Қайта өрлеу дәуірі Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы



жүктеу 109.17 Kb.
Дата29.04.2018
өлшемі109.17 Kb.

Қайта өрлеу дәуірі

Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы

Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодалдық құрылыспен алмасуына алып келді. Ол, алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте қүлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодалдық құрылыстың негізіне феодалдардың, дін иелерінің жерге жекеменшігі кірді. Феодалдық қүрьглыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батыс еуропалық қоғам өмірінде ерекше рөл атқарды. Шіркеу бұқара халықты басып - жаншуды жақтап отырды.

Католиктік дін иелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке. Монастырлардың жанында монастырлық мектептер, шіркеулерде — приходтьщ мектептер ашьщды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды даярлады. Бүл мектептердің мүғалімдері — монахтар мен дін иелері ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында төрбиеледі, оларды оқуға және жазуға үйретті, олар үшін жат латын тілінде оқытты, қүдайға қүлшылық ету латын тілінде жүргізідді. Мүнда оқыту өте қиын, әрі үзақ болды. Балаларға үлгермегені және аз-кем тәртіпті бүзғаны үшін өте ауыр дене жазасын беріп отырды.

Епископ соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық немесе собор мектептері жұмыс істеді. Бұл мектептерде "жеті еркін өнер" деп аталатын пәндер жүргізілді: грамматика, риторика (шешендік өнері), диалектика (діни философияньщ алғашқы негіздері), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Собор мектептерінде жоғары лауазымды дін иелері даярланды.

Феодалдар (рыцарлар) ерекше тәрбие мен білім алды, олар жеті "рыцарлық қасиеттерді" меңгерді: атқа міне білу, суға жүзу, найзаласу, садақ ата білу, аңшылық, шахмет ойнай білу, өлең шығару және орындай білу. Оқып, жаза білу міндетті болмады. Феодалдардың қыздары білімді үйде және әйелдер монастырларында алды, оларды діни рухта тәрбиеледі, оқуға, жазуға және қолөнеріне үйретті.

XII- XIII ғ. Батыс Еуропада қолөнердің, сауданың дамуы жөне қаланың өсуі, негізінен мәдениеттің пайда болуына көмектесті. Қалалықтар феодалдық езгіге және католиктік шіркеуге қарсы күресті.

Қалаларда қолөнершілер өз балалары үшін цехтық мектептер аша бастады, ал купецтер — гильдейлік мектептер үйымдастырды. Қала халқының күшімен ашылған бұл мектептерде ана тілінде оқуға, санауға жөне жазуға ерекше мән берілді. Ал мектептерде дін үстемдік ете алмады. Цехтық және гильдейлік мектептер кейін қалалық бастауыш мектептерге айналды, оқыту саласында шіркеудің үстемдігін әлсіретті және бұзды.
Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика мен мектеп

XIV - XVI ғасыр тарихқа Қайта өрлеу дәуірі деген атаумен енген болатын. Бұл кезең феодалдық қоғамның ішінде өндірісті капиталистік тәсілінің алғашқы қауымдарының пайда болуымен мануфактураның сауданың дамуымен, сол кездегі прогрессивтік таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады, ол ертедегі дүние мәдениетінің жаңғыруымен, оның ішінде грек мәдениетінің өрлеу кезеңімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынмен дамуына мүмкіншілік жасады.

Қайта өрлеу дәуірі кезінде өмір туралы діни түсініктерге қарсы жер бетінде көңілді өмірге адам құқығын жариялады. XIV — XVI ғ.ғ. мәдениетте ең негізгі көңіл бөлінген мөселе адам болғандықтан, ол гуманистік деп аталды (латын тілінен аударғанда humanus - адамды сүю деген мағынаны білдіреді).

Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді. Гуманистердің жариялаған "адамға табынуы", адамды сүюі, қастерлеуі тек үстем таптың өкілдеріне ғана кеңінен тарады және бұқара халықтың өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар мен жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды.

Педагогтар-гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды төрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектесті, оларды терең біліммен қаруландырды.

Гуманистердің айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты сынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке түлға ретінде сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және балалардың ақыл-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар ұсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады.

Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, жағырафия, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы, Индияға теңіз жолын ашу т.б. ұлы жаңалықтармен ерекшеленеді.

Әртүрлі елдерде Қайта өрлеу дәуірі кезінде педагогикалық ой-пікір әрқилы дамыды, өр елдің дамуының ерекше белгілерін бейнеледі.



Витторина да-Фельтре

Италияда антикалық философияның белгілі білгірі, гуманист Витторина да-Фельтре (1378 — 1446) "Қуаныш үйі" деп аталатын мектеп ұйымдастырды. Бүл мектепті ұйымдастырудың негізіне гуманистік педагогиканың қағидалары жатқызылды. Мектеп тамаша сарайда, табиғат аясында ашылды. Ғимараттың барлығы мектептің қажеті үшін, Виттаринаның айтуынша, арнайы қайта жабдықталған болатын. Орта ғасырлық мектептерден айырмашылығы жаңа мектепте жарық пен ауа көп болды. Әсіресе, оқушылардың дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Оқытудың негізгі пәндері болып табылатын классикалық тілдер және классикалық әдебиет басты назарда тұрды, балалар математикамен, астрономиямен айналысты, табиғатқа саяхат жасады. Балалардың ойындарына, дене және рухани күштерін дамытуға көңіл бөлінді. Барлық балаларға тегіне қарамастан, әкелік қамқорлық жасалды. "Қуаныш үйі" үстем тап өкілдерінің балаларына арналғанмен, онда аз мөлшерде болса да, кедей балалары оқып, білім алды. Гуманизм идеялары Италиядан Францияға енді.



Франсуа Рабле

Қайта өрлеу дөуірі педагогикалық ой-пікірінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, француз жазушысы-гуманисі Франсуа Рабле (1494 - 1553) болды. Өзінің белгілі "Гаргантюа және Пантагрюль" атты романыңда ортағасырлық схоластикалық тәрбиені қатты сынға алды және оған бала үшін тәртіппен ойластырылған гуманистік тәрбиені, жан-жақты білім беруді, өз бетімен ойлауды дамытуды, шығармашылықты жөне белсенділікті қарсы қоя білді.

Рабле романда король қалай өз баласы Гаргантюаны тәрбиелеу үшін ғалым-схоластыларды шақырғандығы, олар баласына бөрін жаттауды талап еткендігін әңгімелейді. Од мүмкіншілігі келгенше кейбір схоластикалық кітаптарды басьшан аяғьша дейін, одан керісінше айтьш беру салдарынан ештеңе де білмей шыққандығы айтылады.

Содан кейін әкесі схоласт-мүғалімдерді қуып жіберіп, орнына гуманист-мүғалімдерді шақырады, олар біршама өзгерістер енгізеді. Гаргантюа көп уақытын дене жаттығуларына арнады, ғылымдарды дұрыс және бірізді оқып-үйренді. Гаргантюа табиғатты бақылай бастады, табиғатқа серуенге шығып, өсімдіктерді жинап, гербарий жасады; астрономияны, аспандағы жүлдыздарды бақылау арқылы зерттеді. Оқу үрдісі өңгіме, кітаптарды оқу, көрнекі қүралдарды пайдалану арқылы жүргізідді. Гаргантюа бірнеше саздық аспаптарды ойнай білуді жөне ән салуды үйренді. Білімді меңгеру саналы іске асты. Рабле оқытудың көрнекілік идеясын жақтаушылардың бірі болды. Ол оқытуды қоршаған ортадағы шындықпен байланыстыру туралы кеңестер берді.


Томас Мор

Адамзат рухының қайта өрлеуінің тамаша көрінісі болып табылатын жас ұрпақты еңбек іс-әрекеті үрдісіңде тәрбиелеу туралы ойды алғаш рет айтқан ағылшын ойшылы-гуманисі Томас Мор (1478 - 1535) болды. Ол білім беру теориясын еңбекпен байланыстыру идеясын ұсынды. Томас Мор өзінің белгілі "Мемлекеттің дұрыс құрылысы туралы және жаңа Қиял аралы туралы Алтын кітабында" (1516) еуропалық ойшылдардың ішінде алғаш рет екі негізгі және маңызды қағиданы ұсынды: адамзат қоғамының көркеюі үшін өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар мен жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды.

Педагогтар-гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды төрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектесті, оларды терең біліммен қаруландырды.

Гуманистердің айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы менгеруін қамтамасыз ету қажеттшігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты сынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке тұлға ретінде сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және балалардың ақьш-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар үсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады.

Қайта өрлеу дәуіріңде математика, астрономия, механика, жағырафия, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы, Индияға теңіз жолын ашу т.б. ұлы жаңалықтармен ерекшеленеді.

"Барлық ерлер мен әйелдердің бір ғана ортақ ісі бар, -деп жазды Т.Мор,- ол жер шаруашылығы, одан ешкім де бас тарта алмайды. Оған балалық кезеңнен бастап оқиды, кейбіреулері мектепте теорияны меңгеру барысыңда қалаға жақын далада ойнау үшін шығады, онда олар көріп қана қоймайды, сонымен қатар дене жаттығулары арқылы жұмыс істейді".

Мордың замандастарына өте маңызды идея болғаны балаларды тек қана ана тілінде оқыту, алынатын білімнің негізінен ғылыми-жаратылыстану мазмұны туралы. Мор дене тәрбиесіне ерекше мән берді, ол дене төрбиесінің афиналық жүйесін үстанды. Өте қызықты әрі прогрессивті идеяларды үсынуда өз замандастарынан көш ілгері болды. Атап айтсақ, оқыту үрдісінде көрнекілікті қолдану және барлық ересектер үшін олардың айналысатын кәсібіне қарамастан, әруақытта да өзіндік білім алуын жетілдіріп отыру идеяларын күн тәртібіне қойды.

Томазо Кампанелла

Томазо Кампанелланың педагогикалық идеялары оның "Күннің қаласы" деп аталатын еңбегінде айқын байқалады, бұл еңбек белгілі дәрежеде оған дейінгі ойшылдардың, ойшыл-гуманистердің, оның ішінде Томас Мордың идеяларын одан әрі дамыту болып табылады.

"Күннің қаласы" — бүл мемлекет қиял мемлекеті сияқты қоғамдық қағидалар негізінде қүрылған, міндетті жөне жалпыға бірдей еңбекке, азаматтарға ғылым және өнермен айналысуға барлық мүмкіншіліктер жасалған.

Кампанелла Морға қарағанда жетілген қоғамда бала тәрбиелеу жүйесін толық қарастырды. Оның айтуынша, мемлекет жұбайларды іріктерде де бақылау жасап отыруы керек, оның мақсаты "ерлер мен әйелдердің үйлесуі дұрыс тұқым беруі керек" деген қағиданы үстанды.

Кампанелла 2 жастан бастап балаларға қоғамдық тәрбие берілуі керектігін ал 3 жастан бастап дұрыс сөйлей білуге және әліппеге үйрету қажеттігін, көрнекілікті кеңінен қолдануды үсынды. Осы жас кезінен бастап балалардың күшейтілген дене тәрбиесін беру, 8 жастан бастап, әр түрлі ғылым негіздерін жүйелі меңгертуді жон санады. Ғылым негіздерін меңгеруді әртүрлі шеберханаларға қатысумен үштастыру, тәрбиеленушілерге техникалық білім беру үшін және болашақ мамандықты саналы таңдай білу мүмкіншіліктері үшін қажеттігін атап отті. 12 жастан азаматтарға әскери дайындықты бастау керектігі, оның жынысына қарамастан, соғыс бола қалған жағдайда әйелдер оздерінщ балаларымен қатыса білуі қажеттігін атап корсетті.

Алғашқы социалист-утопистердің педагогикалық идеялары прогрессивті педагогикалық теориялардың одан әрі қалыптасуына елеулі әсер етті.



Жоспары
Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы

Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика мен мектеп

Витторина да-Фельтре

Франсуа Рабле

Томас Мор

Томазо Кампанелла

Пайдаланған әдебиеттер

1. История педагогики. Под.ред.Пискунова А.И. М.: ТЦ "Сфера", 1997.



2. Константинов Н.А. и др. История педагогики. Учебник для студентов пед.институтов. М., "Просвещение", 1974.

3. Бержанов Қ.Б., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы: "Мектеп", 1984.

4. Константинов Н.А. История педагогики. - М.: Просвещение,1982.



5. Латышина Д.И. История педагогики.- М.: Форум,1998.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет