Атырау қалалық сотының мәліметінше, сотталушы еш келісімсіз Facebook әлеуметтік желісінде жәбірленушінің жұмыс орнындағы суреті бар мақала жариялаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жәбірленуші мұны өзінің жеке өміріне қол сұғу және жеке шекараны бұзу деп санайды. Ол фотосуретті алып тастап, 200 000 теңге моральдық шығын өтеуді сұраған.

  • Оқушылар балықпен тамақтанбаған және сүт өнімдері берілмеген: Шымкентте білім басқармасының басшылары жазаланды
  • Жұмыста туған күн тойлаған қазақстандықтар енді айыппұл төлейді

Сот фотосурет заңсыз алынған, сол арқылы жәбірленушіге моральдық шығын әкелген деген қорытындыға келген. Сондықтан жауапкерге жазбаны әлеуметтік желілерден өшіріп, арызданушыға 100 000 теңге өтемақы төлеу міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және оған қарсы шағым түсіре алады. 

Бұған дейін Шымкентте екі экс-тергеуші модель қыздардың ашық суреттері мен видеоларын ата-анасына көрсетемін деп бопсалап, 300 мың теңге сұрағаны белгілі болған еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.