Акимова Гулшат Амановна С. Оразалин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әйтеке би ауданы



жүктеу 43.36 Kb.
Дата15.11.2017
өлшемі43.36 Kb.
түріСабақ

Акимова Гулшат Амановна

С.Оразалин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Әйтеке би ауданы

С
Гулшат Акимова

С. Оразалин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Әйтеке би ауданы
абақтың тақырыбы: И.Байзақов «Алтай»


Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Иса Байзақовтың өмір жолынан

мәлімет беру. Алтай өлеңінің

мазмұнын ашып түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Алтай жерінің сұлу табиғатын, кен

байлықтарын және ақын өлеңіндегі

бейнелеуіш сөздермен түсіндіру

Дамытушылық: Мәнерлеп оқуға машықтандыра

отырып, өлеңді талдай білу дағдыларын,

сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,

туған жер табиғатына деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Алтай тауының суреті, сызба –

кесте, автор портреті, интерактивті тақта, слайдтар

Формасы: Жекелей, фронтальды

Сабақтың түрі: Поэзия сағаты

Әдіс – тәсілдер: тренинг, талдау – жинақтау, шығармашылық,сөздік жұмысы,

өздік жұмыстар, топтастыру

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі, математика

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі: «Психологиялық тренинг» слайд -3

II. Сабаққа әзірлеу эмоциясы:Сабақ эпиграфын айту:

Ұқыпты – ұтар, Іздеген – табар,

Оқыған – озар, Еріншек - тозар

III. Үй тапсырмасын сұрау: С.Мұқанов Көкшенің кеудесінде - Түсінгендерін сұрау

IY. Үй тапсырмасын бекіту: слайд - 4



  • Жазушы Көкше табиғатын қалай суреттеген?

  • Осы мәтінді ауыз әдебиет үлгісіне жатқызуға болама?

  • Мәтін авторы кім?

  • Сәбит Мұқанов туралы не білеміз?

Y. Жаңа сабаққа дайындық эмоциясы: - Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

«Табиғат – туған үйіміз» деген үлкен тараудың шығармаларының бірі И.Байзақовтың Алтай өлеңін өтетінімізді хабарлай отырып, ақынның қысқаша өмір баянымен таныстыру.

Байзақов Иса (слайд – 5)- (1900- 1946 ж) Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында туған.

Қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор.

Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітіргенЕңбек Қызыл Ту орденінің иегері.

YI. Жаңа сабақ «Ассоциациялық аймақ құру» слайд - 6



  • Тау деген сөзді естігенде алдымен ойларыңа не келеді? слайд - 7

  • Тау суретін көрсету слайд – 8

  • Алтай тауы туралы қысқаша мәлімет беру:Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөлне дейін жан-жаққа таралған. Алтай таулары 4 мемелекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан обылысы), Монғолия (Моңғол Алтайы — Баян-Өлгей аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы]]), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің Алтай аймағы).

Оқушылардың іздену жұмыстары тыңдалады. «Қазақстан таулары»

Оқулықпен жұмыс: - мұғалімнің оқуы; - оқушыларға тізбектей оқыту; - өлеңді талдау

Сөздік жұмысы : аясында – бауырында, құшағында
қиясында – биігінде
өршіл – биікке құмар
күйік – мұң, қайғы
Шығармашылық жұмыс: Өлең ішінен тау сұлулығын бейнелейтін эпитеттік бейнелеуіш сөз тіркестерін тауып, дәптерге жазу

Талдау жұмысы: Өлең бойынша шумақ, тармақ сандарын анықтау

Тез, ойлан: (Өлең бойынша сұрақ – жауап):

  1. Ақын таудың ең биік төбесін неге теңейді?

  2. Опалған бұлтты кімге және неге теңейді?

  3. Ақшақарды неге теңейді?

  4. Тау сұлулығын кімге теңейді?

  5. Тауды көргенде адамның көңіл – күйі қандай сезімде болады?

  6. Алтайдың биіктігі туралы ақын не дейді?

  7. Алтай жерінен қандай кендер шығады?

  8. Алтай аясын қандай аңдар мен хайуанаттар мекендейді?

9.Күзде тау да қандай өзгеріс болады?

Рефлексия:Мен қандаймын?

Өзіңізге ұнайтын тау жануарларынан үш жануарды жазыңыз.

Жауабы: 1. Ортада сізді солай қабылдайды


  1. Басқалардың сіз туралы ойы

3. Сенің өзің туралы ойың

Өздік жұмыс:

  1. Алтай тауының әсемдігі (Жібектей бұлт, сұлудай торғын киген, ақша қары ақ күмістей)

2.Алтай тауының биіктігі (өршіл биік, бұлттан өзге қона алмаған, бұлт жете

алмаған)
3.Алтайдың аңдары ( киік, арқар, таутеке)

4.Алтайдың кен байлығы (күміс, алтын, мырыш)

YII. Бекіту:Жұмбақ шешу, мақал – мәтелді жазу



Ой – толғау

Мен, Алтай өлеңін оқып отырып біздің елімізде Алтай тауының бар екенін білдім. Ол тау өте биік, әдемі тау екенін байқадым. Таудың сұлулығы таң қалдырды. Тау алқабында аю, қабылан, елік сияқты аңдар мекендейді екен. Алтай жерінен алтын, күміс шығатынын білдім. Осындай байлықты мен мақтан етемін. Туған жеріміздің табиғатын әрқашан қорғап, қамқорлық жасауымыз керек.



YIII. Үйге тапсырма:

  • Өлеңді жаттау

  • Ақтөбе облысындағы таулар туралы мәлімет жинап, жазу

IX. Бағалау

Бүгінгі күнім менің – дей отырып, балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңемекпін. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарың үшін сендерге мынадай «Шуақты күн» төсбелгісін сыйлаймын.Мадақтау, мақтау
Каталог: 2014
2014 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы
2014 -> Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек
2014 -> Бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк
2014 -> Ќазаќстан Республикасы Спорт жјне дене шыныќтыру
2014 -> Қазақстан республикасының


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет