«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 138.82 Kb.
Дата05.04.2018
өлшемі138.82 Kb.
түріРегламент

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

30-қосымша

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің»
веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі: лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы беру не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту).

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушіге уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылдау бөліміне жіберуі – өтініш түскен күні;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының құжаттарды қарауы және бұрыштама қоюы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаментіне


(бұдан әрі – СНСҚД) жіберуі – өтініш түскен күні;

3) СНСҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уәкілетті қызметкерді белгілеуі және оған құжаттарды орындау үшін жіберуі – өтініш түскен күні;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, СНСҚД уәкілетті қызметкерінің өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының қолын қойдыруы, өтінішті қараудан бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беруі – құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

ұсынылған құжаттар стандарт талаптарына сәйкес келген жағдайда алынған құжаттарды қарауы;

лицензияның телнұсқасын беруге өтініш келіп түскен кезде СНСҚД уәкілетті қызметкерінің лицензия телнұсқасының не бас тартудың жобасын дайындауы, лицензияның телнұсқасына не бас тартуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының қолын қойдыруы, лицензияның телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға ұсынуы – құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

СНСҚД-ның уәкілетті қызметкерінің лицензия беруге немесе лицензияны қайта ресімдеуге өтініш келіп түскен кезде құжаттардың стандарттың
9-тармағына сәйкес келуін қарауы, лицензия беру туралы, лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрықтың жобасын (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) не бас тартудың жобасын дайындауы, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қоса бере отырып бұйрықтың не бас тартудың жобасын келісу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне (бұдан әрі – ҚҚД) құжаттарды жіберуі: лицензия беру кезінде 10 (он) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде өтініш түскен күні;

5) бұйрықтың не бас тартудың жобасын ҚҚД-ның келісуі: лицензия беру кезінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6) СНСҚД-ның уәкілетті қызметкерінің ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алғаннан кейін лицензияның, қайта ресімделген лицензияның жобасын дайындауы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына қол қоюға ұсынуы: лицензия беру кезінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алу күні;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының бұйрыққа, лицензияға, қайта ресімделген лицензияға не бас тартуға қол қоюы: лицензия беру кезінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

8) СНСҚД-ның уәкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруі: лицензия беру кезінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде қайта ресімделген лицензияға қол қою күні.

Лицензияны қайта ресімдеу рәсімінің, лицензияның телнұсқасын және құжаттардың толық болмауына байланысты өтінішті қараудан бас тартуды дайындау тәртібі мерзімдерін сағатпен көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын әрбір бөлімшесі бөлігінде көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығында белгіленеді.

Бөлініп шығу немесе бөліну нысанында көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензия 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей қайта ресімделеді.

Бөлініп шығу немесе бөліну нысанында көрсетілетін қызметті алушыны қайта ұйымдастырған жағдайда лицензияны қайта ресімдеу рәсімінің тәртібі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген лицензияны беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;



2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы;

3) СНСҚД басшылығы;

4) СНСҚД уәкілетті қызметкері;

5) ҚҚД.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің 1-қосымшасында берілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметке «электрондық үкімет» төлем шлюзі апқылы ақы төлеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақының төленгендігі туралы ақпарат порталға келіп түседі;

6) 2-талап – порталда мемлекеттік қызмет көрсетуге ақы төлеу фактісін тексеру;

7) 4-рәсім – көрсетілітн қызметті ызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

8) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

9) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

10) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

11) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

12) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

13) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада берілген.


Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

СНСҚД уәкілетті қызметкері

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

СНСҚД басшылығы



Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы

    



2. Құжаттарды қарау, бұрыштама қою, құжаттарды СНСҚД-ға жіберу

(өтініш түскен күні)




3. Құжаттарды қарау, уәкілетті қызметкерді белгілеу және құжаттарды оның орындауына беру

(өтініш түскен күні)




4. Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, өтінішті қараудан бас тартуды дауйындау, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басышылығында қол қою, өтінішті қараудан бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беру

(құжаттарды алған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде);

ұсынылған құжаттар стандарттың талаптарына сәйкес келген жағдайда, алынған құжаттарды қарау:

лицензияның телнұсқасын беруге өтініш түскен кезде лицензияның телнұсқасының не бас тартудың жобасын дайындау, лицензияның телнұсқасына не бас тартуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығында қол қою, лицензияның телнұсқасын не бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға беру

(құжаттарды алған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде).







1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және, құжаттарды Ұлттық Банк басшылығының қабылдау бөлмелеріне беру

(өтініш түскен күні)





прямая соединительная линия 2270прямая соединительная линия 2288


прямая соединительная линия 2269

прямая соединительная линия 2267прямая соединительная линия 2268

прямая соединительная линия 2249



8.Заместитель руководителя филиала, курирующий работу отдела

Подписание оригинала РС. Передача пакета документов в ОСПБ


Көрсетілетін қызметті алушы


прямая соединительная линия 2250

прямая соединительная линия 2247

блок-схеманың жалғасы



СНСҚД уәкілетті қызметкері

ҚҚД

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы


5. Лицензия беруге немесе лицензияны қайта ресімдеуге өтініш келіп түскен кезде құжаттардың стандарттың
9-тармағына сәйке келуін қарауы, бұйрықтың не бас тартудың жобасын дайындауы, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қоса бере отырып бұйрықтың не бас тартудың жобасын келісу үшін ҚҚД-ға жіберу

(лицензия беру кезінде – 10 жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде – өтініш түскен күн)








6. Бұйрықтың не бас тартудың жобасын келісу

(лицензия беру кезінде 7 жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 жұмыс күні ішінде)




8. Бұйрыққа, лицензияға, қайта ресімделген лицензияға не бас тартуға қол қою

(лицензияны беру кезінде 5 жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 1 жұмыс күні ішінде)






прямая соединительная линия 2240

прямая соединительная линия 31



7. ҚҚД-дан келісілген құжаттарды алғаннан кейін лицензияның, қайта ресімделген лицензияның жобасын дайындауы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына қол қоюға ұсыну

(лицензия берген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде келісілген құжаттарды ҚҚД-дан алған күні)





прямая соединительная линия 28




9. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру

(лицензия беру кезінде 3 жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің шегінде қайта ресімделген лицензияға қол қою күні)







Көрсетілетін қызметті алушы




«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекеттерінің диаграммасы













портал


2-рәсім

3-рәсім


4-рәсім

1-рәсім





1-рәсім


2-рәсім

3-рәсім


4-рәсім




сұрау салу


Көрсетілетін қызметті алушы



Шартты белгілер

Хабарлар ағыны

Рәсім

Талап

Бастапқы хабар


Аяқтайтын хабар



Көрсетілетін қызметті алушыға берілетін электрондық құжат

ЭҮТШ Электрондық үкіметтің төлем шлюзі




Ақпараттық жүйе

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы































бизнес-процестердің анықтамалығының жалғасы


















прямая со стрелкой 11




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет