Алаш айнасы 009 №46 сәуір



жүктеу 77.26 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі77.26 Kb.

Алаш айнасы 2009 №46 3 сәуір

Қасапханаларда сойылған мал етімен бәсекелестіктің ауылын маңайлай алмаймыз

КЕРЕК ДЕРЕК

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда малдың саны 2,3-5,3 пайыз аралығында өсіп, сиыр 6008 мың, кой мен ешкі 16 938 мың, шошқа 1384 мың, жылкы 1366 мың, түйе 148 мың, қүс саны 31 млн баска жетті. Былтырғы жылы 1570 мың тонна мал және кұс еті, 5 164 мың тонна сүт 2973 млн жұмыртқа өндіріліп, былтырғы көрсеткіштерден тиісінше 4,3 пайыз, 2.5 пайыз және 12.2% пайызға жоғары болды. Бірақ әлі дә болса еліміз сырттан былтырғы жылы 150 мың тоннадай ет (оның 90 пайызы кұс еті), 100 мың тоннадан астам сүт сатып алды.

Айтбай Қабыкешұлы, Кеңес өкіметі тұсында мал дәрігері деген мамандықтың айдарынан жел есіп тұрды. Алайда 90-жылдардағы тоқыраудан кейін мал дәрігерлері ешкімге керек емес болып қалды. Сөйтіп, оларды дайындауды әлсіретіп алдық. Қазір осы олқылықтың зарда-бын көріп жатқан жоқпыз ба?

- «Дәрігер - адамды, ал мал дәрігері адамзатты емдейді» деген қанатты сөз бар. Дастарқанымызға келіп түсетін мал өнімдерінен ғана емес, сонымен қатар жөміс-жидектерден дайындалған та-ғамдардың адам денсаулығына зиянсыздығын анықтап, тұтынуға рұқсат беретін - мал дәрігерлері. Мал дәрігері тек ауылшаруашылығында ғана емес, сонымен қатар кеден қызметінде, Қарулы күштер қатарында, транспорт және басқа салаларда қызмет етуде. Міне, сондықтан да болар, қазіргі кезде біздің елімізге 5200-дей мал дәрігерлері жетіспей отыр.

Мал дәрігері адамзатты емдейді» дедіңіз ғой. Мал ауруынан адамзатқа төніп тұрған қандай қауіп бар? ,

- Республикамыздың малшаруашылығына орасан зор шығын келтіріп, халқымыздың денсаулығына қауіп-қатер тигізіп отырған жұқпалы аурулар -бруцеллез және туберкулез. Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында аталмыш аурулардан мал басымыз толығынан сауығуға жақындап қалып еді, алайда кеңшарлардың ыдырап, ұсақ шаруашылыктардың пайда болуы індеттердің алдын алу шараларын толыққаңды түрде жүргізуге мүмкіндік бермеді. Міне, сондықтан да бұл аурулар қайтадан бас көтеріп, эпизоотиялық жағдайды күрт нашарлатып жіберді. Дегенмен кейінгі 2- 3 жыл ішінде біршама алға басушылық байқалып отыр. Айталық, былтыр бруцеллезге 38 608 бас сиыр немесе бұл түліктің 0,68 пайызы шалдықса, туберкулезге шалдыққаны небәрі 399 бас немесе 0,003 пайыз. Қой арасында бруцеллез ауруын жұқтырғандардың саны 23 141 басты немесе 0,23 пайызды құраған. Жалпы алғаңца, былтырғы жылы бұл аурулардан таза емес 400 табынның 205-і сауықтырылды. Міне, сондықтанда алдымыздағы 1-2 жылдың ішінде экономикалық тұрғыдан емес, сонымен қатар әлеуметтік залалы бар бұл қауіпті ауруларды жоюға мүмкіндік бар сияқты.

Сонымен қатар былтыр елімізде құтыру, топалаң, қарасан, пастереллез аурулары тіркелді. - Елімізде жасалып жатқан мал ауруының алдын алу шаралары көңіліңізден шыға ма? Ондай шаралар жасалып жатыр ма, жалпы?

- Үкіметіміздің арнайы қаулысымен республикалық бюджет есебінен алдын алу және емдеу жұмыстары атқарылатын аса қауіпті аурулардың тізімі бекітілген болатын. Бұл тізімге ұзын саны жануарлардың, атап айтсақ тек төрт түлік малдың ғана емес, сонымен қатар құстың, шошқаның, терісі бағалы аңдардың, үй қояңдарының, ит пен мысықтардың және балықтар мен бал араларының 68 ауруы енді. Қуантарлық жағдай, жылдан-жылға мемлекет есебінен малдәрігерлік қызметке бөлінетін қаржының өсе түсуі. Айталық, егөр де 2007 жылы аса қауіпті мал ауруларымен күреске 6 миллиард теңге қаржы бөлінсе, былтыр бұл көмек 10 миллиардқа жақындады, ал биылғы жылға 14 миллиардтай қаржы жоспарланған. Алдағы уақытта халықаралық стандартқа сай 14 облыстык және 115 аудандық деңгейдегі малдәрігерлік зертханалар салынбақшы.

- Қазіргі кезде мал дәрігерлерінің өз жүмысына салғырт қарайтыны ақиқат. Оны көптеген ауылдық жерлерде көріп жүреміз. Мәселен, сатылуға әкетіп бара жатқан анықтама қағазын малды көрмей жазып бере салып жататын кездерді де кездестірдік. Ал ол мал, бәлкім, жүқпалы аурумен ауыратын шығар. Қала түрғындары сол малдың етін қорек етеді. Осындай жағдайларды тыю үшін қандай шаралар қолданылып жатыр?

- Өкінішке қарай, өз қызметіне үстірт қарайтындар басқа да маман иелерінің арасында кездеседі. Сіздің сұрағыңызға орай, қазағымыздың «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген мақалы есіме түсіп отыр. Мал дәрігерлерінің дені өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын адамдар. Дәрігерлік тексерістен өткен мал өнімдері арқылы адамдардың жұқпалы ауруға шалдыққаны туралы естіген емеспін. Әлдебір мал дәрігерлерінің, сіз айтқандай, малды көрмей-ақ анықтама жазып бере алатындьғын жоққа шығара алмаймын: Өзім де осындай жағдайдың куәгері болғанмын. Менің сұрағыма мал дәрігері құжатқа келген адамның иелігіндегі барлық мал тұяқтарына жұқпалы ауруларға қарсы дәріні өзі еккендігін алға тартқан болатын. Менің айтарым, мұндай келеңсіз жағдайды болдырмауға тек мал дәрігерлері ғана емес, сонымен қатар «Ветеринария туралы» заңда көрсетілгендей, мал иелері де жауапты екендігін айта кеткен жөн болар.

- Кеңес өкіметі кезінде мал көметін арнайы ор қазылушы еді. Бүгінгі күні ондай ордың журнағы да жоқ. Қазір шужық цехтары сондай «орға» айналды. Ауырып түрған малын кешке сойып алып, шүжық өндіретін цехтарға арзан бағаға болсын өткізе салады. Ет өнімдеріміз де ертеңгі күні экспортқа шығатын болса, бүл басымызға бәле болайын деп тұр. Осыған қатысты не айтасыз?

- Сіз айтып отырған арнайы орға, яғни Беккер шұңқырында тек өлекселер ғана залалсыздандырылады. Келісемін, қолданыста жүрген мұндай шұңқырлардың саны кейінгі кезде күрт азайып кетті. Бұл жерде мәселе қаржыға тіреліп отыр. «Ветеринария туралы» заң бойынша, жергілікті атқарушы органдар мәслихаттардың шешімі бойынша мал дәрігерлеріне санитарлық қадағалау функцияларын атқаруға көмек көрсетіп, тиісті іс-шараларды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөле алады. Менің ойымша, облыстар мен аудандардың ветеринария қызметіне көрсетіп жатқан көмектері мардымсыз сияқты. Сондықтан да болар, аяғынан енді ғана тұрып келе жатқан қожалық иелері шұңқырлардың барын ұқсатып, жоғын жабдықтап жатыр.

Қазіргі кезде өлекселерді жағатын пештер пайда бола бастады. Астана қаласында мұндай қондырғылар Астрахань трассасының бойында орналастырылған. Аталмыш пештер барлық аудандарда іске қосылса, ауылды жердің санитарлық деңгейі біршама көтеріліп, жұқпалы аурулардың әлсін-әлсін бас көтеріп тұруына тосқауыл болар еді. Жалпы алғанда, бұл пештер, шұңқырлар аса қауіпті жұқпалы ауруларға, айталық құтыру, аусыл, топалаң, оба, қарасан, маңқа, шешек, құс түмауына және т.б. ұзын саны 25 ауру түріне шалдыққан малдарды жою үшін қолданылады. Ал қайта өңдеуге, соның ішінде шұжық, консерві цехтарына сау малдардың ғана емес, сонымен қатар бруцеллез, туберкулез, лейкоз, сальмонеллез, листериоз, шошқа тілмесі, кампилобактериоз және т.б. арнайы тізімге енген ауруларға шалдыққан малдардың да өнімдері жіберіледі. Жоғары температуралық жағдайда өңдеуден өткен мал өнімдері адамға залалсыз болып шығады. Әрине, экспортқа арналған тағамдарды тек сау малдың етінен дайындау керек, әйтпесе оларға шетелдік тұтынушылар қызығушылық танытпайды. Мал басы көбейе келе, тағамдарды тек қана сау малдың етінен дайындауға біздің де қолымыз жететіне күмән келтіруге болмайды.

- Атақты селекционер-ғалым Кәрім Мыңбаевтың өз кезінде малшаруашылығына сіңірген еңбегі ерен. Будандастыру арқылы асыл тұқымды мал алу мәселесін мақсат етіп, талай еңбектер сіңірді. Елімізде қазір сондай ғалымдарды атай аласыз ба? Бар ма өзі? - Баршылық. Айталық, он жылдай бұрын Атырау құйрықты елтірі, етті, майлы қой тұқымы пайда болды. Осы қой тұқымын шығарғандары үшін авторлар (Х.Ұқбаев және басқалары) 2007 жылы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері атанды. Былтыр біздің университеттің ғалымдары қара ала сиырдың солтүстік өңірге бейімделген қазақи типін шығарды (Б.Әлімжанов бастаған топтың еңбегі). Бұл еңбектері үшін олар А.И.Бараев атындағы Мемлекет сыйлығымен марапатталды. Жылқының қостанай және көшім тұқымдарын жетілдіру бағытында да жемісті жұмыстар атқарылуда (И.Н.Нечаев және басқалар еңбектеніп жатыр).

- Еділбай қойы, асыл түқымды ақбас сиыр, қаракөл қойы сияқты асыл түқымды мал будандастырылып жатыр ма? Қазір асыл тұқымды мал бар ма? Атап-атап берсеңіз.

- Осыдан он жыл бүрын жылқының мұғалжар атты тұқымы дүниеге келген болатын. Ал бүгінгі күні қой шаруашылығында қазақтың биязы жүнді және немістің дойчемеринофляйншаф қойларын будандастыру негізінде «етті меринос» тұқымын шығару жұмыстары аяқталуға жақын. Сиыр және түйе малына көлетін болсақ, соңғы жылдары нақты тұқымдар шыға қоймағанымен, болашақ тұқым-дарға негіз бола алатын өнімділігі жоғары жекеленген типтер баршылык..

- Болашақта Дүниежүзілік сауда үйымына кірер болсақ, малшаруашылығы, өнімдеріміз бәсекеге қабілетті бола ма, болмай ма?

- Малшаруашылығы өнімдері бәсекеге қабілетті болу үшін халықаралық стандарттарға сәйкес болуы қажет. Ал бүгінгі күні мал өнімінің басым бөлігі санитарлық жағдайы беймәлім әртүрлі жекеменшікті кәсіпорындарда шығарылады. Мұндай қасапханаларда сойылған мал еті немесе қорада сауылған сүтпен, әринө, бәсекелестіктің ауылын маңайлай алмаймыз.

- Ол үшін не істеу керек? Бәсекеге қабілетті өнімді қайдан аламыз?

- Мінө, осыған орай елімізде ірі тауарлы сүт және бордақылау кешендері іске қосыла бастады. Былтырғы жылы Канададан асыл тұқымды сиырлар әкелініп, екі сүт фермасы іске қосылды. Жалпы алғанда, жуық арада мұндай сүт фермаларының ұзын саны 30-ға жетпекші, ал мал бордақылайтын 6 кешен пайдалануға берілмекші. Мұндай кешендерде малдарды күтіп-бағу, сүт өндіру, стандартқа сәйкес мал сою, етті мүшелеу, өнімдерді тауарлық түріне келтіру, қораптау және т.б. жүмыстар санитарлық талаптарқа сәйкес жүргізілуде. Осындай шаралар біртіндеп іске асырыла берсе, мал өнімдеріміз бәсекеге қабілетті бола алады.

- Демек, малшаруашылығы қайта түлеп келе жатыр демекшісіз ғой...

-Расымен де, малшаруашылығында орын алған тоқырау тоқтатылып, бұл саланың қайта өрлеу кезеңі туып келеді. Қүдай қаласа, біз ет және сүт тағамдарымен тек өзімізді толық қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелдермен де бөлісе алатын боламыз. Оған барлық мүмкіншіліктер бар. Көрші Ресей жылына 2 млн тонна етті Бразилиядан, АҚШ-тан және басқа да елдерден сатып алады екен. Ал егер біз көршімізге осы тағамның төрттен бірін экспорттайтын болсақ, онда қазіргі кезде егін шаруашылығынан түсіп жатқан пайданы өндіріп қана қоймай, жыл он екі ай халыққа жұмыс тауып береді екенбіз.

- Баяғыда апаларымыз айтып отырушы еді, «сиырдан сауылған сүт біраз уақыт түрғаннан кейін бетіндегі қалқыған қаймақтың үстінде лақ ойнаса батпайтын» деп. Яғни сүттің майлылығы мен қүнарлылығының сапалы екенін айтып тамсанатын. Сол кездегі сиырлар қазір жоқ, өкінішке қарай. Оған не себеп? Малдың тектілігінің жоғалуы ма, әлде жердің қүнарсыздануы ма? Дегенмен ондай сиырларды будандастырып шығаруға болатын шығар?

- Еліміз сиырдың етті ақбас және әулиекөл тұқымдарымен белгілі болғанымен, осы түліктің сүтті асыл түқымдарын шығаруға көңіл бөлінбей келеді. Жалпы айтқанда, сиыр сүтінің майлылығы төмендеп кетті деп айтуға болмайды. Сүттің майлылығы негізінен сиырдың түқымына ғана емес, сонымен қатар азықтандыру жағдайларына да тәуелді болып келеді. Әдетте бүл көрсеткіш 3-5 пайыз деңгейінде болады. Алайда дүкендерде сатылып жүрген сүттің майлылығы бекітілген стандарттарға сәйкес белгілі бір мөлшерде болуы керек, айталық: 2,5 пайыз, 3,2 пайыз, 6 пайыз. Міне, сондықтан да зауыттарда өнімді сұйылту үшін оған көк сүт қосады, ал қойылту мақсатында қаймақпен араластырады. Дәрігерлердің айтуынша, денсаулыққа майлылығы аз сүт дүрыс сияқты, ал қазақтың шайына кілегейлі сүт керек. Қазақстандағы жылына бір сиырдан сауылатын орташа сүт мөлшері 2,5 мың келі төңірегінде. Қазір сүт мөлшерін көбейту үшін жергілікті тұқымдарды сүт өнімділігі жоғары шетелдің айршир, голштин бүқаларымен будандастыру жүргізіліп жатыр. Бұл жүмыстардың нәтижесінде жылына 4,5-5 мың литр сүт беретін сиыр басы көбейіп келеді. Рас, шетелдерде сиыр басынан 8-12 мың литр сүт өндіріледі, бірақ сүт молайған сайын оның майяы-лығы төмендей бастайды. Әдетте сүтті сиырлардың майлылығы 3,5-3,7 пайыздан аспайды. Әңгімеңізге рақмет.



Сүхбатты жүргізген Салтан СӘКЕН


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет