Қала, кент, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерінің қарсаңында



жүктеу 1.24 Mb.
бет1/7
Дата22.10.2017
өлшемі1.24 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7

Қала, кент, селолық округ әкімдерінің есепті кездесулерінің қарсаңында
Темірші селолық округінің әкімі Қ.Мұхтардың атқарылған жұмыстар мен алда тұрғанміндеттер туралы есебі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын басшылыққа ала отырып, ауыл әкімдігі өз жұмысын ауылдың әлеуметтік –экономиканың даму бағдарламасы мен аудан әкімінің елді мекендерді аралау кезінде берген тапсырмаларына сәйкес жүргізіп отырды.

Округ көлеміндегі 2 ауыл мен 20 қыстақта 1300 адам тұрады. Олардың 780 -і экономиканың белсенді топтар санатына жатады. Татан аулындағы № 23 мектепте 164 бала оқиды. Қарағаш аулындағы № 28 негізгі мектепте 64 оқушы білім алады. Екі мектепте де шағын орталықтар жұмыс жасайды. № 23 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Төбесінен су ағады, есік терезелері ескі. Бұл туралы келесі жылдың бюджетіне қаржы қарастыру мәселесі, бойынша аудандық оқу бөліміне сұраныс жолданған. Ескі мектепте де ағымдағы жөндеу жұмыстары сапалы жасалып, жаңа оқу жылына толық дайындықпен кірген болатын. Көмірлері жеткілікті мөлшерде түсірілген, қысқы маусымға толық дайын. Жылу жүйелері тексерістен өткен.

Биылғы жылы ҰБТ қортындысы бойынша ауданның орта көрсеткішінен сәл төмендеу болдық. Келешекте бұл бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Татан аулындағы 2-ден 5 жасқа дейін 43 бүлдіршін бар. Шағын орталықтар күніне 3 сағат қана жұмыс жасайды. Алдағы уақытта бала бақша салу мәселесін күн тәртібіне шығаруымыз қажет.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуде Татан аулындағы ФАП пен Қарағаш аулындағы фельдшерлік пункт жұмыс жасайды. Оларда арнаулы білімдері бар 5 медсестра жұмыс жасайды. ФАП ғимараты да ескі келешекте жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қажет болады. «Жедел жәрдем» автокөлігі ескірген жүрмейді. Ауырған адамдарды ауруханаға жеткізуге Томар аулынан жедел жәрдем машинасын шақырып отырамыз. Пункттер қысқы маусымға дайын, көмірлері жеткілікті мөлшерде түсірілген. Қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Ана мен бала денсаулығы басты назарда. Осы жылдың 9 айында 13 сәби дүниеге келді.

Мәдениет саласында 2 клуб, 2 кітапхана жұмыс жасайды. Сонымен қоса мектеп жанында музыка мектебінің бөлімшесі жұмыс атқарады. Олардағы қобыз бен домбыра кластарында арнаулы білімдері бар музыка мамандары сабақ береді.

Мереке күндері өтетін мәдени шаралар халықтың көңілінен шығуда. Ауыл өнерпаздары әртүрлі аудандық байқауларға қатысып тұрады. Клуб ғимараттарының жылу қазандықтары тексерістен өткен, қысқа дайын, көмірлері түсірілген. Татан аулындағы клуб үйінде 1 бірлік қана от жағушы штаты бар, енді 1 бірлік берілсе деген сұранысты аудандық мәдениет бөліміне бердік. Сонымен қоса Қарағаш аулындағы клуб үйінің көрермендер залына орындық керек. Бұл мәселені қойғанымызға 3 жыл болды, әлі шешімін таппай келеді.

Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы саласында 25 шаруа қожалығы 10 кәсіпкер жұмыс жасайды. Бұларда 156 адам еңбек етеді. 5 шаруашылық егін салады. Биылғы жылы 1630 га жерге егін егіліп, әр гектарынан 9-10 ц өнім алынды. Мал басының өсуі жылдан-жылға қарқын алып келеді. Бүгінгі күні ірі қара- 4380. аналығы- 1673, жылқы - 2417. аналығы- 905, қой мен ешкі- 13699, аналығы- 7012 басқа жетіп отыр.

Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда ірі қара 89 басқа, жылқы 95 басқа, қой мен ешкі 206 басқа артқан. Мал тұқымын асылдандыру мақсатында шаруашылықтар 8 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып жұмыс жасап жатыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Бірлік» шаруа қожалығы 6 млн тенге несие алып, мал басын көбейтсе, «Сарышоқы» шаруа қожалығы 13 млн тенге несиені 1-ші қарашаға дейін алып, ірі қара малының басын өсірмекші. Мал ауруларының алдын алуға байланысты эпизоотияға қарсы бағдарламалар уақытында жүргізіліп отырады. Бұл салада 4 мал дәргері жұмыс жасайды. Мал басын бірдейлендіру жұмыстары толығымен орындалды.

Елді мекендердің келбетін келтіруде санитарлық тазалықтың алар орны ерекше. Тазалық жұмысына ауылдың барлық тұрғындары ат салысып, үй маңайларын күл – қоқыстан тазартып отырды. Биылғы көктем, жаз айларында «Тазалық» коммуналдық шаруашылығымен және «Қазақмыс» мекемелерімен келісім жасау арқылы 1100 т күл – қоқыс шығарылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн теңге қаржы бөлініп, көше жолдарына құм төселіп, тегістелді. Бұл жұмыстарды «Тазалық» коммуналдық шаруашылығы атқарды.

Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған ескерткіш маңындағы паркке 50 түп ағаш отырғызылды. Абаттандыру мақсатында 2 билборд орнатылып, ауылдың атауы жаңартылып қайта жасалды.

Елді мекендер ауыз сумен толық қамтылған. Биылғы жылы Қарағаш аулындағы су колонкалары жөнделді. Жаңадан су соратын насос моторымен сатылып алынды. 1 насосты жөндетіп алып келдік. Ескірген су құбырлары жиі жарылады. Жаз бойы 3 жерден су жарылып трубалар айырбасталды. Келешекте осы жұмыстарды атқаруға жер қазатын техника алуға көмек болса дұрыс болар еді. Бұл жұмыстардың бәрі қолмен атқарылып келеді.

Қоғамдық ақылы жұмыста 6 адам коммуналдық салада жұмыс атқарды.

Аудан орталығына аптасына 2 рет «Газель» автокөлігі жолаушы тасиды. Биылғы жылы аудан мен екі арадағы жолдың 75 км бөлігі жөнделіп тегістелді. Жол шетіндегі шөптер қырылды. Қарағаш аулына баратын 15 км жол да тегістелді.

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жылдан жылға көтеріліп келеді. Ауылда 8 отбасы балалар жәрдемақысын алады. Өткен жылы 13 отбасы балалар жәрдемақысын алып, 1отбасы әлеуметтік көмек алған. Биыл 2020 бағдарламасы бойынша 2 адам 3 млн. тенгеден несие алып мал басын өсірумен шұғылданып отыр.

Округ бойынша 5 дүкен халыққа қызмет көрсетеді. Негізгі азық-түлік бағалары үнемі бақылауда болады. Дүкендер мен әкімдік арасында азық-түлік бағаларын тұрақты төмен бағада ұстап тұруға меморандум жасалған. Наубайхана жұмыс жасайды. өткен қыс айларында Қарағанды қаласынан 10т арзандатылған ұн әкелініп, халыққа таратылды.

Жастар мен мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына тәрбиелеуде спорттың алар орны ерекше. Мектептің спорт залы мен арнайы жабдықталған спорт алаңында футбол мен волейболдан ауыларалық жарыстар өтіп тұрады.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бөлімшесінде жаттығатын мектеп оқушылары күрестен облыстық біріншіліктерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының бастауыш ұйымында 92 мүше бар. Партия ұйымының жиналыстарында ауылдың әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасының орындалысы талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылып отырады. Партия мүшелері ауылда өтетін мәдени-көпшілік шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.

Ауылдағы ардагерлер кеңесі, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Биылғы өткен ардагерлер ұйымының есепті жиналысында ардагерлер кеңесінің құрамы мен жаңадан төраға сайланды.

Қоғамдық тәртіпті сақтауда учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Оның қызмет атқаруына жағдай жасалған. Жұмыс кабинеті жабдықталған, телефон байланысы бар. Мал ұрлығын болдырмау мақсатында барлық қыстақтар мен елді мекендерді аралап, мал бағыны туралы ескертіп отырады. Құрамында 5 адамы бар ерікті халық жасақшылары шығарылған.

Өткен жарты жылдықта баспасөзге жазылу жоспары артығымен орындалды. Газет-журналдар ауданнан аптасына 2 рет келеді. Телефон байланысы қалыпты жұмыс жасап тұр. Татан аулында 152 үйге телефон нүктесі қойылған, Қарағаш аулында 3 телефон нүктесі, Айнабұлақта 1 телефон жұмыс жасайды. Биылғы қазан-қараша айларында Қарағаш аулына спутниктік телефон станциясы орнатылмақшы.

Селолық округ бойынша алдағы уақытта шешімін табатын өзекті мәселелерге мыналар жатады.

1.Қарағаш аулына спутниктік телефон станциясын орнату.

2.№23 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат қарастыру.

3.Балабақша салу туралы жоғарғы орындар алдына ұсыныс беру.

4.Қарағаш аулындағы клуб үйіне орындықтар алуға ықпал жасау.

5.Татан аулының көшелерін жарықтандыруға қаржы бөлуді келесі жылдың жоспарына енгізу.

Томар селолық округінің әкімі С.С.Ильяшевтің атқарылған жұмыстар

мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Өздеріңізге белгілі ауыл әкімдігі өз жұмысын «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып,ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасымен аудан әкімі Х.М.Мақсұтовтың елді мекендерді аралау кезінде берген тапсырмаларына сәйкес жүргізіліп отырады.

Аудан әкімінің есепті кездесуі кезінде ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше сауал болған:

1.Отбасылық дәрігерлік амбулатория жөнделсе.

2.Сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеуге қаражат бөлінсе.

3.Ауданаралық жолдың шұңқыры тегістелсе.

Осы ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары жасалынды.Отбасылық дәрігерлік амбулаторияға мамыр айынан бастап облыстық бюджеттен 12 млн. тенге қаражат бөлініп «Мұрат-сервис» фирмасы жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті,бүгінгі күнге 85% жұмысы бітіп тұр.Екінші су мәселесіне «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» арқылы республикалық бюджеттен 740 мың тенге қаражат бөлінді.Осы қаражатпен «Тазалық» мекемесі арқылы келісім жасалып ауылға жаңа 5 колонка орнатылды,ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасатып алдық.Бүгінгі күнге қаржы толық игерілді.

Ауданаралық жол маусым айында Бақты-Томар аралығының 45 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп,бір суағар толық жөнделді.Бұл жұмыста «Тазалық» мекемесі арқылы атқарылды.

Осы жұмыстардың барлығы белгіленген мерзімде іске асып ауыл адамдарының келешекке деген сенімін нығайта түсті.

Томар ауылы негізінен мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ.Қазір мемлекет мал өсірем деген шаруаларға көптеген қаржы беріп жатқаны мәлім.Ірі қара малының әлеуетін арттыруға «Сыбаға» бағдарламасы шаруа қожалықтарына өндірілген етке,сүтке,қымызға және мал азығының құнын арзандатуға субсидиялар төленеді.

«Ауылшараушылығын қаржылай қолдау қоры»- көптеген кредиттер ұсынады,шағын және орта бизнесті дамытуға шаруақожалықтарына лизинг бойынша техника алуға жеңілдіктер қарастырылған.

Жолдауда бізге: ауылшаруашылық қайта өңдеуде және саудада фермерлік пен шағын орта бизнесті дамыту міндеті қойылған,берілген жерлерді тиімді игеруді қолға алу жүктелген.

Осы міндеттерді іске асыру мақсатында ауылда биыл егін салу жұмысы қолға алынды.АӨК «Томар», «Жолдас» шаруа қожалықтары бірігіп 400 га. арпа,бидай салды.

Салынған арпаның әр гектарына 2000 мың теңгеден субсидияларын алды.Қазір егін алу науқаны жүріп жатыр 10 цн. өнім алынуда.

Айыртас шаруақожалығы мал азығының құнын арзандатуға субсидия алады.Бөрке шаруа қожалығы асыл тұқымды бұқа сатып алып күтіп-бағуына субсидияға құжат берді

Мал шаруашылығы саласына қазіргі заманға сай мал өсіру технологиясын енгізе алмай келеміз. Оған кедергі мал шаруашылығына берілетін несиелер мен субсидиялардың қол жетімсіздігі, екінші бөгет мал қораларының ескілігі жем шөбінің жетіспеушілігінің әсері бар. Біздің жерде негізінен қой шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Егер осы саланы дамытсақ, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, ауылдың кіріс көзіне айналады, үшіншіден малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді. Біздің негізгі бағытымыз мал шаруашылығы болғандықтан, осы саланы Индустрияландыру өңірдегі жұмыстың жаңа келбетін қалыптастырар еді. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары мен бірлесе отырып ауылымызды дамыту бағдарламасын жасауымыз керек. Біз әлі бір орында тұрмыз. Әрбір жеке шаруашылық, жергілікті атқарушы органға сараланған жоспарын ұсыну қажет. Егер жақсырақ, дәулеттірек өмір сүргіміз келсе біз осы жұмысты атқаруға тиіспіз.

Елбасы Н.Назарбаев айтқандай: «Бизнес қуатты болса, мемлекетте қуатты» - деген қағидатты менде жақтаймын. Сол себепті де ауылда шағын және орта бизнес өкілдерін, шаруа қожалықтарын үкімет тарапынан беріліп жатқан несие, субсидия сияқты көмекті алуға ұмтылып шаруаны осы заманға сай дамытуға шақырамын. Сонда біз даму әлеуметі жоғары елді мекенге айналамыз. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында қосымша азық ретінде шаруа қожалықтарына Қарағанды қаласынан арзандатылған кебек алуға сұраныс беру керек.

Бізге аудан деңгейінде азық-түлік нарығының ортасында болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін мынандай жұмыстар атқару керек:

1.Егістік алаңын ұлғайту керек,мұндай мүмкіндік бар,мол өнім алу үшін ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен көтеруге болады.

Ауылда мал бағымын ұйымдастыру әсіресе жылқы малын,жеке мал иелері бірігуі керек.

2.Мал шаруашылығында фермерлік шаруалар мал тұқымын асылдандыруға жұмыс жасау керек.

Бұған да үкімет көп көңіл бөліп отыр.Мал шаруашылығында жем-шөп базасын құру үшін мүмкіндік мол.

Ауыл шаруашылығы өніміне жақсы сұраныс,ол сапалы болғада ғана

туындайды.Шара көрмесек ескі мал өсіру тәсілімен артта қалып қоямыз.

Биыл өздеріңіз куә болдыңыздар мал дәрігерлеріне жаңа кызметтік «Нива» автокөлігін берді,осының барлығы осы саланы дамыту үшін жасалынып жатқан шаруа екенін ұғынғанымыз жөн. Осы көліктің арқасында біз жоспарлы диагностикалық зерттеу, мал басын бірдейлендірудің барлық түрінен,эппизоотияға қарсы шараларды уақытында жүргізуге қол жеткіздік.

Әлеуметтік салада атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аз қамтылған отбасылардың саны азайды.Әр түрлі сала бойынша 4 адам қоғамдық ақылы жұмысқа тартылып, 1 адамға өз ісін бастауға қаржылай материалдық көмек көрсетілді. Ауылда малы жоқ 10 отбасы бар.

Жалпы округ бойынша 2 дүкенмен негізгі азық-түлік бағаларын тұрақты төмен бағада ұстап тұруға ауыл әкімдігімен меморандум жасалған.

Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының,екінші бағыты бойынша 2 адамға (ауылда кәсіпкерлікті дамытуға) Максуре Н - 1млн.тенге, Садық Т - 1,5 млн.тенге қаржылай көмек алды.Осы көмектің барлығы жеке ісін ұйымдастыру арқылы,азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.

Білім беру саласында 1 орта мектеп жұмыс жасайды.2010 жылғы оқу жылынан шағын орталық жұмыс жасайды.Бұнда 3 адам жұмысқа тартылған.Бастауыш сыныпта оқитындар мен аз қамтылған отбасыларының балаларына тегін тамақ берумен 1 кәсіпкер жұмыс жасайды,балаларға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектепті интерактивті тақталармен, компьютерлермен тағы да басқа жабдықтармен жаңалап қамтамасыз етуде аудандық оқу бөлімінен көмек керек.

Оқу тәрбие жұмыстарының деңгейі жалпы мектеп бойынша орташа,2013 жылғы ҰБТ қортындысы төмен 67,6 балл,бұл бағытта әлі де болса атқаратын жұмыстарымыз баршылық.

Халыққа медициналық қызмет көрсетуде ОДА жұмыс жасайды.Типтік ғимаратта орналасқан, биыл облыстық бюджеттен бөлінген 12 млн.тенгеге күрделі жөндеуден өткізілді.Биылғы жылы 6 сәби дүниеге келді.Ана мен баланың денсаулығы басты назарда.

Ауылда 1 кітапхана жұмыс істейді.Кітапханада 16950 кітап қоры бар.Оқырман саны 480 адам,жаңа кітаптармен толықтырылып тұрады.

Қоғамдық тәртіпті сақтауда учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды.Оның қызмет атқаруына барлық жағдай жасалған.Жұмыс кабинеті жабдықталған.

Ауылдағы ардагерлер кеңесі мен әйелдер кеңесі ауыл әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс атқарады.Пошта байланысы қалыпты жұмыс жасап тұр.

Ауылда негізінен тұтастай жергілікті ұлт өкілдері тұратындығынан діни тұрақтылық орныққан,қазіргі уақытта ауылымызда дұрыс моралдық-психологиялық ахуал қалыптасып отыр.

Елбасы халыққа арналған жолдауында «мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс,

мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға» - тиіс делінген.

Осыған орай мемлекеттік мекеме біршама жұмыстарды қолға алып жатыр.

Жергілікті басқару тұжырымдамасын қарап қоғамдық бақылау,жергілікті басқару органдарын құруға,осы кісілер арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру жағы қарастырылуда. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға ерекше назар аударамыз.

Мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастарды болдырмауға,азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсетуде нақты жұмыстар жасалуда.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның талаптары мен Ар-намыс кодексін сақтауды мемлекеттік қызметшілер басты назарда ұстайды.

Ауыл бойынша 123 үйге 44730 тенге көлемінде жер және мүлік салығы есептелген,ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25-де мүлік салығынан 21760 тенге, жер салығынан 22970 тенге салынып жоспар орындалды.

Биылғы жылы ауыл бойынша 2 кәсіпкер тіркелді,1 шаруа қожалығы тіркелу үстінде.Әлі де болса салық базасын кеңейтуге жұмыс жүргіземіз.

Қысқы маусымды еш шығынсыз өтіп,жақсы көрсеткішпен шығуға негіз бар.Қысқы отын толық түсірілді.Жем-шөп қыстақ басына тасымалдануда.

Ағымдағы жылда бөлінген қаржыны толық игеріп ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақты ұстау міндеті тұр.

Жаңатоған селолық округінің әкімі А.Бейсенбековтің атқарылған жұмыстарымен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Өткен жылы мемлекетіміздің басшысы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты халыққа Жолдауын жариялаған болатын, осы Жолдауды басты назарда ұстаған ауыл әкімдігі біршама жұмыстарды атқарды. Селолық округтегі халық саны 655 адам, оның 214 экономикалық белсенді тұлға. Ауыл тұрғындары Жаңатоған ауылы мен Ежебай елді-мекені және 22 қыстақтарда орналасқан. Жер көлемі 177 384 гектар, оның ішінде жайылымдық жерлері 15 8937 гектар. Жұмыс жасап тұрған 29 шаруа қожалықтың бәрі дерлік мал шаруашылығымен айналысады, тек төртеуі мал шаруашылығымен қоса егін шаруашылығымен де айналысады.

Ауылымызда үш тыл ардагерлері, 50 –ге тарта «Алтын», «Күміс» алқа иегерлері көп балалы аналар, 2 Ауған соғысының ардагерлері тұрып жатыр. Балалар жәрдемақысын 10 отбасы 31 бала, атаулы әлеуметтік көмекті 3 отбасы 16 бала алып отыр. Еңбек етуге мойындары жар бермей мемлекеттің болмашы қаржысына көз майын сатып отырған жалқаулар әлі де арамызда бар.

Селолық округі бойынша егін шаруашылығымен 4 шаруақожалығы айналысады. Биылғы жылы 350 га жерге егін салынып орташа 6 ц-ден өнім жиналады деп күтілуде. Кейінгі жылдарыегініміздің түсімі нашар болып жүр, оған себепагротехникалық жұмыстардың жүрмеуі және ауа- райының қолайсыздығы. Ауыл шаруашылығы жерлерін егін егу мен мал жайылымына пайдаланады. Ауылымыздағы мал басы туралы айтсақ, жылқы 1210 бас, ірі қара 2550 бас, қой-ешкі 8177 бас, осы малдарды уақытылы егіп, емдеуін, құжаттандыру жұмысын үш дәрігер, бас маман ветеринар атқарады. Биылғы жылы осы жұмыстарды жүргізу үшін НИВА автоколігі және мал дәрігерлік құрал саймандар мен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні бірдейлендіру жұмыстары толықтай аяқталды. Мал сою алаңы жұмыс жасайды.

Шаруа қожалықтар жеке тұрғындар нарық заманының барлық ауыртпашылығын бастан өткерді, өз мәселелерін өздері шешуге ұмтылып нарыққа бейімделіп өз несебелерін қолдарындағы малдан айырып отырған жайы бар.

Селолық округта қазандық арқылы № 14 орта мектеп, клуб үйі, дәрігерлік амбулатория жылытылады, оған қажетті көмір тасылуда, қыстан қымтырылмай шығуға толық негіз бар.

Осы жерде айта кететін мәселе мектебіміздің жылу қазандығы талапқа сай емес, мектеп жертөлесінде орналасқан, әр түрлі ақау шықса келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырады, сондықтан сыртқа жеке жылу қазандығы салынса деген ұсынысымыз бар бұл жайында өткен жиында да айтылған болатын биыл шешімін табады деп ойлаймыз. Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуді алдағы жылы жоспарлап отырмыз. Күрделі жөндеуден өткізуге сметалық құжаттары дайын. Селолық округ бойынша 1 дәрігерлік учаскі, 1 фелдшерлік амбулатория, 1 кітапхана, 1 клуб, 1 орта мектеп, Пошта, АТС, ішкі істер учаскелік бөлімі, мешіт үйі, телеқондырғы станциялары халыққа қызмет көрсетіп, онда барлығы 37 адам қызмет етеді.

Ауылдағы телефон жүйесін пайдаланып отырған отбасылар саны 80 және қосымша СДМА 450 сымсыз телефон байланысына 15 отбасы қосылды. Келешекте қалған 80 телефон нүктесі толықтай СДМА 450 сымсыз телефон жүйесіне қосылады. Селодағы дәрігерлік учаске жұмысын өз дәрежесінде атқарып отыр. Ауылдағы № 14 орта мектепте 11 класс комплекті жұмыс жасап тұр. Оқушылар саны 104 бала, мектеп алды даярлық тобында 12 бала тәрбиелеуде, шағын орталықта 40 бала тартылған. Мектеп асханасында 1-4 сынып оқушылырына жағдайы төмен отбасылардың балаларына тегін ыстық тамақ беріледі. «Мектепке жол» акциясы бойынша ауылымыздың шаруа қожалық басшылары мүмкіндігінше демеушілік көмек жасап отырады. Ауыз су құбыры 2004 жылы тартылған содан бері тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

2020 бағдарламасы өңірлерді дамыту бойынша Республикалық бюджеттен 5 млн. теңге қаржы қаралып, биылғы жылы қыркүйек айында аудандық «Тазалық» коммуналдық мекемесінің көмегімен ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда Жаңақоныс, Бейбітшілік көшесіндегі колонкалардың 1500 м. жерасты трубалары толықтай жаңартылды. Қазіргі уақытта ауыз су жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр, қосымша 10 үйге су тартылды және осы бағдарлама бойынша көшелерді жарықтандыру жұмысына Республикалық бюджеттен 5 млн. теңге қаржы қаралып, күннен қуат алатын Ұшқын, Жаңақоныс, Бейбітшілік көшелеріне 30 баған орнатылды, үнемделген қаржы есебінен тағы 3 баған орнатылу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жоғарыда айтылған мекеменің көмегімен Жаңатоған – Нұркен тас жолының шұңқырларына шебен топырақ төгіліп, автогрейдрмен қырылып тегістелді. Қазіргі уақытта жолдың сапасы бұрынғымен салыстырғанда көп жақсарды, және жол жиегінің шөбі шабылды. Бұл жұмыс биыл да жалғастырыла береді.

Жасыл ел бағдарламасы аясында біздің ауылда қарап қалған жоқ, мешіт үйінің жанындағы саябаққа 35 түп ағаш отырғызылды. Азық – түлік өнімдерінің қымбаттауына байланысты ауданға ұсыныс жолданып жеңілдетілген бағамен 10 тонна ұнды ауыл тұрғындары Қарқаралы қаласынан өз күштерімен жеткізіп алды.

Селолық округте мереке күндері атаусыз қалмайды. 2013 жылы Республика көлемінде Ұлттық көкпар ойыны өткізілген болатын. Соған байланысты Мартбек Мамыраев ауылдық елді мекенінде қыркүйек айында осы мереке республика көлемінде аталып оған біздің селолық округте атсалысып киіз үй тігіп арнайы бөлінген қонақтар күтілді. Осы тойды өткізуге ауылдың бірнеше шаруа қожалық басшылары көмек көрсетіп демеушілік жасады. 1 қазан қарттар күні мерекесіне байланысты ауылымыздың қарттарына мерекелік дастархан жайылып, мерекелік концерт қойылды. Астана, Қарағанды қаласында өткен «Ауыл береке - 2013» жәрмеңкесіне шаруа қожалықтар жекелеген азаматтар өздерінің өндірген өнімдері, құрт, май, ет, сүт, қымыз, айран т.б. тауарларын жалпы соммасы 500 мың. теңгенің өнімдерін саудалап бағаның тұрақтануына бір шама үлестерін қосты.

Баспасөзге жазылу,оның ішінде, аудандық, облыстық, Республикалық басылымдарға жазылу 100 % орындалады, әр түрлі төлемдер ауылдың пошта қызметі арқылы атқарылады. Жаңатоған шаруа қожалығының КАМАЗ, ДТ- 75 тракторларының көмегімен 1000 тоннадай үй маңайларындағы күл - қоқыстарын тазартып алды.

Ауылымызда жыл бойы атқарылған жұмыстардың бастылары мүмкіндігінше толық баяндалды деп ойлаймын, алдымызда әлі талай қыруар жұмыстар легі күтіп тұр.

Қазақ талай қиындықтарды, дағдарыстарды мойымай өткізіп жеңе білген халық, сондықтан ауылымыздың бірлігін, тыныштығын сақтап бір кісідей еңбек етіп бірлесе жұмыс жасасақ алға қойған мақсатымызға нық сеніммен жете аламыз деп ойлаймын.

Егіндібұлақ селолық округі әкімі Р.Инербаевтың

атқарылған жұмыстармен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Өздеріңізге белгілі Елбасымыз Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемле-кеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің 2050 жылға дейінгі экономикалық-әлеуметтік дамуының кешенді бағдарламасын ұсынып, оны атқарып шығудың мүмкіндіктерін атап көрсеткен болатын. Ең бастысы, біз үшін, ауыл халқын алаңдатып жүрген жұмыссыздық пен ауылшаруашылығы саласын одан әрі дамыту жолдары үлкен үміт арттырып отыр. Сондықтанда село әкімі аппаратының жұмысының негізгі өзегі болып селоның әлеуметтік-экономикалық дамуының жақсаруын қамтамасыз ету, яғни халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті мәселелерін шешіп отыру болып табылады. Осыған орай жыл басынан бері қарай ауыл тұрғындарымен осымен төртінші рет жиын-кездесулер ұйымдастырылды. Бұл жиындарда ең алдымен ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті мәселелер қаралып келеді. Атап айтар болсақ елді мекенді көгалдандыру мен санитарлық-тазалық жұмыстары, мал басын бірдейлендіру, әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы диагностикалық шаралар, малдың жазғы бағымы мен жайылымы, мал азығын дайындау және ауыл тұрғында-рының қысқы маусымға дайындығы мен көрсетіліп отырған коммунал-дық қызмет түрлеріне төлем ақы төлеу жайы үзбеліксіз қаралып отырды.

Жалпы алғанда ауыл халқының жағдайы жылдан-жылға жақсарып келеді. Халыққа коммуналдық тұрмыстық қызмет көрсету сапасы да арта түсуде. Село басындағы мекемелер мен жеке меншік құрылымдар ауылымыздың өсіп-өркендеуіне өзінің қомақты үлесін қосуда.

Өткен 2012-2013 оқу жылында селомыздағы қос орта мектеп ұжымдары (директорлары М.Адамов, Н.Елеусизов) әдеттегідей жоғары денгейден көрініп, түлектеріміз ҰБТ қорытындысымен аудан бойынша жүлделі 2-3 орынды иеленді. Әрине бұл жерде ұстаздарымыздың сіңірген өлшеусіз еңбегін атап өткеніміз жөн.

Өздерінің ұстаздары мен ата-аналарының еңбектері ақталып № 43 мектеп бітірген 21 оқушыдан 12 түлек грантпен жоғарғы оқу орындары мен колледждерге түссе, ал № 5 мектеп бітірген 16 оқушының 7-і грантпен жоғары оқу орындарына түсіп, студент атанды.

Биылғы оқу жылында селомыздағы іргелі оқу орны № 17 кәсіптік лицей ұжымы, агротехникалық колледж болып қайта құрылды. Әрине бұл жетістік колледждің ұжымына жастарға кәсіптік білім беруде бұрынғыданда ауқымды міндеттер жүктеп үлкен жауапкершілікпен жұмыс жүргізуді талап етеді.

Селомыздағы «Айгөлек» балалар бақшасының ұстаздары жас бүлдіршіндерді тәрбиелеу ісінде зор тәжрибе жинақтап, өз қызметтері-мен аудан көлеміндегі алдынғы қатардағы балабақша қатарына ілікті. Оның ішінде жас жеткіншектерге эстетикалық тәрбие берудегі оң бастамалары өте қуантарлық іс-шараларға айналуда.

Осы өңірдің шалғай елді-мекендерінен келіп, интернат-пансионат-та тәрбиеленіп жатқан тәрбиенушілерге сапалы білім мен тәрбие беру-де интернат коллективіде ұйым-бірліктерін көрсетіп келеді. Мұнда тәрбиеленетін бала саны жыл сайын өсе түсуде.

Сол себепті, біздің келешегіміз жас ұрпаққа сапалы біліммен қоса саналы тәрбие берудегі ұстаздардың еселі еңбегіне және мектеп-интер-нат пен балабақшамыздың ынтымақ-бірлігі жарасқан ұжымына арналып, осы жылғы «Ұстаздар күні» мерекесінің қарсаңында, селодағы Мәдениет үйінде үлкен мерекелік шара ұйымдастырылды. Көптеген мұғалімдер мен қоса қарт-зейнеткер ұстаздарымызға да құрмет көрсеті-ліп, көпшілігі аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен, аудандық мәсли-хаттың, білім бөлімінің, «НұрОтан ХДП-ның «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Село халқына мәдени қызмет көрсетуде, ел ішінде ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, жастарға жеткізуде, селодағы Мәдени-сауық орталығы (Н.Үкібасов) өз өнерлері мен халық құрметіне бөленіп келеді. Мұның ішінде ардагерлердің «Замандастар» клубының-да қосып отырған үлесі аз емес. Аталған ұжым алдағы жылы өздеріне «халықтық» атағын алуға талпыныс жасауда.

Селодағы мерекелік және мәдени-көпшілік шаралардың барлығы осы Мәдени-сауық орталығы ұжымының ұйымдастыруымен өтіп келеді. Тек кейінге тоқсанның өзінде Ата Заңымыз – Конституция күні, елімізде тұңғыш тойланған «Отбасылар күні» т.б. мерекелер кең көлем-де осы орталықта атап өтілді. Бұл жұмыстардың барлығы Мәдени-сауық орталығының өнерпаздарының және «Замандастар» клубының мүшелерінің күшімен ұйымдастырылды. Тек бір қынжылтатыны осындай ауқымды шараларға село басындағы мекеме басшылары мен қызметкерлерінің біразының төбе көрсетпеуі және тұрғындар да аз жиналатыны ойлантады. Бұл орайда Мәдени-сауық орталығы дирек-торы Н.Үкібасов басқаратын Мәдениет саласының ұжымы да өз жұмыстарына жаңаша көзқараспен қарап, өзгерістер енгізуі тиіс пе деген ой келеді. Өнер мен Мәдениет егіз ұғым. Ел мен ел, халық пен халық өздерін басқаға осы өнері мен Мәдениет арқылы танытпай ма. Сондықтан біз мәдениетімізбен өнерге бейжай қарамауымыз керек.

Аудан және облыс орталықтарымен автобус қатынасы тұрақты. Почта мен телефон байланысы қалыпты жұмыс жасауда. Село халқы ауыз сумен және электр энергиясымен үзбеліксіз қамтамасыз етілуде. Бұл міндеттерді шешуде селодағы тиісті мекеме басшылары Н.Бельгібаев, М.Уахитов, Ж.Қөкөкова, Т.Есжановтар өз деңгейінде қызмет көрсетуде.

Казір келесі жылға баспасөзге жазылу науқаны қызу жүріп жатыр. Жылдағы дәстүр бойынша жоспарлы межеден шығамыз деген үмітіміз бар. Жаз айларында М.Уахитов басқаратын Егіндібұлақ РЭС мекеме-сінің қызметкерлері село ішіндегі ескірген электр желілерін ауыстыр-ды. Енді осы қазан айының соңына дейін қалған 1-2 шақырымдай желі-лерді ауыстырады, қыс айларында электр жүйесі қалыпты жұмыс істеп шығады деп сенеміз.

Халыққа медициналық қызмет көрсету ісінде участкелік аурухана ұжымы (аға дәрігер Е.Елікбаев) тиісінше жұмыс жасауда. Жақын арада селомызға отбасымен бір терапевт маман көшіп келіп, жұмысқа шыға-ды деп күтілуде. Жаз айларында Қарағанды қаласынан арнайы дәрігерлік бригада келіп (автопоезд) тұрғындардың денсаулығын тексеріп, үлкен жұмыс жасап кеткенін де Сіздер жақсы білесіздер.

Ауылдың тыныштығын сақтап, қоғамдық тәртіпті қалыптастыруда селомыздағы Қазыбек би полиция бөлімшесінің қызметкерлері (С.Кенжебаев) тиянақтылықпен жұмыс жасауда. Соның нәтижесінде өрескел орын алған заң бұзушылыққа жол берілмей келеді.

Жыл басынан бері қарай селодағы мекемелер қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жоқ.

Сонымен қатар селомыздың саяси-қоғамдық өміріне белсене араласып, ауылда өткізілетін іс-шараларға мұрындық болып, ауылда санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізуде ат салысып жүрген өрт сөндіру бөлімшесі, Қу орман-тоғай мекемесі басшылары біршама үлестерін қосуда.

Ауыл тұрғындары арасында қоғамдық пікірді зерделеп, оларды үйлестіріп отыруда ардагерлер ұйымы мен ауыл мешітінің жүргізіп отырған жұмыстары айтарлық. Осындай тұрақты жұмыстардың арқасында ауылда моральдық ахуал дұрыс қалыптасып отыр. Жақында ғана 1 қазан күні «Қарттар мен мүгедектер» күні аталып өтті. Селодағы еңбек ардагерлері, зейнеткерлер Ахмадия Сүлейменов пен Гүлсім Сағатовалардың бастамасымен, ұзақ уақыттан бері қарай шешімін таппай жүрген бұрынғы «бала бейітті» қоршау мәселесі қолға алынды. Ауылдағы азаматтардың қолдауымен қоршау жұмысы сәтті аяқталды. Халық бұл азаматтарға дән ризашылығын білдіруде.

Биылғы жыл бүкіл еліміздегідей ауданымыздың дамуында табыс-ты жыл болса, оның ішінде біздің Егіндібұлақ селолық округі бойынша да біршама жұмыстар атқарылып келеді.

Бұл жұмыстар селомыздың 2013 жылға белгіленген әлеуметтік-экономикалық жоспарына сәйкес іске асырылуда.

Аудандық бюджеттен селоға биылғы жылға қомақты қаржы қаралып 10,5 млн тенге көлемінде қаржы бөлінді.

Селомыздың сәулеттендіру мен көгалдандыруға жалпы көлемі 3,0 млн тенге қарастырылып, төмендегідей жұмыстар атқарылды. Тәттімбет көшесі бойында көлемі 300 метр жерге темір шарбақтардан сквер орнатылып, оған 150 түп ағаштар егіліп, күтімге алынды. Село көшелерінде орналасқан 11 билборд қондырғыларының тозған баннер-лері жаңартылып жаңадан селодан шыға беріске (АЗС-қа баратын жолда) 1 билборд қондырғысы орнатылды.

елодағы су жүйесін ұстауға, болған аварияларды қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарына, істен шыққан су тартқыш насостар мен колонкаларды айырбастауға 3,0 млн тенге қаржы бөлініп, казіргі уақытта су құбыры тозған № 43 және № 5 орта мектеп арасын қосуға 600 метр жерге жер асты трубалары бойымен пластикалық трубалар енгізіліп, айырбасталып іске қосылды. Казіргі уақытта су жүйесін қысқы маусымға дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Осы жерде ерекше тоқталатын мәселе, біздің ауыл тұрғындары пайдаланған ауыз суға төлем ақыны уақытында төлемеуі. Соның салдарынан пайдаланған электроэнергиясына берешек өсіп, амалсыз облыстық КРЭК мекемесі су жүйесін тоқтан ажыратуда.

Жақында облыстық табиғи монополияны реттеу агенттігі басшы-сының орынбасары село тұрғындарының өкілдері мен кездесіп ауыз судың жаңа бағасын талқылап, тариф бекітілді. Тариф осы қазан айынан бастап күшіне енді.

Бұл жөнінде аудандық «Қарқаралы» газетінде материалдар мен хабарландыру берілді. Сондықтан алдағы уақытта ауыз суға берешегі көп тұрғындардың мәселені ұшықтырмай, берешектерінен құтылу жолдарын қарастырғаны жөн болады.

Бүгінде селомызда барлығы 17 көше болса, олардың 7 көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Алайда, осы көшеден 3-ғана тоқ көзіне қосылып, қалған көшелердің құжаттары өткен жылдан бері қарай өте қиындықпен рәсімделу үстінде. Мұның бәрі қаржы мәселесінің уақытында шешілмегендіктен болып отыр. Биылғы жылға осы салаға бөлінген 1,5 млн тенге қаржыға осы көшелерден жарық-тандыру бағаналарындағы ақауларын қалпына келтіруге, істен шыққан кабельдер, светильниктер мен есептеу құралдары айырбасталды. Сонымен қатар көше жарығына пайдаланған электро-энергиясына өтем ақы төлеуге жұмсалуда. Жаңадан салынған хоккей кортына жарық-тандыру жүйесі тартылды, жақын арада іске қосуға шара көрілуде. Бүгінгі күні Жакешов, Тәттімбет көшелеріне жарық беру мәселелері толықтай шешілді. Енді Қазыбек би, Нұрмақов, Есжанов көшелері, хоккей корты, емхана маңын жарықтандыру үшін КРЭК мекемесімен келісім-шартқа қол қойылды, бұл мәселе де толық шешімін табады. Алдағы уақытта Ақаев көшесін де жарықтандыру мәселесін шешумен айналысатын боламыз.

Қыс айларында селодағы көше жолдары мен ауылға кіреберіс жолдарды қардан тазалап, қалыпты хағдайда ұстауға бөлінген 0,9 млн тенге қаржы толық игерілді.

Аудан әкімінің тікелей араласуымен «Өңірлерді дамыту» Бағдар-ламасы бойынша 2,200 млн тенге қаржы бөлініп оған селода санитар-лық тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда селода ұзақ жыл-дардан бері қарай бос тұрып, бұзылған ескі үйлердің орындары тазартылып, құрлыс қалдықтары мен қоқыстары полигонға шығарылды және полигон аумағы реттелді. Бұл жұмыстар алдағы уақыттарда жалғасын табатын болады.

Қазіргі уақытта селомызда 70-ке жуық жеке меншік құрылымдар жұмыс істеуде, атап айтқанда дүкендер, тойхана, наубайхана, шаштараз, моншалар мен дәрі-дәрмек киоскілері халыққа сауда және тұрмыстық қызмет түрлерін көрсетуде. Бұлардың ішінде бір дүкен, екі монша және бір шиномонтаж цехы өткен жылы іске қосылды.

Биылғы жылы селода шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 8 нысан ашу жоспарланса, бүгінгі күнге 4 кәсіпкер тіркелді. Өздерінің жеке шаруа қожалықтарын ашуға селодан 5 адам ниет білдірген болатын. Осы мәселе бойынша аудан орталығынан арнайы келген ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы А.Касимов пен жер қатынастары бөлімінің басшысы Ә.Наушабаевтар осы адамдармен кездесіп, ақыл-кеңестерін беріп, қажетті іс-құжаттарымен таныстырған болатын. Жыл аяғына дейін бұл мәселе шешілуге тиіс.

Ауыл халқына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында өткен қыс айларында село халқына, оның ішінде бірінші кезекте отбасы жағдайы төмен адамдарға 95 қап І сортты ұн, 1360 қап кебек арзандатылған бағамен сатылса, арзандатылған бағамен 220 тонна көмір жеткізіліп таратылды.

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарына арзан бағамен (қабы 500 тенге көлемінде) кебек сатып алуға сұраныс беріп, қаржысы жинастырылуда.

Ал, жеңілдікпен берілетін көмір мәселесі аудандық деңгейде шешілетін болса, өз тарапымыздан халыққа жеткізіп беруге шара көретін боламыз.

Бірінші жартыжылдықта Егіндібұлақ селолық округі бойынша жұмыссыздар саны 200-ге жуық адам болса, осының ішінде жұмыссыз ретінде 30 адам ресми тіркеуде тұр. Жыл басынан бері 15 дам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Жұмыссыздар есебінен 33 адам ақылы-қоғамдық жұмысқа тартылды, ал 7 адам «Алтайполиметал» кеңшіне жұмысқа орналасты. Ауылдағы халықтың әлеуметтік жағдайы мен жұмыссыздықты азайту мақсатында село әкімдігі өз құзыреті шегінде шаралар көруде. Мәселен, мал алып өз жағдайларын жақсарту мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 4 адам 3,900 мың тенге несие алды.

Алдағы уақытта да селодағы жұмыссыз жастар, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы арнайы кәсіптік білім алып (сварщик, токарь, эксковаторщик-машинст т.б.) арнайы мамандықты қажет ететін кәсіпорындарға жолдама арқылы барып, вахталық әдіспен жұмысқа орналасуларына болатынын еске саламыз.

Бүгінгі алдымызда тұрған басты міндеттердің бастысы қысқы мау-сымға қапысыз дайындалу. Бүгінгі күнге селодағы мекемелердің басым көпшілігіне қысқы отын (көмір) жеткізіліп алынды. Қысқы от жағу маусымы басталды. Барлық жылыту қазандықтар қажетті жұмыскер-лермен толық қамтамасыз етілді. Ауыл халқына жеке меншік авто-көліктері бар азаматтар көмір жеткізуде, алайда біз ол азаматтармен кездесіп, отын бағасын көтермеу жөнінде келісім жүргізудеміз.

Өздеріңіз біліп отырсыздар соңғы 2-3 жылдағы қыстың қандай болғанын, қардың қалың түсіп халықтың қиналғанын. Алдағы қысқы маусымға елді-мекенді қардан тазалауға сырттан техника жалдамай, ішкі мүмкіндіктерді пайдалануымыз қажет. Селода жеке меншік 2 ДТ-75 бульдозері мен 6-7 дөнгелекті тракторлар бар. Бұл техника иелерінің арасынан бір адам тендерге түсіп, ауылды қардан тазаласа, ал қалған техникалардың иелері осы ұтқан адам арқылы жұмыс істеп, үлестеріне қарай еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруымыз керек.

Ауыл халқының басты күн көрісі қолында ұстап отырған малдары. Бүгінде селода мал көп шоғырланған, 8 табын сиыр мен 7 табын қой малдары бағылуда. Ал, жылқы малдары үйір-үйірмен село маңында жайылып жүр. Мұның өзі мал жайылымын тарылтуда. Әрі селоның санитарлық-тазалығына нұсқан келтіріп жүр. Сондықтанда бойдақ малдарды көктем айынан бастап күзде қар түсіп, қораға кіргенше сыртқа жайлауға шығарған дұрыс. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруды осы бастан қолға алып, нақтылы бір шешімге келуіміз қажет.

Алдағы жылдарға селоны әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары жасалуда. Негізгі ауқымды жұмыстар осы жоспарға сәйкес атқарылмақ.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет