Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы «___» _______
№___бұйрығына қосымша
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Қағидаларына
қосымша

Нысан
№ 1- ЖС нысанның мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен

босатылған адамдарды есепке алу карточкасы (органның кадр қызметімен қалыптастырады)
1.__________________________________________________________________________________

(органның атауы)
2. Жасады: лауазымды адам, саяси мемлекеттік қызметкері, мемлекеттік қызметкері.

2.1. Жасады: әкім, судья, сот органдарының қызметкері;

құқық қорғау органдарының қызметкерлері: прокуратураның, ішкі істердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және экономикалық тергеу қызметінің;

арнайы органдардың қызметкерлерімен: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің;

органдардың әскери қызметші-қызметкерлерімен: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің, әскери прокуратураның, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардияның, ішкі істері әскери полициясының, ұлттық қауіпсіздік әскери полициясының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери полициясының;

министрліктер қызметшілерімен: әділет, қаржы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, сыртқы істер, мәдениет және спорт, ұлттық экономика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, энергетика, ақпарат және коммуникация, дін істері және азаматтық қоғам, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі;

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі;

Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері, өзге де мемлекеттік құрылымдардың қызметшілері.

3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатудың негіздері:

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы осы судьяға қатысты айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi, қылмыстық істің ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылуы; 1-тармағының 11) тармақшасы кәсiби жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы Сот жюриі біліктілік комиссиясының шешiмi; 1-тармағының 11-1) тармақшасы судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін оны лауазымынан босату қажеттігі туралы Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімі.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағының 7) тармақшасы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы; 1-тармағының 8) тармақшасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамауы; 1-тармағының 9) тармақшасы өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншiк құқығымен тиесілі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті сенiмгерлік басқаруға бермеуi; 1-тармағының 11) тармақшасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы; 1-тармағының 12) тармақшасы қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi; 1-тармағының 13) тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау; 1-тармағының 14) тармақшасы қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі (бұдан әрі — ҚР ҚК) Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі (бұдан әрі — ҚР ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау; 1-тармағының 15) тармақшасы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істің ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың ҚР ҚК Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы; 1-тармағының 16) тармақшасы мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынуы; 1-тармағының 21) тармақшасы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы.

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін; 1-тармағының 12-1) тармақшасы аумақтық құқық қорғау органының басшысы — қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудан жасыруға; бағынысындағы қызметкердің азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясының ІІ бөлімінде көзделген, заңды күшіне енген сот актілерінде не қылмыстық қудалау органдарының ҚР ҚПК 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы шешімдерінде белгіленген конституциялық құқықтарын өрескел бұзумен байланысты қылмыс жасауына; 1-тармағының 14) тармақшасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына байланысты; 1-тармағының 15) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне, қылмыс туралы қылмыстық істің ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуына байланысты; 1-тармағының 16) тармақшасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені немесе бұрмалағаны үшiн.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай теріс себептер бойынша: 1 — қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау, оның ішінде шартты түрде айыптау үкімінің заңды күшіне енуі; 2) — қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылуы; 3) — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыру; 4) — әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болу, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйді туғызатын заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару; 5) — әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы; 6) — осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау; 7) — педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу; 8) — арнаулы мемлекеттік орган немесе ішкі істер органы әскери қызметшісінің қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмауы; 9) — мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы; 10) – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайлар; 11) — осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншік құқығымен тиесілі үлестерін, акцияларын (акциясын) және пайдалану кіріс алуға әкелетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеу.

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 14-тармағының 1) тармақшасы қызметкердің қызметте, оның ішінде ара-тұра болуы,
алкогольден, есірткіден, психотроптан, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) масаң күйде болуы, сондай-ақ есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануы, оның ішінде ара-тұра пайдалануы, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерде (наркологиялық диспансерлерде) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйге ұшырататын заттарды (оларға ұқсас заттарды) пайдалануға, оның ішінде ара-тұра пайдалануға медициналық куәландырудан өтуден бас тарту немесе жалтару; 14-тармағының 2) тармақшасы қызмет жағдайын жеке пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалану; 14-тармағының 3) тармақшасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу;

14-тармағының 4) тармақшасы қызмет жағдайын пайдалана отырып, жұмыс орындау мен қызмет көрсету және сол үшін заңсыз сыйақы алу; 14-тармағының 5) тармақшасы қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының және 36-бабының негізінде босатылуы; 14-тармағының 6) тармақшасы тәрбиелеу функцияларын орындайтын қызметкердің атқарып жүрген лауазымына жат әрекет жасауы; 14-тармағының 7) тармақшасы тікелей ақшалай қаражаттарға немесе мемлекеттік мүлікке қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі іс-әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер өкілетті басшы тарапынан оған сенімді жоғалтуға негіз берсе; 14-тармағының 8)тармақшасы мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді тарату; 14-тармағының 9) тармақшасы бір жұмыс күнінде қатарынан үш және одан да көп сағат дәлелді себептерсіз қызметке шықпау; 14-тармағының 10) тармақшасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайласжемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда жүргізіледі.

4. Бұйрық (шешім) № ________ «____» ____________ 20 __ ж.

5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан босату (1)

6. Жағымсыз себептер бойынша босатылған тулғалар туралы мәліметтер.

ТЕГІ

АТЫ

ӘКЕСІНІҢ АТЫ (болғанда)

7. Туған күні «____» __________________ 19 ____ ж.
8. Туған жері_____________________________________

9. Тұрғылықты мекенжайы
(тіркелген)______________________________________________________________________________________

9.1 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|

10. Жұмыс орны ___________________________________________________________________________

11. Лауазымы ______________________________________________________________________________

12. Қызметкер босатылған органның кадр қызметінің басшысы ____________________________________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
(тегі, қолы)

12.1 Карточканы толтырған кадр қызметінің жауапты тұлғасы ________________________________

_________________________________________________________________________________________

(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болғанда), қолы)

13. Толтыру күні «____» _________________ 20____ ж.

14. Комитеттін аймақтық органында тіркеу күні «_____» _____________ 20 _____ ж.
Бірыңғай журнал бойынша материалдың (хаттаманың) № __________________________________________

15. Комитеттін аймақтық органының қызметкері _______________________________________________

______________________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)

Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар көрінеумәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапты болады.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.