«Қала маңындағы тасымал» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге тараптар деп аталатын, «Қала маңындағы тасымал»


V бөлім. Құқықтық қорғау және әлеуметтік кепілдіктер



жүктеу 1.01 Mb.
бет3/6
Дата16.04.2018
өлшемі1.01 Mb.
1   2   3   4   5   6

V бөлім. Құқықтық қорғау және әлеуметтік кепілдіктер

11. Жұмыс беруші:

1) 1 және 2-топ мүгедектігі бойынша жасына байланысты зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған кезде теміржол көлігі ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 жыл және одан да артық қызметкерлерге лауазымдық жалақысы (тарифтік ставкасы) мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төлеуге.Жоғарыда көрсетілген жасына байланысты салалық жәрдемақы алушыларға олар зейнеткерлік жасқа толғанда беріледі.

Теміржол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтіліне байланысты, толық 10 жыл үшін 17 еселенген АЕК мөлшерінде қосымша жәрдемақы төлеуге. Әр келесі толық 10 жыл үшін қосымша жәрдемақының мөлшерін өткен кезеңнің қосымша жәрдемақысының 30 пайызына өсіруге. Толық емес 10 жыл үшін қосымша жәрдемақының мөлшерін сараланған түрде төлеуге. «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған қызметкерге есептелген бір жолғы және қосымша жәрдемақының сомасын 50 пайызға ұлғайтуға.

Жәрдемақы мөлшерін белгілеу үшін еңбек қызметіндегі үзілістерге қарамастан, жұмыс өтіліне теміржол көлігі ұйымдарындағы барлық жұмыс уақыты кіргізіледі.

Темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл және жұмыстан өзі босаған және жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің тағайындалуына байланысты, зейнеткерлік жасына жетуі бойынша жұмыстан босатылып, осы тармақшаның жоғарыда көрсетілген абзацтарымен көзделген бір жолғы жәрдемақыны алмаған қызметкерлерге төлем сәтіне қалыптасқан бір айлық тарифтік ставка (лауазымдық жалақы)

мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төлеуге, ал «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға бір жолғы жәрдемақы мөлшерін 50 пайызға ұлғайтуға;

2) жұмыс істемейтін зейнеткер-теміржолшы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе оны жерлеуді жүзеге асыратын адамға 15 еселенген АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

3) Көлік қызметкерлері күніне орай жыл сайын:

- темір жол көлігі ұйымдарындағы жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл және жасы бойынша зейнеткерлікке темір жол көлігі ұйымынан шыққан жұмыс істемейтін зейнеткерлерге және жасына байланысты салалық жәрдемалушыларға 2 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуге;

- жұмыс өтіліне қарамай және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің тағайындалуына байланысты жұмыстан шыққан Қоғам қызмектерлеріне 2 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуге;

- темір жол көлігіндегі жұмыс өтіліне қарамай, жалпы ауруы немесе жарақаттану оқиғалары бойынша бойынша 1 және 2-топ мүгедектігінің тағайындалуына байланысты жұмыстан шыққан және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған зейнеткерлерге 2 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуге.

Жеңіс күнін тойлау қарсаңында, Ұлы Отан соғысына, Қатынас жолдары халық комиссариаттарының арнайы құрылымдарына қатысқан жұмыс істемейтін зейнеткерлерге Қазақстан Республикасында белгіленген 30 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуге;

4) Қоғам қызметкерлеріне және оның асырауындағы адамдардың біреуіне (үш жасқа толмаған бала тәрбиесіне байланысты жұмыс істемей отырған жұбайы асырауындағы адам болып танылады) жылына бір рет купе вагонымен, оның ішінде «Турист» класты «Тальго» вагондарынан құрастырылған пойыздармен жол жүру құнына жұмсаған шығындарын Қазақстан Республикасы және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер аумағында қатынайтын жолаушылар/жүрдек поездардың купе вагонына белгіленген жол жүру (барып, қайту) құнына сәйкес қайтаруға міндетті болады.

Жылына бір рет тегін жүруге құқығы бар тұлғаларға жыл ішінде жолаушылар және қала маңына қатынайтын поездармен жүрген жолы шығындарын қайтаруға міндетті. Бұл кезде билет құны өтініште көрсетілген, билет берілген күні қолданыста болған тариф бойынша (бір бағыттағы жол 150 км аспауы тиіс) айына үш рет жүрілетін жол есебімен белгіленуі тиіс.

5) Қоғамның жұмыс істемейтін және жасына байланысты салалық жәрдемалушыларға «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандардан басқа темір жол көлігі кәсіпорындарынан зейнетке шыққан және осы кәсіпорындағы еңбек өтілі 10 жылдан кем болмайтын зейнеткерлеріне жылына бір рет купе вагонымен, оның ішінде «Турист» класты «Тальго» вагондарынан құрастырылған пойыздармен жол жүру құнына жұмсаған шығындарын Қазақстан Республикасы аумғында қатынайтын жолаушылар/жүрдек поездардың купе вагонына белгіленген жол жүру (барып, қайту) құнына сәйкес қайтаруға міндетті болып табылады, бірақ ол 10 (он) АЕК аспауы тиіс.

Жұмыс істемейтін, «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған зейнеткерлерге темір жол көлігімен тегін жүру құқығының «Құрметті теміржолшы» белгісі туралы ережеге сәйкес берілуін қамтамасыз етуге міндетті болады;

6) темір жол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 5 жыл және лауазымдық ақысы 50 еселенген АЕК мөлшерінен төмен қызметкерлерге медициналық көрсетілімдері, толтырылған санаторлық картасы, жолдама үшін төленген шоты болған жағдайда, санаторлық-курорттық емделуге (санаторлық-курорттық сауықтыру қызметтерін көрсететін санаторийлерге Қоғам жеңілдікпен беретін жолдамалардан басқа) 17 еселенген АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

Қазақстанның және жақын және алыс шетелдегі елдердің сауықтыру орталықтарында қызметкерлер мен зейнеткерлерді санаторлық-курорттық сауықтыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жыл сайын сатып алуға.

7) жиырма төрт айда бір рет тістерін протездеуге (қымбат металдармен протездеуді қоспағанда) ақы төлеуге:

теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде 20 жыл болатын қызметкерлерге жылына 15 (он бес) еселенген АЕК мөлшерінде;

зейнеткерлікке теміржол көлігі ұйымынан шыққан, теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі: әйелдер – 20 жыл, ерлер – 25 жыл болатын, зейнеткер- теміржолшыларға тиісінше 10 (он) еседен аспайтын АЕК мөлшерінде төлем жасауға;

8) Қазақстан Республикасына көшіп келген, зейнеткерлікке Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің теміржол ұйымдарынан зейнеткерлікке шыққан, жұмыс өтілі кем дегенде 10 жыл зейнеткер-теміржолшылардың Қоғамның филиалдарында тұрғылықты жері бойынша есепке қойылуын қамтамасыз етуге және оларға осы Шартта көзделген жеңілдіктерді беруге;

9) мүгедектігіне байланысты еңбек шарты бұзылған кезде 1, 2-топ мүгедектігін алған қызметкерлерге зейнеткер-теміржолшылар ретінде жеңілдіктер беріліп, Қоғамның филиалдарында есепке қойылуын қамтамасыз етуге;

10) қызметкерлерді үкіметтік және салалық марапаттармен марапаттауға ұсыныстарды, сондай-ақ осы мәселелер бойынша әзірленген Жұмыс берушінің актілерін кәсіподақ органдарымен келісуге;

11) 3, 4, 5-класс станцияларына, озу пункттері мен разъездерге жұмысқа келген жас маман - теміржолшыларға орналасу үшін 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

12) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлердің және олардың балаларының темір жол бейініндегі жоғары және орта арнайы кәсіби білім беру ұйымдарында оқуына қаражат бөлуге;

Қызметкерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамалары негіздеріне оқыту іс-шараларын жүзеге асырып отыруға;

13) бір жарым жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, әкелерге (бала асырап алушыларға) баласын тамақтандыру үшін жұмыстың әр 3 сағаты сайын ұзақтығы кем дегенде отыз минут еңбекақысы төленетін қосымша үзілістер беруге;

14) жұмыс өтілі еркектер үшін – кем дегенде 20 жыл, әйелдер үшін - кем дегенде 15 жыл болған жағдайда, әйелдердің - 55 жасқа, ерлердің - 60 жасқа толуына байланысты қызметкерлерге және жасына байланысты салалық жәрдемалушыларға бір айлық тарифтік ставка (еңбекақы) мөлшерінде бір жолғы көтермелеуге;

Қоғамның бюджетінен бөлінген шектерде, 4 (төрт) АЕК мөлшерінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне әйелдерді бір жолғы көтермелеуге;

15) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес Қазақстанның және жақын және алыс шет елдердің сауықтыру демалыс орталықтарында Қоғамның қызметкерлері балаларын, ілесіп жүретін медицина қызметкерін, мектеп каникулдары кезеніндегі сауықтыру демалысын ұйымдастыруға және апарып, алып келуге, ақша бөлуге.

Балалар сауықтыру демалыс орталықтарында болған кезеңде жолдама құнының есебінен жазатайым оқиғалардан балаларды ерікті сақтандыруды қамтамасыз етуге;

16) кластан тыс және бірінші класты станцияларда жұмыс істейтін Қоғам филиалдары қызметкерлерінің балаларына жаңа жылдық ертеңгіліктерді ұйымдастыру үшін, бір жастан он жастағы балаларды қоса есептегенде, бір балаға бір АЕК-тың 50 пайызынан кем болмайтын мөлшерде, ал 2, 3, 4, 5 класты станцияларда және разъездерде жұмыс істейтін филиалдардың қызметкерлеріне, Жаңа жылға қарсы, бір балаға бір АЕК-тың 50 пайызынан кем болмайтын мөлшерде материалдық көмек көрсетуге қаржы қарастыру.

Бюджетте қызметкерлердің он жасқа дейінгі балаларын қоса есептегенде, бір балаға бір сыйлықтың бағасы бір АЕК-тен кем болмайтындай, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға қаржы қарастыру.

Егер де баланың ата-анасының екеуі де Қоғамның қызметкері болған жағдайда, жаңа жылдық сыйлық және жаңа жылдық ертеңгілікке билет/материалдық көмек олардың біреуіне ғана көрсетіледі;

17) теміржол көлігі қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және Қоғамның жұмыс істемейтін зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау үшін жыл сайын ақша бөлуді қарастыру;

18) қызметкерлер-донорларға тексерілген және қайта құю үшін қан тапсырған күндері үшін жұмыс орнын (лауазымын) және орташа айлық еңбекақысын сақтауға;

19) зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайы бар жұмыстарда жұмыс істейтіндерге, сондай-ақ поездың қозғалыс қауіпсіздігіне байланысты қызметкерлерге олар 3 жыл бұрын зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін салалық жәрдемақы енгізу мүмкіндігін қарастыру.

20) Қоғамның филиалында және орталық аппаратында құрылатын әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді қарау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына, көзделмеген шығындарға апаратын айырықша маңызды оқиғалар туындаған жағдайда, қызметкерлерге және Қоғамның филиалдарында есепте тұрған зейнеткерлерге 200 (екі жүз) АЕК-тен аспайтын мөлшерде материалдық көмек көрсетуге;

21) теміржол көлігіндегі еңбек өтілі кем дегенде 25 жыл зейнеткерлерге, сондай-ақ жұмыс өтіліне қарамай, өндірістік жарақаттану оқиғалары бойынша 1 және 2-топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты жұмыстан шыққан зейнкетерлерге, олар 70, 80, 90 және 100 жасқа толған кезде 7 (жеті) еселенген АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуге;

22) әлеуметтік қолдау, жоғары білікті кадрларды тарту және тұрақтандыру мақсатында Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерге жеңілдікпен меншікке тұрғын үй беруге;

23) жұмыс орындарын (лауазымдарын) және еңбекақыларын сақтай отырып, қызметкерлердің әлеуметтік-мәдени іс-шараларға, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Компания) өткізетін жастар форумдарына, конференцияларға, тренингтерге және Компанияның құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етуге;

24) Қоғамның бюджетінде қаржы болған жағдайда, барлық қызметкерлерге медициналық қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етуге;

25) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес растаушы құжаттарды (жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда, әлеуметтік төлем сомасын растайтын уәкілетті органның анықтамасы) беру арқылы жергілікті акт негізінде жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысты жоғалтқан жағдайда, әлеуметтік төлем сомасын ұстап қалып, орташа еңбекақыны сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа ақы төлеуге;

26) материалдық көмек көрсетуге:

- 1 қыркүйек қарсаңында 3 (үш) немесе одан да көп мектепте оқитын баласы (мүгедек балаларды қосқанда) бар қызметкерлерге әр бала үшін – 5 (бес) АЕК есебінен;

- Мүгедектер күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар қызметкерлерге 10 (он) АЕК мөлшерінде.

Егер баланың екі ата-анасы да Қоғам қызметкері болып табылатын болса, материалдық көмек тек қана олардың біреуіне ғана беріледі;

28) Жастар күніне Қоғам бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде жыл сайын Қоғам филиалдары қызметкерлерінің ішінен «Мерейлі жас теміржол отбасы» конкурсының жеңімпаздары болып танылған жас отбасыларына 15 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге;

Конкурстың тәртібі мен ережелері Қоғамның жергілікті актілерімен белгіленеді;

29) Көлік қызметкерлері күніне орай жыл сайын Қоғам бюджетінен бөлінген қаражаттар шектерінде қарттар үйінде тұрып жатқан зейнеткерлерге 10 АЕК мөлшерінде мерекелеуге арналған материалдық көмек көрсетуге міндеттенеді.


VІ бөлім. Кәсіподақтың міндеттері
12. Кәсіподақ:

1) Жұмыс берушіге:

еңбек және технологиялық тәртіпті нығайтуда;

еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуде;

вокзалдар мен поездарда жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін жоғарылатуда;

сенім мен өзара түсіністік негізінде әлеуметтік әріптестікті дамытуда жәрдемдесуге;

2) Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін:

олардың өмір сүру деңгейін көтеру;

жұмыстан босату және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

жұмыс уақыты және демалыс уақыты режимін сақтау мәселелері бойынша қорғауға;

3) салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жұмыс жүргізуге, кадрлық құрылым қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қоғам қызметкерлеріне жолдамалар бөлуге, балалардың демалуы мен сауығуын ұйымдастыруға қатысуға, бұл ретте әлеуметтік әділдік және Қоғамның барлық өңірін біркелкі қамту қағидаттарының сақталуын бақылай отырып, Қоғам қызметкерлері мен оның балаларының сауықтыру демалысы бойынша талдау жасауға;

4) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларының жасалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге, оларды болғызбау жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысуға;

5) зардап шеккен қызметкерлерге және өндірісте қаза болғандардың отбасыларына ақысыз консультациялар мен Жұмыс берушінің қызметкердің мертігуіне немесе оның еңбек міндеттемелерін орындауына байланысты денсаулығының басқа зақымдалуымен келтірілген зиянды дер кезінде және толық өтеуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір жолғы жәрдемақы төлеу мәселелерін шешуде құқықтық көмек көрсетуге;

6) берілген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік билік органдарында, Жұмыс берушіде, сотта және басқа органдарда Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, сотқа талап арыздармен жүгіну, Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін құқықтық және нормативтік актілерге наразылық білдіру туралы прокуратураға өтініш жасауға;

7) Кәсіподақ мүшелеріне ұйымдастырушылық, консультативтік, құқықтық және материалдық көмек көрсетуге;

8) еңбек туралы заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру, еңбек дауларын қарауда ақысыз құқықтық көмек көрсетуге және даулы мәселелерді келісім комиссиясының қарауына шығаруға;

9) мемлекеттік органдарға теміржолшыларды экономикалық және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

10) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мәселелері бойынша актілерді, еңбекті, қызметкерлердің тұрмысы мен денсаулығын қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және келісуге қатысуға;

11) осы Шарттың орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін Кәсіподақ мүшелерінің жұмыс орындарына баруға;

12) осы Шарттың жағдайлары орындалған кезде еңбек дауларының пайда болуына және жұмыстың тоқтатылуына жол бермеуге;

13) Қоғам қызметкерлерінің балаларына демалыс орындарына дейін және кері қайтқанда бірге еріп баруды ұйымдастыруға, балалар жақын және алыс шет елдерде демалған жағдайларда қалаға дейін және кері қарай шығарып салуды қамтамасыз етуге міндеттенеді;

VІІ бөлім. Кәсіподақ қызметінің кепілдіктері
13. Жұмыс беруші:

1) Кәсіподақтың құқықтарын сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіподақ құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасауға;

2) кәсіподақ органдарына олардың қызметі үшін қажетті жайлар мен байланыс құралдарын пайдалануға ақысыз беруге;

3) Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын кәсіподақ съездеріне, конференцияларына, кеңестеріне, семинарларына жіберілген және өндірістік жұмыстан босатылмаған делегаттарға, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне купелік вагонда жол жүру құжаттарына төлем жасалуын және іссапармен байланысты шығыстарды өтеуді қамтамасыз етуге;

4) Кәсіподақ мүшелерінің жазбаша келісімі бойынша олардың еңбекақысынан мүшелік жарналарды ұстауға және бухгалтерия арқылы кәсіподақ ұйымдарының есеп шотына аударуға;

5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруге және еңбекті қорғау жағдайына, оны жақсарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуына тексеру жүргізуге қатысушы Кәсіподақ өкіліне теміржолдық көлік шығыстарын өтеуге;

6) негізгі жұмысынан босатылмаған, сайланбалы кәсіподақ органдарының мүшелері болып табылатын қызметкерлерді:

Кәсіподақтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес олардың қоғамдық міндеттерін орындауы үшін (айына 8 сағатқа дейін);

Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын съездерге, конференцияларға, семинарларға, сондай-ақ олардың кеңестерінің жұмысына қатысу үшін орташа еңбекақысын сақтап еңбек міндеттерін орындаудан босатуға;

7) осы Шартта көзделген Жұмыс берушінің міндеттерін орындауы туралы Кәсіподаққа қажетті ақпарат беруге;

8) кәсіподақ органдарына сайланбалы лауазымдарға сайланғандықтан өндірістік жұмыстан босатылған қызметкерлерге олардың сайланбалы өкілеттіктері аяқталғаннан кейін бұрынғы жұмысын (лауазымын), ал ол болмаған жағдайда – сол немесе, қызметкердің келісімі бойынша, басқа ұйымда соған тең жұмыс (лауазым) беруге;

9) негізгі жұмысынан босатылмаған кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіпорын толық таратылған жағдайлардан басқа, жоғары тұрған кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығармауға;

10) қосымша ақыларды, үстеме ақыларды, коэффициенттерді, сыйақыларды, сыйлықақыларды есептеу тәртібі мен механизмдерін регламенттейтін Жұмыс берушінің актілерін Кәсіподақпен келісуге;

11) осы кезеңге дейін Қоғам филиалдарында жұмыс істеген, теміржол көлігінде кем дегенде он жыл жұмыс өтілі бар Кәсіподақтың сайланбалы органдарынан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлердің Қоғамның филиалдарында бекітілуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.



VІІІ бөлім. Тараптардың қабылдаған міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілігі
14. Осы Шарт бойынша міндеттемелерінің бұзылуына немесе орындалмауына кінәлі лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

ІХ бөлім. Шарттың орындалуына бақылау жасау
15. Осы Шарттың орындалуын бақылауды Комиссия жүзеге асырады.

16. Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде туындаған дауларды жергілікті жерлерде құрылған комиссиялар реттейді.

17. Қоғам осы Шарттың орындалу қорытындысын жылына екі рет қарайды.

18. Шарт талаптары бұзылған жағдайда, Комиссия шарт талаптарын бұзуға жол берген тұлғаларға жазбаша түрде оларды жою туралы ұсыныс жолдайды. Тараптар 10 (он) күндік мерзімнен кешіктірмей өзара кеңес өткізіп, Тараптар үшін орындауға міндетті болып табылатын жазбаша түрдегі шешім қабылдауға міндетті болады.

19. Шарт мәтіні салалық газетте жарияланады және Қоғамның әр құрылымдық бөлімшесіне таратылады.



«Қала маңындағы тасымал»

акционерлік қоғамының

Президенті

_____________Б.Суннатова

«Қазақстандық салалық

теміржолшылар кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің

төрағасы
_____________О. Ахметбаев





«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарттың 1-қосымшасы


Нақты еңбек жағдайына және жұмыстарды орындау ұзақтығына

қарай тарифтік ставкаға (жалақыға) қосымша ақы мөлшері
1. Нақты еңбек жағдайына және жұмыстарды орындау ұзақтығына қарай тарифтік ставкаға (жалақыға) қосымша ақы мөлшері бағалау комиссиясының қорытындысы негізінде өндірістік факторлардың зияндылық дәрежесіне қарай (салалық көрсеткіштердің өсуін бекіткенге дейін) белгіленеді:
0,1 балдан 1,0 балға дейін - 5 пайыз мөлшерінде;

1,1 балдан 2,0 балға дейін - 8 пайыз мөлшерінде;

2,1 балдан 3,0 балға дейін - 10 пайыз мөлшерінде;

3,1 балдан 4,0 балға дейін - 12,0 пайыз мөлшерінде;

4,1 балдан 5,0 балға дейін - 14,0 пайыз мөлшерінде;

5,1 балдан 6,0 балға дейін - 16,0 пайыз мөлшерінде;

6,1 балдан 7,0 балға дейін - 18,0 пайыз мөлшерінде;

7,1 балдан 8,0 балға дейін - 20,0 пайыз мөлшерінде;

8,1 балдан 9,0 балға дейін - 22,0 пайыз мөлшерінде;

9,1 балдан 10,0 балға дейін - 24,0 пайыз мөлшерінде;

10 балдан жоғары - 25,0 пайыз мөлшерінде.
2. Жұмысшылардың бригадирлеріне, көмекшілеріне еңбек жағдайлары бірдей болғанда қосымша ақы осы кәсіптердің жұмысшыларының қосымша ақысына сәйкес мөлшерде белгіленеді.

3. Еңбек жағдайының жақсаруына байланысты жұмыс орындарын кейіннен рационализациялау (зиянды өндірістік факторларды азайту) кезінде қосымша ақылар азайтылады немесе алынып тасталады.


________________________





«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарттың

2-қосымшасы





Жұмысы қосымша демалыс алуға құқық беретін өндірістер, цехтар,

кәсіптер мен еңбек жағдайлары зиянды және ауыр, қауіпті

лауазымдар тізбесі

р/с





Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың атауы

Қосымша демалыстың күнтізбелік күндердегі ұзақтығы

1

Автомобильдің, оның ішінде арнайы жүк көтергіштігі төмендегідей (өрт сөндіру машинасынан басқа) автомобильдің жүргізушісі:


1,5-нан 3 т-ға дейін;

6

3 т және одан жоғары

12

2

Үй-жайлардағы жұмыста

12

сыртқы жұмыстарда жұмыс істейтін газбен дәнекерлеуші, электрмен дәнекерлеуші және газбен кесуші

6

3

Үтіктеуші

6

4

Алып жүретін ақаутапқыштармен үнемі жұмыс істейтін ультрадыбысты бақылау жөніндегі ақаутапқыш

6


5

Ыстық қазандарды жөндеумен тұрақты айналысатын қазаншы

12

6

Қатты отынмен жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандарына қызмет көрсетумен айналысатын қазандықтың машинисі (кочегары):


қолмен түсіргенде;

12

механикалық тиеу кезінде

6

7

Сұйық отынмен және газбен жұмыс істейтін қазандықтың машинисі-кочегары (операторы)

6

8

Вагондардағы тоңазытқыш қондырғылардың механигі

6

9

Вагондарды қараушы, вагондарды қараушы-тексеруші

6

10

Электрографиялық, репродуктивтік және көшіргіш аппараттарда тікелей жұмыс істейтін көшіргіш көбейту машиналарының операторы

6


11

Өнеркәсіптік канализация жүйесіне қызмет көрсетумен, тазартумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар

12


12

Кір төсек жабдықтарының өндірістік партияларын қабылдап жинақтаумен айналысатын қызметкер

6


13

Өнеркәсіптік желдетуді және жылу беруді жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі слесарь

6


14

Вагондарға қызмет көрсету және вагондарды тасымалдауға дайындау пункттеріндегі жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь

6


15

Этилденген бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштар мен отын атурасын жөндеумен айналысатын автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь

12

16

Қазандарды жөндеумен айналысатын жөндеуші слесарь

12

17

Қоғамдық дәретханаларда канализацияны тазарту және жөндеу жөніндегі жұмыстармен айналысатын слесарь-сантехник

6


18

Жуу құралдарын қолданып, қызметтік жайларды тазалушы




19

Қоғамдық дәретханаларды тазалаумен айналысатын қызметтік жайларды тазалаушы

6


20

Электр күш шаруашылығын жөндеу жөніндегі электр монтері

6

21

Электр жабдығын жөндеу жөніндегі электр монтері

6



Ескертулер:


1. Қоғам филиалдарының басшылары кәсіподақ комитеттерімен келісіп, осы Тізбені Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №182-б бұйрығымен бекітілген жұмысы жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын алуға құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне (тізбесіне), жұмысы жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға және жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс алуға құқық беретін ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толықтыра алады.

2. Кәсіптері осы қосымшада көзделген цех, учаске басшыларына, бригадирлерге, көмекшілерге, көмекші жұмысшыларға ұзақтығы тиісті кәсіптегі жұмысшыларға берілетін қосымша демалыс ұзақтығындай қосымша демалыс беріледі.









«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған ұжымдық шарттың

3-қосымшасы






Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> География пәнінен облыстық олимпиада
2015 -> Сыздыкова Гульжанар Каримовна карабаева Самал Сериковна Исетова Венера Мухаметжановна Список граждан, допущенных к собеседованию на объявленный конкурс
2015 -> Ибраев Жомарт Омашұлы; Результат конкурса по осуществлению отбора кандидатов на занятие
2015 -> Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 9 сынып) Аудандық олимпиада 2014 – 2015 оқу жылы
2015 -> Биографическая справка
2015 -> Bala Turkvizyon 2015» Түрік әлемі әндерінің Ұлттық іріктеу турының ережесі Байқауды ұйымдастырушылар: «Bala Turkvizyon 2015» Ұлттық Түрік әлемі әндері байқауының (ары қарай Байқау) ұйымдастырушылары «rimas televiziyon Radyo Produksyon A


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет