Грекия құрамасы Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы ойнайтын ойыншылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Грекия футбол федерациясы
Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамды жариялады. Ұлттар лигасы аясында өтетін матчта Грекия құрамасы төмендегідей құрамда өнер көрсетеді:
Қақпашылар: Георгиос Афанасиадис, Александрос Пасхалакис, Сократис Диудис, Одиссей Влаходимос;
Қорғаушылар: Пантелис Хацидиакос, Константинос Кулиеракис, Константинос Мавропанос, Панайотис Ретсос, Георгиос Цавелас, Джордж Бэлдок, Лазарос Рота, Манолис Салиакас, Костас Цимикас;
Жартылай қорғаушылар: Анастасио Бакасетас, Андреас Бухалакис, Димитриос Курбелис, Петрос Мандалос, Манолис Сиопис, Зека, Анастасиос Хацигиованис, Яннис Константелиас, Георгиос Масурас, Димитриос Пелкас, Христос Цолис;
Шабуылшылар: Георгиос Гиакумакис, Фотис Иоаннидис, Вангелис Павлидис.
Айта кетейік, Қазақстан мен Грекия құрамасы арасындағы ойын 21 наурыз күні, Афины қаласындағы “OPAP Arena” стадионында өтеді.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.