Актуальные проблемы совершенствования инвестиционной деятельности



жүктеу 61.78 Kb.
Дата26.10.2017
өлшемі61.78 Kb.

Э.ғ.к., доцент Пралиева С.Ж.

Айткулова А.Н.,

«Қаржы» мамандығы,1-курс

«Тұран» Университеті


ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ
РАЗВИТИЕ ИНВЕСТИЦИОННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ НА ФИНАНСОВОМ РЫНКЕ КАЗАХСТАНА

DEVELOPMENT OF INVESTMENT ACTIVITY IN THE

FINANCIAL MARKETS OF KAZAKHSTAN
Кілт сөздер: өндірістік экспорт, еңбек өнімділігі, инвестицияның салалық құрылымы, мемлекеттік-жеке серіктестік, меншік инвестицияларының үлесі, инвесторлардың мүдделері.

Аннотация

Қазақстан қаржы нарығындағы инвестициялық қызметті жетілдірудің басты себептері мен алғы шарттары қарастырылған. Инвестициялық қызметті жетілдірудің жаңа стратегиясын жасау және экономиканың өңдеуші салаларындағы инвестициялық қызметтің нақты даму жағдайына байланысты талдау жасалынып, негізгі себептері айқындалған.
Аннотация

Рассмотрены причины и предпосылки коренного изменения условий инвестиционной деятельности в финансовом рынке. Показано системное несовершенство существующих научных основ инвестиционной деятельности в условиях глобального кризиса. Проведен анализ специфических условий и основных проблем инвестиционной деятельности в Республике Казахстан.


Annotation

Reasons and pre-conditions of native change of terms of investment activity are considered in a financial market. System imperfection of existent scientific bases of investment activity is shown in the conditions of global crisis. Suggestions are set forth on perfection of strategy and methods of investment activity in Республи

Бүгінгі таңда «мемлекетте және жеке тұлғаларда қашанда төлеуге болатын барлық мүмкіндікті жоғарылату деңгейлі қарыздармен оңтайлы жұмысқа тырысады, қарызға қызмет ету экономикалық артықшылықтың басым бөлігін тамамдайды, корпоративті пайда, жылжымайтын мүлікке рента, базалық тұтынушылардан жоғары жеке табыс және әлеуметтік шығындар деңгейіне қажетті минималды жоғары мемлекеттік табыс».

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту, қайта құру немесе өндірістердің экспортқа бағыттылығын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістерді құру арқылы орта және ірі бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары болып табылады. Орта және ірі бизнес халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыс істейтін қызметкерлердін санын арттыруға айтарлықтай әсер етеді. [1].

Шетел инвестициясының басым бөлігі шикізат секторына құйылғандығы мәлім. Қазақстан экономикасы импроттан экпорттың өсуіне негізделгеді, сыртқы сауда айналымының өсуі, бір жағынан көмірсулардың және басқа да шикізат тауарларының экпортынан болса, екінші жағынан мемлекет тұрғындарын қамтамасыз етуге қажетті барлық тауарлардың импортынан болып отыр.

Германияда жүргізіліп жатқан жаңғыртудың бұл ресурстарды жұмылдыру және оларды капиталды қажетсінетін жобаларға шоғырландыру. Осы мақсатпен инвестициялық банкілерді өндірістік кәсіпорындармен қаржы-өнеркәсіптік топтарға біріктірді. Үш ірі топтың басында ұлттық банктер – DeutschBank, DresdenBank AG тұр. Осындай өнеркәсіптік концерндердің өндірстік қызметі негізінен жоғары технологияларды қолдану негізінде ірі және жаппай өндіріс дамыған экономиканың бір ірі саласын немесе кіші саласын қамтиды.[2]

Сонымен, 2012 жылы жалпы ішкі өнімде өңдеуші өнеркәсіптің үлесі төмен қалып, тәуелсіздік жылдарындағы машина жасау саласындағы жұмысшылардың саны 350 мыңнан 17 мың адамға қысқарды. Барлық өнеркәсіп өндірісіндегі машина жасау өнімінің көлемі – 15%-дан 3,5%-ға дейін төмендеді. Қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындары еңбек өнімділігінің деңгейі төмендігімен сипатталады. Дамыған елдердің көрсеткіштерінен үш-төрт ретке төмен, өндіріс құралдарының тозығы 70% құрайды.[2]

Маңызды ауытқулар тек инвестицияның салалық құрылымынан, тек Қазақстанның шикізат және өндеуші секторының арасында ғана емес, сондай-ақ ірі, орта және шағын бизнес арасында да байқалады.

Қазақстан жалпы ішкі өнімі құрылымындағы ірі бизнес үлесі 2012-2013 жылдары тұрақты түрде жоғары: мұндай кәсіпорындардың басым бөлігі резидент еместерге жатады. Тау-кен өнеркәсібі және металлургияның ірі компанияларының басым бөлігі жалпы ішкі өнімнің 22% құрайды, олар трансұлттық корпорациялардың бөлімшелері, немесе резидент еместердің ұзақ мерзімді келісімде отырады, немесе акциялардың бақылау пакеті шетелдік мемлекеттердің азаматтарына тиесілі болып келеді. Осы ірі компаниялар шетел инвестицияларын тартады. Осыдан Қазақстандық корпорациялардың жалпы сыртқы қарызының динамикасы және мөлшерінің өскенін көреміз. Қазақстан үшін «елден тыс жерлерде экономикалық шешімдерді қабылдаудың орталықтарын таратпау» сипатты.

«Өнімділік-2020» бағдарламасын қолданушыларының пайымдауынша, Қазақстан экономикасындағы мемлекеттік кәсіпорындардың үлесі «тиімділігі аз және рентабельділігі төмен» деп анықталған.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;
экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте қаржы ұйымдарының қаражатын тарту;өнеркәсіп кәсіпорындарының, бірінші кезекте орта және ірі бизнестің қаржы-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделген.

Қазақстандық өсуге әлеуеті бар орташа компаниялардың көп бөлігі капитал нарығына рұқсаты жоқ, қаржыландыруда едәір қиындықтарды басынан кешіріп отыр. Қазақстандық қор биржасының (KASE) мәліметтері бойынша листингтік талаптарға сәйкес барлық орта және ірі компаниялардан 15-20 % аспайды; 2008 жылы 144 листингтік компания болды; 2011 жылдың мамыр айының басында олар 108 болды; Лондон биржаларында жалпы алғанда 41 компания жұмысын атқарды. Қазақстан қор биржасында (KASE) «В» листингіндегі компаниялардың бағалы қағаздары өтімсіз деп саналады. 2012 жылдың І жарты жылдығында Қазақстандық компаниялардың негізгі капиталға салған инвестицияларының көлемі 2 триллионнан астам теңгені құрады, ол 3,1% өткен жылға қарағандакөп; сонда да Қазақстандық кәсіпорындар негізгі капиталға меншік инвестицияларының үлесін едәуір ұлғайтты, ал керісінше сыртқы инвестициялар қысқарды.

Экономиканың жалпы өнімділігі оның айтарлықтай деңгейде бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын фактор болып табылады. Ғылымды көп қажетсінетін өнімді шығаратын өңдеуші салалар кәсіпорындары үлесінің ұлғаюы экономикадағы еңбек өнімділігінің деңгейін едәуір арттырады. Сондықтан да мемлекетке оның өнімділігін арттыруды ынталандыру, инновациялық әзірлемелерді ендіру, қазіргі заманғы басқару технологияларын ендіру және жалпы кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңғырту өмірлік маңызды. Бүгінгі күні бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және сөзсіз, қазіргі заманғы басқару технологияларын енгізу бірінші дәрежелі міндет болып табылады.[3]

Қазақстанда соңғы жылдары инвестициялық қызметті жетілдіру бойынша бірқатар шаралар қабылдады, олар келесідей:

- «Өнімділік-2020» Бағдарламасы, оның шеңберінде 200 өнеркәсіптік кәсіпорынға техникалық аудит жүргізілді және техникалық қайта қарулануына және бизнес-жоспарларды жаңартуға гранттар бөлінген;

- мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖС) дамытуы бойынша Бағдарлама, оның шеңберінде Қазақстандағы МЖС мемлекеттік қолдау шараларының кешені жасалған және «Жаңа мемлекеттік-жеке серіктестік нысанын енгізу және олардың қолдану салаларын кеңейту қажеттілігін қанағаттандыру;

- «Халықтық IPO» бағдарламасы, ол қазақстандықтарға ірі ұлттық компаниялардың инвесторлары болуға мүмкіндік береді. «Халықтық IPO» қатысушы кәсіпорындар - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тобына кіреді. Бағдарламаның ұйымдастырушылары мұндай шараларды жүргізудің халықаралық тәжірибесін ескерді. Қазақстан Республикасының азаматтары акция сатып алу бойынша басым құқықты алды; екіншіден, бағалы қағаздар елдің жинақтаушы зейнетақы қорларын сатып алады. Бағдарламада бір қолға шоғырланбауы үшін, халықтың басым бөлігін қамту үшін «Қазпочта» АҚ желісін қолдануды көздеді. Бағдарламада IPO-ға 10-15 пайыздық пакет акцияларын қою қарастырылған. 2012 жылы бірінші акцияларды орналастыруға «ҚазТрансОйл» компаниясы қатысады, 2013 жылы – KEGOC компаниясы, «Эйр Астана», «ҚазТрансГаз», «Самұрұқ-Энерго», «НМСК «Казтрансморфлот», 2014 жылы – «Қазахстан темір жолы», «Қазтеміртранс», 2015 жылы – «Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз»[4].

Қазақстандағы қаржы нарығының белсенділігі үшін Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті жетілдіру бойынша шаралар шеңберіндегі инвесторлардың мүдделерін қорғау жүйесін кешендік зерттеу жүргізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар:



  • қаржылық менеджмент және инвесторлардың мүдделерін қорғау сұрақтары бойынша ғылыми еңбектеріне шолу;

  • анкета жасау мақсатындағы қазақстан инвесторларының мүдделерін қорғауды құқықтық реттеу ерекшеліктерін талдау;

  • инвестициялық компаниялардың бөлшектік инвестор – клиенттерін сұрау;

  • қазақстандық инвестициялық компанияларының ішкі бақылау қызметінің жұмысын зерттеу.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Обзор «Инвестиционная привлекательность Казахстана» (правообладатель – компания «Эрнст энд Янг») // Международный деловой журнал Kazakhstan №2, 2011. – с. 12-17
  2. Сайт Казахстанского центра государственно-частного партнерства, 09.05.12 http://kzppp.kz


  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында бекітілген «Өнімділік-2020» Бағдарламасы 14.03.11 № 254 // ИС Параграф, 2012 http://online.zakon.kz

  4. Сайт Программы «Народное IPO» http://www.halyk-ipo.kz/ru








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет