«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»



жүктеу 42.04 Kb.
Дата01.09.2018
өлшемі42.04 Kb.

«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты





1.

Билік органы

Аудан және Петропавл қлаласы әкімдерінің аппараты

2.

Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру

1.Мемлекеттік корпорация

2.Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО



3.

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлға

4.

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

құжаттарды тапсырған кезден бастап:
      көрсетілетін қызметті берушіде немесе Мемлекеттік корпорацияға - 1 жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
     құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 күні, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады

5.

Төлем

Ақылы/тегін

6.

Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

      1) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тегін көрсетіледі.
      2) қайтыс болу туралы актіге өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілуіне байланысты куәлікті бергені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады

7.

Құжаттар тізбесі

      1) нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініші (бұдан әрі - өтініш);
      2) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат немесе қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;
      3) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын куәлігі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;
      5) қайтыс болу туралы акт жазбасының тіркелмегені туралы қайтыс болған адамның қайтыс болған жері мен тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органның анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдарды қоспағанда).
      Қайтыс болу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) нысандағы өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
      2) қайтыс болу туралы куәлік, куәліктің түпнұсқасы жоғалып қалған жағдайда – қайтыс болғанын тіркеу туралы анықтама;
      3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;
      4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат;
      5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш жасаған кезде нотариатта куәландырылған сенімхат.      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды табыстау кезінде:
      1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінде қағаз түрінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      2) Мемлекеттік корпорацияда: сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттарды беру күні, уақыты және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты , көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі

8.

Өтініштер үлгісі




9.

Корсетілетін қызмет нәтижелері

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайтыс болу туралы қайталама куәлік

10.

Бас тарту үшін негіз

құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады

11.

Шағым жасау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі

12.

Консультация

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Каталог: sites -> sko.gov.kz -> uploads -> docs -> gos usl mio -> pasp kaz
pasp kaz -> «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
pasp kaz -> «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
pasp kaz -> «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»
pasp kaz -> «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
pasp kaz -> «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты
pasp kaz -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»
pasp kaz -> «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
pasp kaz -> «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
pasp kaz -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты
pasp kaz -> Билік органы СҚО табиғат ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет