Акционерлік қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын



жүктеу 27.61 Kb.
Дата06.05.2019
өлшемі27.61 Kb.

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 11:46:24
«Акционерлік қоғамның қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын

бұқаралық ақпарат құралдары және оларға қойылатын талаптар туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу

мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 311 Қаулысы

 

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң Басқармасы ҚУЛЫ ЕТЕДI:



1. Акционерлік қоғамдар өз қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн мерзiмдi баспасөз басылымдарын және (немесе) Интернет желiсiндегi WEB-сайттарды пайдаланды.

2. Акционерлік қоғамдардың өз қызметi туралы ақпаратты жария етуi кемiнде он бес мың дана таралыммен шығарылатын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жүзеге асырылады.

3. Акционерлік қоғам Интернет желiсiнде ақпаратты жария етуi үшiн қоғамның өзiнiң WEB-сайтын не өзге WEB-сайтты пайдалана алады. WEB-сайттың серверi өткiзгiштiк қабiлетi 512 Kbit/sec кем емес болатын байланыс арнасы бойынша Интернет желiсiне қосылуы тиiс. Интернет желiсiне қосылу үшiн деректердi беру жылдамдығы 32 Kbit/sec болатын байланыс арнасын пайдаланатын Интернет желiсi пайдаланушының WEB-сайттың кез келген парағын iске қосу уақыты парақты графикамен және басқа да элементтермен толтыруына қарай 10 секундтан кем болмауы тиiс.

WEB-сайтта жарияланымдарды орналастыру уақыты бiр айдан кем емес болуы тиiс. WEB-сайтта жарияланымдарды орналастыру күнi мен уақыты көрсетiлуi тиiс.

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.



5. Осы қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi өздерiнiң хабарлары мен мiндеттi түрде жариялауға жататын басқа ақпаратын жариялау үшiн пайдалануы тиiс баспасөз басылымдарының таралым мөлшерiне және тарату аймақтары бойынша қойылатын талаптар туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 414 қаулысының Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу Тiзiлiмiнде № 2626 тiркелген, 2003 жылғы 15-31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" № 26 (274) журналында жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

6. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеу шараларын қолға алсын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

7. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) қабылданған шешiм туралы ақпаратты Агенттiктiң баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

 

Төраға

Б. Жәмішев

 


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет