Алматыда еріктілер мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі 300 миллион теңгеден астам бағадағы жемқорлық әрекетін анықтады. Белсенділер қоғамдық көлік жүргізушілері үшін модульдік демалыс орындарының бағасының сәйкессіздігін байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан

Анықталғандай тауарлардың нақты құны мәлімделгеннен екі есе төмен болып шыққан. Демек қаражатты 137 миллион теңгеге артық сұратқан. Нәтижесінде сатып алу мәмілесі жойылды. 

Өткен жылдың жазында Қазақстанда "сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" республикалық жобасы іске қосылды. Алматыда оған 250-ден астам белсенді қатысты.

“Егер сіз маман болсаңыз және белгілі бір қызметті, компьютерлік техниканы білсеңіз, сұраныс бойынша қандай ұйымдар не сатып алатынын, қандай өнімді, қандай бағамен алатынын анықтай аласыз. Әрі қарай, әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстарының сұранысы бойынша сіз артық төлемнің құны мен мөлшерін анықтай аласыз”, – деді Давранбек Садықов, ерікті. 

  • "Аш-жалаңаш жүрсе де, өте cалмақты": Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетуге барған қазақстандық ерікті сондағы халықтың жағдайы туралы айтты

  • “Іздейтін ешкімі жоқтар құлдыққа түседі”: Астаналық ерікті жұмысындағы шытырман оқиғаларын айтып берді

 Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Қанат Сәлімбаев осындай жұмыстар арқылы жыл басынан бері Алматы қаласында  3 миллиард теңгеден астам қаражат үнемделген.

“Жыл басынан бері Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "бірыңғай сатып алу терезесі" порталына мониторинг жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдарға тиісті хаттарды жіберу арқылы 3 миллиард теңгеден астам үнемделгенін атап өткім келеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта 1,2 млрд теңгеден астам ұтымсыз пайдаланудың алдын алу күтілуде”, – деді Қанат Сәлімбаев.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.