиғаттың қай жерлерін зерттеді? (Орталық Азия мен Тибет)

24. XIII ғ Орталық Азияға саяхат жасау барысында қазақ жерінде де болып,құнды географиялық деректер жинақтаған еуропалық саяхатшылар? (Плано Карпини мен Вильгельм Рубрук)
Сын-тұрғысынан ойлау

1. Географиялық зерттеулер тарихи бірнеше кезеңге бөліне ме? «Иә»

2. Геродоттың 119 томдық «Тарих» атты еңбегі бар ма? «Жоқ» 9

3. Семенов-Тянь-Шанский, Ш.Уәлиханов, Прежевальский Ежелгі дәуірдегі» зерттеушілер ме? «Жоқ» XIX ғ

4. Жер шар тәрізді ме деген Пифагор ма? «Иә» Пифагор

5. Тұңғыш рет географиялық картаны жасаған Миклухо-Маклай ма? «Жоқ» Эратосфен

6. География ғылымының атасы-Эратосфен ба? «Иә»

7. Марко Поло, Плано Карпини, Афанасий Никитин физиктер ме? «Жоқ» саяхатшылар

8. Ұлы географиялық ашылулар кезеңі XIX ғ ма? «Жоқ» XV-XVIII ғ

9. «Ұлы географиялық ашылулар кезеңі» X ғ ма? «Жоқ» XV-XVIII ғ

10. Ай мен күннің тұтылуын дәлелдеп берген Аристотель ме? «Иә»

11. Семенов-Тянь-Шанский, Ш.Уәлиханов, Прежевальский орта ғасырдағы ғалымдар ма? «Жоқ» XIXғ

12. Тынық мұхитты ашқан Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано ма? «Иә»

13. Семенов-Тянь-Шанский, Ш.Уәлиханов, Прежевальский XIX ғ ма? «Иә»

14. Тұңғыш рет географиялық картаны жасаған Эратосфен бе? «Иә»

15. «Ұлы географиялық ашылулар кезеңі XV-XVIII ғ ма? «Иә»

16. География ғылымының атасы Х Колумб пе? «Жоқ» Эратосфен

17. «Ойкумен» картасының құрастырған Эратосфен бе? «Иә»

18. «География» деп аталатын 17 кітап жазған римдік ғалым Страбон ба? «Иә»

19. Х. Колумб Колумб өзені Вест-Индияға 30 рет саяхат жасаған ба? «Жоқ» 3-рет

20. География ғылымының атасы Эратосфен бе? «Иә»

21. Геродоттың 9 томдық «Тарих» атты еңбегі бар ма? «Иә»

22. Тұңғыш рет жер шарын айналып өткен? Ф. Магеллан ба? «Иә»

23. Географиялық ашылулар тоқтатылады ма? «Жоқ»

24.Табиғат аппаттарын болжау, оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізіле ме? «Иә»
Сабақтың түрі: «Ауызша»2

Сыныпта 30 бала-100 % 18 бала-63%


Сабақтың кезеңдері:

Жылдамдық жаттығу.

I-кезең Тақырыптық сөздік қор (Т.С.Қ.)

II-кезең 14-кілттік сөз (К.С.)

III-кезең Қарама-қарсы сұрақтар (Қ.Қ.С.)

IV-кезең Тестілеу жұмысы (Т.Ж.)


Сабақтың тақырыбы:

«Литосфера және жер бедері. Жер қыртысының құрлымы».



Мақсаты:

Жер қыртысының тұрақты және қозғалмалы бөліктерін анықтап, литосфералық плиталарды ажыратып, анықтау.



Дамытушылық:

Биоинформатика және синергетика технологиясы негізінде оқушылардың сабақты құрастыруға қатысады.



Білімділігі:

Жаңа сабақты меңгертіп, оқушының зейінін, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілетін дамыту.



Тәрбиелік:

Оқушылардың зерттеушілік ісіне баулу жүзеге асырылады.



Әдіс-тәсілі:

АКТ материалдары, флипчарт, слайдтар.


Үстеме міндет 63% оқыту сапасының көрсеткішіне жету.
Мұғалім тақтаға (ООМ) орынға отырғызу матрицасын сызады.


А Ә Б В Г Д

1

2
3


4














































































Жылдамдық жаттығу:

Жер,

Жер, Климат,



Жер, Климат, Ауа,

Жер, Климат, Ауа, Материк,

Жер, Климат, Ауа, Материк, Мұхит,

Жер, Климат, Ауа, Материк, Мұхит, Шекара,

Жер, Климат, Ауа, Материк, Мұхит, Шекара, Тау,

Жер, Климат, Ауа, Материк, Мұхит, Шекара, Тау, Өзен.



Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

I-кезең (ТСҚ)-Тақырыптық сөздік қор.

(5 минут)




(Түсіндіру)

1.Уақытты белгілеп, есептеп отырады.

2. Уақыт бітті. Мұғалім

ООМ-толтырады.

63%-100 сөз жазуы керек.


(Ойлау әрекеті)

Оқушы ойын жинақтап алдыңғы өткен 2-3 тақырып сабақтары бойынша

Тақырыптық сөздік қорын жазады.


II-кезең (Қ.С.)

Кілттік сөз.

Есте сақтау.


(Салыстыра отыру)

1.Мұғалім 14 тірек сөзді іледі.

1. Жанартау

2. Плита


3. Литосфера

4. Ығысу


5. Дәуір

6. Эра


7. Мантия

8. Геохронология

9. Риф

10. Жарылыстар



11. Жылжу

12. Ажырау

13. Гондвана

14. Пангея

2. ООМ-толтырады.

12-14 сөз-«+»

11 сөз-«-»


(Жылдамдық)

1.Мәтінді оқушылар оқиды.

2. Берілген уақыт жұмысымен мәтіннен 14-тірек сөздерді есте сақтап дәптеріне жазады.

3. Ілінген тірек сөзбен сәйкес келуі тиіс.




III-кезең (Қ.Қ.С.)

Қарама-қарсы сұрақтар



1. Әр балаға сұрақты мұғалім дайындайды.

2. Уақытты белгілеп отырады

3. ООМ-толтырады.


(Оқу жылдамдығы)

1. Оқушылар жылдамдықпен сұраққа жауап береді.



IV-кезең

Бүгінгі сабақ бойынға тест сұрақтары.




1. Оқушылардың дайындаған тест сұрақтарын жылдамдықпен сұрайды.

2. ООМ-толтырады.



(Баланың өзіндік дамуы)

1. Сыныптағы I- нұсқадағы оқушылар II-нұсқада отырған оқушылар тест сұрақтарын қояды.

2. Тест сұрағы

(1-сұрақ 4-нұсқа)





Қарама-қарсы сұрақтар:

1. Жер тарихындағы барлық өзгерістер неше түрлі күш әсерінен туындаған? (2-түрлі. Ішкі күштер жинағын Эндогендік, сыртқы күштерді Экзогендік.)

2. Литосфера дегеніміз не? (Жердің қатты қабығы)

3. Жер қыртысы қандай тау жыныстарынан тұрады? (Олар қатты,аұйық, газ күйінде кездеседі. Гранит, құм, әктас,тұз, көмір, мұнай-тау. жын. Шөгінді т.ж, Метаморфтық т.ж, Магмалық т.ж)

4. Литосфера жердің қай бөлігін қамтиды? (Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін)

5. Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді? (Материктік және мұхиттық)

6. Материктік жер қыртысы түзіліп, құрлық қалай қалыптасқан? (Алдымен мұхит табанының жер қыртысы қалыптасқан. Жердің ішкі күштері әсерінен біртіндеп пайда болған жарылыстар бойымен магалық жыныстар жоғары көтеріліп, жер қыртысын қалыңдатады)

7. Геологиялық жыл санау дегеніміз не? (Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім)

8. Жердің жасы қалай есептелінеді? (Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап есептеледі. Яғни тау жыныстарының төмен жатқан қабатының жасы көне, үстіңгі қабаты астыңғысынан гөрі жас)

9. Геологиялық жыл санау қандай кесте арқылы жүзеге асады? (Геохронологиялық кесте. Грек тіл гео-жер, хронология-жыл санау мағына, бұл кесте жер қыртысының түзілгеннен бергі уақытымен қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығына сай құрылғандықтан төменгі жағынан жоғары қарай оқылады)

10. Эра дегеніміз не? (Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады)

11. Жердің даму тарихы неше эраға бөлінеді? (5-еу Архей, Протерозой, Палезой, Мезазой, Кайнезой)

12. Эра қандай қысқа уақыт аралықтарына бөлінеді? (Дәуірлерге)

13. Дәуірлерді ата? Кембри, Ордовик, Силур,Девон, Карбон, Пермь, Триас, Юра, Бор, Палеогендік, Неогендік, Төрттік немесе антропогендік)

14. Платформа мен плиталар жайлы не айтасыз? (7 ірі платф мен плит бар. Олар құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты материктік және мұхиттық плиталарға ажыратылады)

15. Аса ірі плиталарды ата? (Еуразиялық,Солтүстік Америкалық Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Тынық мұхиттық плиталар жатады)

16. Тынық мұхиттық плита қандай плита? (Мұхиттық плита)

17. Плиталардың шекаралары қандай аймақ болып табылады және неше қозғалыстың түрі бар? (Тектоникалық белсенді аймақ. 3 түрі бар, яғни ығысу, ажырау, жылжу қозғалыс түрлері айқын байқалады)

18. Плиталардың жылжуы мен жарылыстар қалай пайда болады? (Плиталардың жылжуы мантияның тығыздығы төмен, иілгіш жоғары қабатында жүреді. Мұндағы заттардың жоғары бағытталған қозғалыстары нәтижесінде жер қыртысында терең жарылыстар пайда болады)

19. Рифт дегеніміз не, олар қайда кездеседі? (Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстардың жиынтығы рифт деп аталады. Рифтер көбінесе мұхиттық плиталардың шеткі бөліктерінде сәйкес келеді. Мұндай аймақтар құрылықта да кездеседі)

20. Геосинклиналдар дегеніміз не? (Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері геосинклиналдар деп аталады)

21. Платформалар қалай құралады, олар нешеге бөлінеді? (Әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерін-платформалар құрайды. Олар ежелгі және жас платформалар болып бөлінеді)

22. Ежелгі платформалар дегеніміз не? (Аналық жыныстарының негізі архей-протерезой эраларында қалыптасқан құрылымдар ежелгі платф деп аталады.Оларға Шығыс Еуропа, Сібір, Арабия, Солтүстік Америка, Аустралия)

23. Жас платформалар дегеніміз не? (Палезой эрасында көтерілген жер қыртысының неғұрлым тұрақты бөліктері жас платформаларды құрайды. Оларға Батыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран)

24. Плита дегеніміз не? (Платформаларды әр түрлі шөгінді жыныстар жауып жатқан кішігірім бөлігін плита деп атайды)

25. Қазіргі жанартаулар орналасқан және жер сілкінулер жиі байқалатын ірі геосинклиналдық белдеулерді ата? (Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады)

26. Жер шарында неше сөнбеген жанартау бар? (800 астам сөнбеген)

27. Қалқан дегеніміз не? (Ежелге платформалардаң негізін құрайтын қатты кристалды жынымсьтардың жер бетіне ашық шығып жатқан бөлігі)

28. Қалқандардың абсалюттік жасы қанша жыл шамасында болады? (Жасы 3-308 млрд жыл шамасында болады)

29. Каледон қатпарлығында қандай тіршіліктің дамуы болды? (Өсімдіктердің құрлыққа шығуы. Папоротниктер плаундардың қаулап өсуі)

30. Ең ежелгі дәуір? (Архей)

Айнұр Жүнісова Бақтиярқызы

«№1 мектеп-гимназиясы» ММ география пәні мұғалімі. Сәтбаев қаласы
Сабақтың тақырыбы: Еуропа. Солтүстік және Батыс елдері.
Сабақтың түрі: «Ауызша сабақ» 3
Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Еуразия материгінің климаттық белдеулерінің ерекшеліктерін, материк климатына көршілес мұхиттардың әсер ету дәрежесін салыстыру.


Білімділік:

Биоақпараттандыру және синергетика қисын-сұрақ, проблемалық сұрақтар, оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, жүйелеу, өз бетімен еңбектену, іскерліктерін ойлау қабілетін, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, тапқырлыққа, белсенділікке, табандылыққа, тәрбиелеу.



Дамытушылық:

Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып биоинфарматика және синергетика технологиясы негізінде оқушылар сабақты құрастыруға қатысу арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.


Тәрбиелік:

Биоинфарматика және синергетика технологиясы негізінде оқушыларды білікті де білімді жеке тұлға болуына тәрбиелеу.

Жалпы сөздік қор: (5 минут уақыт)

Сабақтың бөлімдері:


  • Тақырыптық сөздік қор

  • Кілттік сөз

  • Қарама-қарсы сұрақтар

  • Идеялар жарысы



Қорытынды: Уақыт қалғанда оқушылар бір-бірімен талдау жасай отырып, мадақтайды.


Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі:

  • ООМ-орынға отырғызу матрицасы



Сыныпта 24-бала. 7-топ «Үштік» бойынша отырғызылады.
Қорытынды: «Сыншы» және «Ынталандырушы» сөйлейді.
Сыншы:

Сабақ бізге жақсы ұнады, Сабақ барысында біз көп жаңалықтармен білмейтін сұрағымызға жауап алдық.


Ынталандырушы: Әр сабақ біздің көңіл-күйімізді көтереді.

Сабағымыздағы сұрақ -жауабымызға біз қанағаттандық, шаршаған жоқпыз. Сабақ тез өтіп кетті. Батыс Еуропа мен Солтүстік Еуропаның арқасында Қазақстанның көп жерлеріне, экономикасына саяхат жасап келдік.





Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

I-кезең (К.С.)

Кілттік сөз




(Түсіндіру)

1.Мұғалім оқушыларға

кілттік сөзді іледі.

(21-кілттік сөз)

Оқушылар салыстырады.

ООМ-толтырады.

63%-100 сөз жазуы керек.

2.6-7 норма болған оқушы 1

баллдан алады.


(Ойлау, есте сақтау әрекеті)

1.Естесақтау. (30секунд)

2.Топпен жауап береді.

13-14 сөзге 9-10 балл

63%-көрсеткіш





II-кезең (Қ.Қ.С.)

Қарама-қарсы сұрақтар



(Салыстыра отыру)

1.Мұғалім 21-тірек сөзді іледі.

1. Еуропа

2. «Аяз атаның мекені»

3. Ла-Манш

4. Реактивті ұшақтар

5. Өнеркәсіп орталығы

6. Альпі


7. Су тасқыны

8. Бөгеттер

9. Электрондық техника

10. Кендер

11. Атлант

12. Мұз бен от елі

13. Еуро

14.Туристер

15.Фьорд

16.Лапландия

17.Су тасқыны

18.Норвегтер

19.Финдер

20.Қаржы


21.Гекла

2. ООМ-толтырады.

19-21 сөз- 3 балл»

18 сөз- 0 балл»



(Жылдамдық)

1.Мәтінді оқушылар оқиды.

2. Берілген уақыт жұмысымен мәтіннен 21-тірек сөздерді есте сақтап дәптеріне жазады.

3. Ілінген тірек сөзбен сәйкес келуі.



III-кезең (Қ.Қ.С.)

Қарама-қарсы сұрақтар



(жүйелеу мен жалпылау)

1.Неге? Қалай ойлайсыңдар? Не себепті? Не үшін? Нені нәтижесінде? Әр үштік бір-біріне сұрақ қояды.

2. ООМ-толтырады.


(Оқу жылдамдығы)

1.Оқушылар топ-топпен жылдамдықпен сұраққа жауап береді



IV-кезең

Идеялар, ситуациялық, проблемалық жарыстар



(Түзету мен рефлекяия)

1. Үштіктер тобы бір-біріне сұрақтар қояды.



(Түзету мен рефлекяия)

1. Үштіктер тобы бір-біріне қояды.

2. Оқушылар түсінбей қалған сұрақтарға өздері жауап береді.

3. Жеңімпаздар анықталады.

4.Сыншы, ынталандырушы қорытындылайды. (мадақтайды, марапаттайды)



Оқушылар топ-топқа бөлінеді:

  1. «Мықты» тобы: Неліктен географтар Скандинавия түбегін Финляндиялықтармен қоса Фенноскандия деп атаған? Және неліктен Дания жерінде халық тығыз қоныстанған?

Жауабы: Бұл елдердің барлығы Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауларында орналасқан. Сондықтан аймақтың табиғаты, халқының шаруашылық әрекеті мен тұрмыс-тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған. Солтүстік Еуропаның теңіз жағалауы мен Дания жерінде климат қолайлы болғандықтан халық тығыз қоныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген. Шалғын шөпті шұрайлы жеріне байланысты ірі қара мал мен қой өсіріледі.

  1. «Жомарт» тобы:Неге Фенноскандияның біраз бөлігі мен Исландия аралында халықтар сирек қоныстанған? Олардың өмірлері қандай шаруашылықпен тығыз байланысты? Және қазіргі кезде көп елдерді немен қамтамассыз етеді?

Жауабы: Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар, норвегтер мен шведтер, шығысында финдер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан. Норвегтердің тұрмысы теңізбен тығыз байланысты, ал халықтың өте сирек орналасуы мұнда ерекше ғана өзіне тән белгісі- сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуы салдарынан.

  1. «Қайсар» тобы:Батыс Еуропа Еуропаның қай бөлігінде орналасқан? Және Ұлыбритания мен Ирландия материгі қандай бұғаз арқылы бөлініп жатыр? Картадан қалай көрсетер едіңіз?

Жауабы: Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Белгия, Нидерландия, Аустрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді.

Ұлыбритания мен Ирландия мемлекеті Еуропадан Ла-Манш бұғазы арқылы бөлініп жатыр.



  1. «Жігерлі»: Еуропа елдері неше аймаққа топтастырылады? Қандай 4-аймаққа бөлінеді.

Жауабы: Еуропа елдері ежелден-ақ географиялық орны мен табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, төрт тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады. Олар: Солтүстік Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Еуропа.


  1. «Қуатты»:Осы топтастырылған аймақтағы елдердің табиғат жағдайы мен шаруашылығының қандай ерекшеліктеріне негізделген?

Жауабы: Қазіргі кезде Еуропа елдерінің мәдени, шаруашылық байланыстары одан әрі нығаюда. Еуропалық Одақтың құрамына кіретін елдерде ортақ ақша (еуро) енгізілген, ал тұрғындары бір елден екінші елге еркін өтіп, саяхат жасауына мүмкіндік алған.
6. «Қайратты»: Неліктен Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінің жағалауы өте күшті тілімденген, неліктен фьордтар көп, кездеседі? Және осы аймақтың солтүстік аймағын неге «Аяз Атаның мекені» деп аталады?

Жауабы: Мұнда мұз басу дәуірі кезінде өзіне тән жер бедері қалыптсқан. Таулар мен жазықтықтардың беті мұз басу әсерінен өте қатты тілімденген.

Қысы қатал болатын Лапландияны дүние жүзі халықтары «Аяз Атаның мекені» деп атаған.


Мұғалімнің қосар сөзі: Ал, Исландия аралының өзіне тән ерекше белгісі-сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуы. Сондықтан да Исландия «мұз бен от елі» деп атаған.


  1. «Күшті»: Алғашқы ірі өнекәсіп орталықтары қай аймақтарда мықты дамыған? Қазіргі кезде бұл елдер дүние жүзіне несімен әйгілі?

Жауабы: Батыс Еуропада адамзат тарихындағы алғашқы ірі өнеркәсіп орталықтары пайда болған, сондықтан аймақта орналасқан елдерде өнеркәсіп күшті дамыған.

-Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын реактивті ұшақтар, автомабильдер («Мерседес», «Рено», «Ауди», «Пежо») күрделі электрондық техника компьютерлер, есептегіш құралдар, дүние жүзіне әйгілі.

- Швецарияда жасалатын сағаттар өте дәлдігімен, сапалығымен аса жоғары бағаланады.
Мұғалім: Батыс Еуропа банктерінде әлемнің көптеген елдерінің ақша қаржысы мен алтындары сақтаулы.
IV. Идеялар жарысы немесе проблемалық сұрақтар, ситуациялық сұрақтар? (Әр топ өздеріне сұрақтар қояды.)

Мысалы:

1. «Мықты Батыс Еропа елдерінің табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштерін көріп, тамашалау үшін жанға жайлы табиғатының аясында емделіп, демалу үшін бұл аймаққа жыл сайын әлемнің көптеген елдерімен миллиондаған туристер мен демалушылар ағылады?

-Егер, осындай миллиондаған туристер біздің елімізге келді сіз не істер едіңіз? Қандай тарихи-мәдени ескерткіштерін көрсетер едіңіз?



Жауабы:

-Қазақстанның ең көрікті жерлері, демалыс орындары, туристер көп келетін аудандар Шыңғыстауын, Толағай тауын, Көкшетаудың Оқжетпес шоқысы, табиғаттың керемет бір көрінісі биші қайыңды көрсетер едім, Түркістандағы Қожа ахмет Ясуидің кесенесін, Қызылордадағы Қорқыт Ата кесенесін көрсетер едім, Қарқаралының Шайтанкөлін.

- Біздің өңірімізге келетін болсақ, қандай жерді көрсетер едіңіз? Үш бидің басын қосқан Улытауды, Алашахан, Жошы хан, Домбауыл кесенесін көрсетер едім.


4.«Жігерлі» Батыс Еуропада-дүние жүзіндегі ең жоғары дамыған елдердің шоғырланған аймағы. Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың басым көпшілігі қалаларда тұрады. Халықтың ұлттық құрамы да күрделі.

- Қазақстанда халық санын көбейту керек деп айтып жатыр. Егер көбейген күнде, біздің Қазақстанымызда да мысалы: ұлттық құрамымыз көп, бізде де 130 астам ұлт өкілдері егер Қазақстанда халық Батыс Еуропадағыдай халқымыз тығыз қоныстанса не істер едіңіздер?

Жауабы: Жылдан-жылға біздің Қазақстанымыз дамып, гүлденіп келе жатыремес пе?. 2030 жылға дейін халыққты 25 млн санына жеткізу Н.Ә.Назарбаевтың сөзінде. 2030 жылға дейін жалпы шаруашылықтың жаңа салаларын дамыта отыруымыз керек. Соған байланысты осы саланы дамыту үшін, маман кадрлар дайындайтын Институттар мен Университеттер және Ғылыми зерттеу орталықтарын ашар едік. Өйткені білімсіз өнеркәсіп көздерін кім басқарады, оны кім ашады. Әрине біздер.

Қорытынды: Сыншы және ынталандырушы сөйлейді.
Сыншы: Сабақ бізге жақсы ұнады, Сабақ барысында біз көп жаңалықтармен білмейтін сұрағымызға жауап алдық.
Ынталандырушы: Әр сабақ біздің көңіл-күйімізді көтереді. Сабағымыздағы сұрақ -жауабымызға біз қанағаттандық, шаршаған жоқпыз. Сабақ тез өтіп кетті. Батыс Еуропа мен Солтүстік Еуропаның арқасында Қазақстанның көп жерлеріне, экономикасына саяхат жасап келдік.

Айнұр Жүнісова Бақтиярқызы

«№1 мектеп-гимназиясы» ММ география пәні мұғалімі. Сәтбаев қаласы
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америка.Зерттелу тарихы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың түрі: Белгілі, Арнайы, Жаңа (БАЖ) картасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Оңтүстік Американың географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру. Оңтүстік Америка материгінің зерттелу ерекшелігін, қасиеттерін, даму ерекшеліктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту.
Оқушылардың ақпаратты білу біліктілігін, ақпараттармен жұмыс жүргізу, керекті ақпаратты мақсатты түрде таңдау
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жаңа білімді игеруге жағдай туғызылады, оқушының зейінін, жылдамдығын есте сақтау қабілетін дамыту. Аймақтағы жер қойнауы мен пайдалы қазбаларын, аймақтарда өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері жайлы меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Білімге құштарлығын, дүние танымдылық көзқарасын, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып биоинфарматика және синергетика технологиясы негізінде оқушылар сабақты құрастыруға қатысу арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Биоинфарматика және синергетика технологиясы негізінде оқушыларды зерттеушілік ісіне баулу жүзеге асырылады.
Міндеттері:


  • оқу материалын жоғары деңгейде меңгерту;

  • логикалық,сыни тұрғысынан және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту;

  • жазу техникасын,жылдамдығын дамыту:

Үстеме мақсат: білім сапасын 63%-ға жеткізу.
-Белгілі-тақырып туралы білгенін жазу
-Арнайы-терминдерді, даталарды, формулаларды, түсініктерді, ережелерді, анықтамаларды жазу.
-Жаңа-алғашқы естіп, білгені туралы жазу.

I-кезең

Арнайы сөздік қор алынады. Алдыңғы екі-үш тарау бойынша.


Оқушыларды ООМ бойынша бағалап отырады.


А Ә Б В Г Д

1

2
3


4


















































































Белгілі

Арнайы

Жаңа

Тақырып туралы білгенін жазу



Терминдерді, даталарды, формулаларды, түсініктерді, ережелерді, анықтамаларды жазу.

Алғашқы естіп білгенін жазу.

1. Арнайы сөздік қор 63%

2. «Арнайы» 63%

3. «Жаңа» 63%

4. «Белгілі» 63%


I-кезең С.Қ

Өткен тақырыптар бойынша сөздік қор жазу




(Түсіндіру)

1. ООМ-толтырады.

63-100 сөз жазуы керек.


(Жылдамдық, Ойлау)

1. Сөздік қорын жазады.



II-кезең «Арнайы»

Мұғалім лекция оқиды

(10 минут)


(Салыстру)

1.Мұғалім лекция оқиды

(10 минут)

2. ООМ бойынша мұғалім өзінің сөздерімен салыстыра отырып бағалайды.

«Арнайы» кезеңінің уақыты өткенде мұғалім өзінің арнайы сөздерін іледі.


(Салыстру)

1. Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, тақырыптан арнайы

сөздерді жазады.

Мысалы: ЭльНиньо, Патагония, Туантепек, Планктон, Атамака, Панама, Суық ағыс, Жылы ағыс.



III-кезең «Жаңа»

1. Мұғалім мәтінді ары қарай жалғастырып тағы 10-минут оқиды.

2. ООМ-толтырады.

3. Тағы мұғалім оқушыларды ООМ бойынша бағалаған соң өз сөзін іледі. (Оқушылар салысытырып жазады.)


(Зейін қоып тыңдау)

1. Оқушылар өздеріне мәтіннен жаңадан білген сөздерін жазады.

Мысалы: Эскимостар, Инктер, Резервация, Индоевропа, «Кіші Енеция»


IV-кезең

«Белгілі»



1. Мұғалім тағы 10-минут мәтінді жалғастыра оқиды.

2. ООМ бойынша бағалап.

3. Бағаланып болған соң мұғалім тақтаға немесе интерактивті тақтаға өзінің сөзін көрсетеді.

(Оқушылар салыстырады.)



(Білдім)

1. Оқушылар тыңдап өздері мәтіннен, бүгінгі тақырыптан білген, үйренген сөздерді теріп жазады.

Мысалы: Валдес. Эстарийлық, Ла-Плата, Боливия, Саларесс, Пуна.


Жалпы Америка-батыс шардағы екі құрылықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрылықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағы басқа жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы, ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрылықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Индия аралдары Оңтүстік Америкаға жатады.

Оңтүстік жарты шар материктері деп аталатын Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Антарктика ұзақ уақыт бойы ежелгі Гондвана материгінің құрамында болған. Литосфералық плиталардың қозғалысы нәтижесінде Гондана Оңтүстік Америка, Африка-Арабия, Үндістан, Аустралия-Антарктика плиталарына ажырады. Бұлардың арасын Тетис теңзі бөліп тұрған еді. Қазіргі уақытта ажырау аумағының нәтижесінде Атлант және Үнді мұхиттарының табаны ашылды.

Қазіргі кезде Оңтүстік Америка материгінің солтүстігі мен Африка жерінің жартысынан астамы солтүстік жарты шарда орналасқан. Соған қарамастан олар геологиялық даму тарихы мен табиғат жағдайларының ортақ белгілеріне сәйкес оңтүстік жарты шар материктері тобына кіреді. Сондықтан материктердің географиялық орынындағы қазіргі айырмашылықтарға қарамастан табиғат жағдайлары ұқсас болып келеді.

Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшеліктеріне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп атайды. Материк пішіні солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан ұшбұрышқа ұқсайды. Ең енді жері 50 о.е. бойына сәйкес келеді. Жағалаулары көпшілік бөлігінде тік жартасты, онша тілімденбеген болып келеді. Тек ірі жазықтар ұласып жататын жағалауларында ғана оңтүстікке қарай шағын шығанақтар орналасқан. Материк жағалауларына жақын маңда аралдар аз, тек оңтүстік-батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі. Аралдардың ең ірісі-Магеллан бұғазы арқылы материктен бөлініп жатқан Отты Жер аралы.

Материктер жағалауындағы мұхиттар. Материктің батысын Тынық мұхит, ал шығыс жағалауларын Атлант мұхитының сулары шайып жатыр. Оңтүстік Америка жағалауларында материк қайран және енсіз, әсіресе Тынық мұхит жағалауларында бірден терең шұңғымалар басталады. Олар Тынық мұхиттық литосфералық плитасының майысып, Оңтүстік Америка плитасының астына енуінен қалыптасқан. Материктің солтүстік жағалауын Атлант мұхитының Кариб теңізі шайып жатыр.

Батыста аса биік Анд тауларының орналасуына байланысты Тынық мұхитының материк табиғатына тигізетін әсері онша емес. Материктің экватордан солтүстікке қарай жатқан бөлігінде жағалауға бағытталған жылы ағыстар жүйесі тау етектеріне мол ылғал әкеледі. Қоңыржай ендік пен экватор аралығындағы Перуана суық ылғал ағысы бойлай өтетін жағалау бөліктерінде жаңбыр өте сирек болады, осында атақты Атамака шөлі орналасқан.

Әрбір 10-12 жылда Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі желдер бағытының өзгеруінен Перуана суық ағысы жағалаудан ашық мұхитқа қарай ығысады. Соның нәтижесінде Әль-Ниньо жылы ағысы қалыптасады. Ол ағыстың әсері 18 айға дейін байқалып, жағалаудың ауа райына үлкен өзгеріс әкеледі. Беткі су жылынып, судағы оттегі мөлшері азаяды. Соның әсерінен планктонның өнімділігі төмендейді.

Материк табиғатына Атлант мұхитының әсері де күшті: дүние жүзіндегі ең ылғалды материк болып есептелетін Оңтүстік Америка ылғалдың басым бөлігін Атлант мұхитынан алады. Бұл материктің шығысында жер бедерінің біршама еңіс болуымен және жағалау бойымен жылы ағыстардың күрделі жүйесі өтуімен байланысты. Тек қиыр оңтүстік-шығысындағы Фолленд суық ағысының ықпалында болатын Патогония жері құрғақ болып келеді.

Оңтүстік Американың ашылу зерттелу тарихы Солтүстік Америка материгімен тығыз байланысты Солтүстік Американың солтүстік шығыс жағалауы мен Гренландия аралын алғаш рет 900 жылдар шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылдары Христофор Колумб ашты. Бұл дүниенің жаңа бөлігі Италия теңізшісі Америго Веспучидің есімімен аталды. Ол батыс жарты шардағы Христофор Колумбтың ашқан жерлері бұрын белгісіз болып келген дүниенің жаңа бөлігі екендігі туралы алғаш пікір айтты. Христофор Колумб ашқанға дейін Американың байырғы халқы көптеген үндіс тайпалары мен эскимостардан ғана тұратын. Х.Колумб Америкаға төрт рет саяхат жасады. Колумб алғашқы екі саяхатында Орталық Американың аралдарын, Саргасс теңізін ашса, үшінші саяхаты барысында 1498жылдың тамыз айында тұңғыш рет Оңт Америкадағы Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Колумб өзінің жаңа материк ашқанын білместен, ғұмырының соңына дейін Үндістанға баратын батыс жолды таптым деп есептеген. Соның нәтижесінде Американың байырғы халқын үндістер деп атап кетті. Х.Колумбтан кейін материкке қадам басқан саяхатшы Америго Веспуччи болды. Ол 1499ж бірінші саяхатында Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан. Қайтар жолындағы үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып, оған «Кіші Венеция» яғни Венесуэла деген ат берген. Веспучи өзінің екінші саяхаты барысында 1501 жылы Бразилия жағалауына жеткен. Жағалау бойымен жүзіп, өзенді қаңтар айында сағасына жеткен өзенге саяхатшылар «Қаңтар өзені» испанша Рио-де Жанейро деген ат берді. Веспучи өзі жүзіп өткен жерлердің табиғаты мен халқының саны тұрмыс-тіршілігін суреттеп жазған. Колумб үндістанға баратын жолды аштым деп есептегендіктен, жаңа дүние бөлігін ашу құрметіне А.Веспуччи ие болды.

Жаңа ашылған жерлерге байлық іздеген испан және португал басқыншылары ағыла бастады. Олардың шапқыншылық әрекеті нәтижесінде Оңтүстік Американың сол кездің өзінде жоғары дамыған Инктер мемлекеті жойылып, жергілікті халқы аяусыз қырғынға ұшыратылып, байлықтары тоналды. Оңтүстік Америка ұзақ уақыт бойы Испания мен Португалияның отары болуына байланысты саяхаттар көбінесе жаңа жерлерді жаулап алу мақсатында жүргізілді.

XVI ғасырдың басында Жер шарын айнала жүзген саяхаты кезінде Фернан Магеллан Оңт Американың жағалауын бойлай жүзген.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында неміс географ-ғалымы Александр Гумбольдт француз ботанигі Бонпланмен бірге Оңт Америка табиғатын зерттеп, алғашқы геологиялық картасын жасаған; батыс жағалауындағы мұхит ағыстарын сипаттаған. А.Гумбольдт Анд тауларын зерттеу нәтижесінде биіктік белдеулік заңдылығын негіздеген. Ғалым Оңтүстік Америка табиғатын зерттеу нәтижесінде 30 томнан аса еңбек жазып қалдырған.

Американың қазіргі халқы бұрынғы европалықтардың ұрпақтарынан және құл ретінде әкелінген Африкалықтар мен жергілікті үндістердің араласуынан пайда болған. Американың халқы антропологиялық жағынан әр түрлі. Онда адамзаттың белгілі үш нәсілінің өкілдері ( европеоид, монголоид, экваторлық негр-австралоид ) араласып кеткен. Оңтүстік Американың бірқатар аудандарында (Боливия, Венесуэла, Колумбия, Экуадор, Перу, Бразилия, Мексика, т.б) сақталған. АҚШ-та, Канадада және т.б елдерде үндістер арнаулы резервацияларға қуылған. Америка халқының басым көпшілігі индоевропа отбасы тілдерінде сөйлейді. Америкада ағылшын тілі басым. Америкада-50 ел бар, 26-сы тәуелсіздік алған мемлекеттер, 24-і отарлар.2-ші дүние жүзілік соғыстан кейін Американың саяси картасында біраз өзгерістер пайда болды. Халықтық революцияның жеңуі нәтижесінде Америкада тұңғыш Социялистық мемлекет-Куба пайда болды. Америкада саяси суверенді жаңа мемлекеттер:Гаяна, Ямайка, Тринидад, Тобаго, Барбадос құрылды.

Оңтүстік Америка-картоп, қызанақ, жүгерінің отаны болып табылады.

Оңт Америкада әлі де адам аяғы баспаған, табиғаты зерттелмеген, құпияға толы аудандар жеткілікті. Амазонияның мүлгіген жасыл ну ормандары, Анд тауларының асқар шыңдары, бай жануарлар дүниесі әлі де өз зерттеушілерін күтеді.
Оңтүстік Америка жерінің ауданы аралдарымен қосып есептеенде 18,3 млн км2, үлкендігі жөнінен 4 орынды алады.


  • Мұнда жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен Амазонка орналасқан, оның жылдық ағыны 7000 км2, су жинау албының ауданы 7 км2 асады.

  • Материктің солтүстіігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама-Анхель орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады. Венесуэлада Ориноко өзенінің бойында орналасқан.

  • Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі-Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км2, тереңдігі 304 м. Анд тауы- ежелгі инктер тілінде «мысты таулар» деп аталған.

  • Оңт Америка- Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк, жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр.

  • Әлемдегі аса ірі тау жүйесі Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау болып табылады. Ұзындығы 9000 км-ден асатын Анд Сол Америкадағы Кордильераның жалғасы болып табылады.

  • Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жерінде ұзындығы 320км, ені 220км болатын дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы-Ла-Плата орналасқан.

  • Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі-Аконкагуаның биіктігі 6960м, ал Валдес түбегінде материктің ең төмен жатқан нүктесі (40м) орналасқан.

  • Жер шарындағы аса ірі ойпаттардың бірі-Амазонка ойпаты.

Анд тауының орталық бөлігіне тау аралық үстірттер тән болады, оларды жергілікті халық пуна деп атайды. Үстірттердің бетін қиыршық тастар мен қорымдар, тұзды батпақтар (саларес) алып жатыр. Мұнда тау түзілу әлі де күшті жүріп жатыр, оған күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары, терең жарылыстардың болуы дәлел болады. 1970 жылы Перуде болған жер сілкінуде 70 мың адам қаза тауып, 600 мыңнан астам адам баспанасыз қалған. Мундай апатты құбылыстар әрбір 10-15 жылда қайталанады.

Оңтүстік Америка жері пайдалы қазбаларға өте бай. Шығыстағы таулы үстірттердің қойнауларында темір, марганец, уран кендері, никель, алмас пен алтынның , алюминий шикізаты-бокситтің, ал ойпаттарда мұнай, табиғи газ, тас көмірдің ірі кен орындары бар.

Анд тауларында жарылыстар бойымен магманың сыртқы төгілуінен пайда болған мыс, қалайы, қорғасын, мырыш, күміс кен орындары мен асыл тастардың аса бай көздері кездеседі. Боливия жеріндегі әйгілі қалайы белдеуі солтүстіктен оңтүстікке 940 км-ге созылып жатыр.



Оңтүстік Американың қазба байлықтарын ұзақ уақыт бойы Еуропа елдері мен АҚШ жыртқыштықпен пйдаланып келеді. Қазіргі кезде материктің тәуелсіздік алған елдері табиғат байлықтарын экономиканы дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында игеруде.
Каталог: uploads -> 2018 -> post01
post01 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
post01 -> Кіріспе Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды
post01 -> Оқу ісінің меңгерушісі 2014 ж Пән аты: Информатика
post01 -> Шаян көп салалы лицей жалпы орта мектебі
post01 -> «Доптар мектебі» Білім беру саласы
post01 -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
post01 -> «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады»
post01 -> Кайып Акбота Баймураткызы Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет