Ақжона ауылдық округі әкімінің есебі бюджет. 2017 жылы «Ақжона ауылдық округі әкімінің аппараты»



жүктеу 29.99 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі29.99 Kb.

АҚЖОНА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Бюджет. 2017 жылы «Ақжона ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджеттен 31,9 млн теңге бөлініп, жыл қорытындысы бойынша 100 пайызға игерілді.

Округ бойынша жиналуға тиісті салық түрлері бойынша жоспарда 1,2 млн теңге болса жыл аяғында 1,5 млн теңге жиналып 121 пайызға орындалды.

Өткен жылғы округ әкімінің есепті кездесуінде тұрғындар тарапынан 1 ұсыныс-пікір түсіп, шешімін тапты.

Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. 2017 жылы аз қамтамасыз етілген отбасылардың 267 баласына 636,7 мың теңге жәрдемақы төленді. Округ бойынша 29 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде білім саласына – 16 адам, округ әкімдігіне 3 адам, шаруа қожалыққа 1 адам, «Арал-Сарыбұлақ» су тарату бекетіне 1 адам алынды. Маусымдық жұмысқа 8 адам, 20 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылса, жастар тәжірибесіне 7 адам жіберілді.

Сонымен қатар, 2017 жылы 15 желтоқсанда Майдакөл ауылындағы №98 орта мектеп жанынан 20 балаға арналған «Ер Тарғын» шағын орталығы ашылып, 8 адам жұмысқа қабылданды.



Кәсіпкерлік. Ауылдық округте 4 азық-түлік және тұрмыстық заттар дүкені бар. Сонымен қатар 3 кәсіпкер жолаушы тасымалымен, 1 кәсіпкер байланыс қызметімен, 1 кәсіпкер тігін тігумен, 1 кәсіпкер шаштараз, 9 кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады. 1 егін және мал шаруашылығына арналған кооператив бар.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында бірінші бағыты шеңберінде Қазалы көлік-техникалық колледжіне «дәнекерлекші» мамандығы бойынша 1 адам оқуға жіберілді. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасына 2 адам оқытылып, несие алуға құжаттарын рәсімдеуде. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде жастар тәжірибесіне 7 адам, қоғамдық жұмыстарға 20 адам жіберілді.



Ауылшаруашылығы. Округ бойынша 808 бас мүйізді ірі қара, 305 бас жылқы, 7 бас түйе, 1644 бас уақ мал және 250 құс есепке алынды. Халық иелігіндегі барлық мал басы бірдейлендіріліп, компьютерлік базаға енгізілген.

Құрылыс. 2017 жылы округ бойынша 8 жеке тұрғын үй жаңадан салынды. 2017 жылы типтік жобадағы 200 орындық мектеп ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Көркейту-көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары бойынша ауылдық округте санитарлық тазарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Орталықтағы 5,2 га жерге егілген 3227 түп көлеңкелі ағаш күтімге алынды.

Сондай-ақ, ауылдық округті көркейту мақсатында жергілікті салық түсімдерінің есебінен жиналған қаржыға Майдакөл ауылының шығыс беткейінің кіре берісіне бас қақпа орнату, Майдакөл ауылы көшелерін светодиодпен (әртүрлі жарық шамдарымен әрлеу) абаттандыру жұмыстары жүргізілді.



Көше жарықтандыру жұмыстары бойынша ауыл орталығындағы 4 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылған. Алдағы уақытта І.Қалниязов көшесін жарықтандыру жұмыстары жоспарланып отыр.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет. Округтегі №98 орта мектепте 174 оқушы білім алуда. 2016-2017 оқу жылында 11 оқушы бітіріп, 2 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, жоғарғы оқу орнына түсті.7-і арнаулы оқу орнында түссе, 1-еуі жұмыс жасауда.

Ақжона ауылдық округінде Майдакөл ауылдық фельдшерлік-акушерлік функті жұмыс жасайды.

Ауылдық клубта жыл ішінде 28 мәдени іс-шара, оның ішінде 2 аудандық, 1 аймақтық байқау өткізілді. Ауылдық әкімшілік ғимаратында орналасқан кітапханада 22 131 кітап қоры бар. Оқырмандар саны 621 адам.

Биылғы жылы округтегі көше атауларына қайта атау беру туралы Қазастан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес ауылдық округтегі 4 көшеге қайта атау берілді.



Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылыққа қарсы күрес. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты жыл басында іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес өз деңгейінде жұмыстар атқарылды. 2017 жылы ауыл әкімінің 126 өкімі, 11 шешімі қабылданып, 94 нотариаттық іс жүргізілді.

Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:

- Ауыл орталығын абаттандырып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу;

- Мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру, ауыл тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіру және олардың несие алуына жәрдемдесе отырып кәсіпкерлік дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу;

- Майдакөл ауылындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстарын толық аяқтау;

- Майдакөл ауылының автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет