Қазақстанда жастарға өз идеяларын жүзеге асыру үшін миллион теңге ала алуына мүмкіндік беретін жоба іске қосылды. Бұл бағдарлама жайлы мәдениет және ақпарат министрлігі нақтылап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров жобаның уақытша жұмыссыз жүрген жастарға арналғанын айтады.

“Бұл жұмыспен қамту және білім беру салаларынан тыс, уақытша жұмыссыз, білім беру ұйымдарында оқымайтын, кәсіптік даярлықтан немесе қайта даярлаудан өтпеген жастар”, – деп түсіндіреді ол.

Zhas project қатысушылары жергілікті қоғамдастықтардың мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларға конкурстық негізде 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар ала алады. Қаржыландыруды алу үшін қатысушылар мынадай талаптарға сәйкес келуі керек:

  • Қазақстандықтар отбасын құрмас бұрын арнайы курс оқиды — Заң жобасы
  • Қазақстанда 1 наурыздан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ: Шарттары белгілі болды
  • Қазақстан азаматы болуы;
  • жасы – 18 жастан 35 жасқа дейін (34 жас – қоса алғанда);
  • өтініш берген кезде өңірде тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуы;
  • өтініш беру кезінде уақытша жұмыссыз жастар мәртебесінде болуы.

Конкурс 25 наурызда басталады. Өтініштер 24 сәуірде сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 15 мамырда жарияланады.

Жобаға барлығы 360 миллион теңге бөлінген, оның 280 миллион теңгесін қатысушылар алады. Қалған сома, шенеуніктің айтуынша, түсіндіру жұмыстарына жұмсалады.

Бұған дейін Ұлытау облысында көмекке мұқтаж азаматтарға бөлінген қаражатты қалтасына басқан шенеуніктің сотталғаны хабарланған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.