Айнұр тұрсынбаева- сан қырлы өнер иесі еділбаева Г. Б., Нұқсанқызы Ү



жүктеу 86.87 Kb.
Дата19.10.2017
өлшемі86.87 Kb.



АЙНҰР ТҰРСЫНБАЕВА- САН ҚЫРЛЫ ӨНЕР ИЕСІ

Еділбаева Г.Б., Нұқсанқызы Ү.
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі.Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.

Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар, айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.Ақындар айтысында жаттама өлеңдер аз болады. Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы,ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз айту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады.Майталман а



Все права защищены.

При использовании материалов Lite.BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт Lite.BNews.kz обязательна.

При использовании материалов Lite.BNews.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта Lite.BNews.kz «lite.bnews.kz».
қынның жарыста таныла бастаған балаң ақынмен, ұлғайған ақынның жас қыз, келі



Все права защищены.

При использовании материалов Lite.BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт Lite.BNews.kz обязательна.

При использовании материалов Lite.BNews.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта Lite.BNews.kz «lite.bnews.kz».
ншекпен айтысуы, сөзбен сілкілесуі шам емес. Қазақ ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған әйгілі ақындар аз емес. Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен Тәбия сияқты ақындар – топтан озған жүйріктер. Осындай аяулы өнер иелерін халық қатты ардақтаған.

Театр актерлеріндей олар сан алуан құбылыс жасайды.Тарихта аты мәлім қазақ ақындарының көпшілігі осы айтыс өлеңдерінде тәрбиеленіп өсті. Айтыс – ақындық тәрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде оның ақындық өнері шыңдала береді. Ақындар шаршы топ алдында сарапқа, сынға түскендіктен, сөзінің мазмұны мен көркемдік жақтарына зер салады. Айтыс жырларындағы үздік образ, шешен сөздер осы айтыс үстінде туған.

Қазіргі заман айтысы да ерекше сипатта деп айтуға болады. Бастауларын тереңнен алып отырған айтысымыз,төл өнеріміз жоғалып барып елімен қайта қауышты.Тәуелсіздігімізді алып, гүлденіп, өркен жайып, енді қанат қағып көк аспанда еркін қалықтаған шағымызда айтысымыздан айырылсақ, әрине,елдігімізге, еркіндігімізге үлкен сын болар еді.Зайырлы, бейбіт ел болғалы жиырма жыл өтті. Біраз жылдай айтысымыз көгілдір экраннан көп көрсетілмей, ақындар айтысы республикамызда көп ұйымдастырылмай кеткен еді. Ал қазір құдайға шүкір Нұр Отанның араласуымен,билік басындағы ағаларымыздың жасаған жақсылықтарының арқасында қайта табыстық. Республикамыздың түкпір-түкпірінде сөз сайысымыз жиі-жиі өткізіліп жүр. Қазіргі кезде айтысымыз еркіндік алды деп айтуға болады.Тілін қару етіп ел намысын қорғап жүрген ақын- жастарымыз да қаншама! Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев, Сара Тоқтамысова, Әсем Ережеқызы, Жандарбек Бұлғақов, Балғынбек Имашов сияқты талантты жандар қаншама.

Айтыста ақынды жынысына қарай емес, таланты мен сөзіне қарай бағалайды. Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі – оған көптеген әйел ақындар қатынасқан. Қазақ қызының қолынан келмейтін дүние жоқ шығар, сірә. Бүгінгі таңда нәзік жанды әйелдер шаңырақтағы ынтымақ пен берекенің ұйытқысы болып қана қоймай, ел игілігі, халық мүддесі жолында аянбай қызмет етіп жүр. Олар қандай құрметке де, қандай марапатқа да лайық. Сондай, отбасының ғана емес, елі, жұртына, халқына қалаулы жандардың бірі – белгілі айтыскер, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Айнұр Тұрсынбаева. Шәріпжамал,Айсұлу,Ырысжан апаларының ізін жалғап сөзді қару етіп келе жатқан айтыскер ақын қыздарымыз қаншама. Солардың бірі әрі бірегейі, ойы жүйрік, сөзге шешен, тапқыр ақын- Айнұр Тұрсынбаева.Талай-талай шаршы топта елді аузына қаратып, қарсыластарын шаң қаптырып жүр. Айнұр Тұрсынбаева (1977 ж.туылған, Семей облысы, Ақсуат ауданы Көкжыра ауылы) –айтыскер ақын.



Онжылдық мектепті 1994 ж. Мойынқұм ауданында бітірген. Айтыс өнерінде алғаш 1991ж. Қайрат Рұсқұлбековке арналған облысаралық ақындар сайысында көзге түсті.Төле бидің 330 жылдық мерейтойында жүлделі екінші орынды жеңіп алды.1994 ж.Семейде Абайға арналған мектеп оқушылырының айтысында бас жүлдесін алып Абайдың 150 жылдық мерейтойында өткен республикалық ақындар айтысының да жүлдегері (7 орын) болған жас талант. Жамбылдың туғанына 150 жыл толуына арналған ақындардың республикалық айтысында 2-орынды иеленді. Айнұр Тұрсынбаева тек өзіне ғана тән сыпайы ойын асықпай, жұмсақ қоңыр үнімен тыңдаушының көкірегіне сәуле құярлық етіп, толғантып-тебірентіп жеткізеді. Кейінгі жылдардағы айтыста талай бас жүлдені жеңіп алды. Қазіргі таңда екі баланың анасы, адал жар, отбасының ұйытқысы болып отырған Айнұр ақын 34 көліктің иесі атанып отыр.Бұның барлығы айтыс сахнасында жүрген жиырма жылдың еңбегі. Талай -талай шетелдерге шығып қазақ деген елді мойындатқызған еді.Ең алғаш 14 жасында мектеп қабырғасында жүргенде айтысқа қатысып, ең соңғы орынды иеленгенін бір сөзінде айтқан еді. Дәл сол күнгі жеңіліс оған өмір бойғы жеңіс сыйлады деп айтуға болады.Өз-өзін қамшылап еңбектенді.Сол еңбегінің тәтті жемісін бүгінде ел боп көрудеміз.”Елдің жүгін ер көтереді” демекші, елі ардақтаған аяулы қызы болды. Айнұр айтысқа шығады дегенді естіген халық әр сөзін бағып ұйып тыңдайды.Салмақтап айтқан әр сөзі, әр қалжыңы елді қуанышқа бөлейді.Уытты қалжыңдарымен қарсыласын қорқытуға тырысатын.

Мысалы, Әбілхайыр:

Тұр екен алдағандай бағың күліп,

Көңілде кетті жырың сағындырып.

Қыз Жібектей көрікті жан екенсің,

Алғандай сұлулыққа малындырып, - деп мақтағанына қайтарған жауабы:

Ойымды менде ақтармын,

Ағайын құлақ түргесін.

Айнұрды саған қарату,

Ойына ,аға,кірмесін.

Сұлуға мені баладың,

Қадірімді білгесін.

Мақтасаң мақта бірақ та,

Қызғанып жеңгем жүрмесін, - дейді.

Ал бірде Айтақын Бұлғақыппен айтысында Айтақын:

Негірмен негір қосылса,

Қара бала туады.

Шалапайдан білесің

Шала бала туады.

Бақсыға Айнұр қосылса

Дара бала туады,

Дана бала туады,

Жаңа бала туады.

Екеумізден білесің

Дүлдүл бала туады,

Құстың да тілін білетін

Жынның да тілін білетін

Білгір бала туады, - дейді.

Сонда Айнұр:

Ақжайықта жайын көп

Солтүстікте қайың көп.

Азаматта ақыл көп

Бақсыдан бала туам деп,

Батпаққа батар жайым жоқ.

Сүйсініп халық тыңдайтын

Ақын ем аузы дуалы,

Жақсы боп туса келіншек,

Әкенің жолын қуады.

Туғызам деп Айнұрды,

Айтағам белін буады.

Опырмай,мынандай жындыдан

Қай оңған бала туады? - деп жауап қайтарады.

Все права защищены.

При использовании материалов Lite.BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт Lite.BNews.kz обязательна.

При использовании материалов Lite.BNews.kz:

- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;

- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта Lite.BNews.kz «lite.bnews.kz».

Айнұрдың әр айтқан сөзінде терең мағына жатыр.Ойы жүйрік,сөзге тапқыр ақын қыз қалжың мен шындықты араластырып саяси тақырыптарда сөз қозғайтын.Көбіне халықтың көкейінде жүрген мәселелерге бағытталатын.Билік басындағы көкелеріміздің “бармақ басты,көз қысты” әрекеттерін де сынға алып отырды.”Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады”,”шындық қашанда ащы”,”от ауызды ақын” отты жырларымен тастың майын ағызатын.Ол патриот- ақын,ол ұлтжанды- ақын.

Тоқтықта аштық боларын,

Түсіндік өмір парқынан.

Көңіліңді көтерем дегендей

Шырқатады халқым ән.

Қиындық түссе басыңа,

Жасыма,елім,жасыма!

Отыз күн оразаның да

Бір айты болар артынан,- деп еліне күш-жігер берсе,ал бірде:

Жалынды өлең күтсең елім менен,

Жырлайын мен Қайратты сенімменен

Жалындап жиырма бірге толғанында,

Қоштасып кете барды-ау өмірменен.

Жүрегі жараланған жас ару мен,

Қызғалдақ қанша қалды терілмеген.

Қанша сөз өзіменен бірге кетті

Қаптағы дән сияқты себілмеген, - деп күйінеді.

Айнұрдың сөзге жүйріктілік, ойға тапқырлық, ұстамдылық, мейірімділік, сабырлылық сияқты толып жатқан жақсы қасиеттерді бір бойына жинауымен қатар,ол ер азаматтарға деген құрметі,оларды сыйлайтын қасиеті тағы бар.Мысалы тағы бір жолғы айтысында былай деген:

Армысың,Алатауым,асқарларым,

Ел-жұрты есенбісің,Астананың?

Мен бүгін пейліңнен шабыт алсам,

Елжіреп,мейілінше мас боламын.

Армысың Әбілхайыр -ақын жігіт,

Сенің де жарқырасын баста бағың.

Айбынды өзіңіздей азаматқа,

Мен қатты сөйлеуден де жасқанамын.

Азаннан кешке дейін бір жігіттің,

Күзетіп үйрендік- қой қас- қабағын.

Енді мына өлең жолдарынан оның “ қазақ ” деп соққан жүрегін көруімізге болады:

Оныңыз рас жан-жақтан,

Ағылып жатыр оралман.

Қосылып жатыр азық боп,

Рухымызға тоналған.

Жаңғыртып жатыр бәрі де,

Салт-дәстүрімді жоғалған.

Барлығы келсе ойлармыз

Айрылмаспыз деп тоғаннан,

Шет жақта туыс қалмаса,

Сынықтай болып жоғалған.

Бас қоссақ дейміз бауырмен,

Сол ғана боп тұр мол арман.

Жалпы Айнұр сан қырлы,”сегіз қырлы,бір сырлы” жан. Сахнада өнер иесі,құдіретті ақын болса, күнделікті өмірде қарапайым адам.Отбасында қазақы келін,тамақ дайындау,үй шаруасымен айналысу ол үшін жат қылық емес.Ата-анасына ибалы келін атанса,ұл-қызына мейірімді ана.Бұл бір қыры десек,оның әнге сөз жазатындығы,жазба ақын екендігі тағы бір қыры.Айнұр сөзін жазған әндердің барлығы дерлік кең таралып,халықтан өз бағасын алып жүр.Бәрі Қазақстанның халық жұлдыздары орындауында елге танымал.

Ал Айнұр Тұрсынбаеваның ән айтатын қырын біреу білсе, біреу білмейді.2010 жылы ”Екі жұлдыз ”жобасына қатысып, әнші Дастан Оразбековпен бірге дуэт құрған болатын. Сондай-ақ бұл ақын қыздың журналистика мамандығын бітіргендігін айтпауға тағы болмас.

Қорыта айтсақ, осындай өнерлі ақындарымыз көп болсын, өнерді бағалайтын халық аман болсын. ”Қолда барда алтынның қадірі жоқ” дегендей, барымызды бағалай білейік, ағайын!

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. .Сәбит Мұқанов «Халық мұрасы» , Алматы, 1974

  2. .Қазіргі Айтыс- екінші кітап. Астана, 2006

  3. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. Алматы, 1976

  4. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия.-Алматы,1990.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет