Instagram желісінде iPhone 15 телефонын 7 метр тереңдіктегі су астына құлатып алып, оны қайта алу үшін сүңгуір жалдаған ер адамның видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото желі кадрларынан скринделген

Желі жазбаларында ер адамның Қапшағайға балық аулауға шыққаны айтылған. Алайда кейін абайсызда iPhone 15 pro Max телефонын су астына түсіріп алған. Телефон мұз басқан судың тереңіне түскеніне қарамастан толықтай жұмыс істеп тұрған. Сонымен қатар мұз астына түсіп тәуекелге барған сүңгуірге 80 мың теңге төленгені де айтылған. 

Видеоны көрген желі қолданушылар сүңгуір мен ер адамның бұл әрекетін қызу талқылады. 

“Қайдағы бір телефон үшін өз өмірін қатерге тікені несі", "Мұндай телефонды балық аулауға неге апарған. Ақшасы бар болса мұндай жерге қарапайымын сатып алсын", "Сүңгуірге төлеп, көп ақша шығарғысы келген", "Әзіл шығар, телефон үшін бе? Адамдарға не болған?!” “Бір пластик үшін денсаулығын қатерге тігіп”, – деп сынады көпшілік.

  • Қазақ тілін түсінетін ит желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

  • Әйел күйеуінің туыстарының үйіндегі күтпеген қонаққа ашуланып ажырасуға арыз жазған

Енді бірі бұған әзілмен жауап берді.

"Еуропада, Израильде, Америкада үйсіздер осындай iPhone-мен жүреді",  “Бәлкім бұл азаматтың телефонында ақшасы мен сүйіктілерінің номері қалып қойған шығар", "Бұл телефонда білуге болмайтын құпия болуы мүмкін", — деді желі қолданушылары.

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Петропавловск Казахстан СКО (@sko_kz)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.