Қалай дұрыс дос болу керек



жүктеу 62.34 Kb.
Дата01.09.2018
өлшемі62.34 Kb.
түріСабақ


«Достық әлемі» тақырыбындағы психологиялық сабақтың жоспары
Мақсаты:

Оқушыларда достық туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру



Міндеттері:

Оқушылардың осы мәселеге көзқарасын білу; достық кодексімен таныстыру;

Оқушыларға достықта қандай қасиеттер маңызды екенін түсінуге көмектесу;

Оқушыларға достықтағы өзара қарым-қатынасты орнатуға, оны сақтауға және қолдап отыруға ұсыныстар беру.



Материалдар:

Достық туралы мақал-мәтелдер. Достық кодексі. Парақ беттер, қалам-қарындаштар. «Достықта не маңызды?» жаттығуына материалдар.



Қатысушылар: 5 сынып оқушылары.

БАРЫСЫ:

“Сәлем!” ойын-жаттығуы

Мақсаты: оқушылар арасындағы сенімді қатынасты дамыту.

Міндеті: оқушыларды бір-біріне жақындату.

Оқушылар шеңберде жүре бастайды. Олар кездескен адамдарға қолдарын беріп, “Сәлем! Кал қалай?” деу керек. Осы сөзді ғана айу шарт. Топтағы оқушы міндетті түрде басқа бір адаммен контактіде болу керек. Барлық оқушылар бір-бірінің қолын ұстағасын «Жақсы» деп айтады. Ойынды «Рахмет!» деп жауап беріп арқылы аяқтау керек.


Таныстыру

Психолог: «Балалар, бүгінгі сабағымыз «Достық» деген керемет әлемге арналады. Достық әлемінде сыйластық, адалдық, қуанышты сәттер мол. Ол әлемгде бәрінің де болғысы келеді, бірақ бәріміздің оған қолымыз жете бермейді. Бүгінгі сабағымызда сол әлемге барудың оңай жолын іздейтін боламыз.
Алдымен менің мына сұрақтарыма жауап беріп көріңдерші:

1) Достық деген не?

“Достық” (сөздіктен) – бұл өзара сенім, қызығушылықтардың ортақтастығы негізіндегі жақын қатынастар.

“Достық” (сөздіктен) – адамдардың еш пайданы көздемей бір-біріне көмектесуінде көрінетін бағалы қатынас.

“Достық” (сөздіктен) – жеке-таңдамалы және өзара симпатияға негізделген қатынас.


2) Дос пен жолдастың айырмашылығы неде? (Уақытша дос жолдас деп аталады)
ДОС


тұрақты уақытша


3) Адамда нағыз дос нешеу болуы мүмкін?

!!! Ғалымдар адамдардан сұрау жүргізіп, мынандай қорытынды шығарған: «Менің достарым көп» деген адамдарда қиын сәттерде қастарында тек туыстары мен жақындары ғана болған. «Аз достарым (1-3) бар» деген адамдар әрқашан достарынан түсіну мен қолдауды тапқан. Яғни адамның нағыз достары көп болмайды деп айтуға болады.

Достар – бұл сенетін, сатып кетпейтін, сөзінде тұратын, қиын сәтте сені қолдайтын, сезімге ортақтасып, әрқашан көмектесетін адам. Досына адам өзінің құпияларын сеніммен айта алады. Адам жаңа дос табады, ал кейде әртүрлі жағдайларға байланысты достарынан айырылып қалады. Достық көп қуаныш әкеледі. Достық қатынастар бала өскен сайын өзгеріске түседі.


4) Достықта жастық шектеулер бар ма?

Зерттеулердің көрсетуі бойынша, достықта жастық шектеулер жоқ. Бірақ көп адамдар дос өзіңмен шамалас болғанын жөн көреді, әрине, ол шамалы үлкен не кіші болса да болады.


“Менің идеалды досым жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың достықта бағаланатын қасиеттерді түсінуі.

Міндеті: оқушылардың достыққа керекті қасиеттерге көзқарасын өзіндік талдауы.
Оқушылар таратылған мақал-мәтелдерде «Дос» сөзінің орналасуына (басында, ортасында және соңында) қарай топтарға бірігеді. Әр топ досқа қажетті қасиеттерді жазулары керек. (уақыт – 5-8 минут)

Әр топ сөз сөйлейді.


Шеңбер бойынша дискуссияға сұрақтар:

- Сендердің ойларыңша, достықта ең маңызды не?

- Достыққа не бөгет болады?
Достық кодексімен таныстыру (достық ережесі).

*Бәрін уақыт көрсетеді! Егер 3-5 жыл уақытында сенімен әрқашан қарым-қатынас жасайтын, сенімен қызығушылығы, көзқарастары бір, түсінетін, өз сұрақтарың мен мәселелеріңмен барғанда бетіңді қайтармайтын қасыңда адам болса, Сенде дос бар!

*Достықты бағалау және қорғау керек! Ұрсысу әрқашан да жеңіл, ал достасу мен кешіру – өте қиын. Ұрсысқанша, мәселені ортаға салып бірлесе талқылаған жөн.

*Жаңа досыңды басқа немесе бұрынғы достарыңмен салыстырма! Егер салыстыратын болсаң, сенің бір нәрсеге көңілің толмаған болу керек. Ал көңіл толмау сенімсіздікке әкеледі. Сенімсіздік – достықтың жауы.

*Адамдар әртүрлі екенін естен шығарма! Әрбір адамның өз артықшылығы мен кемшілігі болады. Өз досыңды өзгертуге тырыспа, оны істесең досыңнан айырыласың.

*Достық – бұл екі жақты қатынас! Яғни сен өз досыңа көңіл бөліп, оны түсінуге тырысуың керек. Саған басқалары істемесін дегенді досыңа істеме.

*Достық сенімділік пен шынайылықтан туындайды. Сондықтан әрқашан достарыңмен шыншыл бол!

Күнделікті өмірде:

*Өз жетістігіңмен әрқашан бөліс

*Керек болғанда көмегіңді аяма

*Досың сенімен өзін қолайлы сезінсін

*Қарызды қайтарып отыр

*Досыңа сенімді болып, оған сен

*Досың болмағанда оны қорға

*Оның басқа достарына шыдамды бол

*Досыңды басқалардың көзінше сынама

*Сеніп айтылған құпияны сақта

*Досыңның ішкі әлемін сыйла

«Достықта не маңызды?» жаттығуы

Мақсаты: достық туралы алынған білімді бекіту
Төмендегі тұжырымдарға Сендер маңыздылығына қарай орын беріңдер. Достықта не маңызды:

* бір-біріне үй жұмысын немесе бақылау жұмысын көшіруге беру

* бір-бірін ренжіткен адамнан қорғау

* бірге қызықты ойындар ойлап табу

* сезімге ортақтасу, қолдау, жұбату

* бір-біріне тәттілер беріп, сыйлау

* жағымсыз болса да шындықты айту

* бір-біріне жол беру

* бір-біріне жиі қонаққа бару

* бір-біріне әрқашан тек жақсы сөздер айту

* жаңалықтармен бөлісу

* бір-біріне көмектесу

* бір-бірін тыңдау және түсіну

* өз досыңның басқа достарына шыдамдылықпен қарау

* ұсақ-түйек үшін ұрсыспау

* бір-бірінің табысына шынайы қуану



Талдау:

? Сендердің ойларыңша, достықты берік қылып, сақтау үшін қандай ережелерді сақтау ерекше маңызды?



Достыққа апарар жол (оқушыларға пайдалы кеңестер)

Адам досты кез келген жерде таба алады. Ең жақсы достар – балалық достар, мектептегі сыныптастар. Мектепте бірге қызықты, жоспарларың, көзқарастарың, істерің мен мәселелерің бір болатын досты табу жеңіл.

Кімде-кім әлі өзінің нағыз достарын таба алмай жүрген балаларға қазір айтылатын кеңестерге назар аударған жөн.

Сынып үш топқа бөлініп, бірінші топ көпірдік баспалдақтарын құрады (кеңестер), екінші топ достыққа қажетті қасиеттерді ақ қағазға жазады, үшінші топ көпірдің екі жағында тұрып, қабырғаларын құрады. Бірінші топ оқушылары көпірдің баспалдақтарын құрып, қолдарындағы кеңестерін бір-бірден оқиды да, екінші топ оқушылары екі қабырғадағы балаларға жазған қасиеттерді іледі. Соңында психолог көпір жайында қорытынды жасайды да, балаларға күнделікті өмірде достықты сақтаудың қарапайым ережелерін жадынама түрінде таратады.



Баспалдақтағы кеңестер:

- Айналадағыларға сыншыл болмаған жөн.

- Басқа балаларға жақсы әсер қалдыруға тырыс.

- Өзіңді әрқашан жақсы жағынан көрсеткен абзал.

- Сыпайы қарым-қатынас жасау маңызды.

- Күмәншіл, көңілсіз болмауға тырыс.

- Басқалар жайлы жаман ойламаған дұрыс.

- Басқалармен өзіңді “тең” ұста керек.

- Басқалардың киім стилін, қызығушылықтарын, идеалдарын сыйла.

- Қалжыңға сақ бол. Қалжың айтпас бұрын салдарын жақсылап ойла.

- Жөнсіз кеңес беруден аулақ бол.

- Айналадағыларға зейінді бол, амандасуға, туған күнімен, мерекемен құттықтауға ұмытпа.

- Адамдарға өтірік айтудан аулақ бол.

- Берген сөзіңде тұруға тырыс.

- Басқалардан жақсылығыңды аяма.

- Үлкенді сыйла, достықтың қадірін біл.

- Әрқашан көмек көрсет.

- Сабырлы да салмақты бол.

- Әр істен пайда іздеме.

- Басқаларды кемсітуге жол бермеу керек.

- Ешкімге ауыр сөз айтпа.

- Ешкімді жаманда.

- Тым асыра өзіңді мақтама.

- Әрқашан көңілді жүр.

- Жарқын болашаққа сен.
Сабақтың рефлексиясы

Бүгінгі біздің сабағымыз өмірімізде елеулі орын алатын “Достық” тақырыбына арналды. Сабақта айтылған достық кодексі мен пайдалы кеңестер өмірде жан достарыңды табуға көмектеседі деген үміттемін. Сендерге тілерім: Достарың көп болсын, дұшпандарың жоқ болсын! Адал да шын достарың шапағаты мол күндерде де, қиын-қыстау кезде де қастарыңнан табылсын! Сабаққа белсене қатысқандарың үшін рахмет! Өткен сабаққа деген өз қатынастарыңды 3 бет-әлпеттің ішінен біреуін таңдап, портфельге салу арқылы көрсете аласыңдар.



Кері байланыс





ҰНАДЫ БЕЙТАРАП ҰНАМАДЫ
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Қалалық көркемсурет лицейі – юнеско клубы «Графика және оның түрлері»
lessons -> Сабақтың тақырыбы : Кинотеатрға барамыз. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"
lessons -> Сабақ№ Сыныбы Күні
lessons -> Сабаќ жоспары бекітемі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділігі
lessons -> Ќайырбек Оразов атындаѓы
lessons -> «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
lessons -> Диктант 5 сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет