Актюбинская область



жүктеу 222.32 Kb.
Дата05.07.2018
өлшемі222.32 Kb.


Ақтөбе облысы

АЛҒА АУДАНЫНЫҢ
ТӨЛҚҰЖАТЫ



Алға қ. 2017 жыл

Кіріспе:

Алға ауданы 1933 жылы құрылған.Ауданның әкімшілік орталығы - Алға қаласы болып табылады. Алға қаласы 1912 жылы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 42 шақырым қашықтықтағы қазіргі Қазақ теміржолының бойында № 44 разъезд болып құрылды. 1930-шы жылдардың басында разъезд Алға теміржол станциясы атауын иеленді. 1933 жылдан бастап ауданның экономикалық және әкімшілік орталығына айналды. Ол облыс орталығы Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 45 шақырым қашықтықта орналасқан. 1961 жылға дейін аудан орталығы жұмысшы поселкесі болды, 1961 жылы қала статусын алды.

Аудан құрғақ та, ыстық дала аймағында орналасқан. Тұрақсыз қыратты егін шаруашылығы және дамыған мал шаруашылығымен ерекшеленеді. Ауданның аумағы 7507 шаршы км немесе 750,7 мың га, оның ішінде егістік жерлері 168,8 мың га, жайылым 581,9 мың га.

Аудан орталығы – Алға қаласы республикалық маңызы бар облыстық орталық автокөлік жолдарымен және теміржол магистралі арқылы байланысады. Аудан орталығында қаланы екі – батыс және шығыс бөлікке бөліп тұрған Алға теміржол бекеті бар. Қаланың шығыс жақ бөлігінде Елек өзені орналасқан. Аудан орталығы басқа да ауылдармен жергілікті автокөлік жолдарының желілері арқылы байланысады. 2016 жылдың 1 қаңтарына халқының саны 40,4 мың адам, оның ішінде қалада тұратындар 20,2 мың адам, ауылдық жерлерде тұратындар 20,2 мың адам. Халықтың тығыздығы - 1 ш.км.-5,39 адам

Ауданның 31 елді мекенінің барлығы Ақтөбе агломерациясының құрамына еніп отыр, олардың ішінде 1 шағын қала (Алға қаласы) мен тіректі елді мекен де (Маржанбұлақ ауылы) бар. Қазіргі таңда Алға қаласы мен 12 ауылдық округте жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдастықтары жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысының комиссия мүшелері мен қолма-қол кассалық шоттары бар. 2017 жылдың 1 қаңтарында онда түскен түсім 71005,2 мың теңгені құрады және оның ішіндегі 47936,0 мың теңге абаттандыру, санитарлық тазалау , жол күтімі, электрмен жабдықтау сияқты жұмыстарға жұмсалды. Қазіргі таңда 2017 жылға олардың кіріс - шығыс бюджеттері жоспарланып, бекітілді.

Аудан 13 әкімшілік – аумақтық округке бөлінген, онда Алға қаласының әкімі аппараты және 12 ауылдық округ ұйымдастырылған, оның ішінде:



1. Ақай а/о – аудан орталығына дейінгі қашықтығы 104,0 км, халқының саны 910 адам. Округке Ақай мен Көлтабан елді мекендері кіреді. Округ аумағында 1 медициналық пункт, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 орта, 1 негізгі мектеп, 2 шағын орталық,

селолық клуб, «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС, 29 шаруа қожалығы, жылжымалы пошта бөлімшесі, «ДАМА» (Қазақтелеком) 10 арналық жерүсті спутниктік жүйесі мен WLL CDMA-192 сымсыз байланыс жүйесі бойынша базалық станция және Билайн ұялы байланысы орналасқан.



2.Бесқоспа а/о – аудан орталығына дейінгі қашықтығы -18,0 км. Халқының саны 1738 адам. Округке 2 елді мекен: Есет батыр Көкіұлы және Қызылту елді мекендері кіреді. Ауылдық округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 орта мектеп, бала бақша, мәдениет үйі, «Тандем», «Рамазан» ЖШС-і, «Тұлпар» ЖАҚ және 62 шаруа қожалығы, жылжымалы пошта бөлімшесі, 256 нөмірге арналған сандық АТС (Қазақтелеком) және Kcell, Билайн ұялық байланыстары орналасқан.

3. Бестамақ а/о – аудан орталығына дейінгі қашықтығы 16,0 км, халқының саны - 3952 адам. Округке екі елді мекен: Бестамақ және Бесқоспа селолары кіреді. Село округі аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт, 2 орта мектеп, бала бақша, 2 шағын орталық, «Бестамақ ауылының Есет батыр Көкіұлы» қоры, «Агроинвест СК» ЖШС, “АҚмерей” ЖШС «Регина» ӨК, «Аққұс» құс фабрикасы, «Парижская коммуна ХХІ» мал шаруашылық кешені және 38 шаруа қожалығы, пошта бөлімшесі және 360 нөмірге арналған Қазақтелеком сандық АТС мен 424 нөмірге арналған «СВИМ» ЖШС сандық АТС орналасқан. Kcell, Билайн, Теле 2 ұялы байланысы бар.

4. Қарабұлақ а/оаудан орталығына дейінгі қашықтығы - 41,0 км, халқының саны 825 адам, олар екі елді - мекенде: Қарабұлақ, Амангелді селоларында тұрады. Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункті, 1 мектеп-бақша, 1 негізгі мектеп, 1 шағын орталық, «Иран фирмасы» ЖШС, «РустемКС» ЖШС және 34 шаруа қожалықтары, 150 нөмірлік МАКОМ сымсыз байланысы мен жылжымалы пошта бөлімшесі орналасқан.

5. Қарағаш а/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 12 км, халқының саны 1427 адам. Округке Самбай, Нұрбұлақ селолары кіреді. Округ аумағында 1 медициналық пункт, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 орта мектеп, 2 шағын орталық,2 ЖШС -«Кентронник», «Актеп», 2 СӨК, 71 шаруа қожалықтары, жылжымалы пошта бөлімшесі, 1 кітапхана және 248 нөмірлік сандық АТС («Свим» ЖШС) орналасқан.

6.Қарақұдық а/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 70,0 км, халқының саны 1560 адам. Округке 3 елді мекен: Қарақұдық, Тікқайың, Көктоғай селолары кіреді. Округ аумағында 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 медициналық пункті, 1 орта мектеп және 2 негізгі мектеп, 3 шағын орталық, кітапхана, селолық клуб, «Аккой» ЖШС, 38 шаруа қожалықтары, жылжымалы пошта бөлімшесі, Қарақұдық селосында 200 нөмірге, Тікқайың және Көктоғай селоларында 170 нөмірге АТС («Свим» ЖШС) бар, Билайн ұялық байланысы орналасқан.

7. Қарахобда а/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 57,0 км, халқының саны 936 адам, округ құрамына Қарахобда, Ерназар, Құмсай селолары кіреді. Селолық округте 3 медициналық пункті 1 негізгі, 2 бастауыш мектеп, 2 шағын орталық, 42 шаруа қожалығы, пошта бөлімшесі, 179 нөмірлік сандық АТС («Свим» ЖШС) орналасқан.

8. Маржанбұлақ а/оаудан орталығына дейінгі қашықтығы 78,0 км, халқының саны -2110 адам. Округке 3 елді мекен: Маржанбұлақ, Қайыңдысай, Қарағандысай селолары кіреді. Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, 1

орта, 1 негізгі мектеп, бала бақша, 1 шағын орталық, Мәдениет үйі, «Флора» ЖШС, «Маржанбұлақ» ЖШС, 39 шаруа қожалығы, жылжымалы пошта бөлімшесі, Маржанбұлақ селосында 362 нөмірге арналған 2 сандық АТС («СВИМ»ЖШС) орналасқан. Kcell және Билайн ұялы байланысы бар.



9.Сарыхобда а/оаудан орталығына дейінгі қашықтығы 73 км, халқының саны - 945 адам. Округке 2 елді мекен: Сарыхобда, Болгарка селолары кіреді. Округ аумағына 2 медициналық пункті, 2 орта мектеп, шағын орталық, бала бақша, кітапхана, селолық клуб, «Нариман» ЖШС, «Үміт –Надежда» ЖШС және 23 шаруа қожалығы және Сарықобда селосында 8 нөмірлік SkyEdge байланысы мен 136 нөмірге арналған сандық АТС (Қазақтелеком) орналасқан.

10. Тамды а/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 9 км, халқының саны 2697 адам. Округте 3 елді мекен: Тамды, Еркінкүш, Талдысай селолары орналасқан. Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, 1 орта, 1 негізгі, 1 бастауыш мектеп, Тамды аула клубы, 3 шағын орталық, бала бақша, селолық клуб, «Алгабас-А» ЖШС, 43 шаруа қожалығы, пошта бөлімшесі, 505 нөмірлік сандық АТС (Қазақтелеком) және Kcell, Билайн, Теле 2, Актив ұялы байланысы бар.

11. Тоқмансай а/о аудан орталығына дейінгі қашықтығы 55,0 км, халқының саны 1606 адам. Округке 3 елді мекен: Тоқмансай, Қайнар селолары, Тоқмансай теміржол станциясы кіреді. Округ аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық пункт, 1 орта, 1 негізгі мектеп, балалар бақшасы, 1 шағын орталық, мәдениет үйі, «Алшағыр» селолық өндірістік кооперативі, «Тоқмансай» ЖШС, «Нөсер» ЖШС, «ЭталонХХІ» ЖШС, 22 шаруа қожалығы, жылжымалы пошта бөлімшесі, 241 нөмірге арналған сандық АТС (Қазақтелеком) орналасқан. Билайн ұялы байланысы бар.

12. Үшқұдық а/о - аудан орталығынан қашықтығы 65,0 км, халқының саны 1465 адам. Округке 3 елді мекен: Үшқұдық, Жерұйық, Ақсазды селолары орналасқан. Селолық округтің аумағында 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункті, 1 орта, 1 негізгі мектеп, 1 шағын орталық, бала бақша, мәдениет үйі, 23 шаруа қожалығы, жылжымалы пошта бөлімшесі, 167 нөмірге арналған сандық АТС (Қазақтелеком) және 109 нөмірге арналған АТС («СВИМ»ЖШС) орналасқан.

13. Алға қалалық округі Алға қаласында орналасқан. 20226 адам тұрады. Қала аумағында төмендегі кәсіпорындар орналасқан: «Ақбұлақ» АҚ, «СНПС АқтөбеМунайГаз» АҚ, «Алға» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз ДИСТРИБЬЮШЕН» ЖАҚ, қопарғыш заттар шығаратын «КазЦКУБ Нитрохим» ЖШС, экотон өнімін өндіруге арналған шикізат дайындайтын - «Неохим» ЖШС, «Энергосистема» ЖШС, «ПариСа-Каз» ЖШС, «Алға мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, құрылыс материалдарын дайындайтын «Ақтөбе Дриллинг Сервис» ЖШС, «Нитрохим» - басқада органикалық заттар шығаратын кешенді утилизациялау орталығы» ЖШС, «Алға –жылу» КМК және ЖШС «Алға-Тазалық» қала халқына, кәсіпорындар мен мекемелерге коммуналдық қызмет көрсетеді. Металл сынықтарын өткізетін «Янка» ЖШС, спирт өнімін шығаратын «АкРоссПищепром» ЖШС, ірі қара малдарын бордақылаумен айналысатын «Актеп»ЖШС, ет өнімін өндіретін кешен «Молочные истории» ЖШС, 3 шаруа қожалығы, нан-бөлке тағамдарын шығаратын «Ыстық нан» цехы, «Джармухамбетова», 2 кондитер цехы, 1 диірмен, макарон цехы, 2 ағаш өңдеу цехы және 2 пластикалық терезе дайындайтын цех. Жалпы шағын және орта бизнестің 1139 субъектісі тіркелген, оның ішінде белсендісі – 1097 бірлік. Қалада әлеуметтік сала мекемелері 5 жалпы білім беретін мектеп және 7 бала бақша, оның ішінде 2 мектеп - бақша, индустриалдық-техникалық колледж, жетім балаларға арналған облыстық балалар үйі, логопед орталығы, балалардың өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту орталығы, спорт кешені, аудандық мәдениет үйі, Халық банкінің және «КазКом» АҚ филиалдары, «Халыққа қызмет көрсету орталығы», Алға ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Әділет Басқармасы, Алға аудандық аумақтық инспекциясы, жинақтаушы зейнетақы қоры, аудандық статистика басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімі, Алға аудандық сот және прокуратура, 12 мемлекеттік мекеме, емхана, аурухана, жеке гинекологиялық, стоматологиялық және терапевтік кабинеттер, 10 дәріхана, ветеринарлық станция, 3 - жеке нотариалдық кеңсе, «Айым-А» ЖШС автожүргізушілер мектебі, «Даму» қорының филиалы, «Алға» СНС (СКТ), Бизнес инкубатор(шаштараз және т.б.), «Қазактелеком» телекоммуникациясының Алға аудандық торабы, Аудандық зейнетақы төлеу орталығы, Қазпошта, бассейн, “Шипагер” шипажайы, 67 - азық түлік дүкені, 33-өнеркәсіптік дүкендер (киім кешек, ойыншық,шаруашылық тауарлары т.б.), сауда нысаны, 13 кафе, 3 базар, 3 сауда үйі, халыққа қызмет көрсететін басқа да ұйымдар (шаштараз, киім тігетін және аяқ киім жөндейтін шеберханалар, 7 монша, 4 техникалық қызмет көрсету станциясы, фотостудия т.б.), сонымен қатар 2-жанар-жағар май станциясы 2 газ құю станциясы.
2. Әлеуметтік сала

Ауданның білім жүйесі толыққанды білім алуға бірдей мүмкіндіктер бере отырып, әлеуметтік саланың басты бағыты болып табылады және ақпараттық, материалдық, қаржылық ресурстардың тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.

Ауданның білім беру желісінде 32 мектеп (соның ішінде 18 орта, 9 негізгі, 5 бастауыш), 15 мектепке дейінгі мекеме, 21 шағын орталық, 1 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі, 1 дене шынықтыру және сауықтыру кешені, 1 музыкалық мектеп, 3 аула клубы және «Нұрталап» балалардың шығармашылығын дамыту орталығы бар. 2016 жылы аудан орталығында 175 орындық «Нұрбалаби» жеке балабақшасы іске қосылды. Еңбек нарығын мамандандырылған жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ету үшін индустриалдық-техникалық колледж жұмыс істейді. Сонымен қатар ауданда логопед орталығы және облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернат жұмыс жасайды. Қосымша білім берумен, үйірмелер мен спорт секцияларында 2745 оқушы қамтылған. Сонымен қатар 515 оқушы оқытылатын 5 сурет салу студиясы бар. Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен 2612 бала қамтылған. Ауданның 32 мектебінде 6927 оқушы оқытылады (мектептердің 24 - типтік, 8-і бейімделген ғимараттарда орналасқан). Оқу сапасының негізгі көрсеткіші – ҰБТ нәтижесі болып табылады. Ағымдағы жылы орташа балл 96,4 пайызды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 7,1 баллға көбейген. Аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 14 түлек «Алтын белгі» иегерлері, 21 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Аудан бойынша 130 түлек мемлекеттік грантты жеңіп алып, Қазақстанның жоғары оқу орындарында тегін оқу мүмкіншілігіне ие болды.

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету - білім беру ұйымдары жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылады. Ауданның 6927 оқушысының 71,1 пайызы, яғни 4921-і ыстық тамақпен (оның ішінде аз қамтылған отбасылардан 933 бала тегін тамақтанады) қамтылған.

Бүгінгі күні сапалы білім беруге барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып отыр. 2016 жылы ауданның білім беру саласына барлығы 3 млрд. 261,2 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмсалды. Үстіміздегі жылы басталған 100 орындық Қарақұдық ОМ-нің құрылысына облыстық бюджеттен 321 млн 799 мың теңге бөлініп, жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ауылда орналасқан білім беру ұйымдарына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 4899,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жалпы ауданның 21 білім беру мекемелерінде (6- күрделі, 15 – ағымдағы ) 443,9млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сомасы 51,9 млн. теңгеге материалдық –техникалық базалары жаңартылды. Ауданның 3 мектебі «е-learning» бағдарламасына сәйкес толық жабдықталып, электронды оқыту жүйесіне енгізілді.

Барлығы 43 білім беру нысандары бар, соның ішінде 8 – орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, 18 – көгілдір отынмен, 17 – қатты отын, соның ішінде 6 нысан пешпен жылытылады.

Биыл 34,0 млн.теңгеге Маржанбұлақ орта мектебінің көгілдір отынмен жылытылатын автономды бу қазандығы салынып («Бабек Құрылыс» ЖШС), 52,7 млн.теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті («Динамо» ЖШС). Осы бу қазандығы арқылы 3 нысан жылумен қамтамасыз етілді (Маржанбұлақ ОМ, Маржанбұлақ бала-бақша, Маржанбұлақ мәдениет үйі).

Алға қаласындағы білім нысандарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3,0 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Көгілдір отынға ауысқан: Маржанбұлақ ОМ (КВр-0,63, КВУ-3), Қарабұлақ ОМ (КВУ-2), Тоқмансай ОМ (КВУ-2), Қарақұдық ОМ-нен (КВУ-1,5) босаған қазандықтары Сарықобда ОМ, Қарақобда НМ, Көлтабан БМ, Ново-Украинка НМ-не ауыстырылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында білім саласы бойынша 21,6 млн.теңгеге 23 мекемеде заттай және қаржылай демеушілік көрсетілді

Есепті кезеңде аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 256 (0-18 жас аралығында), оның ішінде 0-6 жас аралығында – 96 адам, 7-18 жас аралығында – 160 адам. Мүгедек балалар медициналық көрсеткіштерге сәйкес 30 бала үйден оқытылады, 56 бала мектепке дейінгі ұйымдарда, 97 бала жалпы білім беретін мектептерде оқиды, 12 бала №3 Алға балалар бақшасында түзету тобына қатысады. Шаралар жоспарына сәйкес барлық мектептерде оқушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөнінде жұмыстар жүргізіледі.



Денсаулық сақтау саласында «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі жүзеге асырылуына байланысты бұл салада барлық көрсеткіштер қанағаттанарлық деңгейде.




1.01.2016 ж

1.01.2017 ж

Туу

886

757

Өлім

265

266

Табиғи өсім

+621

+491

Туберкулезбен ауыру

15

15

Туберкулезден өлу

3

1

Онко аурулар

67

61

Өткен жылы 8 сәби өлімі тіркелді (2015ж-7). Ана өлімі тіркелген жоқ. Әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу және азайту бойынша жұмыстар жүйеленді.

Ауданда тұрғындарды тәулік бойы қабылдайтын 70 және күндізгі ауысымдағы 75 кереуетпен қамтылған орталық аурухана, ауысымына 500 адам қабылдайтын аудандық емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 19 медпункт және 2 фельдшерлік- акушерлік пункт кепілді медициналық көмек көрсетуде және жеке терапевттік, гинекологиялық кабинеттер тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Аудан бойынша барлық дәрігерлер саны – 62. Орта медициналық қызметкерлер - 230, олардың 57-і ауылдарда. Бұл сала тікелей облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы қаржыландырылады. Ауданда барлығы 30 денсаулық сақтау нысандарының ішінде 21 – жеке ғимаратта орналасқан, 9- мектептер мен үйлерде орналасқан. 21 нысанның 12– қатты отынмен, 3 – сұйық отынмен және 6 - көгілдір отынмен жылытылады.

Көктоғай ауылында жаңа медициналық пункттің құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26,0 млн.теңге бөлініп, «СтройСтандарт ДТ групп» ЖШС арқылы салынып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, Үшқұдық дәрігерлік амбулаториясының көгілдір отынмен жылытылатын автономды газ қазандығының құрылыс жұмыстарына ЖСҚ дайындалды.

Ауылдық елді мекендердегі автономды бу қазандықтары бар денсаулық сақтау нысандарын жылу беру маусымы кезінде үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, қуаттылығы 1,7 кВт-ты құрайтын 10 генератор сатып алынды.

Қажетті 135,9 тонна қатты отын және 20 тонна сұйық отын (Үшқұдық, Амангелді, Тікқайың) сатып алынып, жеткізілді.

Әлеуметтік саясаттың басты принциптерінің бірі еңбекке жарамды тұрғындарды аудан экономикасын нығайтуға тарту. Сондықтан тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыты. 2016 жылы аудандық жұмыспен қамту органдарында жүргізілген жұмыстар мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында көрініс тапқан міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды. Нәтижесінде 883 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 593 жаңа жұмыс орындары ашылды. Қоғамдық жұмыспен уақытша 639 адам қамтылып, олар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділігі бар жұмыстар атқаруда. «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша жоғары және орта оқу орындарын бітіріп келген жас түлектер қатарынан 84 адам жергілікті бюджет қаражаты есебінен оның ішінде 43 адам «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша әртүрлі мекемелерге тәжірибеден өтуге жолданды.

Ауданымызда халық арасында салауатты өмір салтын насихаттайтын спорт пен дене шынықтыруды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыстар жүргізілуде. Спорттағы жетістіктер біздің мемлекетіміздің беделін арттырады және ұлттық рухтың нығаюына септігін тигізеді. Өткізілген іс шаралар нәтижесінде спортпен, дене шынықтырумен айналысушылар саны да, спорттық дене шынықтыру – сауықтыру шаралары да артты. Ауданда 113 спорттық құрылым жұмыс жасайды. 2015 жылмен салыстырғанда дене шынықтыру мен спортпен айналысушылар саны 100,5 пайызға артып, 9450 адамды құрады (жалпы халықтың 23,4 пайызы). Бұл көрсеткішке Алға қаласында салынған 5 спорт алаңының және «Есет батыр» атындағы спорт кешенінің іске қосылуы нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. 2015 жылы 150 спорттық іс – шара өткізілді.

Мәдениет мекемесі жұмысының басты бағыты түрлі әлеуметтік және әртүрлі жастағы адамдар топтарының ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындарға бос уақытты ұйымдастырудың барлық түрлері мен әдістерін жүйелі түрде үйрету болып табылады. Осы бағытта мәдени-бос уақытты ұйымдастыру қызметінің жаңа инновациялық түрлері мен әдістерін іздестіру бойынша тұрақты бірізді жұмыс жүргізіледі, ұйымдастырушылық, мәдени-ағарту жұмысының сапасы артады. Қазіргі таңда 27 мемлекеттік мәдениет нысандары халыққа қызмет жасауда (13 кітапхана, 12 клуб пен мәдениет үйі, аудандық музей және «Есет батыр мемориалдық кешені» МКК).

Барлығы 107 қызметкер қызмет жасайды, оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны – 49.

2016 жылы барлығы мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 20,4 млн тг., «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 нысанға («Есет батыр мемориалдық кешені» МКК -3501,1 мың тг., Тікқайың АК - 5044,0 мың.тг., Қарахобда АК - 11147,2 мың тг.) 19701,3 мың тг. қаражатқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Бестамақ селолық мәдениет Үйі (70,0 млн.тг) жеке меншіктен мемлекет қарамағына берілді.

Есепті мерзім ішінде барлығы 680 мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды, оған 126,5 мың көрермен қамтылды. Мекемелердегі клубтық құрылымдар, үйірмелер саны – 48, оған қамтылғандар саны – 368. Аудандық мәдениет үйінде және селолық мәдениет мекемелерінде 7 халықтық, үлгілі ұжым жұмыс жасайды.

Аудан көлемінде ұйымдастырылған қоғамдық маңызды шаралар: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы арналған маңызды мәдени шаралар, кітап көрмелері, қайырымдылық акциялары, Республикалық «Тамырларым тереңде, бұтақтарым биікте» атты Кердері Әбубәкірдің 155 жылдығына арналған жыршы-термешілер байқауы, «Үкілі кәмшат» Ұлттық киімдер флешмобы, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» композициялар байқауы және т.б. ұйымдастылды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы аудандарының күніне арналып облыс орталығында ұйымдастырылған «Туған жерім тұғырлы, бақ мекенім» атты мерекелік шарада, аудан жүлделі үшінші орынға ие болды.

Ауданның кітап қоры – 295977 кітап, оның ішінде қазақ тілінде- 72976, 2016 жылы келіп түскен әдебиеттер саны- 2211кітап. Келушілер саны - 115800 адам, оның ішінде оқырмандар саны – 14352. Интернет, РАБИС бағдарламалары орнатылған кітапханалар саны - 4, оның ішінде ауылдық жерде-2, есепті жылы Есет батыр ауылдық кітапханасының материалдық-техникалық базасы нығайтылып, модельдік кітапханаға айналдырылды.

Бөлімнің АХАТ қызметі есепті мерзімде 1547 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: жергілікті атқарушы органдар арқылы 217, электрондық портал арқылы 178, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 1152. Жергілікті бюджетке түсірілген мемлекеттік баж салығы - 1003,3 мың тг.


3. Инвестициялар

Ауданның негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 11443,4 млн.теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,1% пайызды құрады (2015ж- 9858.9 млн.тг. Оның ішінде «Молочные истории» ЖШС ет комбинаты іске қосылды.).

- республикалық бюджет – 795,7 млн.теңге;

- жергілікті бюджет – 873,3 млн.теңге;

- жеке қаражаттар – 3748,7 млн.теңге;

- банк несиелері – 5232,0 млн.теңге;

- басқа да қарыз қаражаттары – 793,6 млн.теңге.
4. Өнеркәсіп өндірісі

Өнеркәсіп саласында өнім көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 115,8 % ға орындалып, 7171,6 млн.теңгені құрады. Оның ішінде:

- өңдеу өнеркәсібі 6439,7 млн.теңге;

- электр және газ 582,8 млн.теңге;

- су мен канализация 149,1 млн.теңге.

2016 жылы «Өңірлік индустриалды картасы» бағдарламасына 1 жоба енгізілді.

«Көктас-Ақтөбе» АҚ «Аққұс» құс фабрикасының» «Құс сою цехы құрылысы» жобасы. Жобаның құны 2800 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы сағатына 3000 бас құс сою. Ашылған жұмыс орны - 52. Жоба 2016 жылдың желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен іске қосылды.
5. Бюджет және салық саясаты

Фискалдық саясат аудан экономикасын тұрақтандыруды қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған. 2016 жылы мемлекеттік бюджетке барлығы 1488,8 млн.теңге көлемінде салық түсті, оның ішінде республикалық бюджетке 607,3 млн.теңге, облыстық бюджетке 52,6 млн.теңге және аудандық бюджетке түскен салық көлемі 828,8 млн.теңгені құрады, немесе жоспар 106,1 пайызға артық орындалды (жоспар 781,3 млн.теңге).


6. Ауыл шаруашылығы

Экономиканың басты салаларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Сондықтан да ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының басты бағыты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, ауылшаруашылық өнімдерін сату және ішкі және сыртқы нарықта оның қайта өңдеу өнімдерінің көлемін арттыру сияқты міндеттерді жүзеге асыру болды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 20510,7 млн.теңгені немесе нақты көлемінің индексі 109,5% құрады. Оның ішінде:

- өсімдік шаруашылығы – 5768,7 илн.теңге;

- мал шаруашылығы – 14714,1 млн.теңге.

2017 жылдың 1 қаңтарына барлық мал басының өсімі байқалды:

ірі қара – 33397 (110,5%), қой-ешкі 71797 (100,5%), жылқы - 5773 (106,4%), шошқа – 35474 (100,5%), түйе – 104 (100,0%), құс – 235591 (138,3%).

2016-2017 ж. мал қыстату кезеңіне 163,0 мың тонна шөп дайындау бойынша тапсырма берілген болатын, жоспар 103,4% орындалып 168,5 мың тн.шөп дайындалды.

Ауылшаруашылық мал өнімдерін өндіру бойынша: ет – 22200,7 тн (110,9%), сүт – 23827,5тн (100,7%), жұмыртқа -3076,5(104,8%) өндірілді.

Сонымен қатар, бұл салада «Агробизнес-2020», «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» мемлекеттік бағдарламалары тиімді жүзеге асырылып, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізді.

Биыл «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мал сою цехы, құс фабрикасы «Аққұс» АҚ «Көктас-Ақтөбе» және «Аманбай» ш/қ 400 бас МІҚ арналған сүт-тауарлы фермасы пайдалануға берілді.

Асыл тұқымды мал басын арттыру бағытында ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жыл басынан бастап барлығы 39,2 млн.теңгеге 4 шаруа қожалығы 212 бас ірі қара аналық малын сатып алып, («Ауылым» ш/қ -57 бас аналық 1 асыл тұқымды бұқа, «Өсербай» ш/қ -21, «Бәйімбет» ш/қ – 124, «Орынбай» ш/қ – 10 бас) жоспар 101,0 пайыз орындалды. /жоспар - 210 бас/.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы және 1 ЖШС («Үштаған» ш/қ -18, «Өсербай» ш/қ -32, «Түріксиб» ш/қ – 51, «Маржанбұлақ» ЖШС -30 бас) 32,7 млн.теңгеге 131 бас жылқы сатып алынып, жоспар 119,1 пайызға орындалды /жоспар - 110 бас/.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалығы («Құлагер» ш/қ) 18,7 млн.теңгеге 750 бас ұсақ малын сатып алып, жылдық жоспар 163,0 пайызға орындалды /жоспар 460 бас/.

Осының нәтижесінде ауданның ауылшаруашылығы тауарын өндірушілеріне барлығы 2260,8 млн.тенге субсидия алды. (оның ішінде мал шаруашылығына 2087,8 млн.тенге, егін шаруашылығына 173,0 млн.тенге.)

Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 14 ауылшаруашылық кооперативтері құрылды. Оның ішінде «Алға өнімі» кооперативі көкөніс- бақша өсірумен айналысады, «ЛПХ Контрабак», «Қарақобда», «Қолғанат», «Тамды», «Арсен», «Ықылас», «Елек» кооперативтері мал шаруашылығымен айналысады.

Өсімдік шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемінің нақты көлемінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,5 пайызды құрады. 2016 жылы 52,1 мың га жерге көктемгі далалық жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 21,9 мың га дәнді дақыл, 4,0 мың га майлы дақыл, 24430 га екпе шөп, 553 га картоп, 4280га астық қоспасы, 750 га қарабидай, 528 га көкөніс, 268 га бау-бақша.

7. Шағын кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнес аудан экономикасын дамытудың және әлеуметтік проблемаларды шешудің басты тетігі болып табылады. Атаулы саланың серпінділігі кәсіпкерліктің даму тенденциясының оң үрдісін сипаттайды. 2017 жылдың 1 қаңтарына ауданда 1845 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға өскен. Оның ішінде: заңды тұлғалар саны-178, жеке кәсіпкерлер-1137, шаруа қожалықтар-530. Белсенді жұмыс жасап тұрғандар саны 1718 бірлік немесе жалпы субъектілердің 93,1 пайызын құрайды.

Кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді механизмдерінің бірі - «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы болып табылады. Елімізде бизнесті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Біздің ауданымызда да бұл бағытта бірнеше жобалар жүзеге асырылды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 1899,5 млн.теңгеге 21 жоба жүзеге асырылып, өткен жылмен салыстырғанда 1843,3 млн.теңгеге артық орындалды.

Ағымдағы жылы мемлекет тарапынан балалар жиһазын шығаратын «Велторг Актобе» ЖШС 3,0 млн.тг. көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алып, Алға қаласында жиһаз шығаратын цех ашып, өнімдері «Назран» сауда үйінде сатылуда.

Бөлшек сауда айналымы 12 айдың қорытындысы бойынша 2256,5 млн.теңгені немесе 107,1 пайызды құрады.

8.Инфрақұрылым

Ауданның барлық елді мекендері электр қуатымен тұрақты қамтылған. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2016 жылы жергілікті бюджеттен 17,7 млн.теңге бөлініп, 12 ауылдық округте абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңдарын салу, мектеп, бала-бақша, мәдениет мекемелерін ағымдағы жөндеу секілді бірқатар жұмыстар атқарылды.



Газбен жабдықтау.

Қазіргі таңда ауданның 35682 тұрғыны (халықтың 88,3%) немесе 15 елді мекен көгілдір отынды пайдалануда (Алға, Бестамақ, Самбай, Нұрбұлақ, Тамды, Қайнар, Тоқмансай, ст. Тоқмансай, Есет батыр Көкіұлы, Қарабұлақ, Бескоспа, Маржанбулак, Қайындысай, Қарақұдық және Үшқұдық).

Оның ішінде, өткен жылы «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен жасалған меморандум негізінде 276,8 млн.теңгеге Үшқұдық ауылын жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылысы жасалып, қолданысқа берілді.

Бұдан басқа 5 елді мекенге (Көлтабан, Ақай, Қарахобда, Тікқайың, Көктоғай) жеткізуші газ құбырларына технико-экономикалық негіздеме даярланып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны шамамен 1116,0 млн.теңгені құрайды. Жобалық-сметалық құжаттамалары даярланды.

Ауданда 36 бу қазандықтары бар (21-і газ, 13-і қатты отын, 2-уі сұйық отын). Негізгі қазандық – ол Алға қаласының орталық қазандығы. Орталық бу қазандығында пайдалы әсер коэффициенті (КПД) жоғары 1 энергоүнемдеуіш қазандығы орнатылды.

Көгілдір отынға ауыстырылған 4 елді мекендегі әлеуметтік нысандардағы жұмыс жасап тұрған 6 қазандық басқа елді мекендердегі қажет ететін нысандарға ауыстырылды. Сонымен қатар, өткен жылы 4 нысанның қазандықтары қатты отыннан көгілдір отынға ауыстырылып, нәтижесінде 9,5 млн.теңге қаржы үнемделді.

2016 жылы Алғаның биотазалау ғимараттарын қайта жаңғыртуға 522,7 млн.тг. қаржы бөлінді.
Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау.

аудандағы 31 елді мекеннің 16-ы (35299 адам) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған немесе 89,2% құрайды. (Алға, Бестамақ, Есет батыр Көкіұлы, Тамды, Үшқұдық, Қарабұлақ, Амангелді, Қарақобда, Самбай, Қайнар, Сарықобда, Болгарка, Ақай, Маржанбұлақ, Бесқоспа және ст. Тоқмансай).

Өткен жылы жоспарланған Бесқоспа ауылының су жүйесінің құрылыс жұмыстары атқарылып, нысан қолданысқа берілді. Жоба құны 142,2 млн.теңге, қаржы толық игерілді.

Орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмай қалған 6 (Көлтабан, Құмсай, Талдысай, Еркінкүш, с.Тоқмансай, Жерұйық) шағын елді мекендерге су құбырларын (скважина) қазу арқылы мәселесі шешілетін болады.


9. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудан бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің көлемі 2016 жылға 10140 шаршы метр болып жоспарланды. 2017 жылдың 1 қаңтарына 13096 шаршы метр жеке тұрғын үйлер қолданысқа берілді, немесе 2015 жылмен салыстырғанда 101,0 пайыз кұрады. Ауданның тұрғын үй құрылысы аудан әкімдігі жанынан құрылатын жаңа 5-ші шағын ауданның салынуымен байланысты болмақ. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында 60 пәтерлік екі тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда аталған жобалық сметалық құжаттамаларға РБК оңтайлы қорытындысы алынып, 2017-2019 жж тұрғын үй құрылысына 409904 мың теңге қаржы қарастырылуда.

2016 жылы облыстық бюджеттен 49718 мың теңге қарастырылып, Алға қаласында Есет-батыр, 30 "В" көшесіндегі 2-қабатты 8-пәтерлік жалдамалы коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді. Үйдің жалпы ауданы 640 ш.м. құрайды. Барлық қаржыландыру көздерінен салынған тұрғын үйлердің құрылысы 2016 жыл қорытындысы бойынша 13096 ш.м. құрады, яғни тұрғын үй жоспары - 101%орындалды.

2016 жылдың басынан тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін барлығы 128 өтініш тіркеліп, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж ретінде 80 азамат есепке алынды. Осылайша бүгінгі күнге кезекке тіркелген барлық азаматтардың саны 1406 адамды құрайды.

Коммуналдық меншіктегі 5 тұрғын үй жекшелендіріліп, соның ішінде 3 үй қалдық құнымен (959 839 мың теңгеге), 2 үй І-ші және ІІ-ші топ мүгедектеріне тегін жекешелендіріліп берілді.

Аудан бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер беру кезегінде 13758 адам тіркелген, 2016 жылы 854 жер телімі берілді. (Оның ішінде Бесқоспа а/о – 18, Бестамақ а/о – 20, Қарақобда а/о – 5, Қарақұдық а/о – 352, Үшқұдық а/о – 193, Маржанбұлақ а/о – 216, Тамды а/о – 4, Алға қаласы – 40).

Аудан бойынша жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2207,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артық, оның ішінде, мемлекет қаржысы 108,4 млн.теңге, жеке меншік қаржысы -2098,8 млн.теңге.

Алға ауданында барлығы 102көп қабатты тұрғын үйлер бар (Алға қаласында 84 үй, Бестамақ ауылында 18 үй), соның ішінде Алға қаласындағы 52 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылады. 2016 жылдың 1 қазанынан бастап автономды жылу қазандығымен жылытылатын тұрғын үйлерге жылу берілді.

10. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы саласы:

Ауданның өмірлік маңызы бар нысандарын 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына уақытылы және сапалы түрде дайындау мақсатында Алға ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес барлық мекемелер мен денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет нысандарын қысқы кезеңге дайындау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілді.

Аудандағы барлық 36 бу қазандықтарына қажетті жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес атқарылды. Атап айтқанда, көгілдір отынға ауыстырылған 4 елді мекендегі әлеуметтік нысандардағы жұмыс жасап тұрған 6 қазандық басқа елді мекендердегі қажет ететін нысандарға ауыстырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 4 нысанның қазандықтары қатты отыннан көгілдір отынға ауыстырылып, нәтижесінде 9,5 млн.теңге қаражат үнемделді.

Кәріз желісі.

Ағымдағы жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында ұлттық қорынан бюджеттік несиелендіру бойынша Алға қаласының орталық бу қазандығын жаңғыртудың (установка энергосберегающих котлов) 2 кезеңіне 274,3 млн.теңге бөлініп, «КазТеплоЭнергоМонтаж» ЖШС-мен жұмыстар жүргізілді. Бұл жоба арқылы пайдалы әсер коэффициенті (КПД) жоғары Viessmann маркалы 2 энергоүнемдеуіш қазандықтары орнатылды.

Сонымен қатар, 274,8 млн.теңгеге «АктобеСпецстрой» ЖШС-мен Алға қаласындағы 8,8 км кәріз желілері және 522,7 млн.теңгеге Алға қаласының биотазалау ғимараты қайта жаңғыртылды.

Жолдар.

Аудандағы жолдардың жалпы ұзындығы – 365,3 км. Оның ішіндегі маңыздысы Ақтөбе-Атырау трассасы. Елбасы Жолдауының «көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бірінші приоритетіне бұл жобаның енуі біздің өңірге оң әсерін тигізеді. Бұл жолдың 46 км біздің ауданнан өтеді және ақтөбе агломерациясына еніп тұрған 7 елді мекенді қамтып отыр. Сол арқылы индустриалдық аймаққа қызығушылық артады, инвесторлардың келуіне зор ықпалын тигізеді және жол қауіпсіздігі жақсарады.

Аудандық маңыздағы жолдардың күтіміне 2016 жылы аудандық бюджеттен – 16,5 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда ауданымыздың аумағында конкурс арқылы «Алға-Бестамақ-Ақтөбе», «Қайнар-Алға» және «Есет батыр Көкіұлы-Алға», «Тоқмансай-Ақтөбе», «Маржанбұлақ-Ақтөбе» бағыттарындағы тұрақты жолаушылар тасымалдары атқарылып келеді.

Тұрақсыз жолаушылар тасымалы бойынша Серкештаев У.К., Сексенбаев Е.Н., Нурмагамбетов Н.А., Мурзин Н.К., Жаксыбаев А.К., Изтлеуова Г.К., Жумагазин А.Б. жеке кәсіпкерлері такси қызметін ұйымдастырып, халыққа қызмет көрсетуде.

2014 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 60,9 млн.теңгеге аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 4 учаскесінің орташа жөндеу жұмыстарына «СпецДиагностика» ЖШС арқылы жобалық-сметалық құжаттамалары даярланды. Соның ішінде, 2016 жылы жалпы құны 942,4 млн.теңгені, ұзындығы 40 км құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолының Алға – Қарабұлақ аралығындағы учаскесінің орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджет есебінен 165,1 млн.теңге бөлініп, «АктобеГорДорСтрой» ЖШС арқылы 7,3 км асфальт жабындысы төселді. Жұмыстарды жалғастыруға 2017 жылы бюджеттен 400,0 млн.тенге, сонымен қатар, Есет батыр-Қайнар учаскесін жөндеуге 150,0 млн.тенге, Маржанбұлақтың кіре беріс жолын жөндеуге 20,5 млн.теңге бөлінді.

Көгалдандыру және абаттандыру бойынша.

2016 жылдың 30 наурызында Алға ауданы әкімдігінің ауданның елді мекендерін көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөніндегі екі айлық өткізу бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2016 жылдың 1 сәуірі мен 31 мамыры аралығын жұмыстар атқарылды.

Елді мекендердің айналасындағы ретсіз қоқыс үйінділерін жою, көшелер мен аулалардың аумақтарын қатты тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан тазарту және белгіленген жерге шығару жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылды, коммуналдық меншікке жататын шағын сәулет нысандары (билбордтар, коммуникацияның тірек бағандары және т.б.), автомобиль жолдары тиісті күйге келтіріліп, елді мекендерді жасыл желектендіру жөніндегі жұмыстардың (ағаштар отырғызу, гүлзарларды бөлу) орындалуы қамтамасыз етілді. Барлық меншік нысандардағы кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарында қажетті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлердің жауапты адамдарының көмегімен көп қабатты үйлердің айналасы жиналып, талдары кесіліп, ретке келтірілді.

2015 жылы егілген ағаш көшеттеріне түгендеу жүргізіліп, көктемей қалған көшеттердің орны толтырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде біркүндік «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» ақциясы өткізіліп, барлығы 6317 түп тал егілді.



Алға ауданының әкімі М.Абдуллин






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет