Алдашев С. М. азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының доценті,заң ғылымдарының кандидаты, Қалқашев Н. Б



жүктеу 65.84 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі65.84 Kb.



Алдашев С.М.

азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының доценті,заң ғылымдарының кандидаты,



Қалқашев Н.Б.

азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,заң ғылымдарының магистрі,





Алдашев С.М.

к.ю.н., доцент кафедры гражданского права и гражданского процесса, трудового права КазНУ имени аль-Фараби, г. Алматы,Казахстан

e-mail:саrsengali@gmail.ru

Калкашев Н.Б.

магистр ю.н. преподаватель кафедры гражданского права и гражданского процесса, трудового права КазНУ имени аль-Фараби, г. Алматы,Казахстан

kalkashev@mail.ru

Aldashev S.M.

k.yu.n., assistant Professor of civil law and civil process, labour law KazNU named after al-Farabi, Almaty,Kazakhstan



Kalkashev N.B.

Master Yu lecturer of the department of civil law and civil procedure, labor law of the al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan



Қазақстан Республикасының еңбек құқығындағы теңдік қағидасының ерекшеліктері
Еңбек құқығында теңдік қағидасының қолдану ерекшеліктері тұлғалардың құқықтық субъектілігімен және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 7-бабының нормаларымен реттеледі. Аталған баптың нормасыеа сәйкес: «Әркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар.
     Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды,-делінген».Аталған қағиданың басты мақсаты нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты және еңбекке қабылетті төмен тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру және қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабымен айқындалған құқықтар мен бостандықтар әркімнің құқықтары мен бостандықтары ретінде танылады. Олардың қатарында қызметінің, атқаратын жұмыс түрінің өзгешелігіне қарамастан жұмыспен қамтылу, кәсіп түрін еркін таңдау құқықтарына кепілдік беріледі және, осы аталған құқықпен барлық адамдар тең жағдайда қамтамасыз етілуі тиіс. Азаматтық құқықтық шарт негізінде белгілі бір жұмысты орындайтын, әскери қызметті контракт негізінде атқаратын тұлғаға Еңбек Кодексінің нормаларының қолданылмайтындығы айқындалған. Еңбек құқығындағы реттеудің негізгі қағидалары – бұл қолданыстағы еңбек заңнамасының тұрақты түрде қалаптастыру және тараптардың құқықтары мен мүдделерін сәйкестендіру болып табылады. Еңбек құқығының қағидалары ретінде еңбек құқығы нормаларының мəнін жəне мемлекеттің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы саясатының басты бағыттарын көрсететін, қолданыстағы заңнамада бекітілген негіздемелік бастамаларын (идеяларды) түсінуге болады. Еңбек құқығының қазіргі кездегі қағидалары еңбекті ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастардың қалыптасқан жүйесінен көрініс береді.Еңбек құқығының қағидалары еңбек заңнамаларынан көрініс табады жəне заңнамалық тұрғыда бекітілген, себебі, бұл қағидалардың құқықтық қағида сипатына негіз болады.

Еңбек құқығының негізгі қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне осы құқық саласының маңызды заң шығарушы актілерінде бекітілген. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексінің» 2-бабының 1-тармағында негізгі қағидалары, ал 6-бабында еңбек бостандығы қағидасы бекітілген және аталған қағида Қазақстан Республикасыны Конституциясының 24-бабының талаптарына сәйкес келеді.

Еңбек құқығы саласындағы оқу əдебиеттерінде еңбек құқығы қағидалары толық түрде зерттелген. Алайда, қалыптасқан қағидаларды еңбек құқығының бір субъектісі – қызметкердің ғана құқықтары мен міндеттерімен байланыстыруға болмайды. Қағидалардың мазмұны кеңінен қарағанда еңбек құқығының пәні мен әдістерімен байланыста болады және қалыптасқан негізгі қағидалар қоғамдық бірыңғай қатынастарды реттеуімен ерекшеленеді және еңбек құқығының барлық субъектілерін (қызметкерлерді, жұмыс берушілерді, еңбек ұжымдарын жəне олардың өкілдік органдарын және т.б.субъектілерін) қамтиды. Еңбек құқығының негізгі қағидаларының мәні мынада:

1)олар біріккен түрде еңбек құқығының барлық нормаларының басты мазмұнын көрсетеді, сол арқылы еңбек заңнамасының мəнін жəне оның экономикалық салалармен байланыстылығын анықтайды;

2)еңбек заңнамасының дамуына, жетілуіне бағыт береді және еңбек заңнамаларын пайдаланудағы кемшіліктер мен қайшылықтарды қөрсетеді;

3)жекелеген еңбек қатынастарындағы нормаларды еңбек құқығының бірыңғай жүйесіне біріктіруге, оларды еңбек құқығы саласының институттары бойынша топтастыруға мүмкіндік береді;

Еңбек құқығының жалпы (салааралық) қағидалар еңбек құқығы қатынастарын реттеуде маңызды роль атқарады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 24,28 баптарында көрсетілген негізгі қағидалар аталған қағидалардың жалпылық сипатын қөрсетеді. Негізгі қағидалардың қатарына: заңдылық қағидасы, еңбек ету бостандығы, кемсітуге жол бермеу,ең төменгі жалақының мөлшерінің қамтамасыз етілуі және т.б., қағидаларды атап көрсетуге болады.

Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші, яғни, кез келген меншік нысанындағы жеке жəне заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары, кəсіптік одақтар жəне мемлекеттік органдар қатысады.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде Қазақстан Республикасының еңбек құқығы саласындағы негізгі теңдік қағидалары қарастырылған,олардың қатарында :

1) адам және азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

2)еңбек бостандығы;

3)кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;

4)қызметкердің құқықтары мен міндеттерінің теңдігі,

5)қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету,

6)әлеуметтік әріптестік;

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 21,22-баптарында жұмыс беруші мен қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері бекітілген .[2]

Қазақстан Республикасының Конституциясында сəйкес азаматтың еңбек құқығының субъектісі ретіндегі құқықтық мəртебесі барлық азаматтар үшін бірдей деп танылады және тең болып саналады. Қолданыстағы заңдардың маңызды ерекшелігі болып бұларда тек жалданбалы қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар жеке кəсіпкерлердің жəне жұмыс істейтін меншік иелерінің де кепілдіктерінің көзделуі табылады. Бұл кепілдіктер барлық кəсіпкерлерге шикізат нарығына араласу құқығын, олардың мемлекеттік органдарда тіркелу кепілдіктерін, сонымен қатар ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына жəне т.б. қарамастан барлық кəсіпкерлерге қызмет етудің бірдей жағдайларын қамтамасыз етеді.

Құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы жəне ерекше кепілдіктері келесідей: біріншіден, олар Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген, екіншіден, заңдар еңбек құқығы субъектілерінің құқық бұзушылықтарының алдын-алады; үшіншіден, міндетті тұлғалардың əрекет ету шектерін белгілейді; төртіншіден, аталған құқықтарды бұзатын əрекеттерге шағымдануға мүмкіндік береді жəне бесіншіден, кінəлі тұлғалардың құқық бұзушылықтарының нəтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді.

Қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі және сәйкестігі – еңбек құқығы саласындағы азаматтардың құқықсубьектілігін орындайтын қағида болып табылады.Құқық субьектісі ретінде азаматтар, еңбек қатынастары шегінде белгілі бір мамандық,қызметке қабілеттілігін көрстеуге мүмкіндігі бар.Қызметкердің құқық субьектілігі болған кезде, заңи теңдігі мен мүмкіндіктері маңызды тәжірибелік мағынаға ие.Бірақ, бұл қызметкерлердің барлығы тең дегенді білдірмейді. Субьективті құқықтары мен міндетттерінің көлемі мен түрлеріне байланысты қызметкерлердің жалпы және арнайы құқықтық деңгейі жеке категорияларға ажыратылады.



Заключение.Conclusion. Қорытынды.Қызметкердің жалпы құқықтық деңгейі,құқықтары мен міндеттері Конституциямен, Еңбек Кодексімен, еңбек заңнамаларымен реттеледі және барлық азаматтарға бірдей болып келеді.Еңбек Кодексіне сәйкес, еңбек заңнамасы барлық еңбекке жарамды азаматтар мамандық,жұмыс, кәсіп таңдауына тең мүмкіндіктеді бекітеді.Жынысына,ұлтына,әлеуметтік жағдайына, өзге де ерекшеліктер бойынша, тікелей немесе жанама шектеулер мен артықшылықтарға заңмен жол берілмейді және заң түрінде қорғалады. Жалпы еңбек құқығының негізгі бастамалары және қағидалары нарықтық қатынастар жағдайында тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сәйкестігін қалыптастыруға негізделген.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.В.Н. Уваров. Трудовое законодательство Республики Казахстан. Алматы, ТОО «Баспа»,2002
2.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.-Алматы:ЮРИСТ,2012.- 124 б.

Сведения об авторах:



С.М. Алдашев к.ю.н., доцент кафедры гражданского права и гражданского процесса, трудового права КазНУ имени аль-Фараби, г. Алматы,Казахстан

С.М.Алдашев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқық кафедрасының доценті,з.ғ.к.,Алматы,Қазақстан

Н.Б.Калкашев магистр ю.н., преподаватель кафедры гражданского права и гражданского процесса, трудового права КазНУ имени аль-Фараби, г. Алматы,Казахстан

Н.Б.Қалқашев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқық кафедрасының оқытушысы,з.ғ.магистрі.,Алматы,Қазақстан

«
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет